Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

25.09.2017

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

2017 жылдың 25 қыркүйегiнде Мамлют ауданының әкiмi Ерболат Мұратұлы Бекшеновтың төрағалық етуiмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi.

Күн тәртiбiне екi мәселе қойылды: Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасы — сыбайласқан құқық бұзушылықты алдын алу нысандарының бiрi және ветеринария саласында сыбайласқан құқық бұзушылықты алдын алу және ескерту бойынша атқарылған жұмыс туралы.

Бiрiншi мәселе жөнiнде Мамлют ауданының әдiлет басқармасының басшысы Әйгерiм Ғалымқызы Нұралина сөз сөйледi. Сыбайласқан құқық бұзушылықты алдын алу және азаматтармен, заңды тұлғалармен байланысты болдырмау мақсатында, әдiлет басқармасы 2017 жылдан бастап барлық мемлекеттiк қызметтердi Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы балама негiзде бiр терезе принципi бойынша көрсететiндiгiн белгiледi. Сонымен қатар кейбiр мемлекеттiк қызметтер бойынша ұсынылатын құжаттар тiзбесi және тiркеу мерзiмi қысқартылды.

Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмiнiң басшысы Людмила Федоровна Черноусова ветеринария саласындағы сыбайласқан құқық бұзушылықты алдын алу жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарлады. Тұрақта негiзде аудандық БАҚ мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде азаматтарды қабылдау кестесi, сенiм телефондары басылады.

Ерболат Мұратұлы Бекшенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ақпараттандыруға бағытталған iс-шаралар жоспары тек қана ветеринария бөлiмiнде ғана емес, тұтасымен ауылдық округтерде, ведомстволық бағынышты ұйымдарда болу керектiгi туралы айтты.

Соңында аудан басшысы бiрқатар тапсырмалар бердi және сыбайласқан жемқорлық белгiлерiн алдын алу және болдырмау жөнiнде сәйкес шаралар қабылдау қажеттiгiне назар аударды.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика