Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Кәсіпкерлермен дөңгелек үстел басында кездесу өтті

14.09.2017

14 қыркүйекте СҚО Кәсiпкерлер палатасы аудандық филиалы алаңында жол сервисi саласында қызмет көрсететiн кәсiпкерлермен дөңгелек үстел басында кездесу өттi. Бұл iс-шараның мақсаты: қоғамдық тамақтану объектiлерiне қойылатын негiзгi санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, Салық кодексiне енгiзiлген өзгерiстердi бизнесмендердiң назарына жеткiзу және жол сервисi саласындағы проблемаларды талқылау. Кездесуге «Мамлют аудандық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасы» РММ басшысы Биккина З.Х., аудандық мемлекеттiк кiрiстер басқармасының басшысы Ибраева Б.И. қатысты.

Зейнап Халлиуловна Биккина аумақты абаттандыру, инженерлiк коммуникациялардың, жарықтың, көлiк құралдарын қоятын тұрақтың болу мәселелерiне назар аударды.

Өз кезегiнде бизнес субъектiлерi скважина және суды тазарту жүйесiн орнату, «Челябi-Новосiбiр» автожолын жөндеуге байланысты ыңғайсыздық проблемалары туралы айтты.

Баян Исмағзиловна Ибраева келесi жылы Салық кодексiнде болатын өзгерiстер туралы түсiндiрдi: арнайы салық режимiнде жұмыс iстейтiндерге салық салу, лицензиялық жинақ төлемдерiн төлеу мерзiмдерi, салықтық әкiмшiлеу тәртiбi және тағы басқа.

Мiндеттi медициналық сақтандыруды енгiзу мерзiмiн 2020 жылға дейiн ауыстыруға байланысты мiндеттi медициналық әлеуметтiк сақтандыру қорына төлемдердi аудару мәселесi сұрақ туғызды.

Осы мәселе жөнiнде кәсiпкерлер палатасы филиалының директоры Нина Николаевна Василенко «Атамекен» ҚР ҰКП көзқарасы және осы бағытта жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Кәсіпкерлермен дөңгелек үстел басында кездесу өтті

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика