Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

25.09.2017

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі  ведомствоаралық комиссияның отырысы

2017 жылдың 25 қыркүйегiнде Мамлют ауданының әкiмi Ерболат Мұратұлы Бекшеновтың төрағалық етуiмен құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi.

Күн тәртiбiне екi мәселе қойылды: халықты жұмыспен қамту, халықты жұмыспен қамтудың қосымша шаралары, жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, оларды кәсiптiк даярлау және оқыту туралы; ауылдық округтердiң халқы арасында тәрбие жұмысын жүргiзу және құқық бұзушылық профилактикасы туралы.

Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы Беркiмбай Сапарұлы Уәлиев құқық бұзушылық профилактикасы шараларының бiрi — халықты жұмыспен қамту. 2017 жылдың 8 айында 497 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетiлдi, 387 жаңа жұмыс орындары құрылды. «Халықты өнiмдi жұмыспен қамтуды және көпшiлiк кәсiпкерлiктi дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша оқыту тұрақты негiзде жүргiзiледi.

Мамлют ауданының прокуроры Қайрат Ермекбайұлы Ермекбайдың есепте тұрған контингент арасында нақты тәрбие жұмысын жүргiзу жөнiндегi сұрағына Мамлют ауданының пробация қызметiнiң бастығы мiндетiн уақытша атқарушы Оксана Валерьевна Вышар бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру себептерiнiң бiрi болып алкоголь өнiмдерiн пайдалану, сотталғандар арасында шектеу шараларын сақтамау және бұзудың бiр себебi екендiгi жөнiнде түсiнiктеме бердi.

Отырыс соңында аудан басшысы емдеу-алдын алу мекемелерi қызметiнiң шалағай жұмыс iстеуiне назар аударды, денсаулық сақтау органдарымен, ауылдық округтердiң әкiмдерiмен бiрлесiп, Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында орналасқан арнайы емдеу мекемесiне алкогольге тәуелдi болып танылған тұлғаларды жiберу, емдеу бойынша үш жылдағы жұмысқа талдау жүргiзудi нұсқады.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика