Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады

18.09.2017

«Азаматтарға арналған үкiмет» «Қазпочта» АҚ-мен бiрлесiп, пилоттық жобаны iске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк корпорацияның қызметтерiн «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлiмшелерiнде ала алады.

Әзiрше 66 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тiркеу, баланың туылуы мен күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттiң орнына уақытша куәлiктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттiк корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттiк қызметтердi еркiн алуына ерекше назар аударылып келедi. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкiл Қазақстан бойынша 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейдi, олар әкiмдiктердiң өтiнiмдерi бойынша елдi мекендерге шығып, қызмет көрсетедi. Жыл басынан берi олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлiмшелерi арқылы танымал мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң пилоттық жобасы — азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк беретiн ыңғайлылыққа арналған тағы бiр қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екi ай бойы тестiлеуден өттi, нәтижесiнде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешiм қабылданды. «Пилоттық жобаны тестiлеуде ШҚО почта байланысы бөлiмшелерiнде 233 құжат берiлген. Одан бөлек, бiздiң жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пiкiрлер айтылып, оң бағалар берiлгендiктен, бiз оны елiмiздiң барлық аумағында жүргiзудi шештiк. Қазiргi таңда шалғай елдi мекендердiң тұрғындары почта байланысы бөлiмшелерi арқылы 1656 корпорация қызметiн ала алады. Демек, ендi бұл қызметтердi алу үшiн, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», — дедi Оспанов.

«Бiз ауыл тұрғындарын тек почта қызметiмен емес, сонымен қатар әр түрлi банк қызметтерiмен, әрине, оның iшiнде ХҚКО қызметiмен де қамтамасыз ететiн боламыз. Өйткенi ауылда көбiне почта байланысы бөлiмшелерi ғана жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi почта арқылы алу үшiн, ауыл тұрғындары құжаттар пакетiн ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтiнiш берулерi және қажет болған жағдайда, мемлекеттiк баж салығын төлеулерi тиiс. Қазпочта операторы өтiнiштердi қабылдап, құжаттар пакетiн қалыптастырады және оны жақын жердегi халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтедi. Онда ХҚКО инспекторы қызметтi ресiмдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жiбередi», — деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емесакционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика