Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Баспасөз қызметі

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов су тасқынының зардаптарын жоюға қатысты

Жаңалықтар 22.04.2017

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов су тасқынының зардаптарын жоюға қатысты

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов сенбiлiкке қатысу үшiн, Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның Рузаевка ауылына барды. Өңiр басшысымен бiрге су тасқынының зардаптарын жоюға және ауылды тазартуға облыстық мәслихаттың депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкiлдерi, жастар ұйымдарының белсендiлерi, сол сияқты Новоишимка ауылының тұрғындары қатысты.

Облыс әкiмi табиғи апаттан зардап шеккен әрбiр үйде болып, үй иелерiмен әңгiмелестi, жергiлiктi тұрғындармен бiрге ғимараттарды аршуға көмектестi. Рузаевка аулының тұрғындарымен әңгiмелесу кезiнде көшпелi сенбiлiк рузаевтықтарды қолдау үшiн ұйымдастырылғанын тiлге тиек еттi.

«Қуанышта да, қайғылы бiр оқиға орын алса да бiз бiр-бiрiмiзге көмек көрсетемiз. Бiрлiгiмiздiң арқасында ғана барлық мәселенi әрдайым шеше аламыз. Арнайы құрылған комиссия өз жұмысын аяқтады. Сейсенбi күнi бiз толық мәлiмет алдық. Өткен жолы адамдармен кездескен кезде уәде бергенiмiздей, бiр айдың iшiнде барлық қажеттi көмектi көрсетемiз»,- дедi Құмар Ақсақалов.

Сол сияқты өңiр басшысы ағымдағы жағдай туралы да хабардар еттi.

«Тұтастай алғанда облыс бойынша жағдай тұрақты. Сергеев су қоймасындағы су деңгейiнiң төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз. Шал ақын мен Есiл аудандарында су тасқыны елдi мекендерге қауiп төндiрмейдi. Мол су бүгiн Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына келедi деп күтудемiз. Ол үшiн барлық қажеттi шаралар атқарылды. Бiз кез келген сценарийге әзiрмiз»,- дедi облыс әкiмi.

Зейнеткер Анна Симоненко Рузаевка ауылында 50 жылдан астам уақыттан берi тұрады. Оның сөзiне қарағанда, мұндай су тасқыны бұрын-соңды болып көрген емес.

«Осы көшенiң ең үлкенi менмiн. Балаларым Ресейде тұрып жатқанмен, өзiм кетейiн деп отырған жоқпын. Менiң Отаным осы, өмiр бойы осында тұрып келемiн, бiздiң адамдарымыз жақсы, ынтымақты. Барлығы көмекке келдi. Мен осылай болады деп ойлаған да жоқпын. Алла тағала ғұмыр берсе, әлi тұрамын. Осы қолдауларына алғыстан басқа айтарым жоқ. Өзiм ештеңе iстей алмас едiм»,- дейдi Анна Ивановна.

Одан кейiн облыс әкiмi дәрiгерлiк амбулаторийде болып, дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiлу жағдайына назар аударды және мол судан мүлiктерi зардап шеккен тұрғындардың көңiл-күйлерi мен хал-жағдайларына мұқият болу керектiгiн атап айтты.

«Аз-мұз жарақаттар болды — аяғына шеге кiргiзген, ендi бiрi суыққа тоңып қалған, бәрiн де бiрден дер кезiнде шештiк. Қазiр торығу синдромы, кейбiреудiң жүрегi ауырады. Дәрi-дәрмек бiзде бар, компьютерлер мен аспаптардың бәрi жұмыс iстейдi»,- дейдi ОАА Рузаев бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Виталий Чичкань.

Ауылға гуманитарлық көмекпен машиналар үзiлiссiз келiп жатқандығын атап өткен жөн. Осы жолы облыстық мәслихаттың депутаттары тұрмыстық техника, азық-түлiк, құрылыс материалдарын, киiмдер мен кеңселiк тауарлар әкелдi.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов су тасқынының зардаптарын жоюға қатысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов су тасқынының зардаптарын жоюға қатысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов су тасқынының зардаптарын жоюға қатысты

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика