Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Абаттандыру

Абаттандыру қағидаларын сақтау туралы жадынама

Құрметтi мамлюттiктер және қала қонақтары!

Сiздiң назарыңызды Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуiрдегi №13/21 шешiмiмен бекiтiлген Солтүстiк Қазақстан облысындағы қалалардың және елдi мекендердiң аумақтарын абаттандырудың қағидаларына аударамыз.

Сiзге көмекке Абаттандыру қағидаларының ережесiн ұсынамыз.

I. Жеке және заңды тұлғалар:

  • көшелер және үй нөмiрлерi көрсетiлген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
  • қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиiстi жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтiп-ұстайды;
  • бөлiнген аумақтарды жеке қаражат есебiнен ұйымдармен шарт жасау арқылы санитариялық күтiп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етедi;
  • ғимараттар қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтiру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргiзудi қамтамасыз етедi. Дүкендер мен кеңселердiң көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендiрiледi.

II.Жол берiлмейдi:

  • көшелердi, ортақ қолданыстағы алаңдар мен зона аумақтарын қоқыстандыруға;
  • тұрғын үйлер маңында және ортақ қолданыстағы жерлерде, су ағатын колонкалар маңында, су қоймасында, адамдар көпшiлiк жиналатын орындарда, тұрғын үйлердiң кiре берiсiнде көлiк құралдарын жууға, тазалауға және жөндеуге

III. Нұсқалған Қағидаларды бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Кодексiнiң 505 бабына сәйкес жауапқа тартылады.

ескерту немесе айыппұл:

  • жеке тұлғаларға 48 100 теңге мөлшерде (20 айлық есептiк көрсеткiш (АЕК)), жыл бойы қайтадан заң бұзушылық жасағанда — 72 150 теңге (30 АЕК);
  • шағын кәсiпкерлiк және коммерциялық емес субъектiлерге — 72 150 теңге мөлшерде (30 АЕК), жыл бойы қайтадан заң бұзушылық жасағанда — 96 200 тенге (40 АЕК);
  • орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 96 200 теңге мөлшерде (40 АЕК), жыл бойы қайтадан заң бұзушылық жасағанда — 120 250 теңге (50 АЕК);
  • iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 240 500 теңге мөлшерде (100 АЕК), жыл бойы қайтадан заң бұзушылық жасағанда — 721 500 теңге (300 АЕК).

Құрметтi достар! Тәртiп орнатуға бiреудiң шақыруын және келiп жұмысты iстеп беруiн тосып керегi жоқ! Бiздiң балаларымыз және немерелерiмiз жайлы және қолайлы өмiр сүруi үшiн жағдай жасайық, достар! Рахмет!

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының елдi мекендерiн санитариялық тазарту және абаттандыру бойынша үш айлықты жүргiзу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Занының 31 бабы 1 тармағына 16) тармақшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi қаулы етедi:

1. Ауданның елдi мекендерiн санитариялық тазарту және абаттандыру бойынша 2018 жылдың 10 сәуiрiнен бастап 10 шiлдеге дейiн үш айлық (бұдан әрi — үш айлық) жүргiзiлсiн.

2. Ауданның елдi мекендерiн санитариялық тазарту және абаттандыру бойынша үш айлықты ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi аудандық комиссия құрамда 1 қосымшаға (бұдан әрi — аудандық комиссия) сәйкес құрылсын.

3. Ауылдық округтер мен Мамлютка қаласының әкiмдерiне:

  • iс-шаралар Тiзбесiне сәйкес ауданның елдi мекендерiн санитарлық тазарту және абаттандыру жөнiндегi iс-шаралар 2 қосымшаға сәйкес әзiрленсiн;
  • үш айлықтың қорытындыларын шығару жөнiндегi ауылдық және қалалық комиссиялар құрылсын;
  • үш айлық туралы мәлiметтер апта сайын сейсенбi күнi Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiне 3 қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылсын.

4. Iшкi саясат бөлiмi үш айлықтың барысы және қорытындысы туралы ақпарат материалдарды дайындасын және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

5. Мекемелер, кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларына бекiтiлген аумақтарды тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша апта сайын жұмыстарды жүргiзудi ұсынылсын.

6. Үш айлықты ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi аудандық комиссия ұсынылған есептердi ай сайын қарастырсын, үш айлықты жүргiзудiң аралық (ай сайын) және соңғы қорытындысын шығарсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары Р.А. Ғаббасовқа жүктелсiн.

8. Қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының елдi мекендерiн санитариялық тазарту және абаттандыру бойынша үш айлықты ұйымдастыру және қорытындысын шығару жөнiндегi аудандық комиссияның құрамы

Ғаббасов Рустам Алтайұлы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Рамазанова Алмагүл Кәкібайқызы аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Смочило Михаил Зиновьевич Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі м.а., комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Сембаев Атлан Әспетұлы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Бакеев Серік Болатұлы Мамлютка қаласының әкімі
Биккина Зейняп Халиулловна Мамлют аудандық қоғамдық денсаулықты қорғау жөніндегі басқармасының басшысы (келісім бойынша)
Қожағұлов Нұржан Болташұлы Мамлют ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы (келісім бойынша)
Қасенов Қайырбек Нұрманұлы «Мамлют орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)
Әубәкіров Қанат Тұрғынұлы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Смаилов Сейілбек Қайыржанұлы Мамлют ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Биктимиров Амир Камильевич Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Ауылдық округтердің әкімдері аумақтар бойынша

Ауданның елдi мекендерiн санитариялық тазарту және абаттандыру жөнiндегi iс-шаралар тiзбесi

  1. Сумен қамту және канализацияобъектiлерiнiң санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту бойынша кәсiпорындардың және қызмет көрсететiн ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру (су қоры резервуарлары, су мұнаралары, жер асты су құбырлары, құдықтар, су тарату колонкалары, ашық және жабық нөсер су канализация жүйелерi);
  2. Бос жүрген иттердi аулау бойынша ветеринарлық iс-шаралар (мысықтар мен иттер);
  3. Қалалық және поселкелiк жолдарды, ескерткiштердi және олардың аумақтарын жөндеу және тазарту;
  4. Елдi мекендердiң аумақтарын тазарту;
  5. Елдi мекендердiң аумақтарынан қатты тұрмыстық қалдықтарды, темiр сынықтарын, қи қоймаларын, құрылыс қалдықтарын шығару бойынша iс-шаралар;
  6. Қатты тұрмыстық қалдықтарды, малды көму орындары мен полигондарды тиiстi санитарлық жағдайға келтiру, қоқысты заңсыз орналастыру орындарын жою;
  7. Үйлердiң, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттардың фасадтарын, тұрғын үйлердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қоршауларын, шарбақтарын тәртiпке келтiру;
  8. Мөлтек аудан iшiндегi, аулалар iшiндегi, аула маңындағы аумақтардың санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту;
  9. Әрi қарай пайдалануға жарамсыз коммуналдық меншiктегi апатты ғимараттарды бұзу, белгiленген орындарға құрылыс қоқысын шығару;
  10. Елдi мекендердi көгалдандыру бойынша жұмыстар, саябақтар, гүлзарлар, гүлбақшалар отырғызу;
  11. Аудандардың, ауылдық округтердiң және елдi мекендердiң шекараларын және кiре берiстерiн ресiмдеу.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданында елдi мекендердi абаттандыру және санитариялық тазарту бойынша 2018 жылға жоспарланған жұмыс көлемдерi

Іс-шаралар Өлшем бірліктері Жоспар Сома мың. теңге Қаржыландыру көзі
Елді мекендерді көгалдандыру:
- ағаштарды отырғызу дана 1500 - сенбіліктер
- бұталарды дана 500 - сенбіліктер
- гүлзарлар егілді м2 2200 325,0 аудандық бюджет
- ағаштарды ағарту дана 1200 - сенбіліктер
- көгалдарды шабу м2 12000 220 аудандық бюджет
Елді мекендер тазартылды және көркейтілді:
- ескерткіштердің жанында орналасқан оқу орындарының, мектептердің, балабақшалардың, мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазарту объект 88 - сенбіліктер
- ескерткіштер және олардың аумақтарын тазарту дана 46 627,0 аудандық бюджет
- тұрғын үйлердің аулалық, аула маңындағы аумақтар дана 6250 - меншік иесі есебінен
- көшелер және жолдар км 165 - сенбіліктер
- бақтар, саябақтар, алаңдар м2 15000 - сенбіліктер
Елді мекендерді санитарлық жағдайға келтіру:
- зираттар аумақтарын тазарту дана 38 - сенбіліктер
- қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын және қоқыстарын орындарын қалпына келтіру шт 26 - сенбіліктер
- кездейсоқ қоқыс орындарын жою шт 10 - сенбіліктер
- қоқыстарды шығару м3 6200 - меншік иесі есебінен
«Өнірлерді дамыту» бағдарламасы
- елді мекендерде жарықты орнату (Қызыләскер, Леденев, Ленин, Меңкесер, Покровка) дана 5 5325,0 аудандық бюджет
- ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу (Белое, Бостандық, Дубровное, Краснознаменное) дана 4 4764,0 аудандық бюджет
МҮ аумақтарында қоршау орнату Воскресеновка а. дана 1 1187,0 аудандық бюджет
Барлығы:     12448,0  

Мақаланың шыққан күні: 06.04.2018 14:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.04.2018 14:38

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Руслан Әкiмжанұлы Аңбаев

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+