Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік қызмет

Әдеп жөнiндегi кеңес — мемлекеттiк қызметтегi заң бұзушылықтардың алдын алу институты

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберiнде этикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн талдау үшiн Қазақстанда әдеп жөнiндегi кеңестер мен уәкiлдер сияқты институттар құрылған болатын.

Әдеп жөнiндегi кеңестер 2016 жылдан бастап бұрын таратылған Тәртiптiк кеңестердiң орнына жұмыс iстеуде.

Олардың қызметi бүгiнгi күнi мемлекеттiк қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылықтарын қарауға ғана емес, сонымен бiрге бұзушылықтар профилактикасына, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға, жоюға бағытталған.

Мұндай тәжiрибе институттың жазалау құқығынан қорғау құқығына ауысуын жеделдетедi.

Сондай-ақ, оларға мемлекеттiк органдардың жұмысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн талдау қорытындыларын, Әдеп жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк органдардың тәртiптiк комиссиялары қызметiнiң нәтижелерiн қарау, және де мемлекеттiк қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар беру құқығы берiлген

Мәселен 2019 жылдың басынан бастап Әдеп жөнiндегi кеңестiң 5 отырысында 40 мәселе талқыланса, оның 11-нде ғана қарау мәнi тәртiптiк iстер болды.

Профилактикаға қатысты 29 сұрақты қарау қорытындысы бойынша, Әдеп жөнiндегi кеңеспен мемлекеттiк органдарға құқық бұзушылықтарды болдырмау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру бойынша 139 ұсыныс енгiзiлдi.

Сонымен бiрге, мәселелердi объективтi және жан-жақты қарастыра отырып, барлық уақытта Әдеп жөнiндегi кеңес мемлекеттiк қызметшiлердi жауапкершiлiкке тарту туралы шешiм қабылдамайды.

Отырыста қаралған 11 тәртiптiк iстiң, 4-уi Әдеп жөнiндегi кеңестiң шешiмдерiмен тоқтатылды, демек, мемлекеттiк қызметшiлердiң iс-әрекеттерiнен заңбұзушылық анықталмады.

Ал қалған 7 тәртiптiк iс бойынша, оның 4-уi этикалық кодекстiң нормаларын сақтамаған мемлекеттiк қызметшiлерге, ал 3-уi мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн терiс қылықтар жасаған қызметшiлерге қатысты iстер.

Мысалы, Әдеп жөнiндегi кеңестiң отырысында Арханел ауылдық округi әкiмiнiң тәртiптiк жауапкершiлi қаралған болатын.

Аталған мемлекеттiк қызметшi ауылдық зираттың алаңын қоршаудағы жұмыстың толық орындалмағанына қарамастан, оны қабылдап, жұмыс ақысын мәдiгерге толық төлеген. 7 күнге жетпей қоршау қатты желден құлаған.

Әкiмнiң бұл әрекетiн мәдiгерге құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету деп санап, Әдеп жөнiндегi кеңес аудан әкiмiне заңбұзушылық жасаған округ әкiмiн қызметтен босатуын ұсынды.

Осы сияқты тағы бiр мысал, Станов ауылдық округiнiң әкiмi, мәдiгерге құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетiп, жол жөндеу жұмысының жүргiзiлмегенiне қарамастан, оны қабылдап, ақысы ретiнде шамамен 800 мың теңге төлеген.

Аталған әкiмдер, Әдеп жөнiндегi кеңес ұсынымдары бойынша, қызметтерiнен босталыды.

Жалпы, бұзушылықтардың алдын алу және ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын күшейту салдарынан мемлекеттiк органдарда құқық бұзушылықтың төмендеуi байқалады.

Жыл басынан берi өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда түрлi бұзушылықтар үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған мемлекеттiк қызметшiлердiң саны 220-дан 170-ке дейiн азайды.

Бұл жұмысқа Әдеп жөнiндегi кеңес мүшелерi мен уәкiлдерi үлкен үлес қосуда және аталған жұмыстар халықпен тiкелей байланыс орнату арқылы жүзеге асырылуда.

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
департаментiнiң мемлекеттiк қызмет саласындағы
бақылау басқармасының басшысы Ғ. Жалби

«Рухани жанғыру» бағдарламасы шеңберiнде

Ұжымдағы қолайлы ахуал — еңбек процесiнiң табысты көрсеткiшi.

Жұмыс процесi және бiрiккен еңбек нәтижесi психологиялық қолайлыққа тiкелей байланысты, сондықтан қызметкерлер арасында сапалы қарым-қатынасты ұйымдастыру басшының мiндетi болып табылады.

«Рухани жанғыру» бағдарламасының «Өзгерiстердi өзiңнен баста» iшкi бағдарламаның мақсаты — мемлекеттiк органдардың ұйымдастырушылық мәдениетiн жетiлдiру және мемлекеттiк қызметшiлердiң санасын трансформациялау. Мамлют ауданы әкiмi аппаратының ұжымы 2018 жылдың 22 қарашасында жұмыс күнi соңында уақытын спорт алаңында өткiздi. Волейбол, баскетбол, спорт тренажерлары, ойын және жарыс, тұтасымен алғанда жай ғана мәжбүрлеусiз ахуал ұжым үшiн шын көңiлмен өткiзген уақыт болды.

Бiрiгiп iс-шараларды жиi өткiзу туралы шешiмдi маманнан бастап басшыға дейiн бiрауыздан қолдады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ бос лауазымдарына орналасу мәселелерi жөнiндегi кеңес беруге уәкiлеттi тұлғалар туралы мәлiметтер

№ р/с ТАӘ Лауазымы Байланыс телефоны Электрондық мекенжайы
1 Самарханұлы Еркін Аудан әкімінің аппарат басшысы 8 (71541) 2-25-96 e.samarkhanuly@sko.gov.kz 
2 Қонтаева Динара Тойғұлықызы Персоналды басқару қызметінің басшысы 8 (71541) 2-20-07 maml_sup@sko.gov.kz 
3 Кәкімова Аида Ерсайынқызы Персоналды басқару қызметінің бас маманы 8 (71541) 2-20-07 maml_sup@sko.gov.kz 

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң бос мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының 2019 жылғы 13 маусымға саны туралы мәлiмет

№ р/с Бос лауазымдар атауы Мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдар саны Мамлют ауданы
1 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округінің әкімі 1  
2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ іс жүргізу жөніндегі бас маман 1  
3 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ бас маманы -ветеринариялық дәрігер 1  
4 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ бас маманы - бухгалтер 1  
5 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ діни істер жөніндегі бас маман 1  
6 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары 1  
7 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ салық және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бас маман 1  
8 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ жедел мәселелер жөніндегі бас маман 1  
9 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ бас маман - заңгер 1  
10 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі КММ жергілікті бюджет, басқару аппараты және коммуналдық меншікті басқару секторының меңгерушісі 1  
11 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ басшысының орынбасары 1  
  Жиыны 11  

Барлық қажет ақпаратты сiз Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң ресми интернет-ресурсынан maml.sko.gov.kz немесе 150900, СҚО, Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к., 12, 3 каб. Персоналды басқару қызметiнен немесе
maml-sup@sko.gov.kz. электрондық пошта арқылы ала аласыз. Анықтамалар үшiн телефон 8(71541)22007, факс 8(71541)21788.

Мемлекеттiк қызметшiлерге ескерту

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi департаментiмен (бұдан әрi — Департамент) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқығын, заңды мүдделерiн қорғау және оларды әлеуметтiк қорғауды жоғарылату бойынша мемлекеттiк қызметтi тұрақтандыру және персоналды мамандандыру кепiлi болып табылатын жұмыс жүргiзiледi.

Агенттiкпен бекiтiлген мемлекеттiк қызметте әдептiлiк деңгейiн жоғарылату жөнiндегi 2018 жылға арналған кешендi жоспар бөлiгiнде департамент қызметшi атқаратын мемлекеттiк лауазымға сәйкес лауазымдық өкiлеттiк мiндетiн және көлемiн нақты белгiлеу жөнiндегi лауазымдық нұсқаулықтарға талдау жүргiзедi;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Заңының 9, 53, 54, 56, 57 баптарының талаптарын сақтау мәселелерi зерделенедi: мемлекеттiк органдарды қайта ұйымдастыру және басқару құрылымын өзгерту, демалыс және сәйкес төлемдер, үстеме ақы төлеу, материалдық көмек және сыйақы беру, сонымен қатар мемлекеттiк қызметшiлердi бiлiктi арттыруға және қайта даярлауға жiберу, iссапар кезiнде мемлекеттiк қызметшiлерге кепiлдiктi және өтемақыны iске асыру.

Мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың талаптары бұзылған жағдайда, мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң СҚО бойынша департаментiнiң сенiм телефонына 46-74-46 нөмiрi бойынша хабарласа аласыз немесе өз ұсыныстарыңызды және үндеулерiңiздi ukgs_sko@bk.ru электронды мекенжайға жолдай аласыз (Т.А.Ә., лауазымын, байланыс мәлiметтерiн және басқаны көрсету).

Мақаланың шыққан күні: 09.10.2017 12:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.06.2019 12:46

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Руслан Әкiмжанұлы Аңбаев

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+