Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң 2020 жылғы 13 ақпандағы өкiмiмен Думан Серғалиұлы Серғалиев «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы лауазымына тағайындалды.

Думан Серғалиұлы Серғалиев — 1984 жылы 08 сәуiрде Солтүстiк Қазақстан облысы Бескөл ауданы Владимировка ауылында туды, 2008 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Дене шынықтыру және спорт бакалавры» мамандығы бойынша бiтiрдi.

Еңбек жолын 2004 жылы Қызыләскер орта мектебiнде дене шынықтыру мұғалiмiнен бастады.

2014 жылдың желтоқсанынан бастап «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi» КММ басшысы.

Телефон: 8(71541) 2-23-35
E-mail: maml-sport@mail.ru
Сенім телефоны: 8 (71541) 2-23-35
Азаматтарды қабылдау: сейсенбi, сағ. 09.00-13.00 дейiн

2019 жылға арналған «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп (ZIP 11 Kb)

2018 жылғы «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмысы туралы есебi (ZIP 12 Kb)

2017 жылға арналған «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету туралы есеп (ZIP 13 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi

2016 жылға арналған «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету туралы есеп

2020 жылғы 05 қарашадағы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмысы туралы ақпарат

Спорттық құрылыстар

Бүгінгі күні ауданда 100 спорттық құрылыстар жұмыс жасайды, оның ішінде 73 жергілікті ауылдарда. Аудан аймағында Мамлютка қаласында орналасқан 1 стадион, 1 тир жұмыс және 1 бассейн істейді. Ауданда 23 спорттық зал, оның ішінде 19 ауылдарда. 17 зал ауыл мектептерінде орналасқан, 4 зал қала мектептерінде және 1 зал Воскресенов ауылының Мәдениет үйінде. Сонымен қатар ауданда 7 кірістірілген спорт залдары бар. Ауданда 16 хоккейлік корттар жұмыс жасайды. Әрбір ауылдық округінің аймағында және Мамлютка қаласында жазық құрылыстар: 15 волейбол, 14 баскетбол алаңдар және 15 футбол мен 3 шағын-футбол алаңы жасанды жабулармен жұмыс жасайды. «Юность» стадионында 11 дана мөлшерде бір көше тренажерлер кешені және Ленин көшесінде орналасқан 9 дана мөлшерде көше тренажерлер кешені бар.

Дене шынықтыру кадрлары

Ауданның спорт саласында 71 адам жұмыс істейді, оның ішінде 46 адам ауылдарда. 43 адам – дене шынықтыру мұғалімдері. 1 директор, 1 оқу меңгерушісі, 1 әдіскер және БЖСМ-де 9 штаттық жаттықтырушы, ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінде 3 маман, ауылдық округтерде спорт бойынша нұсқаушы 2, БЖӨКДД бойынша 1 директор, 1 оқу меңгеруші. «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша білімі бар 69 адам, оның ішінде 46 ауылдарда. Жоғары білімі бар 48 адам, оның ішінде 29 ауылдардан. Дене шынықтыру мұғалімдерінің жалпы санының ішінен 3 әйел адам жұмыс істейді.

Дене шынықтыру-сауықтырушылық және спорттық жұмыстар

Аудан аймағында 17266 адам тұрады. Аудан аймағында 49 дене шынықтыру ұжымдары іс істейді. 24 ұжым жалпы білім беру мектептерінде, 13 қала мекемелерінде және 11 біріккен ұжымдары ауыл округтерінде. Дене шынықтырумен айналысатын әйелдер саны – 1831 адам, оның ішінде ауылды мекенде 1338. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың жалпы саны – 5833 адам, бұл аудан тұрғындарының жалпы санының 33,78% құрайды. Жыл ағымында 17 спорттық іс-шаралар өткізілді. Оның ішіндегі ең бұқаралығы: Грек – рим күресінен «Мамбетов и Компания» КТ жулдесіне арналған ашық облыстық турнир, 2003-2005 жылғы жасөспірімдер арасынан гір көтеруден аудан біріншілігі, 2003 – 2005 жылғы қыздар мен жасөспірімдер арасынан еркін күрестен аудан біріншілігі, сонымен қатар елдегі төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындары арасында 6 онлайн іс-шаралар өткізілді, оған 48 адам қатысты.

Оқу орындарында дене шынықтыру бойынша сабақтар.

Жалпы білім беру мектептерінде дене шынықтыру бойынша оқу сабақтарына барлығы 2413 адам қатысады.

Спорт түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстар

Бүгінгі күні ауданда 27 спорттың түрі өсуде. Ауданда мынадай спорт түрлері әсіресе атақты: баскетбол, волейбол, футбол, бокс, еркін күресі, грек-рим күресі, атыс, үстел теннисі, шаңғы жарыстары, шахмат. БЖСМ-де 38 топ жұмыс істейді, қатысушылардың жалпы саны 506 адам, оның ішінде 222 адам ауылдан. Ұлттық спорт түрлерінің арасында сыныптан тыс жұмыстардың есебінен ауданда мынадай түрлері өсуде: қазақша-күрес, тоғыз-құмалақ, бес тас. Аудан бүкіл облыс спартакиадаларына, чемпионаттарына, турнирларына қатысты.

Мамлют ауданы әкімдігінің
дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысы
Д. Серғалиев

Мақаланың шыққан күні: 06.10.2017 11:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2020 10:58

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Владислав Геннадьевич Лукин

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+