Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмi Руслан Әкiмжанұлы Аңбаевтың 2019 жылғы 20 тамыздағы өкiмiмен «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болып Жанар Сәбитқызы Каримова тағайындалды.
Жанар Сәбитқызы Каримова 1991 жылы 28 ақпанда Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылында туды, ұлты — қазақ.
Жоғары бiлiмi бар: 2013 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2010 жылы «Қайранкөл орта мектебi» ММ-де тарих және құқық пәнi мұғалiмiнен бастады.
2013 жылдың қаңтарынан бастап 2014 жылдың қарашасына дейiн «Солтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментi» ММ мұрағатшы.
2014 жылдың қарашасынан бастап 2015 жылдың сәуiрiне дейiн «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ-де iс жүргiзу жөнiндегi инспектор.
2015 жылдың сәуiрiнен бастап 2017 жылдың қазанына дейiн «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ-де азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi бас маман.
2017 жылдың қазанынан бастап 2019 жылдың тамызына дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң инспекторы.
Тұрмыста.
Телефон: 8(71541)22514
E-mail: maml-ovp@sko.kz
Сенім телефоны: 8 (71541) 2-25-14
Азаматтарды қабылдау: жұма, сағ. 09.00-13.00 дейiн
2018 жылдын 23 тамызынаң 31 желтоқсанына дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы А.А. Тюменеваға барлығы — 747672 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 53147 теңгенi құрады.
Мақаланың шыққан күні: 05.10.2017 17:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.10.2019 11:27