Хабарландыру
Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты 2015-2025 жылдарға араналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2018-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының жобасын (әрi қарай — Жоспар жобасы) жұртшылықпен (азаматтар, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi және т.б.) кеңiнен талқылау үшiн Дөңгелек стол өткiзудi жоспарлауда.
Сонымен қатар, Жоспар жобасына нақты ұсынымдар әзiрлеу және оларды Дөңгелек стол барысында айту арқылы талқылау орынды деп есептеймiз.
Жоспар жобасының мәтiнi Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң ресми сайтында «Противодействие коррупции» бөлiмiнде орналасқан.
Дөңгелек стол отырысы 2017 жылғы 02 қыркүйекте 11 сағат 00 минутта «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық ұйымының Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют аудандық филиалы ғимаратында өтетiн болады.
Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша 87027272757, 21031 телефондарына немесе Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiне жүгiнуге болады.
М-51 автомобиль жолының жиегiнде орналасқан жеке кәсiпкерлер мен тасымалдаушыларға мәлiмдеме
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы, мердiгер «К-Дорстрой» АҚ-мен М-51 «РФ шекарасы (Челябi қаласына) — РФ шекарасы (Новосибирск қаласына) Петропавл, Омск қалалары арқылы» республиқалық маңызды автомобиль жолының 465-525 км. бөлiгiнде қайта жаңарту жұмыстарының ағымдағы жылдың 14 тамызынан басталғаны жөнiнде хабарлайды.
Мақаланың шыққан күні: 31.10.2017 10:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.12.2018 18:09