Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мамлют ауданының ТЖ бөлiмi

ҚР IIМ СҚО ТЖД Мамлют ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы

Амир Режебович БекчентаевАмир Режебович Бекчентаев 1976 жылы 20 наурызда СҚО Мамлют ауданы Мамлютка қ. туды.

1998 жылы Алматы жоғары техникалық училищенi «өрт қауiпсiздiгi инженерi» мамандығы бойынша, 2005 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «заңгер» мамандығы бойынша аяқтады.

1996 жылдың наурызынан бастап 1998 жылдың желтоқсанына дейiн СҚО Мамлют ауданының МӨҚ өрт сөндiру бөлiмiнде инженер, 1998 жылдың желтоқсанынан бастап 2005 жылдың ақпанына дейiн осы өрт сөндiру бөлiмi бастығының орынбасары.

2005 жылдың ақпанында СҚО ТЖД «ӨСж/еАҚЖҚ» ММ Мамлют ауданының 15 ӨБ бастығы болып тағайындалды.

2014 жылдың сәуiрiнде Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның ТЖБ бастығы лауазымына тағайындалып, онда 2019 жылдың қаңтарына дейiн Мамлют ауданының ТЖБ бастығы лауазымына тағайындалғанға дейiн жұмыс iстедi.

Үйленген, екi бала тәрбиелеуде.

Телефон: 8 (71541) 22040.

Жылыту маусымына дайын болу

Жазғы маусым аяқталғаннан кейiн жылыту маусымына дайындық басталады, оның барысында тұрғын үйлер мен пәтерлерде тұрмыстық өрттердiң саны артады.

Мұның себептерi әсiресе жылыту жүйелерi мен қондырғыларын, пеш жылуын, электр құралдарын, газ құрылғыларын пайдалану кезiнде өртке қарсы ережелердi сақтамау болып табылады. Әдетте, мұндай қайғының басты көзi-қарапайым бейқамсыздық.

Сондықтан да өрттердiң және басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу үшiн:

  • жылыту маусымы басталар алдында пештердi, сондай-ақ жылыту пештерiнiң түтiн жолдарын және басқа да жылыту құралдарын тексеру және жөндеу;
  • пештер мен түтiндiктердi жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ барлық жылыту маусымында кемiнде тоқсанда бiр рет күйеден тазарту;
  • шатырларда түтiн арналары өтетiн барлық түтiн құбырлары мен қабырғаларды сылау;
  • пештiң оттық тесiгiнiң алдында едендi көлемi 50х70 см. кем емес металл табақпен оқшаулау;
  • сылақтың, түтiн каналдарының бүтiндiгiнiң бұзылуы анықталған жағдайда оларды жою үшiн дереу шаралар қабылдау;
  • қатты отынмен жұмыс iстейтiн пештердiң түтiн құбырларында ұшқын сөндiргiштер орнату қажет.

Тыйым салынады:

  • жанып жатқан пештi қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға;
  • отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды оттың алдындағы жерде орналастыруға;
  • пештердi жағу үшiн бензин, керосин, дизель отыны және т. б. ТЖҚ және ГЖ қолдануға;
  • пештi қыздыруға.

Мамлют ауданының ТЖБ аға инженерi
Кожахметов К.К.

Астық-2019 жинаудағы өрт қауiпсiздiк ережелерiн сақтау

2019 ж. 13.08

Астық жинау кезеңi өрттердiң болу мүмкiндiгi үлкен, жоғары өрт қауiпiмен сипатталады. Қауiп төндiретiн бұл жағдайды ыстық ауа райы, құрғақ бидай, жарамсыз күйiндегi энергиялық қаныққан егiн жинау мен дән өңдiру агрегаттары құрады.

Дәл осы уақытта нан алқабындағы отпен абайсыздық, тасталған темекi тұқылы, ауыл шаруашылық машиналардың ұшқындары немесе ашық алауды қолданудағы абайсыздық өртке әкелуi мүмкiн.

Алдағы өрттiң пайда болуының барынша азайту — Мамлют ауданының Төтенше жағдайлар бөлiмiнiң басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Астық жинау, дайындау, өңдеу обьектiлерiне, сонымен қоса, ауыл шаруашылық техникасының өртке қарсы күйiн бақылауына ерекше назар аударылады.

Өрттердiң болмауы үшiн бөлiм қызметкерлерi нан жинау техникадағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзiп, олардың техникалық жарамдылығын тексерудi және өрт сөндiргiш құралдарымен жабдықтауды ұсынды. Шаруа қожалықтардық басшылары мен иелерiмен өртке қарсы ережелерiн сақтауға бағытталған әңгiмелесулер мен егiстiкке шығулар жүргiзiледi.

Астық жинау уақытында егiн мен өрт қағидаларын сақтау шару қожалықтардың басшылары мен иелерi жауапты, сонымен қатар, оларға алқаптағы өрт болу жағдайында әкiмшiлiк санкциялары қолданылады.

Өкiнiшке орай, ауыл шаруашылық кәсiптердiң басшылары қауiпсiздiк ережелерiн күнделiктi сақтамайды. Орылған егiстiк шөбi, құрғақ шөп және өңдеуден қалған қалдықтарының жану жағдайларының болғаны белгiлi. Одан басқа, ашық отты қолдануда, өрттенудi қадағалай мүмкiн емес, ал ол алқабтағы масштабты өрттенуiне әкеледi. Қатты жел кезiнде астық жиналмаған, басқа жазыққа аударуы мүмкiн. Осындай өрттi сөндiру қиынға соқтырады.

Аудан аумағында бидай жинау кезеңiнде өрттердiң болуына жол бермеу мақсатында ТЖ бөлiмi өрт қауiпсiздiгi қағидаларының негiзгi талаптарын еске түсiредi.

Астық жинаудың алдында техника, агрегаттар мен автокөлiктер қуат жүйесi, майлау, салқындатқыш, оталдыру реттелуi керек, сонымен қатар ұшқын сөндiргiш жарамды болып, көлiктi өрт сөндiргiш құралдарымен жабдықталуы тиiс. Тракторшылар, комбайыншылар, олардың көмекшiлерi немесе жұмысқа жұмылдырылған басқа да тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтулерi қажет;

Комбайынның iрiктеу жұмысы кезiн iрiктеушiнiң серiппе тiстерi барабан қабының iшiне кiрiп кетпеуiн қадағалау керек. Осындай жағдайда комбайынды дереу тоқтатып, тiстердi босату қажет;

Масақты дақылдардың пiсуiнiң алдында орманды далаға, тас жол мен темiр жолдарына, шымтезектi алаптарына жақын нан алқаптарының жиектерiн 4 м. кем емес енiмен шыбылған және жыртылған болуы тиiс;

Дәндер балауыздап пiскен кезде нан алаптарын 50 га. ауданымен телiмдерге бөлу керек. Телiмдер арасында енi 8 м. кем болмайтын шалғы алымын жасау қажет;

Астық жиналатын, 25 га. ауданынан жоғары нан алқабында өрттiң болу мүмкнiдiгi жағдайына трактор соқамен дайын тұруы тиiс. Жинаудың топтық әдiсi жағдайында жинау-транспорттық жасақтардың құрамында мамандарылған өрт сөндiруге автокөлiктердi қосу керек;

Жинау кезеңiнде өңделуден қалған қалдықтарды, аңыздарды және алқаптарда алауларды жандырмау қажет;

Дәндi науаларды ғимараттар мен құрылыстарға 50 м қашықтықта, ал нан алқаптарынан 100 м. кем емес ор жақын орналастырмау керек. Дәндi орналастыру алаңы өсiмдiктi жамылғыдан тазартылуы тиiс.

Рұқсат етiлмейдi:

Тракторлардың, автокөлiктердiң басқа да ашық немесе жабық қақпақты жинау техникасының жұмысы. Комбайн және басқа да көлiктерде iштен тұтанатын қозғалтқышпен, қақпақтары жоқ, бiтiрiлген коллектор жоғары мен екi жағынан бойымен жабатын металлды кiшкентай қалқанмен қорғалуы тиiс;

Қозғалтқыш радиаторының шаңың күйдiру үшiн дәнекерлейтiн шамды қолдану;

Астық алқабында жинау техникасын жанғыш сұйықтарды құю;

Алқапты шарттарда түңгi уақытта көлiктерге жанғыш сұйықтарды құю;

Алқапты шарттарда жинау техникасына жанармай құюуы алаптың жерден тыс (30м кем емес) жанармай құюшылармен, қозғалтқыш сөндiрiлген кезде кұйылуы тиiс.

Жинау көлiктерiнiң және агрегаттардың жөнделуi нан алаптарынан 30м қашықтықта жақы орындалмауы керек.

Астық алқаптарында немесе оған жақын жерде темекi шегуге және ашық отты қолдануға қатаң тыйым салынады.

Жүргiзушiлер нан алаптарының қасынан өткен кезде темекi тұқылдарын тастама керектiгiн естен шығармауы тиiс, себебi бұл үлкен шығын әкелетiн өртке әкелуi мүмкiн.

Құрметтi азаматтар, шару қожалық басшылары жоғарыда көрсетiлген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын ұстану — әр адамның мiндетi естен шығармаңыздар!

Руслан Қазбаев,
СҚО ТЖД Мамлют ауданың
ТЖ бөлiмiнiң аға инженерi
азаматтық қорғау майоры

29.05.2019 ж.

Газ плитасы — өте жоғары қауiп

Өрттiң — арнайы ошақтан тыс бақылаусыз жануы денсаулыққа зиян келтiредi және азаматтар мен мемлекеттiң меншiгiн жойылуына бiрден-бiр себеп.

Тиiстi бақылау болмаған жағдайда қарапайым алау үлкен өртке айналады.

Үй жағдайында үтiктер, электр пештерi, теледидарлар, жылыту пештерi, газ плиталары сияқты тұрмыстық аспаптар өрт шығу қаупi өте жоғары құралдар болып табылады және ерекше ұқыптылықты талап етедi сонымен қатар оларды қолданғанда өрт қауiпсiздiгi ережелерi сақталуы тиiс.

Еңбек ұжымдарында, сондай-ақ тұрғын үй секторында халықпен әңгiме жүргiзе отырып, көбiнесе тұрғындар жылыту пештерi мен газ плиталары сияқты аспаптарды пайдалану және орнату қауiпсiздiгi бойынша бiлетiндерi аз екендiгi көрiндi. Мысалы, көптеген адамдар газ баллонының редукторға қосылуын сiрiңкенi жағып тексеру керек деп санайды, яғни ашық от — ең кем дегенде өртке әкеп соғады.

Халықты өрт қауiпсiздiгi жайлы кеңiрек хабардар ету мақсатында Мамлют ауданы ТЖ бөлiмiнiң қызметкерлерi аудан ұйымдарымен тұрмыстық газ баллондарымен қамтамасыз ететiн газ учаскелерiмен әңгiме-сабақ өткiздi. Газ учаскелерiнiң қызметкерлерiн тұрғындардың газ плиталарын қалай дұрыс пайдалану керектiгi туралы кеңес сұрамайтыны да алаңдатады, алайда халықтың қолындағы газ баллондары көбiнесе 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып, жөндеу жұмыстарын және тазартуды талап етедi.

Мамлютка қ. «Альнур Газ» ЖШС Мамлютка қ. «Альнур Газ» ЖШС. Жеңiс 119, «РайГаз» ЖШС Победа көшесi 11, Новомихайловка ауылы ЖК «СКО Газ» автомобильдерден өткiзу кезiнде газ плиталарына баллондарды орнатуға көмек көрсетуге мiндеттi және олардың көмегi әрдайым орынды болады, өйткенi кәсiби қадам — бұл тәртiп пен қауiпсiздiк нышаны.

Газ баллонын орнату кезiнде халықтың назарын келесi тыйымдарға аударамын:

  • Үйде бөгде адамдардың, оның iшiнде балалардың болуы;
  • Қосылыстың герметикалығын ашық жалынмен тексеру, сезiмге үмiттену(өйткенi кез келген суық ауру, нашар көңiл-күйде сезiну және жалған қанағаттану орны толмас қайғылы оқиғаға әкелуi мүмкiн);
  • Газ иiсi болған жағдайда жарықтандыру және электр құралдарын, оның iшiнде фонариктер мен телефондарды қосып, өшiруге, ал үй-жайды газдың иiсi толық жойылғанға дейiн желдетуге тиiс.

Газ баллондарын ауыстыру кезiнде:

  • газ баллонының редуктормен қосылуын желдетiлетiн үйде сабын ерiтiндiсiмен ғана тексеру қажет.

Қауiпсiздiк ережелерiн сақтасаңыздар, өрт сiздiң үйiңiзге ешқашан залал келтiрмейдi.

Мамлют ауданының Төтенше жағдайлар бөлiмiнiң
бастығы азаматтық қорғау полковнигi
А. Бекчентаев

2019 ж. 19.04

Өрт кауiпсiздiгi қатаң бақылауда!

Мамлют ауданы Новомихайловка селолық округiндегi Бексейiт ауылында Мамлют ауданының Төтенше жағдайлар департаментiнiң қызметкерлерi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, өрт қауiпсiздiгi бойынша бiлiмдерiн арттыруға бағытталған түсiндiру шараларын жүргiзу мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өткiздi. Ауыл азаматтарына «Өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерi және өрт кезiнде өзiн ұстау мәнерi», «Өрт қаупi және суға түсу кезеңiнде қауiпсiздiктi сақтау бойынша шаралар», «зиянды шикiзат сақтау» сияқты тақырыптар бойынша түсiндiрiлдi.

Ауыл тұрғындарын жылыту кезеңiнде, өрт қаупi бар кезеңде ғимараттардағы өрттiң себептерiмен таныстырды: ескiрген жылыту пештерiн қолданғанда, бұзылған ескiрген электр сымдарын өте жоғары жүктемемен қолданғанда болуы мүмкiн. Көктемгi уақытта адамдар айналаны тазартып тәртiпке келтiру үшiн жинау жұмыстарын жасайды. Көбiнесе мұндай шаралар қоқыс, қураған ағағаштарды күйдiру арқылы жасалады. Бұл орман өртiнiң, тұрғындар секторында дала өрттерiнiң пайда болуының бiрден-бiр себебi екенi ескертiлдi.

Сонымен қатар көктем-жаз мезгiлiнде балық аулауды ұнатушыларға көлдерде қауiпсiздiк ережесiн сақтау жөнiнде ақпарат берiлдi.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаментiнiң қызметкерлерi аудандық бiлiм бөлiмiмен бiрлесе отырып, №2 Мамлют орта мектебiнде ата-аналар жиналысында өз тұрғын үйiнiң қауiпсiздiгi және үлкендердiң қарауынсыз қалған балалар, жазғы демалыстар кезiнде өрт қаупi бар жерлерде, суға түсу кезеңiнде балалардың өзiн ұстау мәнерi, жүрiс-тұрыстары жайлы әңгiме өткiздi.

Талқыланған тақырыптарды бiлiктi, жетiк түсiндiруiмiзге байланысты аудиториядан ешқандай сұрақтар болмады.

СҚО Мамлют ауданының
ТЖД ТЖ бөлiмiнiң бастығы
азаматтық қорғаныс подполковнигi А. Бекчентаев

08.04.2019 год

Ас үйде отты пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк шаралары

Сiздiң айүйiңiздегi жалын қауiпсiз бе.

Асүйде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн бiз мыналардың естен шығармауыңызды ұсынамыз:

Қараусыз қалып, пiсiп жатқан тамақ  өрттiң шығуына себепшi болуы мүмкiн. Егер сiз тамақ пiсiрiп жатқан уақыт аралығында асүйден шығуыңыз қажет болса, плитаны сөндiруiңiз қажет.

Балалардың сiз ас әзiрлеп жатқанда  конфорка мен электр пештерiне жақын келуiне жол бермеңiз. Плитаның жанына  қорғағыш бұйым орнатуды ойластырыңыз.

Асүй орамалын, қолғап пен өзге де тұтанғыш материалдарды пештер мен электр плиталарынан қауiпсiз жерде ұстаңыз.

Тамақ дайындап жатқан майды абайлап қолданыңыз. Майды асықтай қыздырып, ыңғайлы өлшемдегi ыдыста қолданыңыз. Майдың шашырауына жол бермеу үшiн жалынды қатты қыздырмау қажет.

Су жанып жатқан майды өшiрмейдi — жанып жатқан майдың үстiнен ешқашан су құймаңыз. Жанып жатқан майдың үстiне құйылған су оның одан әрi тез таралып, күйiкке шалдығуға әкеледi.

Егер тамақ әзiрлеп жатқан май жанып кетсе, онда конфорканы өшiрiп, ыдыстың қақпағын жауып, оған ауаның  өтуiне жол бермеңiз. Ыстық майы бар не майы жанған ыдысты үйге кiргiзбеңiз, өйткенi жалынның өршiп, сiздi күйiкке шалдықтыруы мүмкiн. Қақпағын алмас бұрын майдың сууын күтiңiз, өйткенi май  қайта жануы мүмкiн.

Егер айүйде өрт шығып, оны өзiңiздiң сөндiруiңiз мүмкiн емес екенiн түсiнсеңiз, құралды өшiрiп, дереу «101» телефоны арқылы өртке қарсы қызметiне хабарлаңыз.

Ас әзiрлейтiн жабдықтың ас әзiрлеген соң өшiрiлгенiне көз жеткiзiңiз.

Қауiпсiздiк жөнiндегi өзге де пайдалы кеңестер.

Барлық электр құралдарының ақаусыз күйде екенiне көз жеткiзiңiз.

Асүйге арналған арнайы түтiн хабарлағыштар бар. Осындай хабарлағыш орнатуды да ойластырыңыз. Бiрақ, пiсiп жатқан тамақтан шығатын бу жалған дабылдың себепшiсi болуы мүмкiн екенiн естен шығармаңыз.

Өрт шыққан жағдайда «101» хабарлаңыз.

Руслан Казбаев,
СҚО ТЖД Мамлют
ауданның ТЖб аға инженерi,
азаматтық қорғаныс майоры

2019 ж. 02.04

Жазғы демалыстың қауiптiлiгi!

Жаз демалыс үшiн өте жақсы кезең. Өзiне пайдалы және өз денсаулыққа пайдалы су жанында демалу үшiн, сумен қатынаса алуды үйрену қажет, жүзу бiлу керек, суда жүру ережелерiн бiлi отырып оны iске асыру жөн.

Шомылуға ең қолайлы режимдерi:

  • тамақ iшкеннен соң 1,5 сағат уақыттан кейiн шомылған жөн;
  • балалар жағаларында шомылған дұрыс, олар төтенше жағдайларды алдын алу үшiн керектi құрал жабдықтармен жабдықталған және қамтамасыздандырған;
  • ұмытпаңдар, балалардың шомылуы тек ересектердiң болған жағдайда рұқсат етiледi.

Барлығына есте сақтау жөн:

  • тек рұқсат етiлген және ересектердiң болған жағдайда шомылуға болады;
  • таныс емес жерлерде сүңгуге болмайды — түбiнде батып кеткен бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болу мүмкiн;
  • батпақтанған жерлерде, балдырлар мен ұйықтар бар жерлерде шомылмау жөн;
  • еш жағдайда үрлемелi төсектер, автокөлiк кенүңгiрлер, үрлемелi ойыншықтармен жүзуге болмайды — қол астындағы құрал сынып қалуы, жыртылып қалуы мүмкiн, адам күтпеген жерде суда қалады, бұл жақсы жүзе алатын адамға да өте қауiптi;
  • қайыққа жармасуға, навигациялық жабдық белгiлерiнiң (бакендер, буйктар мен т.б.) арман баруға болмайды;
  • дауылды ауа райында немесе қатты толқында шомылуға болмайды;
  • егер де сiз қатты су ағысына түсiп қалсаңыз, ағысқа қарсы жүзбеңiз, оған сiздiң күшiңiз жетпейдi, бұл жағдайда ағыс бойынша жүзiңiз, бiртiндеп жағаға жылжый берiңiз;
  • егер тартпаға түсiп қалсаңыз, қорықпаңыз, көбiрек ауа алып, сүңгiңiз және одан әрi жылдам бұрыныз;
  • егер етiңiздiң сiңiрiн тарып қалса, арқаңызға жатып жағаға қарай жүзiп, етiңiздiң тартып қалған жерiн уқалаңыз;
  • көмекке ересектердi шақыруға ұялмаңыз;
  • жалған дабыл дауыс беруге болмайды.

Руслан Қазбаев,
СҚО ТЖД Мамлют ауданың ТЖ бөлiмiнiң аға инженерi,
азаматтық қорғау майоры

Өрт-бұл адамдардың өмiрiне, мүлкiне, қоғам мен мемлекеттiң құндылықтарына зиян келтiретiн бақыланбайтын жау

Өрт-бұл адамдардың өмiрiне, мүлкiне, қоғам мен мемлекеттiң құндылықтарына зиян келтiретiн бақыланбайтын жау.

Өрттен келтiрiлген залалды барынша азайту өртке қарсы қызмет күштерi мен құралдарының дайындығына және өрт орнына жедел келуiне байланысты, өрт сөндiру қызметi бөлiмшесiнiң жедел келуi, атап айтқанда жол қозғалысының басқа қатысушыларының жол жүру ережелерiне адал қарамауы себебiнен, арнайы техниканың өрт орнына арнайы жарық және дыбыс сигнализациясымен қозғалып келе жатқанына қарамастан жол бермеуiнен қиындайды, ал уақыттың тапшылығынан, дер кезiнде келуден бiр адамның өмiрi байланысты болуы мүмкiн!

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Мамлют ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi, Мамлют қаласының №15 өрт сөндiру бөлiмi жол полиция қызметiмен бiрлесiп бiрқатар iс-шаралар өткiздi.

Мамлют қ. №15 өрт сөндiру бөлiмiнiң өрт тактикалық оқу-жаттығуларын өткiзу кестесiне сәйкес Мамлют Қ. №15 өрт сөндiру бөлiмiнен 2 шақырым жерде орналасқан «Қазақстан» дүкенi объектiсiнде шартты өрттi сөндiру бойынша жоспарланған сабақтар стандартты режимде өткен жоқ. Жаттығуға жедел шығу жол полициясының патрульдiк машинасымен бiрге, арнайы сигналдары қосылған шақыру орнына келе жатқан өрт машиналарына жол бермейтiн жол қозғалысына қатысушыларды анықтау мақсатында жүзеге асырылды. Айта кету керек, өрт сөндiру бөлiмшесiнiң шақыру орнына ұзақ жол жүрмесе де жолда арнайы дабылдармен қозғалып келе жатқан өрт сөндiру машиналарына көлiк құралдарының алты жүргiзушiсi жол жүру ережелерiн елемей, жол бермедi. Жол ережесiн бұзған жүргiзушiлерге, жол полициясы қызметкерлерiмен алдын алу iс-шаралары өткiзiлдi. Кедергiлермен, қымбат уақытты жоғалтумен өрт сөндiру бөлiмi жаттығу орны — «Қазақстан» дүкенiне келдi, онда тактикалық ой бойынша бiрiншi қабатта өрт шықты. Одан әрi Мамлют ауданының ТЖ қызметкерлерi мен өрт сөндiру бөлiмiнiң қызметкерлерi «Қазақстан» дүкенiне келушiлердi және қызмет көрсету персоналын эвакуациялауға және шартты өрттi жоюға кiрiстi, одан кейiн дүкен қызметкерлерiмен өрт болған жағдайда алғашқы iс-әрекеттер бойынша нұсқаулық өткiзiлдi.

Iс-шара соңында тұрғындар арасында өрт қауiпсiздiгiнiң алдын алу бойынша кезектi сенбiлiк өткiзiлдi, сонымен қатар су тасқыны кезiндегi қауiпсiздiк шаралары жүргiзiлдi, бiрақ бұл жолы сенбiлiк жол полиция қызметiнiң патрульдiк машинасымен орнатылған дауыстап айту құрылғысын пайдалана отырып өткiзiлдi, бұл көлiк 300 тұрғын үй ауласын, он көше мен қысқа көшенi қамти отырып, өрт қауiпсiздiгi және су тасқыны кезеңiнiң шаралары туралы құлақтандыра отырып, Мамлют қаласының көшелерiнен өттi.

Аталған iс-шаралар жалғасады!

Өрт-бұл адамдардың өмiрiне, мүлкiне, қоғам мен мемлекеттiң құндылықтарына зиян келтiретiн бақыланбайтын жау

Мамлютка қ. ӨБ-15 бастығының орынбасары
азаматтық қорғау аға лейтенанты Жадырасын Ильяшев

2019 ж. 21.01

Қысқа тұйықталу

Сiздiң өз баспанаңызда қысқа тұйықталу сияқты мәселемен кезiккен сәттерiңiз болды ма? «Қысқа тұйықталу» деген ұғым ненi бiлдiредi? Бұл дегенiңiз Сiздiң электржелiде пайда болған проблема бұл.

Сонымен, «қысқа тұйықталу» — бұл әртүрлi қуатты әлеуетi бар бiр, екi немесе оданда көп өткiзгiштердiң бiр-бiрiмен тұйықталуы.

Тұрмыстық аспаптармен мысал келтiруге болады: фазалық өткiзгiштi токөткiзгiш қаңқаға тиiп кеткен кезде электрқалқанында қорғаныс ажыратқышы бiрден iске қосылуы қажет-тығын iстен шығады немесе автоматты ажыратқыш iске қосылады

«Қысқа тұйықталу» автоматтық қорғаныс құралдары жарамсыз кезiнде өте қауiптi болады. Егер үй иесi электр желiсiндегi жүктеменi мыс немесе метал өткiзгiштерi көмегiмен жоғарылатқысы келсе, ол өз үйiне өз қолымен өрт салу қаупiн туындатады. Бүгiнгi күнi электр желiсiне күш түскен кезде ажыратылып қалған тоқты қайта қосу үшiн арнайы басқышты баса салуға болады, ол үшiн автоматтар (ПАР-10, ПАР-16, ПАР-25 типтi автоматтар) қолданылады. Олар пәтердiң электржелiсiне арналып жасалған барынша ток қуаты жүктемесi 25 Амперден аспайтынын айта кеткен жөн. Ескi пәтерлер тоғына 16 Амперден аспайтын автоматты пайдалану ұсынылады. Десекте тығындардың автоматпен салыстырғанда сенiмдiлiгi төмен.

Пәтерлер немесе үйлердегi «қысқа тұйықталу» түрлi жағдайда орын алуы мүмкiн.

«Қысқа тұйықталуға» әкеп соқтыратын басты себептердiң бiрi электр сымдарының орауыштарының ерiп кетуi. Көбiнесе ондай орындар розеткалар, вилкалар немесе таратушы қораптарда (жалғанған жерлерде) болады. Басты себебi — осы жерлердегi сымның осал жалғануы. Осындай жалғанудың салдарынан күш түскен кезде сымның сырты ерiп, ток өткiзгiш сымды жалаңаштап тастайды. Бұл жалғанулардың жасқы немесе жаманына өздерiңiз қарап, көз жеткiзулерiңiзге болады. Соңғы нұсқасында сым орауыштың сыртқы түсi қара-қоңыр болып, токтың күшi түскен уақытта сым орауыштың күйген жағымсыз иiсiн сезесiз. Сонымен бiрге розетканың немесе вилканың пластмасса қорабын қолмен ұстап көруге болады. Егер қолға қызғаны бiлiнсе, онда жалғама жерлердiң ақаулығы бар екенiн көрсетедi, сондықтан кеш болмай тұрғанда шара қолдану керек.

Руслан Казбаев,
СҚО ТЖД Мамлют
ауданның ТЖб аға инженерi,
азаматтық қорғаныс майоры

Оқуға қайда бару керек?

Оқуға қайда бару керек?

Мамлютка қ. №15 өрт сөндiру бөлiмi болашақ түлектердi өз тағдырын өрт сөндiрушiлердiң қиын, бiрақ қызықты әрi беделдi мамндықтарымен байланыстыруға, ал болашақта Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетiнiң азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлерi қатарын толтыруға шақырады. Болашақ офицерлердiң жолы, азаматтық қорғау мамандарын дайындайтын, Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер Министрлiгi Төтенше Жағдайлар Комитетi, Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының бiрi, Көкшетау техникалық институтынан, басталады,

Жоғары моральды және iскер, әр түрлi экстремалды жағдайлар сипатындағы мақсаттарды шешетiн, Төтенше жағдайлар комитетiнiң ең үздiк офицер кадрлары — бұл Көкшетау техникалық институтының түлектерi, азаматтық қорғау саласында жоғары бiлiктi мамандарды дайындайтын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жалғыз ведомстволық оқу орыны.

Институт үш мамандық бойынша мамандарды дайындайды — өрт қауiпсiздiгi, төтенше жағдайларда қорғау, азаматтық қорғаныстың командалы тактикалық күштерi. Келешекте тағы бiр жаңа мамандыққа — өрттi сөндiру және аппаттық құтқару iсiне курсанттарды қабылдау жоспарлануда.

Институтта оқу, жастар үшiн ерекешелiкке ие — бұл тегiн оқу, тамақтану, тұру, киiм-кешек, сонымен қатар шетел Ресей және Беларусь Республикасы ТЖМ бейiндi оқу ұйымдарында оқу мүмкiндiгi.

Институттағы 4 жыл оқу әскери қызметке теңеледi, оқу орынын бiтiргеннен кейiн түлектерге арнайы «азаматтық қорғау лейтенанты» немесе әскери «лейтенант» атағы берiледi. Барлық түлектер Төтенше жағдайлар комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнде кепiлдi жұмыспен қамтылады.

Жыл сайын бiздiң Астана қаласында ең үздiк Институт курсанттары 6-ы жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Президентi қолынан өздерiнiң «азаматтық қорғау лейтенанты» алғашқы погонын алады.

Институт тәрбиеленушiлерi алдыңғы шекте бола, ұлттық байлықтарды оттан қорғау және Қазақстан Республикасы аумағында, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өз қызметтiк борыштарын абыроймен атқаруда.

Оқу аяқталғаннан кейiн түлектер дипломдық жұмыс немесе мемлекеттiк емтихан тапсырады, содан кейiн мемлекеттiк дипломмен марапатталады және бакалавр дәрежесi берiледi. Сондай-ақ, дербес тарату және 100% жұмысқа орналастырылады.ҚР IIМ ТЖК КТИ алған бiлiмi — ТЖК қызметкерлерiнiң табысты жұмысының сенiмдi негiзi.

Өрт сөндiрушi мамандығына қызығушылық танытқандарды, хабардар етемiз: СҚО ТЖД «Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi» ММ кадр бөлiмiне немесе Мамлютка қ. №15 өрт сөндiру бөлiмiнде алдағы жылдың 1 ақпанынан бастап мамыр айының басында құжаттарды қабылдау жұмыстары өткiзiледi.

Мамлютка қ. 15-ӨСБ бастығы
азаматтық қорғау капитаны
М. Макридин

2019 ж. 21.01

Егер автомобиль өртенсе

Машинадағы өрттi аңғару жылдам. Кабинада жанармай мен жанған резина иiсiн сезуге, капот астынан түтiн пайда болуы сияқты белгiлер өрт басталғанын аңғартады.

Машина астына төгiлген жанармайды зарарсыздандыру барысында өртсөндiргiш пайдаланып, көбiк не ұнтақты от таралу аймағы шетiнен ортасына қарай шашырату керек. Капот астындағы өрт сөндiру барысында капот шетiне тұрып, оны баяу көтерiңiз. Себебi жылдам көтерген кезде от жалыны үдеуi мүмкiн. Өртсөндiргiштi көбiрек жанып жатқан бөлiкке бағыттаңыз, не болмаса, брезентпен қымттап құм, дымқыл топырақ, қармен жауып су төгiңiз. Киiмiңiз майланған не қолыңыз жанармай болса өрт сөндiруге кiрiспеңiз — бұл өте қауiптi. От жалынын жылдам ауыздықтау мүмкiн болмаса жанармай багы жарылуы мүмкiн болғандықтан қауiпсiз аймаққа кетiңiз. Машинаға отырып не оны оталдыруға тырыспаңыз. 10 метр айналада ешкiм болмауы тиiс.

Өрт сөндiрушiлердi күту барысында жүргiзушiлер мен өткiншiлер көмегiмен қасында тұрған машиналарды шетке қарай итерiңiз. Егер жанып жатқан машина iшiнде адам болып есiк ашылмай қалса, әйнектi сындырыңыз. Зардап шегушiнi алып шығып, жедел жәрдем қызметiн шақырыңыз. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетiп, алғашқы кездескен машинаға салып жiберiңiз. Машина номерiн жаттап не жазып алуды ұмытпаңыз. Өрт салдарын жою барысында жол полициясы қызметкерлерiне хабарласып, болған жағдайды хабарлауды ұмытпаңыз.

Руслан Қазбаев
СҚО ТЖД Мамлют ауданың ТЖ бөлiмiнiң аға инженерi
азаматтық қорғау майоры

Крещение мерекесiн қарсалуда оқиғасыз!

Ар үят туралы айтуға да қажеттiлiк жоқ өйткенi бұл дiң дәстiрiн жiберудi ұйымдастыру және Конституцияда бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк политикасының басты принцiпiнiң бiрi. Ең бастысы ТЖ бойынша комитетiнiң, мемлекеттiк ұйымдардың басты мiндетi болып осы жағдайларда қауiпсiздiк шараларын сақтау. Қазақстан елiнде әр түрлi ұлттағы адамдар өмiр сұредi және сенiмдерiне қарамастан дiни мерекелердi қарсалу мүмкiндiктерi бар.

19 қантар православты христиандар Крещение күнiң атап өтедi. Осыған байланысты мереке қарсанында өзендерде және басқа да аудан өзендерiнiң мұз айдынына бiр уақытта көп адамдар шығады. Осыған байланысты осындай сәулелi мерекенi қайғыртпауды тiлеймiз.

Ауа райының төмен температурасына байланысты және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, адам өмiрiне зиян келтурмеу үшiн төтенше жағдайлар бойынша бөлiмi азаматтарға шаралар өткiзiлетiң орындарға жол жүргенде, суға шомылу кезiнде және су құйып алу кезiнде, жиекке шығу кезiнде және шаралар өткiзiлiп жатқан орыннан кету кезiнде қауiпсiздiк шараларын сақтауды сұрайды.

Мұз астына түсiп кетуден сақ болу үшiн азаматтарға жай ережелердi сақтау керек атап айтқанда:

  • Мұз үстiне шығу кезiнде топ болып бiр жерде үйiлуге болмайды.
  • Мұз жиегiнен 25-30 метр қашықтықтан алысқа бармау керек.
  • Мұз үстiне автокөлiкпен жүруге болмайды.
  • Балаларды қараусыз қалдырмау керек оларды ашық ауада болуын азайту керек.
  • Сұға түсу ауданында массалық су құйып алуда ағаш стелаждарда ғана тұру керек.
  • Түбi бар және тормен тартылған темiр науаға және ағаштан жасалған жүру орындарында шомылуға, егерде құлау кезiнде мұз астында қалмау үшiн.
  • Суға түскенде арнайы құрылған сатымен кiру.

«Купели» жоқ жердегi ашық мұз ойылымында суға түсуге тиым салынады! Мұз үстiнде мас күйде болу төтенше қауiптi: Сiз үсiп қалуыныз мүмкен немесе қатты тонудан қайтып кетуiнiз мүмкiн. Осындай жағдайлар бiр неше рет орын алған! Егер өзiнiздi нашар сезiнiп түрсаныз суға шомылуға болмайды ол сiздiң деңсаулығынызға зиян келтiредi.

Сақ болыныз! Озiнiздi және өзiнiздiң жақындарынызды сақтаныз!

Думан Дiлдәбаев,
СҚО ТЖД Мамлют ауданының
ТЖб-нiң аға инженерi

Қысқы дауыл

Қысқы дауыл — тұрғылықты халық пен шаруашылық кешендерi үшiн аса қауiп төндiретiн табиғаттың ең қатал құбылсының бiрi болып есептеледi. ТЖ қаупi төнгенде: оған ауа температурасының күрт төмендеуi, қатты жел (жылдамдығы 15 м/сек. асатын), қардың мол түсуi (12 сағатта 20 мм-ге жететiн) және көктайғақ, осы кезеңде жедел шаралар қолданбаса, қайғылы оқиғаға әкелiп соғары сөзсiз.

Егер жол үстiнде боранға тап болсаңыз, қардан қорғаныс жасауға болады. Қарды күреп үңгiр жасап, не болмаса құлаған ағаштар қуысын пайдалануға болады. Осындай қорғаныста адам бойынан шыққан жылудың өзi көп көмегiн тигiзедi. Ал егер, 1-2 май шам жағып қойсаңыз қар үңгiрi жылы да, қолайлы қорғаныс болмақ. Осылайша табиғи құбылыстан бiрер уақыт сақтануға болады.

Әрине, мұндай жағдайда ұйықтап кетпеу керек және жоғарғы жақтағы желдеткiш саңылаудың жабылып қалмауын ескерген жөн.

Қаздиып тұрып табиғаттың қатал құбылысынан құтыламыз деп ойламаңыз, ақыр соңында шаршап-шалдығып, демаламын деп отырып, үсiп қалуыңыз ғажап емес.

Егер көлiк iшiнде отырып сақтанғыңыз келсе, көлiк капотын желге қаратып, жанармайды үнемдей отыра, барынша жылынуға тырысыңыз. Көлiктi қар басып қалу қаупi болса, әлсiн-әлсiн күртiк қарды аршып отырыңыз.

Мұндай жағдайда үзiлдi — кесiлдi тыйым салынады:

Қар астында қалған көлiктiң двигателiн қосуға болмайды. Газ көлiк астына кетпей, ауаға шығу үшiн тұрбы маңын тазалау керек. Көлiктен шыққанда, жiппен (бөкебай, не т.б.) сақтанған жөн. Адамдар бағдарлай алмай өз үйiнен бiрнеше адым жерде қаза тапқан жағдайлар да кездескен.

Қатты дауыл және қар қалың түскен кезде, көз көрiм жер шектеулi болған жағдайда адамдардың сақтандырусыз жан — жаққа бытырап кетуiн болдырмау керек.

Жолға шығар алдында қарапайым ережелердi естен шығармаған жөн:

  • ауа-райы туралы ақпараттарды қадағалаңыз;
  • артық киiм алуды ұмытпаңыз;
  • көлiгiңiзде артық азық-түлiк пен термоста ыстық шай мiндеттi түрде болсын;
  • көлiктегi жылыту құралы да артықық етпес;
  • боранды күнi жолға түнде шығуға болмайды, түнде бағдарлау өте қиын;
  • жолдан шығып кетпеңiз;
  • байбалам салмай, сабырлық сақтау қажет.

Думан Дiльдәбаев,
СҚО ТЖД Мамлют ауданының
ТЖб аға инженерi,
азаматтық қорғау капитаны

Тұрғын үй секторы қорғауды қажет етедi

Өрттердiң басым бөлiгi бұрынғысынша тұрғын үй секторынан шығуда. Оның себебi де азаматтардың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайында жатыр. Қазiргi уақытта жылыту жүйесi мен электр қондырғысын жөндеудi көпшiлiк қолға алмай отыр, сондықтан олар iстен шыққан кезде қалыпты тiрлiк жасау үшiн жылынудың басқа жолдарын iздей бастайды. Тiптi қарапайым тұрмыстық жағдайдың болмауы салдарынан (әсiресе қыста), пештi немесе басқа да жылыту аспаптарын пайдалануда қауiпсiздiк шараларын сақтамау, отты абайсыз қолдану өрт санының өсуiне себепкер болуда.

Жертөледе, жапсарлай салынған құрылыстарда, қоймалар мен гараждарда тұрғындардың көпшiлiгi ескi шаңғыны, сырдың ыдыстарын, тiптi бензин құйылған канистрдi сақтаса,ал автокөлiк иелерiнде мiндеттi түрде аккумлятор батареялары мен автомобиль шиналары бар болады. Мiне осындай «шаруашылыққа» темекi тұқылы түсiп кетсе, қою түтiндi және уландырғыш өрт шығатыны анық.

Сондықтан тұрғын үйлер мен ғимараттарды сенiмдi өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз ету күрделi мәселелердiң бiрi болып табылады. Оны сәттi шешу тек өртке қарсы қызмет органдарының қолданып жатқан шараларынан басқа облыс тұрғындарының әрекетiне де байланысты.

Сiздiң үйде өрттi болдырмау және туыстарыңыздың өмiрi мен материалдық құндылықтарыңызды сақтап қалу үшiн өрт қауiпсiздiгi ережесiнiң қарапайым талаптарын орындау қажет. Ғимараттың жанғыш бөлiктерi (төбесi, қабырғасы) пеш пен оның мұржасынан 38 см қашықтықта жанбайтын заттармен оқшаулануы керек. Пештi салу және жөндеу үшiн өрт-техникалық ықшам бiлiм алудан өткен бiлiктi мамандарды шақырыңыз.

Әрдайым пештiң, оның мұржасының жарамдылығын бақылауда ұстаған жөн. Электрөткiзгiштердiң жарамсыз бөлiктерiн уақытында ауыстырып, заводта жасалған қорғағыштарды пайдаланыңыздар. Қатқан су, кәрiз және жылыту жүйесi құбырларын отпен қыздыруға болмайды, оны тек ыстық судың немесе құмның көмегiмен жасаған дұрыс.

Тазалық- денсаулықпен қатар қауiпсiздiктiң де кепiлi, сондықтан шатырды, жертөленi жанғыш материалдар мен қоқысқа толтырмаңыздар және ауланың аумағын әрдайым тазалықта ұстаңыздар.

Думан Дiльдәбаев,
СҚО ТЖД Мамлют ауданының ТЖб аға инженерi,
азаматтық қорғау капитаны

Абайлаңыз жұқа мұз!

Мұз үстiндегi қайғылы оқиғалардың алдын алу үшiн, мұз үстiнде қауiпсiздiктiң негiзгi талаптары мен ережелерiн орындау қажет. Алайда жыл сайын көп адамдар сақтық шараларын елемейдi және жұқа мұз үстiне шығады, сонымен өз өмiрiн өлiм қауiп-қатерге ұшыратады.

Мұзға шығу уақытында қауiпсiздiк ережелерiн сақтау қажет!

  • адам үшiн қауiпсiз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес, ал тұзды суда 15 см. қалыңдықты мұз болып саналады.
  • өзен сағасында және саласында мұз әлсiз келедi. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетiн аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсiз болады.  
  • Егер үш күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың берiктiгi 25%-ға төмендейдi.
  • мұздың берiктiгiн көзбен де анықтауға болады: мұз көгiлдiр түстi — берiк, ақ — оның берiктiгi 2 есеге кем; сұр, күңгiрт-ақ немесе сары реңктi болса мұз осал болып саналады.
  • Балаларды үлкендердiң қарауынсыз мұзға жiбермеу керек.

Мұз үстiндегi қауiпсiздiк:

Мұз астына түсiп кеткен адамға абайлап жақындау қажет, дұрысы жатып. Көмек көрсету үшiн тақтай, саты, сырық, қармақ, арқанды пайдалану қажет, ал егер ондай болмаған жағдайда жатып, бiр бiрiнiн аяғынан ұстап тiзбек арқылы зардап шеккенге жылжу керек. Осында зардап шеккенге бiрiншi адам белдiк, киiм және т.б. бередi.

Құтқарылған адамды тез арада жылыту керек: құрғақ киiм кигiзiп, жылы сусын немесе тәттi нәрсе беру керек.

  • Түнде немесе күннiң нашарлап көрiнуiнде (тұман, қар, жаңбыр) мұзға шығуға болмайды!
  • Өзендi өткен жағдайда ұйымдастырылған мұзшапқыштарды қолдану қажет.
  • Қажеттi жағдайда су қоймасынан өту үшiн, сүрлеу жолдарымен жүрген қауiпсiз. Егер ондай жолдар болмаса, мұз үстiне ығар алдында жан-жағыңызға және баратын жолыңызға жақсылап қарап алыңыз.
  • Мұздың берiктiгiн аяқпен тексеруге болмайды. Егер бiрiншi рет таяқпен немесе шаңғы таяғымен қатты соққан кезде су көрiнсе, бұл дегенiмiз мұздың жұқа екенi. Ол мұздың үстiмен жүруге болмайды. Бұл уақытта мұздың үстiнен дер кезiнде сол iзбен аяқты мұздан алмай-ақ жағаға қайту қажет. Мұздың жарылған кезiнде және жарықшықтар пайда болған уақытта да осындай ережелердi есте сақтаған жөн.
  • Жұқа және жарылғалы жатқан мұзда болсаңыз, ақырындап қайта бұрылып жүрген жолмен сырғыма адымдармен жағаға қайту керек.
  • Қатқан су қоймасына өзiңiзбен ұзындығы 20-25 метр болатын мықты жiп және оған байланған жүк алу қажет. Бара қалсаңыз, өзiңiзбен бiрге бiр басында ауыртпалығы бар жiп ұстап жүрген жөн. Мұз жарылған сәтте қасыңыздағы адамға жiптiң ұшын лақтырыңыз, сонда ғана ол адам сiздi құтқара алады.
  • Су қоймасынан топпен өткенде, бiр-бiрiнен ара қашықтықты сақтау қажет (5-6 м).
  • Қатып қалған өзендi (көлдi) өткен кезде шаңғымен өту керек, ол үшiн бекiткiштерiн ағытып, қажет жағдайда оны шешiп тастауға ыңғайлы болады; шаңғы таяқшаларын қолда ұстау, қауiптi жағдайда таяқшаларды тез тасту үшiн, қолға iлмектi iлмеу керек.
  • Қалың қар түскен жерлерде, бұлақтардың қатты ағыстарында, үстiне шығып жатқан көшеттердiң, шөптердiң жанындағы жерлерде сақ болу қажет.
  • Егер жолдорба болса, оны бiр жақ иыққа iлiп, егер мұз жарылған кезде, ол жүктен босатылу жеңiлiрiрек болады.
  • Мұзда балық аулау кезiнде шұңқырларды ара қашықтығын 5-6 метр жасау керек. Қайғылы жағдай болмау үшiн, балықшыда құтқару жилетi мен көкiрекше болу қажет. Сонымен бiрге ұзындығы 15-20 м. Iлмектi жiпке байланған 400-500 г жүктi алу керек.
  • Мұздай суға түскен адам, 10-15 минуттан кейiн тоңып қалады және 20 минуттан соң есiнен танылады.

Мас күйiнде мұзға шығу, мұздың бетiнде жүгiру немесе секiру, бiр жерде көпшiлiк адамдардың жиналуы, өзендердегi қатты ағыспен пайда болған жұқа мұзға шығуға тыйым салынады.

Адамдарды кепiлге алған жағдайдағы iс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепiлге алудың әрбiр нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленедi.

Сонымен қатар егер сiз кепiлге алынсаңыз:

  1. өз-өзiңiзге мүмкiндiгiнше жылдам келiңiз, тынышталыңыз және үрейленбеңiз;
  2. егер өзiңiздi байлап немесе көзiңiздi жапса, бойыңызды еркiн ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
  3. болуы мүмкiн қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепiлге алынғандардың тiрi қалғандығын есте сақтаңыз. Сiздi босату үшiн құқық қорғау және арнайы органдары кәсiби шаралар қолданып жатқанына сенiңiз;
  4. егер қашып кете алатыныңызға толық сенiмдi болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
  5. террористер туралы мүмкiндiгiнше көбiрек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесiн мақсатқа сай белгiлеу, дене бiтiмiне, сөйлеу акцентi мен тақырыбына, темпераментiне, өзiн ұстау мәнерiне және т.б. сыртқы пiшiнiн сипаттайтын ерекшелiктерге көңiл аудара отырып, барынша толық кескiнiн жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердiң жеке бастарын анықтауда көмегi тиедi;
  6. әр түрлi белгiлер бойынша өзiңiз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
  7. мүмкiндiгiнше терезелерден, есiктерден және адам ұрлаушылардың өздерiнен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсендi шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердiң қылмыскерлердi көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауiпсiз жерге орналасыңыз;
  8. ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңiзге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;
  9. егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сiзбен әдепкiде (Сiздiң жеке басыңызды анықтағанға дейiн) ықтимал қылмыскер ретiнде бiрқатар дөрекi iс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сiздi тiнтуi, қолыңызға кiсен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкiн. Бұл тәрiздi жағдайларға түсiнiстiкпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттерi (барлық адамды түпкiлiктi сәйкестендiргенге және шынайы қылмыскерлердi анықтағанға дейiн) дәлелденген.

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

  1. агрессивтi қарсылық көрсетпеңiз, шалт және қауiп төндiретiн қимыл жасамаңыз, террористердi өздерi ойластырмаған iс-әрекеттерге итермелемеңiз;
  2. мүмкiндiгiнше адам ұрлаушылармен тiкелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;
  3. бастапқыдан-ақ (әсiресе, бiрiншi жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкiмiн орындаңыз;
  4. пассивтi ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесiңiз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкiн дұшпандық рең мен iс-қимылға шақыратын жек көрушiлiк сезiмiн бiлдiруден қашыңыз;
  5. өзiңiздi сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзiлдi-кесiлдi қарсылық жасамаңыз, бiрақ өзiңiзге өте қажеттi жағдайда сабырмен өтiнiш жасаудан қорықпаңыз;
  6. аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкiн денсаулық кiнәратыңыз болса, бұл туралы өзiңiздi ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткiзiңiз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, бiртiндеп өзiңiздiң жай-күйiңiздi жақсартуға байланысты өтiнiштер деңгейiн арттыруға болады.

Кепiлдiк жағдайында ұзақ болған кезде:

  1. уайым, абыржу және асып-сасу сезiмiнiң орын алуына жол бермеңiз. Алдағы сынақтарға өзiңiздi ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсендiлiгiн сақтаңыз;
  2. ашыну сезiмiнiң пайда болуынан қашыңыз, ол үшiн өз-өзiңiздi сендiрудiң iшкi ресурстарын пайдаланыңыз;
  3. жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсiрiңiз. Уақыт өткен сайын сiздi босату мүмкiндiктерiнiң арта түскенiн ойлаңыз. Сiздi дәл қазiр босату үшiн барлық мүмкiндiктердiң жасалып жатқандығына сенiңiз.
  4. өзiңiзге тұрақты айналысатын бiр iс (дене жаттығулары, кiтап оқу, өмiр туралы естелiктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық iс-қимылдың тәулiктiк кестесiн белгiлеңiз, оларды қатаң әдiстемелiк тәртiппен орындаңыз;
  5. күшiңiздi сақтау үшiн, тiптi ұнамаса және тәбетiңiздi ашпаса да берген тағамның бәрiн жеңiз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетiңiз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепiлдегi адамды құтқарудың маңызды шарттарының бiрi. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкiндiк беретiн жағымсыз әсерлер мен күйзелiстерден оқшаулайтын кез келген амал-әдiстер тиiмдi. Келесi ережелердi ұғып алған пайдалы:

  1. аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегi барлық бұлшық еттердi кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;
  2. барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседi;
  3. iшiңiзден оқыған кiтаптарыңызды, өлеңдерiңiздi, әндерiңiздi есiңiзге түсiрiңiз, жүйелi түрде әр түрлi дерексiз проблемаларды (математикалық есептердi шығарыңыз, шетел сөздерiн есiңiзге түсiрiңiз және т.б.) ойлап алыңыз. Сiздiң ақыл-ойыңыз жұмыс iстеуi керек.
  4. егер мүмкiндiк боласа, қолыңызға түскеннiң бәрiн, тiптi оның мәтiнi сiзге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-естi сақтауға көмектесетiн осы үдерiстiң өзi маңызды.
  5. Болып жатқан жағдайларды жүрегiңiзге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейiн iстiң сәттi аяқталатынына сенiңiз. Қорқыныш, торығу мен селқостық — бұл үшеуi сiздiң негiзгi жауыңыз, оның бәрi — өз iшiңiзде жатыр.

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегi тұрғындардың iс-қимылдары жөнiндегi жаднама

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiрудi бастау туралы ақпаратты үйiңiзде естiсеңiз:

  1. ауа-райына қарай киiнiңiз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  2. электрдi, газды, суды ажыратыңыз, пештегi (алау ошақтағы (камин) отты сөндiрiңiз;
  3. көшу кезiнде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетiңiз;
  4. кiреберiс есiктi құлыпқа жабыңыз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiрушiнiң командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейiн ғана қайта оралыңыз.

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естiсеңiз:

  1. асықпай және дүрлiкпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кiлтпен жабылатын үстел жәшiктерiне жинаңыз;
  2. өзiңiзбен бiрге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  3. ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндiрiңiз;
  4. есiктi кiлттеп жабыңыз және көшiру тәсiлiнде белгiленген бағытпен жүрiңiз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiру басшысының командасын орындаңыз.

Мақаланың шыққан күні: 18.01.2018 16:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.09.2019 18:00

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Руслан Әкiмжанұлы Аңбаев

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+