Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Амир Камильевич БиктимировМамлют ауданы әкімінің 2020 жылғы 05 наурыздағы өкімімен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімідігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Амир Камильевич Биктимиров тағайындалды.

Амир Камильевич Биктимиров – 1965 жылғы 20 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласында туды. 2 жоғары білімі бар, 1993 жылы Қорған ауылшаруашылық институтын «Экономиканы және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді, 2004 жылы Омбы мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1984 жылы «Родина» совхозының №3 бөлімшеде агрономнан бастады;

1984 жылғы мамырдан 1986 жылғы мамырға дейін Кеңес әскері қатарында қызмет;

1986 жылдан 1990 жылға дейін Қазақ ССР (Қаржы министрлігінің бақылау-ревизиялық басқармасы) ҚМБРБ Мамлют ауданы бойынша аға бақылаушы ревизоры;

1992 жылдан бастап мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Мамлют ауданы бойынша бөлімшесі бастығының орынбасары;

1993 жылдан бастап 1992 жылдан бастап мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Мамлют ауданы бойынша бөлімшесінің бастығы;

1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» ММ меңгерушісі;

2004 жылдан бастап 2012 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті Мамлют ауданының әділет басқармасының бастығы;

2014 жылдан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

Электрондық поштаның мекенжайы: predprin-maml@mail.ru
Телефон: 8 (71541) 2-12-71
Сенiм телефоны: 8 (71541) 2-12-71
Азаматтарды қабылдау: жұма, сағ. 09.00-13.00 дейiн

2018 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы А.С. Малденовке барлығы — 2462495 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 156048 теңгенi құрады.

2017 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы А.С. Малденовке барлығы — 2539104 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы —168288 теңгенi құрады.

Қаулы жобасы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы»

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларынның бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетті атқарушы 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Р. Аңбаев

Қосымша (ZIP 17 Kb)

Баспасөз релизі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларынның бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетті атқарушы 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігі қаулысының жобасы жасалған.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылдың 05 тамыз 2020 жылдың 19 тамызға дейін орналастырылған және әзірлеуші орган сайтында орналастырылды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкмдігінің
кәсіпкерлік бөлімі» КММ басшысы А. Биктимиров

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмi» КММ қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне жүргiзiлген талданған iшкi талдау қорытындысы бойынша таңдамалы анықтама (ZIP 16 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi

«Бизнестiң жол қартасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк гранттар беру қағидалары

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғайбағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк гранттарды ұсынуға (жеке бизнесiн құруға) арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Орналасқан жерi: Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к.,58.

пошталық мекенжайы: Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к.,58.

Электрондық пошта мекенжайы: otdbisnes@sko.kz

байланыс телефоны: 8(7152)- 50-22-85.

Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол қартасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастанасқан адамдарға (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурсқа қатысудың мiндеттi шарттары бағдарлама шеңберiнде оқыту құрауыштары сертификатының болуы және кәсiпкердiң оны iске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде, оның iшiнде жеке мүлкiмен бiрлесiп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бiр кәсiпкер үшiн ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм беру орны: СҚО Мамлют ауданы Мамлютка қ. А. Құнанбаева к, 5. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмi» КММ.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша конкурстық өтiнiм мен толық құжаттама топтамасын бередi.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2017 жылғы «12» маусымнан 2017 жылғы «11» шiлдеге дейiн жұмыс күндерi сағат 10:00-ден 17:00-ге дейiн (жергiлiктi уақыт).

Өтiнiмдердi беру басталатын күнi мен уақыты: 2017 жылғы «12» маусымда сағат 10:00-ден бастап (жергiлiктi уақыт).

Өтiнiмдердi беру аяқталатын күнi мен уақыты: 2017 жылғы «11» шiлдеде сағат 13:00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен maml.sko.gov.kz сайтында танысуға болады.

«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017

10 маусымнан 10 қыркүйекке дейiн 2017 жылдың ең маңызды және ұзақ оқиғасы — ЭКСПО-2017 болады. «ЭКСПО-2017» 93 күн iшiнде бүкiл әлемдiк қоғамдастықтың назарында болады. Көрмеге 115 ел қатысатындарын растады, 18 халықаралық ұйымдар, 5 млн. астам қатынасу жоспарланған. Қазақстаннан 1,785 млн. келушiлер болады деп күтiлуде.

Көрменiң жалпы  аумағы — 174 га.

 Көрме алаңының 25 гектарында  тақырыптық және халықаралық павильондар,коммерциялық аймақтар, iс-шаралар өткiзiлетiн орындар, сондай-ақ «болашақ Мұражайы» саласы ретiнде ұсынған ЭКСПО-2017 символы орналасқан.

Көрме аумағында 93 күн iшiнде  келушiлерге қолайлы болу үшiн:

  • Фудкорты;                          
  • Демалыс аймағы;
  • Қызмет көрсету аймақтары;
  • Сауда аймағы;
  • Балалар алаңы.

ЭКСПО-2017 оқиғалары және толтыруы:

  • Көрме аумағы бойынша экскурсиялар:
  • Тақырыптық аймақтар, халықаралық және корпоративтiк павильондарға бару;
  • Көрме аумағында және Астана қаласында 3 000-нан астам тақырыптық, мәдени-көпшiлiк, ойын-сауық iс-шаралар;
  • Күн сайын 93 күн ағымында ауқымды шоу, карнавалдар, театрландырылған шеруге қатысушы елдердiң көрмелерi, орындаушылық өнер фестивальдары, концерттер, көркем көрмелер, қойылымдар және тағы басқа мәдени iс-шаралар өтедi;
  • Cirque du soleil 76 көрiнiстерi;
  • «жұлдыздар» операсының әлемдiк концерттерi;
  • классикалық және қазiргi заманғы балет концерттерi;
  • фольклорлық ұжымдарының концерттерi;
  • симфониялық оркестрлерiнiң және джаз ұжымдарының концерттерi;
  • қазақстан, ресей және шетел эстрада «жұлдыздарының» сөз сөйлеулерi;
  • Туристiк өнiмдер туроператорлар өңiрлердiң, облыстардың оқиғалық iс-шараларды қамтитын Астана қ. және ЭКСПО-2017 бару.

Билеттердi  қазiр сатып алуға болады. Олардың құны шамамен 4000-нан 8000 теңге дейiн бару күнiне байланысты. Бұл ретте,билеттердi сатып алу үшiн азаматтардың кейбiр санаттарына жеңiлдiктер берiледi. Мысалы, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген тұлғалар жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша, барлық топтағы мүгедектер, жетiм балалар мен 6 жасқа дейiнгi (қоса алғанда) балалар ЭКСПО-2017 тегiн тамашалай алады. Билеттердi сатып алу үшiн оқушыларға, студенттерге, зейнеткерлерге, көп балалы аналар мен көп балалы 4 және одан көп кәмелетке толмаған бiрге тұратын балалары бар отбасыларға арналған 50 пайыз жеңiлдiк қарастырылған.

Толық ақпаратты Мамлют ауданының Кәсiпкерлiк бөлiмi, сондай-ақ 2-12-71 телефон нөмiрi бойынша бiле аласыз.

Бiр терезе

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсiпкерлiк кодексiнiң 282 бабына сәйкес, инвестор үшiн «бiр терезе» қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттiк органдармен тiкелей байланысын шектеудi көздейтiн, инвесторларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуда инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган тарапынан жәрдемдесудiң орталықтандырылған нысаны түсiнiледi.

Инвестор деп, Кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға түсiнiледi.

Бүгiнгi күнi, инвесторлар үшiн «бiр терезе» нысанында жұмыс Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (мекенжайы Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1) (бұдан әрi — Орталық) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» РММ базасында Инвесторларға қызмет көрсету 19 сектроларында (бұдан әрi — Секторлар) жүргiзiледi. Консультациялар және мемлекеттiк қызметтердi алу барысында көмек көрсету Орталықтың және Инвесторларға қызмет көрсету сектроларының негiзгi мiндетi болып келедi. Сонымен қатар, инвесторлар үшiн Орталықта Call-Centre 8 (7172) 754540 жұмыс iстейдi.

www.isc.baseinvest.kz интернет — ресурсында «Бiр терезе» модулi жұмыс iстейдi, ол онлайн режимiнде Қазақстандағы инвестициялық қызмет көрсету туралы барлық қажеттi ақпаратты алуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ инвесторларға мемлекеттiк органдар тарапынан мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң мониторингiн жүзеге асырады.

Жұмыс берушiлердiң назарына!

2014 жылы жаңа «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Кодексте еңбек қауiпсiздiгi саласында заңнаманы бұзғаны үшiн жұмыс берушiлер жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында жаңа құқық бұзушылықтар құрамы қарастырылған, өндiрiстегi жазатайым жағдайды тексерудi қамтамасыз етпегенi және өндiрiстегi жазатайым жағдай фактiн жасырғаны үшiн максимальды 400 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл қарастырылған.

Жаңа Қылмыстық кодексте еңбек заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк жалпы арттырылды (аз мөлшердегi айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыстар және қамау тағайындалады, сондай — ақ бас бостандығын шектеу мерзiмi 5 жылдан 7 жылға дейiн арттырылды).

Техникалық қауiпсiздiк ережелерiн ұйымдастыру немесе еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауапкершiлiк жүктелген тұлға техника қауiпсiздiгi немесе еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны және оның салдары екi немесе одан да көп тұлғалардың қазасына әкелгенi үшiн жетi жылға дейiн бас бостандығынан шектеледi немес сол мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Осыған байланысты Сiздiң назарыңызды еңбек заңнамасының және еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзуды болдырмауға аударамыз.

Бөлiмiнiң функциялары:

  • Жеке кәсiпкерлiктi дамыту және жеке кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк саясатын аудан аумағында жүзеге асыру, аудандағы кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк қолайлы жағдайлар жасау бөлiмнiң атқаратын қызметтерi мен мiндеттерi.
  • Жеке кәсiпкерлiктi дамыту және жеке кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға жағдай жасайтын бөлiм қызметiнiң бағыты.
  • Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу және жүзеге асыру.
  • Аймақтарда шағын кәсiпкерлiктi және жаңашыл әрекеттi қолдау инфрақұрылым объектiлерiн құру және дамытуға қолдау көрсетудi қамтамасыз ету.
  • Мемлекеттiк ұйымдар және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен нарықтық инфрақұрылым объектiлерiнiң бiрлестiктерi арасындағы қарым-қатынасты дамыту стратегиясын анықтайды.
  • Сараптамалық кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету.
  • Семинар-кеңестердi, «дөңгелек үстелдердi» өткiзу арқылы шағын кәсiпкерлiк нысандарына мамандар дайындауды, оқытуды, бiлiктiлiктерiн арттыруды ұйымдастыру.
  • Ауданда шағын кәсiпкерлiктi және жаңашыл әрекеттi қолдау инфрақұрылым объектiлерiн құру және дамытуға қолдау көрсетедi, кәсiпкерлiк ортаның жағдайын талдайды.
  • Аудан мемлекеттiк мекемелерiнiң кәсiпкерлiк субъектiлердi дамыту мәселелерi бойынша әрекетiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес үйлестiредi.
  • Мелекеттiк ұйымдардың қарауына жеке кәсiпкерлiктi қолдау жәнеқорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына септiгiн тигiзетiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгiзедi.
  • Шағын кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының Индикативтiк және Стратегиялық жоспарларын, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi бойынша басқа да бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын әзiрлеуге қатысады.
  • Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк емес қоғамдық ұйымдарының (кеңестердiң, ассоциациялардың) қызметiн ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қолдау көрсетедi.
  • Аудан кәсiпкерлерiнiң облыстық деңгейде өткiзiлетiн қозғалыстарға, сайыстарға, шараларға қатысуына, сыртқы экономикалық байланыс жүргiзуiне қолдау көрсетедi.
  • Шағын бизнес мәселелерi жөнiндегi аудан әкiмдiгi қаулыларының, әкiм шешiмдерiнiң жобасын, шағын және орта бизнес мәселелерi бойынша аудандық комиссия, жұмысшы топтары отырыстарына материалдар әзiрлеудi қамтамасыз етедi.
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
  • Мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен кәсiпорындардан құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және басқа да материалдарды талап етедi және қабылдайды.
  • Координациялық кеңеске бөлiмге қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзедi.
  • Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер және басқа да ұйымдар өткiзетiн отырыстарға, жиналыстарға, конференцияларға, «дөңгелек үстелдерге» қатысады.
  • Мемлекеттiк органдарға тең дәрежелi лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың шағын кәсiпкерлiкке кедергi келтiретiн актiлерiн өзгерту немесе тоқтату жөнiнде мәселе қояды.
  • Бөлiмнiң қызметiн жақсарту жөнiнде бекiтiлген тәртiпте ұсыныстар енгiзедi.

Мамлют ауданында шағын және орта бизнестi дамыту туралы ақпарат

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Бюджеттік бағдарламалар

«Солтүстік-Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің 2010–2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары бекіту туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Ақпараттық парақ

Мақаланың шыққан күні: 06.10.2017 10:11

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.08.2020 11:44

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Руслан Әкiмжанұлы Аңбаев

Промышленная Революция 4.0

Қыркүйек 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+