Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мамлют ауданының полиция бөлімі

Әлжанов Серiк Дарханұлы

Атағы: полиция подполковнигі

Тегi, аты, әкесiнiң аты: Әлжанов Серiк Дарханұлы

Атқаратын лауазымы: СҚО IIД Мамлют ауданының iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы

Тағайындау датасы: «12» мамыр 2017 ж.

Туған жылы, айы, күнi: «17» мамыр 1985 жыл

Туған жерi: СҚО Сергеев ауданы Ибраево а.

Ұлты: қазақ

Бiлiмi: жоғары

Бiтiрген оқу орны 2006 жылы ҚР IIМ академиясының заң институты

Бiлiмi бойынша мамандығы «Юриспруденция»

Қай уақыттан бастап құқық қорғау органдарында 2002 жылдың «01» қыркүйегiнен бастап.

Өткен уақыттағы жұмысы

01.09.2002-10.04.2006 — ҚР IIМ академиясының заң институты;

10.04.2006-15.03.2007 — Петропавл қ. IIБ тергеу бөлiмiнiң ауыр қылмыс түрлерiн тергеу бөлiмшесiнiң тергеушiсi;

15.03.2007-09.10.2008 — Петропавл қ. IIБ тергеу бөлiмiнiң мүлiк қылмысын тергеу бөлiмшесiнiң тергеушiсi;

09.10.2008-06.01.2009 — IIД КПБ тұлғаға қарсы аса ауыр қылмыс түрлерiн ашу жөнiндегi топтың жедел уәкiлi;

06.01.2009-17.06.2010 — Петропавл қ. IIБ есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi бөлiмнiң жедел уәкiлi;

17.06.2010-23.06.2011 — IIД есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi басқармасының нашақорлық заттардың айналымын бақылау жөнiндегi топтың жедел уәкiлi;

22.12.2011-12.04.2012 — Петропавл қ. IIБ криминалдық полиция бөлiмiнiң тұлғаға қарсы қылмысты ашу бөлiмшесiнiң жедел уәкiлi;

12.04.2012-06.05.2013 — Петропавл қ. IIБ криминалдық полиция бөлiмiнiң тұлғаға қарсы қылмысты ашу бөлiмшесiнiң аға жедел уәкiлi;

06.05.2013-08.01.2015 — Петропавл қ. IIБ Бiрiншi полиция бөлiмi бастығының орынбасары;

08.01.2015-28.01.2016 — Петропавл қ. IIБ криминалдық полиция бөлiмiнiң бастығы;

18.11.2016-12.05.2017 — СҚО IIД Петропавл қ. IIБ Екiншi полиция бөлiмiнiң бастығы;

12.05.2017 — қазiргi уақытқа дейiн — СҚО IIД Мамлют ауданының iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы.

Үйленген — екi бала тәрбиелеп отыр.

Телефон: 8 (71541) 21378

Кезекшi телефоны: 8 (71541) 21551

Сенiм телефоны: 8 (71541) 21264

Терроризм актiсiн жоюға немесе кесуге көмектескен ақпарат үшiн сыйақы белгiлеу және төлеу жөнiнде халыққа ескерту

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап терроризм актiсiн жоюға немесе кесуге көмектескен ақпарат үшiн сыйақы белгiлеу және төлеу Ережелерi енгiзiлдi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 36 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi». Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актiлерi туралы мемлекеттiк органдарға ақпаратты ұсыну азаматтық борыш ретiнде бағаланады.

Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкiлеттi орган сыйақы төлейдi.

Сыйақы бiр рет төленедi және мынадай тәртiппен белгiленедi:

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 255-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген терроризм актiсi туралы қылмыстық iстер бойынша — 750 АЕК;
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 255-бабының үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген терроризм актiсi туралы қылмыстық iстер бойынша — 1000 АЕК.

Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам сыйақыдан бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi органның аумақтық органына тиiстi өтiнiш бередi.

Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы беру, егер айыпты адамға қатысты:

  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексiнiң (бұдан әрi — ҚПК) 521-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленедi.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 273 бабына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы жалған ақпарат бергенi үшiн алты жылға дейiн бас бостандығынан айыру туралы қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылғанын хабарлаймыз.

Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйiңiздiң кiреберiсiндегi, аулаларыңыздағы, көшедегi бөгде заттар мен адамдарды дер кезiнде өздерiңiз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүрiс-тұрысына, орынсыз жатқан иесiз мүлiктер мен заттарға көңiл аударыңыздар.

Үйлерiңiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiңiздер: кiреберiсте домофонымен темiр есiк орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есiктерiнiң ашық — жабықтығын тексерiңiздер.

Көлiктегi жолаушының күдiктi жүрiс-тұрысын көрiп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сiздер көлiкпен жүру қауiпсiздiгiн сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тiптi, өте қауiпсiз болса да, қандай да бiр сақтау немесе басқа бiреуге беру үшiн бiреудiң қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесiз) жерде күдiк тудыратын затты тауып алу сiздiң сақтығыңызды әлсiретуге тиiс емес. Қаскөй адам оны бiр нәрседен, бiреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкiн.

Тiптi, сiздiң жарылғыш құрылғыларын бiлетiн жеке тәжiрибеңiз болса да, онымен бiр нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздiгiнен жарылғыштар өте сезiмтал және әккi болып келедi.

Күдiк тудыратын затқа жақындамаңыздар, тiптi қол тигiзбеңiздер, бұл — өмiрлерiңiзге өте қауiптi.

Балаларыңызға қауiпсiздiк шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есiк ашуға, жерде жатқан иесiз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретiңiздер.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама

Терроризм актiлерiн дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгiлерi:

  1. сiз жұмыс iстейтiн немесе үйдiң ауласында, ғимарат айналасында (жиi баратын жерiңiздi) күдiктi тұлғалардың бiрнеше рет көрiнуi, фото және бейне түсiрме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
  2. құқық қорғау орган қызметкерлерiмен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттерi (басын түсiру, бұрылып кету, бетiн жабу);
  3. жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кiруi;
  4. тұрғын және әкiмшiлiк ғимараттарға қызмет көрсететiн персоналдар және күзетушiлермен бейтаныс адамдардың негiзсiз байланысқа түсуi, олардан жұмыс тәртiбi, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнiнде мәлiметтердi жинақтау;
  5. бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйiншек, посылка берiп жiберу) iрi сыйақыға орындайтын тұлғаларды iздеуi.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда келесi iс-қимылды орындау қажет:

  1. Ұстауға өздiгiмен әрекет қабылдамау;
  2. Олар жөнiнде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
  3. Өзiңiз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгiлерiн, киiмдерiн және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлiк номерiн және маркасын, қозғалыс бағытын белгiлеп алу.

Күдiктi зат тауып алған кездегi тұрғындарға арналған жаднама

Бiлiңiздер: заттардың сыртқы көрiнiсi оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкiн. Жарылғыш заттар үшiн камуфляж есебiнде әдеттегi тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйiншек, қорап, ойыншық және т.б.

Табылған заттардың жарылу қаупiн куәландыратын, белгiлерi:

  1. көлiк маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгiсiз түйiншектiң немесе басқада бiр заттардың болуы;
  2. бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кiреберiсте, пәтер есiгiнiң, көлiктiң маңында өзгеше орналасуы;
  3. табылған күдiктi заттан шудың шығуы (сағат механизмiне, жиiлiгi төмен дыбысқа тән).

Егер де сiз күдiк тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактiнi назардан тыс қалдырмаңыз:

1) қоғамдық көлiкте:

  • заттың (сөмкенiң және т.б.) кiмдiкi екенiн немесе кiм қалдырып кетуi мүмкiн екенiн қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
  • егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргiзушiге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2) үйiңiздiң кiре берiсiнде:

  • көршiлерден сұраңыз, мүмкiн ол зат соларға тиесiлi шығар. Егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

  • айналаңызға қараңыз, егер мүмкiндiк болса, заттың иесiн анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);
  • затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендердi жiбермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат берiңiз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

  • тауып алған зат туралы объект күзетшiсiне немесе әкiмшiлiгiне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдiк тудыратын заттармен жеке iс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкiн, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуi мүмкiн.

Үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады:

  • табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бiр жерден екiншi жерге апаруға, қолға алуға;
  • табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
  • жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
  • заттардан шығып тұрған сым темiрлердi немесе сымдарды үзiп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
  • табылған заңсыз затты пайдалануға;
  • оған жақын аралықта радио- және электрлi-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

Жарылғыш құрылғылардың iске қосылуы нәтижесiнде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сiз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бiрiншi кезекте түтiн мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиiссiз.

Егер сiз жарылыс кезiнде зардап шекпесеңiз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерiн бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есiн жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есiн мүсәтiр арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану — бұл организмнiң сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлерi болмаса (оның сүйектерiн мұқият басып көрiңiз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетiнен жатса тұншығып қалуы мүмкiн. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жiппен, белбеумен, баумен, белдiкпен таңу керек.

Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерi арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бiрқалыпты тыныс алыңыз. Өзiңiздi құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң түбiнде қалсаңыз, сiздi жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшiн кез келген металл затты (сақина, кiлт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекiтулi кеңiстiкте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегiн сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкiндiгiңiз болса, қолға ұстауға келетiн заттардың (тақтайлар, кiрпiштер және т.б.) көмегiмен төбенi бекiтiңiз, содан соң көмек күтiңiз. Қатты шөл қысқан кезде кiшкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Мақаланың шыққан күні: 18.01.2018 16:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.06.2019 10:21

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Руслан Әкiмжанұлы Аңбаев

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+