Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ауданның құрметті азаматтары

Мамлют ауданының құрметті азаматтары

Мамлютов Заки Мурадымович

Мамлютов Заки Мурадымович1927 жылы 15 тамызда туды, татар, білімі арнайы орта. 1944 жылы Ұлы Отан соғысына шақыртылды, соғыстан кейін жеті жыл Жапон әскерінде қызмет етті. 1951 жылы демобилизациядан кейін Петропавл ауылшаруашылық техникумына оқуға түсті. Еңбек жолын 1954 жылы Мамлют машина жасау зауытында шеберден бастады, ал 1956 жылдан бастап — Мамлют ауданының «Ауылшаруашылық техника» дүкенінің директоры, 80 жылдары — «Ауылшаруашылық техника» аудандық база басқарушысының материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 1987 жылы зейнет демалысына шықты. «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерлігі үшін», «Жеңіс үшін» медальдерімен, 2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталды.

 

 

 

Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы

Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы1962 жылы 15 қыркүйекте туды, қазақ, білімі жоғары, 1985 жылы Омбы ауылшаруашылық институтын инженер механик мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1979 жылы Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында лаборант болып бастады, 1980 жылдан бастап Бескөл ауданының «Новоникольский» совхозында, 1989 жылы Мамлют ауданының «Меңкесер» совхозының бас инженері, 1993 жылы «Меңкесер» совхозының директоры, 2004 жылдан бастап «Мәмбетов және К»коммандиттік серіктестігінің директоры, 2004 жылдан 2007 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі, 2007-2008 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі, 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Мәмбетов және К» коммандиттік серіктестігінің бас директоры.

«Астана»,«Тыңға – 50 жыл», «Самғау», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдерімен, «Құрмет» орденімен, облыс әкімінің, ҚР мәдениет және туризм Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды. 2000 жылы «Жыл адамы» атанды.

Сарбасова Айгүл Қинуарбекқызы

Сарбасова Айгүл Қинуарбекқызы1963 жылы 08 наурызда туды, қазақ, білімі жоғары, Петропавл педагогикалық институтын 1986 жылы орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1986 жылы Қызылжар ауданыныңТрудовое ауылында орыс тілі және әдебиеті мұғалімінен бастады. 1989 жылдан бастап Петропавл қаласы аэропортының дикторы, 1991 жылы Бостандық ауылындағы балабақшаның меңгерушісі, Бостандық орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, 1993 жылдан бастап Бостандық орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2002 жылы Бостандық орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, 2003 жылдан бастап Бостандық орта мектебінің директоры.

Білім және ғылым министрлігінің, «ҚР Солтүстік Қазақстан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен, «ҰБ бойынша 20 ең үздік мектеп» номинациясы бойынша облыс әкімінің сыйақысымен, «Ы. Алтынсарин» атындағы төсбелгісімен марапатталды.

Целуйко Василий Владимирович

1941 жылы 10 қаңтарда туды, орыс, агроном мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

В.В.Целуйконың барлық еңбек қызметі Мамлют ауданында өтті. Сол жылдары комсомолда, кеңес-партия органдары лауазымдарында жұмыс істеді. Ауданда өкілетті билікті құрудың басында тұрды. Аудандық мәслихаттың бірінші және екінші шақырылуының хатшысы болып сайланды. Құрмет демалысына 2003 жылдың қазанында аудандық мәслихаттың хатшысы лауазымынан кетті. Келесі жылдары ауданда өткізілген іс-шаралардың белсенді қатысушысы болды. Сол іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге оң пікірін қосты.

2004 жылдан бастап аудандық сайлау комиссиясының төрағасы болып бірнеше рет сайланды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаеты сайлау кезінде ауданның сайлау жүйесін басқарды.

 

Юрков Михаил Степанович

Юрков Михаил Степанович1945 жылы 3 қарашада туды, 1978 жылы Қорған ауылшаруашылық институтын бітірді.

Еңбек жолын 1963 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Ильич атындағы совхозда тракторшыдан бастады. 1964 жылы 90283 әскери бөлімшесінің командирі, 168 жылдан бастап Ильич атындағы совхоздың дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы-әдіскері, 1970 жылдан бастап Қазақстан ЛКСМ Ленин аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы. 1973 жылы «Дружба» совхозының тезхника қауіпсіздігі жөніндегі инженері, «Дружба» совхозының бастапқы партия ұйымының хатшысы. 1976 жылы Ленин аудандық халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары, 1979 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы (Ленин ауданы) «Мереке» совхозының директоры. 1985 жылы Мамлют аудандық халық депутаттары Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, 1989 жылдан бастап Қазақстанның Компартиясы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің инспекторы, Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев аудандық халық депутаттары Кеңесінің атқарушы комитетінің бірінші хатшысы, 1991 жылдан бастап аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және аудандық атқарушы комитеттің төрағасы. 1992 жылы аудандық әкімшіліктің басшысы болып тағайындалды. 1995 жылдан бастап Мамлют ауданының әкімі, зейнет демалысына шыққан 2001 жылдан бастап «Родина» ШҚ басшысы.

Омаров Төлеген Қоңқұшұлы

Омаров Төлеген Қоңқұшұлы1947 жылы 29 шілдеде туды, қазақ, 2 жоғары білімі бар, 1971 жылы Омбы ауылшаруашылық институтын агроном-агрохимик-топырақ зерттеуші мамандығы бойынша, Новосібір жоғары партия мектебін 1981 жылы политолог мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1970 жылы Омбы қаласында ауылшаруашылық институттың ВЛКСМ комитетінің хатшысынан бастады, 1972 жылы Омбы облысы Тюкалинск қаласының ВЛКСМ комитетінің бірінші хатшысы, 1978 жылы КПСС аудандық комитеті жанындағы партиялық комиссияның төрағасы, 1981 жылдан бастап Омбы облысы Тюкалинск қаласының КПСС қалалық комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, 1987-1988 жылдары Омбы облысы Саргатское қаласы КПСС аудандық комитетінің хатшысы, 1988-1991 жылдары КПСС аудандық комитетінің екінші хатшысы, 1991 жылдан бастап Омбы облысы Саргатское қаласының ұйымдастыру-партиялық, кадрлар жұмысы және қоғамдық үйымдармен байланыс жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, 1991 жылы Омбы облысы Саргатское қаласының КП РСФСР аудандық комитетінің хатшысы, 1998 жылдың тамызынан бастап 1999 жылдың ақпанына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі апаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 1999 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің әлеуметтік-мәдени сала жөніндегі орынбасары, 2004 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы.

Зейнет демалысына шыққанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жұмыс істейді.

Кузина Тамара Ивановна

Кузина Тамара Ивановна1956 жылы 25 маусымда туды, орыс, білімі жоғары, 1980 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық институтынемдеу ісі, дәрігер-терапевт мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын мектеп бітірген соң 1973 жылы Мамлют аудандық орталық аурухананың кіші медициналық жұмысшысынан бастады, 1974 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық институтына Емдеу ісі бөліміне оқуға түсті. 1980 жылы Мамлют аудандық орталық ауруханада мамандануды өтті, 1981 жылы Мамлют аудандық орталық аурухананың дәрігер-терапевті, 1983 жылдан бастап Мамлют аудандық емхананың меңгерушісі, 1987 жылдан бастап бас дәрігердің емдеу практикасы жөніндегі орынбасары, 2007 жылдан бастап Мамлют аудандық емхананың бас дәрігері, 2009 жылдан бастап бас дәрігердің бастапқы медициналық-санитариялық жәрдем жөніндегі орынбасары.

Қазіргі уақытта зейнет демалысында, бас дәрігердің бастапқы медициналық-санитариялық жәрдем жөніндегі орынбасары болып жұмысты жалғастырып келеді.

Абдрахманов Кабир Каримович

Абдрахманов Кабир Каримович1927 жылы 27 тамызда туды, татар, білімі орта, Ұлы Отан соғысына қатысушы.

Еңбек қызметін 1942 жылы Ұлы Отан соғысы жылдары бастады, өндірістік комбинатта жұмысшы болып жұмыс істеді. 1944 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. 1951 жылы әскерден келген соң Мамлютка қ. машина жасау зауытында дәнекерлеуші және №16 жол-құрылыс учаскесінде жұмысшы болып істеді. 1982 жылы зейнет демалысына шықты.

Әскери қызметі үшін II дәрежелі «Ерлігі үшін» және «Жапонияны жеңгені үшін» медальдерімен марапатталды.

 

 

 

Трошихин Михаил Васильевич

Трошихин Михаил Васильевич1949 жылы 4 мамырда туды, орыс, білімі жоғары, ғылыми агроном, заңгер.

Еңбек жолын 1971 жылы Ленин ауданы «Аманкелд» совхозы бөлімшесінде агрономнан бастады. 1973 жылдан бастап Мамлют ауданы «Новомихайловский» совхозының агрономы – басқармасы, 1977 жылдан бастап — Мамлют ауданы «Становской» совхозының партия комитетінің хатшысы, 1979 жылы – Мамлют аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1982 жылы – Мамлют ауданы «Меңкесер» совхозының директоры,1991 жылы – Тимирязев аудандық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары, 1992 жылдан бастап – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі, 1996 жылдан бастап 2004 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші және екінші шақырылым депутаты, аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы.

«Құрмет» орденімен және алты медальмен марапатталды.

Нұртаев Аманжол Сәйітұлы

Нұртаев Аманжол Сәйітұлы1947 жылы 7 қаңтарда туды, қазақ, білімі жоғары, Целиноград ауылшаруашылық академиясын бітірді.

Еңбек жолын 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Заградовский» совхозында бас бухгалтердің орынбасарынан бастады, 1973-1978 жылдары — Тимирязев ауданының «Степной» совхозының бас экономисті, 1978 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Целинный ауданы «Мичуринский» совхозының партия комитетінің хатшысы, 1983 жылы — Қазақстанның Компартиясы Мамлют аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1987 жылы – Мамлют ауданы «Новомихайловский» совхозының партия комитетінің хатшысы,1991-1994 жылдары — Мамлют ауданының экономика бөлімінің бастығы, 1994-1999 жылдары – Мамлют мұнай базасының бастығы, 1999-2003 жылдары – Мамлют ауданы әкімінің орынбасары, 2003 жылдың қазанынан бастап зейнет демалысына шыққанға дейін Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы болып істеді.

Еңбектегі табысы үшін медальмен, мерейтой медальдерімен, республикалық маңыздағы грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Рамазанов Сайран Миронұлы

Рамазанов Сайран Миронұлы1948 жылы 22 қыркүйекте туды, қазақ, білімі орта.

Еңбек жолын Мамлют ауданының «Дубровинский» совхозында механизатор болып бастады. Зейнет демалысына шыққанға дейін осы совхозда механизатор, тракторшы, комбайнер болып еңбек етті.

Жылдан-жылға жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді. Мамлют ауданында үшінші және екінші дәрежелі еңбек даңқы орденінің кавалері атағына ие болды.

«Тың жерлерді игергені үшін» және «Еңбек ардагері»медальдерімен марапатталды.

 

 

 

Асылболат Кәкенұлы Исмағұлов

Асылболат Кәкенұлы ИсмағұловАсылболат Кәкенұлы Исмағұлов 1951 жылы 18 ақпанда Солтүстiк Қазақстан облысы Бостандық ауылында туды. Бiлiмi жоғары: Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттiк өнер институтын драма театырының актерi мамандығы бойынша бiтiрдi.

Жұмыс қызметiн 1973 жылы Арқалық қ. С. Қожамқұлов атындағы Торғай облыстық музыкалық-драма театрда бастады.

Жезғазған қ. облыстық Қазмуздраматеатрда, Астана қ. мәдениет басқармасында қызмет атқарды және 1999 жылдан бастап Астана қ. Қ. Қуанышбаев атындағы Қаздраматеатрда жұмыс iстейдi.

Әр түрлi жылдары кәсiби сахнада ол қазақ және шет ел авторларының кейiпкерлер галереясын құрды, оның арасында мыналар: М. Әуезовтың «Қарагөз» — Сырым; М. Әуезовтың «Енлiк-Кебек» — Кебек; Ғ. Мүсреповтың «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» — Козы,; В. Шекспирдiң «Ромео және Джульетта» — Ромео, К. Мұхамеджановтың «Жат елде» — Құрбан; А. Островскийдiң «Мудрец» — Глумов; А. Вампиловтың «Старший сын» — Бусыгин; С. Жүнiсовтың «Махамбет» — Махамбет; Ш. Айтматовтың «Плаха» — Бостон және көптеген басқа.

Асылболат Исмағұлов сонымен қатар «Казахфильм» өнерiнiң бiрнеше фильмдерiне түстi «Опиум», «Забудь обо мне», «Кочевники», «Бiржан Сал», «Лавэ», «Елiмай», «Мой грешный ангел».

Халықаралық және Республикалық театр фестивальдерiнiң бiрнеше мәрте жеңiмпазы:

  • 1989 жыл — Орта Азия және Қазақстан Халықаралық фестиваль Бiшкек қ. (Гран-При);
  • 1994 жыл — Республикалық фестиваль Жезқазған қ. (Гран-При);
  • 2003 жыл — Республикалық фестиваль Орал қ. (Гран-При);
  • 2004 жыл — Республикалық фестиваль Көкшетау қ. (Гран-При).

 

Элла Николаевна Камалетдинова

Элла Николаевна КамалетдиноваЭлла Николаевна Камалетдинова 1956 жылы 06 қаңтарда туды.

Элла Николаевна — Камалетдиновтар мұғалiмдер отбасының жарқын өкiлi — Воскресеновка орта мектебiнiң директоры. Ол жоғары санаттағы орыс тiлi және әдебиетi мұғалiмi, шығармашыл адам, өз iсiнiң шеберi. Оның оқушылары аудандық және облыстық олимпиадаларға қатысушылар және жүлдегерлер, оқушылар конкурстық шығармашылық жұмысты сүйiспеншiлiкпен, бiлiм мен азаматтық ұстанымды көрсете орындайды.

Педагогикалық қызметтегi жетiстiктерi үшiн Элла Николаевна «Қазақстан Республикасының бiлiм үздiгi» белгiсiмен, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Құрмет грамотасымен, облыстық бiлiм басқармасының грамотасымен, аудан әкiмiнiң алғыс хатымен және ҚР Конституциясының мерейтой құрметiне ҚР Президентi Н. Назарбаевтың қолымен «Мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi еңбегi, елдiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасында достастықты және ынтамқтастықты нығайтуға маңызды үлес қосқаны үшiн» медальмен марапатталды.

Қажымурат Носиев

Қажымурат НосиевМамлют ауданының «Құрметті азаматы» Нәсиев Қажымұрат Нәсиұлы, 1947 жылдың қаңтар айының 20-шы жұлдызында, Мамлют ауданының Бостандық ауылында дүниеге келді. 1961 жылы Бостандық жетіжылдық мектебін аяқтаған соң, Петропавл педагогикалық училищесіне түсіп, оны 1965 жылы бітірді. Мамлют аудандық оқу бөлімінің бұйрығы бойынша 1965 жылдың 1-ші қыркүйегінен,туған мектебі Бостандық сегізжылдық мектебінде алғашқы ұстаздық жолын бастады. 1966-1968 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келгеннен кейін туған мектебіне қайта оралып, ұстаздық қызметін жалғастырды. Әскери борышын өтеу кезінде сержант мектебін аяқтап, кіші командир ретінде жас солдаттарға ұстаздық етті. 1969-1974 жылдары жоғарғы оқу орны, К.Д.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтының тарих-филология факультетінің тарих-педагогика бөлімінде оқыды. 1974 жылы Бостандық орта мектебіне директордың оқу-тәрби ісінің меңгерушісі, ал 1975 жылдан 2003 жылдың наурызына дейін, 28 жыл бойы үздіксіз мектеп директоры болды.

Қажымұрат Нәсиұлы мектеп директоры қызметін, қоғамдық жұмыстармен ұштастыра отырып, ауыл, аудан көлемінде саяси-әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі жұмыстарға белсене араласып, бастауыш партия ұйымының хатшысы, аудандық кеңестің депутаты болып сайланды. Бостандық ауылында жаңа типтік орта мектептің уақытында салынуына,оның алғашқы материалдық базасының толық жасалып жабдықталуына күш жұмсады және жаңа нарыққа өтпелі қиын кезеңде мектеп базасын сақтап қалды.Бостандық мектебінің ұжымын мектеп бітіруші түлектердің педагогикалық оқу орнына түсуіне ықпал жасап,мектепті өз мамандарымен толықтырды.

Соның нәтижесінде кадр тұрақтылығы,әсіресе ер мұғалімдермен ұжым толық болуы оқу сапасының жақсаруына әкелді. Қажымұрат Нәсиұлының алдын көрген оқушылары арасында, ауданымыздың бетке ұстар азаматтарының бірегейі, «Отан «орденінің иегері Арыстан Жұнысов, республикаға танымал күрес спортының майталманы, чеммпион Мақсат Нүсіпов, облысқа танымал құрлысшы Кәрібай Шаяхин, ҚР. Білім беру саласына еңбек сіңірген қайраткер Аскандиров Бауыржан сияқты т.б азаматтарды атауға болады. Ғылым кандидаттары мен республикаға көлемінде еңбек етіп жүрген қасиетті ұстаз мамандық иелерін көптеп айтуға болады. Қажымұрат Нәсиұлының өзі бес ғасырдан астам еңбек өтілі бар ұстаздар әулетінің көшбасшысы. 2017жылы Астана қаласы бойынша «Үздік Еңбек әулеті» атағына ие болды. Ұлтымыздың рухани орталығының көзі болған аудандағы жалғыз қазақ мектебінің оқу-тәрбие жұмысы, ұлттық сана сезімді дамыту, ұлтаралық қатынастарды нығайту,діни қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жазған мақалалары аудан, облыс баспасөз беттерінде жарық көрді. 2003-2006 жылдары Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімінде, ал 2006 жылғы тамыз айынан 2011жылға дейін Астана қаласы Білім департаментінде мемлекеттік қызметте болды. Зейнетке шықса да, Қажымұрат Нәсиұлы 2012-2014 жылдары Астана қаласының 65 гимназиясында ұстаздығын жалғастырған болатын. Еңбегі еленіп, Қажымұрат Нәсиұлы «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «Еңбек ардагері», «Астана қаласына 20 жыл» мерекелік медалімен мараппатталған.

Мемлекеттік Тарих институты жанындағы «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының» академигі атағы бар. Өлкетану жұмысымен айналысады, Бостандық, Бексейіт, Үшкөл ауылдарының тарихы мен шежіресіне арналған үш кітабы жарық көрді.

Ғалихан Салықұлы Бюрекбаев

Ғалихан Салықұлы БюрекбаевГалихан Салықұлы Бюрекбаев, 1952 жылы туды, бiлiмi жоғары, 1974 жылы Петропавл педагогикалық институтын «Орыс тiлi және әдебиетi мұғалiмi» мамандығы бойынша бiтiрдi, педагогикалық өтiлi 44 жыл.

Педагогикалық қызметтi СҚО Бескөл ауданы Красногорка 8 жылдық мектебiнде мұғалiмнен бастады, төрт жылдан кейiн осы мектептiң директоры болды.

1984 жылдан бастап 5 жыл Бескөл ауданының Шаховское орта мектебiн басқарды. Қызметтi жоспарлау және болжау негiздерiнiң жоғары деңгейi, ұйымдастыру-әкiмшiлiк қасиеттер Ғалихан Салықұлына СҚО «Лесные поляны» совхозында парткомның хатшысы және осы совхоз директорының орынбасары болуға мүмкiндiк бердi.

Бiрақ негiзгi қызметiн Мамлют ауданына арнады: 1995 жылдан бастап 6 жыл Леденев ауылдық округiнiң әкiмi, кейiнiрек бiлiм бөлiмiнiң бастығы.

2005 жылы Ғалихан Салықұлы Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары, ал 2007 жылы СҚО Қызылжар ауданы әкiмiнiң орынбасары лауазымын атқарды.

2011 жылы Мамлют ауданына қайтып келдi және №2 орта мектептi басқарды, ал 2 жылдан кейiн Мамлют №1 мектеп-гимназияның директоры болды.

Адал еңбегi, Мамлют ауданының бiлiм саласына маңызды үлес қосқаны, өз iсiне шығармашылықпен қарағаны үшiн Ғалихан Салықұлы Бюрекбаев Қазақ ССР Бiлiм министрлiгiнiң, Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм департаментiнiң, «Нұр Отан» партиясының, облыс әкiмiнiң және аудан әкiмiнiң грамоталарымен марапатталды.

Ерболат Мұратұлы Бекшенов

Ерболат Мұратұлы БекшеновЕрболат Мұратұлы Бекшенов 2018 жылғы желтоқсаннан бастап Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымын атқарады.

Еңбек жолын 1996 жылы сәуiрден шаруа-фермер қожалығы басшысының орынбасарынан бастады, 2006 жылы СҚО Тайынша ауданы Донецкий ауылдық округiнiң әкiмi, 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейiн Мамлютка қаласының әкiмi, 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейiн Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары.

2014 жылдан бастап 2018 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмi лауазымын атқарды. Мамлют ауданындағы жалпы еңбек өтiлi 10 жыл.

Ерболат Мұратұлы Бекшенов Мамлют ауданының әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлкен үлес қосты. Бiлiм және медицинаны сақтау және дамыту бойынша жұмыс белсендi жүргiзiлдi. Малды өсiру, жерлерде ауылшаруашылық өнiмдi сатып алу, жергiлiктi өнiмдi өңдеу жобаларын жүзеге асыру бойынша ауданда жұмыс белсендi атқарылды. Шағын және орта бизнес, аудан агроқұрылымдары дамыды.

2014-2016 жылы ауданда қосымша 390 жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздар үлесi 1,1% дан 0,7% дейiн азайды. Аз қамтылған азаматтар саны азайды. Жергiлiктi бюджет 112,6% орындалды.

2015 жылы жаңа Мамлют №2 орта мектеп ашылды, мектеп аумағында жаңа баскетбол және волейбол алаңы орнатылды.

2016 жылы «Юность» стадионында жасанды жабумен шағын футбол корты, пластик қоршаумен хоккей корты және 11 дана көше тренажерлер кешенi орнатылды.

2016 жылы «Ақ бидай-2017» облыстық жазғы спорттық мерекеге дайындалуға байланысты, «Юность» стадионын 20 млн. теңгеге жөндеу бойынша 700 орындық жаңа трибуна, волейбол және баскетбол алаңдары орнатылды. Футбол алаңы және газон шөбi дайындалды.

2017 жылы жөндеу жұмысын аяқтауға қосымша 10 млн. теңге бөлiндi.

2014 жылы Ерболат Мұратұлы дамуға үлес қосқаны, кәсiби шеберлiгi және жоғары өндiрiстiк көрсеткiштер үшiн медальге ұсынылды. Облыстың медальдарiмен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бекет Қауасханұлы Нұғыманов

Бекет Қауасханұлы НұғымановБекет Қауасханұлы Нұғыманов 1962 жылы 03 қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеев ауданы Социал а. туды. Экономикалық ғылымдар кандидаты Москва қ.

Марапаттары бар: 2005 жыл — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң құрмет грамотасы. 2008 жыл — Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының құрмет грамотасы.

Еңбек қызметi: Сергеевского ГПТУ-132 СКО (1982-1983) комсомол комитетiнiң хатшысы, «ЗапСибГипрозем» Омбы филиалы РФ жобалау бөлiмiнiң инженерi (1986), Омбы ауылшаруашылық институты РФ жабдықтау бөлiмiнiң маманы(1986-1988), СҚО Бескөл ауданы «Рассвет» совхозы бөлiмшесiнiң агрономы (1988), Петропавл қ. химиялау бойынша жобалау-iздестiру станцияда агрохимик (1988-1990), Аққайың ауданы АӨК аудандық арнайы шаруашылық бөлiмi Новороссийский бөлiмшесiнiң басқармасы (1990-1994), Көкшетау облысы Қызылту ауданы «Актуйесай» КП мұнай база меңгерушiсi (1994-1995), «Аймжан» ЖШС директорының коммерциялық бөлiм жөнiндегi орынбасары (1995-1999), СҚО Қызылжар ауданы «Аслан» ШҚ басқарды (2000-2005, 2009-2012, 2015-2017), СҚО Аққайың ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (2005-2006), СҚО ауыл шаруашылығы департаментi бастығының орынбасары СКО (2006-2007), СҚО Мамлют ауданының әкiмi (2007-2009), «Сұлтан» — ЭММК» АҚ сыртқы байланыс жөнiндегi директоры (2012-2014), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi мемлекеттiк инспекция және агроөнеркәсiп кешенi комитетiнiң фитосанитариялық диагностика және болжау республикалық әдiстемелiк орталығы филиалының директоры (2015), 2018 жылғы наурыздан бастап қазiргi уақытқа дейiн «Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жұмысшыларының локальдық кәсiподағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы кәсiподақ федерациясы ауыл шаруашылығы жұмысшыларының салалық кәсiподақ төрағасының орынбасары, «Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiподақ орталығы» аумақтық кәсiподақ бiрлестiгi төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы кәсiподақ федерациясы бас кеңесiнiң мүшесi.

Үйленген. Екi баласы бар.

2007-2009 жылдары СҚО Мамлют ауданының әкiмi болып жұмыс iстедi. 2008 жылы Қазақстан Республикасы облыстары арасында ең үздiк жас әкiм атағына ие болды. 2007 жылы 8934 көшет отырғызылды (Жасыл Ел). Мамлютка қ. 9 монша, 2 дүкен, шаштараз, офис-нотариус, жиһаз шығаратын цех пайдалануға берiлдi. «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде Мамлютка қ. бойынша су тарату жүйесiн жаңарту аяқталды. Аудандық орталық аурухананың шатырын және сумен қамтамасыз ету жүйесi күрделi жөнделдi. Воскресеновка дәрiгерлiк амбулаторияға «Газель» автомашина және Мамлют аудандық емханаға «Жедел жәрдем» машина сатып алынды. халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Аудандық орталық аурухананың негiзгi корпусы және бөлiмшелер күрделi жөнделдi. 2008 жылы 73 бiрлiк жаңа техника сатып алынды, бұл 2007 жылдан 2,5 есе артық. «Корпорация СК-Ойл» ЖШС Мамлютка қ. мұнай базаны пайдалануға енгiздi. 4 шаштараз, техникалық қызмет көрсету станция, жиһаз жөндеу орны, 5 дүкен, 2 киiм жөндейтiн және тiгетiн орын, 3 қоғамдық тамақтану орны, 2 тұрмыстық техника жөндейтiн орын ашылды. Хирургия бөлiмшесi жөнделдi. Мамлютка қ. «Достық» саябағы қалпына келтiрiлдi және «Отан үшiн от кешкендер» мемориал кешенi ашылды. Мамлютка қаласының көшелерiне және қалаға кiре берiсте жарық орнатылды.

Наталья Анатольевна Серикова

Наталья Анатольевна СериковаНаталья Анатольевна Серикова 1960 жылы 13 қыркүйекте туды. 1984 жылы Целиноград медициналық институтын емдеу iсi мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1985 жылы Мамлют аудандық ауруханада терапевт лауазымынан бастады. 2001 жылдан бастап терапия бөлiмшесiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды.

Наталья Анатольевна сауатты маман. Ауданның терапия қызметiне жүйелi түрде талдау жүргiзедi, бөлiмшенiң және тұтасымен терапия қызметiнiң жұмысын жақсарту бойынша жоспарлы iс-шараларды дайындаумен айналысады.

Өзiне және қызметкерлерге талап қоя бiледi, аудан халқы және қызметкерлер арасында құрметке ие. Бiлiмiн жетiлдiрiп отырады, функционалдық-лауазымдық мiндетiне толық жауапкершiлiкпен қарайды.

Денсаулық сақтау жүйесiндегi адал еңбегi үшiн облыс әкiмiнiң, денсаулық сақтау департаментiнiң, аудан әкiмiнiң, аудандық аурухана әкiмшiлiгiнiң грамоталарымен бiрнеше мәрте марапатталды. 2016 жылы «Шапағат» медалiмен марапатталды.

Мақаланың шыққан күні: 05.10.2017 09:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2020 18:50

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Владислав Геннадьевич Лукин

Промышленная Революция 4.0

Наурыз 2021
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2021 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+