Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құқықтық ағарту

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерiн пайдаланулың жаңа қағидалары бекiтiлдi.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi қазақ тiлi болып табылады, қазақ тiлiмен тең орыс тiлi ресми түрде қолданылады.

Мемлекеттiк ұйымдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген құжаттардың қағаз бланкiлерi есепке алуға жатады, ол үшiн құжат бланкiсiнiң әр данасының сол жақ төменгi бұрышына типографиялық тәсiлмен немесе нумератормен оның нөмiрi, сериясы қойылады. Электрондық бланкiлер есепке алынбайды.

Құжаттың датасын құжатқа қол қоюшы немесе бекiтушi лауазымды адам қояды. Электрондық құжат айналымы үшiн датаны жүйенiң немесе уәкiлеттi адамның қолдан қоюына жол берiледi.

«Адресат» деректемесi кiшi әрiптермен, қалың қарiппен ресiмделедi. Ұйымның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы, құжат жiберiлiп жатқан адамның лауазымы атау септiгiнде, тегi барыс септiгiнде жазылады.

Құжат мәтiнiнiң тақырыбы, құжаттың сол жақ жиегiнiң шетiнен, қалың қарiппен, сөздер тасымалданбай ресiмделедi және әр жолда 35 белгiден аспайды. Құжаттарда тақырыптың көлемi 5 жолдан асқан кезде тақырыпты құжаттың ортасында ресiмдеуге жол берiледi. Тақырыптың соңынан нүкте қойылмайды.

Құжат мәтiнi жазу машинкасында бiр жарым жоларалық интервал арқылы немесе компьютер техникасының құрылғыларының көмегiмен мөлшерi 14 Тimеs New Roman (Таймс Нью Роман) қарпiмен немесе Arial жоларалық бiр интервал арқылы басылады. Жекелеген жағдайларда, сондай-ақ кестелердi, қосымшаларды, орындаушы туралы белгiнi, ескертпелердi ресiмдеген кезде қарiп мөлшерi мен жоларалық интервалды өзгертуге болады.

Қағаз құжаттар үшiн ұйым мөрiнiң бедерi лауазымды адамның құжаттағы қолының түпнұсқалығын куәландырады. Ұйым мөрiнiң бедерi құжатқа қол қойған адамның лауазымы атауынан кейiн оның жеке қолын қамтымай қойылады.

Құжат көшiрмесiнiң түпнұсқамен сәйкестiгiн куәландыру үшiн «Қолы» деген деректеменiң төменгi жағына «Көшiрмесi дұрыс» (тырнақшасыз) деген куәландыру жазбасы, көшiрменi куәландырған адамның лауазымының атауы, жеке қолы, қол қойған адам қолының толық жазылуы (есiмiнiң инициалы мен тегi), ұйым мөрiнiң бедерi (бар болса), куәландыру датасы қойылады.

Кез-келген құжатты қағаз тасымалдағышта, электрондық тасымалдағышта болсын рәсiмдегенде, жоғарыда нұсқалған қағидаларды басшылыққа алу және талаптарды сақтау қажет.

Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу туралы

2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлген «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң қабылдануына байланысты, «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi Заң) 9 бабына сәйкес 6 ай мерзiмде мемлекеттiк тiркеудi бұзған жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту әдiлет департаментiнiң қызметiне енгiзiлген.

Заңның 9 бабында тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшiн негiз болып табылатын заңдық факт басталған, оның iшiнде шартты нотариат куәландырған, сот шешiмi күшiне енген, өзге де құқық белгiлейтiн құжаттар берiлген кезден бастап алты айдан кешiктiрмей мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi деп жазылған.

Заңның 9 бабымен белгiленген мерзiмдерiн жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершiлiкке әкеп соғады.

«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексiнiң 460 бабына өзгерiстер енгiзiлуiне байланысты жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берудiң Заңда белгiленген мерзiмiн бұзуы — ескерту жасауға әкеп соғады, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет — жеке тұлғаларға — он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

СҚО әдiлет департаментiмен Заңның 9 бабымен қарастырылған жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш берудiң 6 ай мерзiмiн бұзуға қатысты құқық бұзушылық бойынша күн сайын жұмыс жүргiзiледi.

Бұл заң бұзушылықтың негiзгi себебi өтiнiш берушiлердiң — жылжымайтын мүлiкке құқық иелерiнiң қолданыстағы заңнаманы бiлмеуi.

Жергiлiктi атқарушы органдар (аумақтық бөлiмшелердiң әкiмдiктерi, сәулет және қала құрылысы органдары, жер қатынастарының құрылымдық бөлiмшелерi) жылжымайтын мүлiкке құқықты куәландыратын құжаттарды (жер учаскесiне меншiк құқығын беру туралы шешiм, жылжымайтын мүлiк объектiсiн пайдалануға қабылдау туралы актi, жалға алу шарты, жалға алу құқығын сату-сатып алу шарты және т.б.) бергенде, жылжымайтын мүлiк иелерi туралы құқықтық кадастрға мәлiметтердi өз уақытында енгiзу және мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк материалдар санын қысқарту мақсатында «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 9 бабының талаптары бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзедi.

Жер учаскелерiн жалға алу

Жер учаскесiн жалға алу жеке және заңды тұлғаның мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн белгiлi мерзiмде өтеулi, яғни ақылы негiзде пайдалануға құқығын белгiлейдi.

ҚР Жер кодексiнiң 37 бабына сәйкес жер учаскесiн уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi) жер учаскесiне жер пайдалану құқығы (яғни жалға алу) азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сонымен қатар халықаралық ұйымдарға берiлуi мүмкiн.

Жер пайдалану құқығы құзырға сәйкес жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi. Осы жергiлiктi атқарушы органның осы шешiмi негiзiнде құзыры шегiнде (аудан, қала, ауылдық округ әкiмдерi) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органның жалға алу шартын жер пайдаланушымен жасасады.

Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн бергенде ҚР Жер кодексiнiң 43 бабының талаптарын басшылыққа алу қажет. Осы бапқа сәйкес мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскесiне құқық беру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

  1. жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтiнiштi қарауға қабылдау;
  2. сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау;
  3. жер учаскесiн алдын ала таңдау (елдi мекен шегiнде объектiлер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде);
  4. аудандық жер комиссиясының қорытындысын дайындау;
  5. жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
  6. жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
  7. жер учаскесiн жалға пайдалану шартын жасасу;
  8. жергiлiктi жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
  9. жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындау және беру;
  10. әдiлет органдарында тiркеу.

Осыған байланысты орындау мерзiмдерiн атап кету керек.

Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiштi қараущдың жалпы мерзiмi оған қол қойылған сәтiнен бастап екi айға дейiн, нұсқалған мерзiмге жерге орналастыру жобасын құрастыру кiрмейдi.

Жер учаскесiн беру туралы шешiм комиссияның оң қорытындысы негiзiнде қабылданады. Бас тартқан жағдайда жергiлiктi атқарушы органмен бас тарту туралы шешiм комиссия қорытынды шығарған датасынан бастап жетi жұмыс күн iшiнде қабылданады. Жер учаскесiне құқық беру туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң көшiрмесi өтiнiш иесiне бес жұмыс күнi iшiнде табыс етiледi.

Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi қабылданғаннан кейiн жалға алу шарты жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күннен кешiктiрмей жасалады.

«Азаматтарға арналған Үкiмет мемлекеттiк корпорациясы» СҚО филиалының ЗК және ТОН байланысының болмауына байланысты, уақытша жер пайдалануды (жалға алу) тiркеудiң 10 күндiк мерзiмi бұзылады. Осыған орай, шартты белгiленген мерзiмде жасау үшiн қабылданған шешiмнiң көшiрмесiн өз уақытында жолдау қажет.

Әрi қарай коммуналдық меншiкке қабылдау үшiн мүлiктi иесiз ретiнде есепке қою тәртiбi

ҚР Азаматтық кодексiнiң 242 бабына, мемлекеттiк мүлiк туралы Заңның 23 бабына сәйкес меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.

Егер меншiк иесi бас тартқан заттарға меншiк құқығын алу туралы (осы Кодекстiң 243-бабы), олжа туралы (осы Кодекстiң 245-бабы), қараусыз жануарлар туралы (осы Кодекстiң 246-бабы) және қазына (осы Кодекстiң 247-бабы) туралы ережелер терiске шығармаса, иелену көнелiгiне (осы Кодекстiң 240-бабы) сәйкес иесiз қозғалмалы заттарға меншiк құқығы алынуы мүмкiн.

Иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiшi бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергiлiктi атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнедi.

Егер меншiк иесi бұл туралы жариялау арқылы меншiк құқығынан бас тартқан жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнедi.

Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.

Осындай мүлiктi өзiнiң меншiгi ретiнде иеленетiн азаматтардағы немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардағы иесi жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және коммуналдық меншiкке берiлмейдi.

Мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Осындай мүлiкке басқа тұлғаның меншiк құқығы туындағанға дейiн кез келген уақытта меншiк иесi өзiне тиесiлi жылжымайтын затты иесi жоқ зат ретiнде есептен шығару туралы өтiнiш жасауға және оны өзiнiң iс жүзiндегi иелiгiне қайта алуға құқылы.

Осыған байланысты төмендегiнi белгiлеуге болады.

Аудан әкiмiнiң атына иесiз жылжымайтын заттарды есепке қою туралы қолдаухат бергенде, меншiк иесiнiң жоқтығын растайтын құжаттар пакетiн ұсыну қажет, оған объектiнi тескеру актiсi мекенжайды нұсқаумен, объектiнiң нақты жағдайына мiнездеме, меншiк иесiнiң жоқтығын немесе объектiден бас тартуды растайтын құжаттар, жер учаскесiне меншiк құқығын тiркеудiң болуы (болмауы) туралы ақпарат және объектiнiң 5-ден кем фотосуретi кiредi.

Бұл құжаттар пакетiнiң болуы осы затты коммуналдық меншiкке түскен деп тану туралы әрi қарай жұмыс жүргiзу үшiн қажет.

Мамлют ауданының жергiлiктi атқарушы органдарымен мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық мәдениетiн арттыру және құқықтық сауаттандыру жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпарат

Әдiлет министрiнiң 2017 жылғы 15 наурыздағы №268 бұйрығымен бекiтiлген құқықтық сауаттандыру саласында жергiлiктi атқарушы органдарымен мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық мәдениетiн арттыру жөнiндегi бастапқы iс-шаралар Жоспарының 7 тармағын орындау үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппаратымен (бұдан әрi — әкiм аппараты) Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының бiлiм мекемелерiнде, әр мемлекеттiк орган, әр ауылдық округ жерлерiнде мемлекеттiк қызметшiлердi құқықтық сауаттандыру және құқықтық мәдениетiн арттырубойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргiзу. Әлеуметтiк желiлерде белсендi жұмыс атқарылады, Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң ресми интернет-ресурсы жұмыс iстейдi, онда құқықтық сауаттандыру саласындағы жұмыс туралы ақпарат орналастырылған. Қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге тұрақты негiзде мониторинг жүргiзiледi, бұл осы салада құқықты қолдану тәжiрибесiнiң жағдайына талдау жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттiк органдардың ресми сайттарынан басқа БАҚ басылымдарға мониторинг жүргiзiледi. Әзiрленген жоспарға сәйкес ауылдық округтердiң әкiмдерi мен мемлекеттiк органдардың басшыларымен, сонымен бiрге әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлемiн жалпы құқықтық оқу жөнiнде ай сайын отырыстар өткiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы жанында өткен кеңестiң хаттамасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгiне ведомстволық бағынышты мемлекеттiк органдар заңгерлерiнiң «Қазақстандық заңгерлер одағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң мүшелiгi қатарына кiру ұсыныстары енгiзiлдi.

2017 жылдың басынан Мамлют ауданы әкiмi аппаратының және Мамлют ауданының мемлекеттiк органдарының қызметiн ақпараттық сүйемелдеу жөнiндегi барлық медиа-жоспарларға құқықтық сауаттандыру тақырыптары енгiзiлдi, құқықтық сипаттағы актуалды мәселелер жөнiнде мемлекеттiк органдардың заңгерлерiмен дөңгелек үстелдер өткiзiлдi. 2017 жылдың бiрiншi тоқсанында «Солтүстiк жұлдызы» және «Знамя труда» аудандық газеттерде 14-ке жуық мақалалар жарияланды.

Құқықтық сауаттандыру саласындағы жұмыс жағдайына талдау жүргiзу, ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтық мәдениеттi қалыптастырады.

Мақаланың шыққан күні: 30.10.2017 12:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2019 10:42

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Руслан Әкiмжанұлы Аңбаев

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+