Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Арнайы мониторингтік тобы

БЕКІТЕМІН
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданындағы арнайы мониторингтік топтың басшысы
А.М. Қошанов
25 желтоқсан 2020 жыл

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы арнайы мониторингтік топтың 2021 жылғы бірінші жартыжылдыққа жұмыс жоспары

Іс-шаралар Міндеттер Мерзім Жауаптылар
Келісім бойынша АМТ
1 2 3 4 5 6
1 тарау. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру Жоспарды орындауға мониторинг бойынша
1 Сыбайласқан құқық бұзушылық профилактикасы және алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыс туралы. Сыбайласқан құқық бұзушылықты түсіндіру және алдын алу, АМТ отырысы4 тоқсан Мамлют ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Қошанов А.М.Джапабаев Ә.А.
1.2 Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және электрондық түрдегі мемлекеттік қызметтерді көбейту бойынша атқарылған жұмыс туралы. Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету АМТ отырысы4 тоқсан Мамлютка қаласы әкімінің аппараты Қошанов А.М.Джапабаев Ә.А.
2.3 Қабылданатын шешімдердің ашықтық деңгейін арттыру мақсатында бюджетті қалыптастыру, оны жоспарлау және жүзеге асыру мәселесін түсіндіру туралы. Бюджетті қалыптастыруда ашықтық және айқындылық АМТ отырысы4 тоқсан Экономика және қаржы бөлімі Қошанов А.М.Джапабаев Ә.А.
2 тарау. Көшпелі кездесулер және түсіндіру іс-шаралар
3.4 Электрондық түрдегі мемлекеттік қызметтер үлесін көбейту, «электрондық үкімет веб-порталы, сонымен қатар мобильдік қосымша арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы (жергілікті қоғамдастық жиналыстарда, азаматтар қабылдауында, округте түрлі шаралар өткізгенде) халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында шалғайдағы (Ленин, Қызыләскер, Новомихайлов) ауылдық округтерде көшпелі кездесулер. Электрондық түрдегі мемлекеттік қызметтерді көбейту қаңтар-наурыз Ауылдық округтердің әкімдері Кошанов А.М.топ мүшелері
4.4 Халық алдында көшпелі кездесулер. Адалдық және тәртіптілік, оның ішінде сыбайласқан құқық бұзушылық профилактикасы және алдын алу принципін насихаттаумен бойынша сыбайласқан құқық бұзушылық тақырыбына халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу. тамыз-қыркүйек Аудан әкімінің аппараты Қошанов А.М.Джапабаев Ә.А.топ мүшелері
3 тарву. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторинг
5.5 - Мемлекеттік сатып алулар;- мемлекеттік қызмет көрсету;- құқықтық көмек саласында қызметті іске асыратын лауазымды тұлғалармен ауылдық округтерде көшпелі кездесулер Халықтың мемлекеттік қызметтер алу үшін ауылдық округтерде өзін-өзі қызмет ету секторы жұмысына мониторинг жүргізу. сәуір-маусым Ауылдық округтердің әкімдері Қошанов А.М.топ мүшелері
4 тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг және талдау
6.6 Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тыйым салу. Тегін медициналық дәрі-дәрмекті тиімді қолдануға мониторинг және бағалау. АМТ отырысы3 тоқсан Мамлют аудандық аурухана Қошанов А.М.

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы арнайы монитрингтік топтың 2020 жылғы қызметі туралы

Арнайы мониторингтік топ (АМТ) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысының «Арнайы мониторингтік топ құру туралы» 2018 жылғы 21 ақпандағы № 39 бұйрығымен құрылды, осы бұйрықпен АМТ құрамы және Ереже бекітілді. АМТ қатарына әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері тартылды – кәсіпкерлер, қоғам өкілдері, мәдениет жұмысшалары, депутаттар және басқалар.

2020 жылы АМТ сәтті жұмыс атқарды:

АМТ туралы ережеге сәйкес ағымдағы жылы 4 отырыс өткізілді, онда Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысының, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім бөлімі басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз мекемелерінде қабылданған шаралар туралы есептері тыңдалды.

Бұдан басқа АМТ төрағасы А.М.Қошанов АМТ қызмет қорытындысы туралы баяндады, халыққа мемлекеттік қызмет көрсеткенде заңнама талаптарын сақтауға бақылау тұрақты жүргізілетінін, сонымен қатар АМТ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі жоспармен қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша түсініктеме берілгенін атап айтты.

Ағымдағы жылғы есептік мерзімде Воскресенов, Дубровное, Қызыләскер, Новомихайлов, Леденев, Пригород, Становое, Краснознамен, Ленин, Андреев, Белое ауылдық округтерінде сыбайласқан құқық бұзушылықты алдын алу бойынша көшпелі кездесулер және лауазымды тұлғалардан интервью алу, сонымен қатар учаскелік полиция пунктінің, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, дүкендердің, балабақшалардың қызметіне, мектептерді жөндеуге мониторинг жүргізу, жұмыс бөлмелеріне бару ұйымдастырылды, жөндеу жұмысын сапасыз жүргізуге себеп болатын проблемалық мәселелер айқындалды.

АМТ қызметі қоғамдық бақылаудың тиімді құралына айналды.

Сыбайласқан құқық бұзушылықты алдын алу және түсіндіру бойынша ақпан айында АМТ Белое, Покровка, Краснознаменное орта мектептеріне материалдық-техникалық базаны толықтыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мониторинг жүргізу бойынша бару ұйымдастырылады, соның қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау мүшелерімен бірлесіп Мамлют ауданының прокуроры атына хат жолдайды.

Мектепке дейінгі мекемелерде тамақтануды қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу мақсатында АМТ мүшелері Мамлютка қаласының және Покровка ауылының орта мектептеріне барды.

Елде ТЖ және ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу шараларын енгізу сәтінен бастап, барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, АМТ карантин шараларын және санитариялық нормаларды сақтау бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде рейдтер жүргізді. Рейдтер дүкендерде, дәмханаларда, шаштараздарда жүргізілді. Жазғы мезгілде АМТ партиялық бақылау комиссиясымен бірлесіп Мамлют ауданының су қоймаларындағы жағажайларға мониторинг жүргізді. Дәрі-дәрмектің және медициналық бетперденің болуына дәріханаларға мониторинг жүргізілді. Әлеуметтік маңызды азық-түліктің болуына және бағаларға апта сайын мониторинг жүргізіледі.

Арнайы мониторингтік топ әлеуметтік инфрақұрылым объектілердің сапалы салынуына және жөндеуге, заңнаманы, азаматтардың еңбек құқығын қорғау бойынша мониторинг жүргізді.

АМТ партиялық бақылау комиссиясымен бірлесіп Мамлют ауданының білім объектілеріне жүргізілген жөндеу жұмысына тұрақты мониторинг жүргізді:

Объектінің атауы Объектінің орналасқан жері Жұмысқа қысқаша сипаттама
Белое ОМ КММ Белое а. шатыр жөндеу, терезе ауыстыру
Новомихайловка ОМ Новомихайловка а. терезе, шатыр
Краснознаменное ОМ Краснознаменное а. терезе, сәкі, шатыр
Қызыләскер ОМ Қызыләскер а. шатыр
Бостандық ОМ Бостандық а. шатыр, терезе,ішкі жөндеу

Мониторинг жүргізгенде Воскресеновка орта мектебінің жылыту жүйесін жөндеу бойынша кемшіліктер айқындалды. Пайда болған сұрақтар бойынша түсініктеме алу үшін авторлық қадағалау өкілдері шақыртылды. ЖСҚ дұрыс есептелмеген, 1 кв.м жылыту радиаторлары дұрыс есептелмеген. Бұдан әрі кемшіліктер жойылды, есептеулер дұрыс есептелді және жылытылатын алаңға сәйкес ЖСҚ ретке келтірілді.

Қызыләскер орта мектебінің шатырын жөндеу жұмысына мониторинг жүргізгенде шатыр қауіпсіздік нормаларына сай бекітілмегені айқындалды, бұдан әрі мердігер, авторлық және техникалық қадағалау шақыртылды және айқындалған кемшіліктер түзетілді.

АМТ мүшелері Мамлют ауданының денсаулық сақтау объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мониторинг жүргізді:

Объектінің атауы Объектінің орналасқан жері Жұмысқа қысқаша сипаттама
1 «Мамлют аудандық аурухана» ШЖҚ КМК Мамлютка қ. «Мамлют аудандық аурухана» ШЖҚ КМК ғимаратына жылы өткелмен емхананың 1 және 2 қабатын күрделі жөндеу
2 «Мамлют аудандық аурухана» ШЖҚ КМК Мамлютка қ. «Мамлют аудандық аурухана» ШЖҚ КМК зертхана бөлмелерінің2 қабатын, кабинеттерді, стационар ғимаратында негізгі баспалдақ клеткасын жөндеу

АМТ жұмысы нәтижесінде әкімшілік кедергілер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы артады, транспарентті, ашық және есеп беретін мемлекетке көшу қамтамасыз етіледі.

Мамлют ауданындағы арнайы мониторингтік топтың оң жұмысын атап айту қажет.

Мониторингтік топтың жұмысы

2020 жылғы қыркүйектен бастап 5 қарашаға дейін мерзімде КВИ жөніндегі Штабтың жұмыс шеңберінде құрамына прокуратура, тауар және қызметтер қауіпсіздігі сапасы басқармасының, жергілікті полиция қызметі, аудан әкімдігінің өкілдері енген мониторингтік топ кәсіпкерлік, денсаудық сақтау, білім объектілеріне және барлық нысандағы меншік кәсіпорындарға 40 орынға бару және рейдтер жүргізді.

Тексеріс қорытындысы бойынша адамдар жиналатын жерлерде санитариялық нормаларды сақтамау бойынша бұзушылық айқындалды.

Нұсқалған мерзімде 58 хаттама толтырылды (105 адам), оның 52 жеке тұлғалар, 6 жеке кәсіпкерлер, 9 аумақ бойынша жолданды, 7 тоқтатылды.

Барлығы 4058,0 мың. теңге сомаға айыппұл салынды. Рейдтердің мақсаты және топтың міндеті тек қана жазалау емес, сонымен қатар ескерту болып табылады. Барлық азаматтармен, жұмысшылармен және тұрғындармен карантин жәнке санитариялық шараларды сақтау бойынша алдын ала әңгімелесу өткізілді. Бұдан басқа мысалы мониторингтік топ адамдар көпшілік жиналатын жерлерде тегін бетперде таратты.

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы арнайы мониторинг топтың 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызмет қорытындысы туралы

«Арнайы мониторингтік топ құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысының 2018 жылғы 21 ақпандағы №39 бұйрығымен құрылған Арнайы мониторингтік топтың қызметі (АМТ) қоғамдық бақылаудың тиімді құралына айналды, осы бұйрықпен АМТ құрамы және Ережесі бекітілді.

АМТ қатарына әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері – кәсіпкерлер, қоғам өкілдері, мәдениет қызметкерлері, депутаттар және басқалар тартылды. Бұл көптеген салаларда және бағыттарда сәтті жұмыс істеуге мүмкіндік береді. АМТ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны денсаулық сақтау, білім, ХҚО, автомобиль жолдары және басқа объектілерде жүзеге асыруға сыртқы бағалау жүргізеді. Сонымен қатар халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

АМТ ережеге сәйкес үстіміздегі жылдың 03 наурызында отырыс өтті, онда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар туралы есебі тыңдалды. Осы мәселені қарастыру қорытындысы бойынша бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы талдау жүргізу, сайтта талдау анықтаманы орналастыру және кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын құрастыру ұсынылды.

Сонымен қатар АМТ төрағасы А.М. Қошанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау және АМТ жұмысы туралы баяндама жасады.

Арнайы мониторингтік топ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер заңнамасының талаптарын сақтау затына мониторинг жүргізді. Есептік мерзімде Воскресенов, Дубровное, Қызыләскер, Новомихайлов, Леденев ауылдық округтерінде көшпелі кездесулер өткізілді, соның барысында учаскелік полиция пункттеріне, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, дүкендер, балабақшалар қызметіне және мектептерді жөндеуге мониторинг жасалды.

Сыбайласқан құқық бұзушылықты түсіндіру және алдын алу мақсатында Арнайы мониторингтік топ ақпан айында Белое, Покровка және Краснознаменное орта мектептеріне материалдық-техникалық базаны толықтыруға бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мониторинг жүргізу мәселесі жөнінде барды, соның қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау мүшелерімен бірлесіп Мамлют ауданының прокуроры атына хат жолданды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тамақтандырумен қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу мақсатында АМТ мүшелері Мамлютка қаласының және Покровка ауылының мектептеріне бару ұйымдастырылды.

Арнайы мониторингтік топ мамыр айындаЛенин, Пролетарская, Лермонтов және Горький көшелерінің жолын жөндеуге әкелінген құрылыс материалы сапасына мониторинг жүргізу үшін барды.

АМТ жұмысы нәтижесінде әкімшілік кедергілер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы артады, транспарентті, айқын және есепті талап ететін мемлекетке көшу қамтамасыз етіледі.

Мамлют ауданындағы мониторингтік топтың оң жұмысы туралы атап кету қажет.

Мұрағат 2020 (ZIP 16 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының арнайы мониторингтiк топтың 2019 жылғы бiрiншi жартыжылдыққа жұмыс жоспары (ZIP 27 Kb)

Мұрағат 2018 (ZIP 33 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының iске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша арнайы мониторингтiк топтың ережесi (ZIP 19 Kb)

Мұрағат (ZIP 4 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 11.04.2018 14:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2021 16:29

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Владислав Геннадьевич Лукин

Промышленная Революция 4.0

Наурыз 2021
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2021 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+