Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Әдеп жөнiндегi уәкiлi

Уполномоченный по этике

Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары — Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi үәкiлi

Мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к., 12

Байланыс телефондары: 8 (71541) 2-12-40

Мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарды қабылдау кестесi: әр жұма сағ. 09.00 ден 13.00 дейiн

Президенттiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекiтiлген этика жөнiндегi үәкiлеттi туралы Ережеге сәйкес, қызметтiк әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы бұзұды алдын алу бойынша қызметтi iске асыру, сонымен қатар өз функциясы шегiнде мемлекеттiк қызмтшiлерге кеңес беру мақсатында Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң 2019 жылғы 06 тамыздағы өкiмiмен Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары Алмагүл Кәкiбайқызы Рамазановаға әдеп жөнiндегi үәкiлдiң функциясы жүктелдi.

Рамазанова А.К.Рамазанова А.К. 1970 жылы 28 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин (Есiл) ауданы Жарғайың ауылында туған, ұлты — қазақ. Бiлiмi жоғары: 1992 жылы А.С. Макаренко атындағы Сум мемлекеттiк педагогикалық институтын «Ұлттық мектептегi орыс тiлi және әдебиетi мұғалiмi» мамандығы бойынша аяқтады.

1993 жылы «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссияның жауапты хатшысы, 2002 жылдан бастап Жамбыл ауданының бiлiм бөлiмiнiң әдiстемелiк кабинетiнiң тәрбие iсi жөнiндегi әдiскерi, 2011 жылдан бастап «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы» ММ жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жөнiндегi бөлiмнiң бас маманы, 2014 жылдан бастап үкiметтiк емес ұйымдармен балалар және жастар ұйымдарымен жұмыс жөнiндегi бөлiмнiң басшысы, «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы» ММ жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi бөлiмнiң басшысы.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң өкiмiмен 2016 жылдың 16 наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары лауазымына тағайындалды.

Тұрмыста, екi баласы бар.

Онлайн-сауалнама

Құрметті сайтқа келуші!

Сізді мемлекеттік органда (Мамлют ауданы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты, әкімдігінің бөлімдері) әдеп нормаларын сақтау жөнінде қабылданған шаралар қаншалықты тиімді екеніне

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdgP02nBdDUIjOXN5hHCX9iSsAQXL6yeFX-jev3HQpVYLxQ2Q/viewform?usp=sf_link  сілтеме бойынша жауап беруіңізді сұраймыз 

Әдеп жөніндегі уәкіл

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әдеп жөніндегі уәкілімен 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат

2020 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша Мамлют ауданында аудан бюджетінен қаржыландырылатын 22 мемлекеттік орган (аудан әкімдігінің 9 бөлімі, 11 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 1 аудан әкімінің аппараты, 1 Мамлютка қаласы әкімінің аппараты).

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі 127 бірлік, оның ішінде 25 бос лауазым, жас мамандармен жұмыс істеу үшін тәлімгерлер институты енгізілді (ағымдағы мерзімде 11 тәлімгер тағайындалды).

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және адамгершілік қасиет деңгейін арттыру мақсатында 2020 жылға жоспар дайындалды және бекітілді. Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда ведомствоаралық өзара байланыс табыс пайдаланылады, азаматтық қоғам институты және үкіметтік емес ұйымдар тартылады. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның жұмыс органымен «Мамлют ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметімен, партиялық бақылау комиссиясымен және т.б. табысты жүзеге асырылады.

Жоспарға сәйкес заңгерлермен бірлесіп «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» нормативтік-құқықтық актілерді, Әдеп кодексін зерделеу жұмысы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтегі шектеулері және олардың лауазымдық нұсқаулықты сақтауына байланысты түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Персоналды басқару қызметімен бірлесіп осы шектеулерді қабылдауға және сақтауға бақылау жүргізіледі.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет орналасқан мемлекеттік қызметшілердің аккаунттар мен әлеуметтік желілерді пайдалануына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметшілерді мерзімнен тыс жұмысқа тарту, жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөлікті пайдалану жағдайын айқындау және кесу бойынша сауалнама, мониторинг және рейд жүргізіледі.

Жалпы қабылданған моральдық әдеп нормаларына сай келетін байланысты қалыптастыру мақсатында ұйымдар ұжымдарында және халық арасында кездесу, әңгімелесу, рейд, кеңес беру, тексеріс, сауалнама, кеңестер өткізіледі. 12 айда төмендегі өткізілді:

  • 133 іс-шара (соның 64-і 4 тоқсанда) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселесі жөнінде кеңес көрсету, соның 19 көшпелі;
  • 110 азаматтарды қабылдау (51 – 4 тоқсан), онда 72 адам өтінді, 9 жеке тұлғаның бұзылған құқығы қалпына келтірілді;
  • 220 түсіндіру сипаттағы іс-шаралар: 41 дәріс және семинар, 11 бейнероликтер және бейнесюжеттер таратылды, БАҚ 30 мақала және интернет ресурстарда 138 мақала жарияланды;
  • ауылдық округтерге 37 рет барылды;
  • мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда қолайлы жағдай қалыптастыруға үлес қосқаны үшін 19 мемлекеттік қызметші алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды;
  • 214 мемлекеттік қызметші қызмет этикасын нормаларын сақтау және ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдай бойынша жасырын сауалнамаға қатысты;
  • «Солтүстік жұлдызы» және «Знамя труда» аудандық газеттерде ӘЖУ қызметі және мемлекеттік қызмет туралы 30 материал жарияланды

Бұдан басқа Әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде мемлекеттік қызметшілер арасында 41 дәріс және әңгімелесу өткізді.

Қараша-желтоқсанда Әдеп жөніндегі уәкіл аудан әкімі аппаратының кадр және заң қызметімен бірлесіп «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға енгізілген өзгерістер туралы семинар өткізді.

Атқарылған жұмыс туралы он-лайн конференциялар, сөз сөйлеу, халық алдында есеп беру өткізілді. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.

А.ж.16-17 қарашада, 11желтоқсанда бірыңғай азаматтарды қабылдау күндері өткізілді, онда 9 адам әр түрлі мәселе бойынша өтінді, соның ішінде мемлекеттік қызметке орналасу және құқықтарын қорғау. Барлық сұрақтар қаралды және түпкілікті жауап берілді. Осы іс-шаралар анонсы «Знамя труда және «Солтүстік Жұлдызы» аудандық газеттерде, «Фэйсбук» және «Инстаграмм» әлеуметтік желілерде жарияланды.

23 қазанда Краснознамен ауылдық округінде мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірілді.

12 қарашада ауылдық округтердің әкімдерімен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша он –лайн семинар өткізілді.

17 қарашада білім бөлімімен бірлесіп 2021 жылы мектептерді күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жобалар, мемлекеттік сатып алулар өткізгенде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы семинар өткізілді.

9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне байланысты он-лайн режимде әігімелесу өткізілді.

24 желтоқсанда мемлекеттік қызметшілермен «Ұжымдағы психологиялық жағдай» тақырыбына сауалнама жүргізілді (108 мемлекеттік қызметші қатысты).

Жалпы есептік мерзімде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын фактілерін бұзу, оларды мерзімнен тыс жұмысқа тарту, мүдделер қақтығы айқындалған жоқ.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы ақпарат «Әдеп жөніндегі уәкіл» айдарымен «Фэйсбук» жеке парақшасында тұрақты жарияланады.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы әдеп жөнiндегi уәкiлдiң 2020 жылғы 9 айдағы жұмысы туралы ақпарат

2020 жылғы 15 қазандағы ақпарат бойынша Мамлют ауданында аудан бюджетiнен қаржыландырылатын 22 мемлекеттiк органдар жұмыс iстейдi (9 аудан әкiмдiгiнiң бөлiмдерi, 11 ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппараттары, 1 аудан әкiмiнiң аппараты, 1 Мамлютка қаласы әкiмiнiң аппараты), мемлекеттiк қызметшiлердiң штаттық саны 127 бiрлiк, оның iшiнде 24 бос лауазым, жас мамандармен жұмыс iстеу үшiн тәлiмгерлер институты енгiзiлген (ағымдағы мерзiмде 3 тәлiмгер тағайындалды).

Мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетiн және адамгершiлiк әдептiлiк қасиетiн қалыптастыру мақсатында 2020 жылға жұмыс жоспары әзiрлендi және бекiтiлдi. Iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ведомствоаралық байланыс сәттi қолданылады, азаматтық қоғам және ҮЕБ институты тартылады. Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi комиссия, аудан әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметi, партиялық бақылау комиссия сияқты жұмыс органымен және басқасымен байланысты.

Жоспарға сәйкес заңгерлермен бiрлесiп мемлекеттiк қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнаманы, Әдеп кодексiн зерделеу бойынша жалпы құқықтық оқу өткiзiледi, мемлекеттiк қызметшiлердiң шектеулер мен мiндеттердi сақтау қажеттiгi туралы түсiндiру жұмысы жүргiзiледi. Персоналды басқару қызметiмен бiрлесiп мемлекеттiк қызметшiлердiң шектеулердi қабылдауына және сақтауына бақылау жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк желiде аккаунттарды қолдануына және жалпы конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметке орналасатын тұлғаларға аккаунттарда ымыра келтiретiн материалдың болуына тоқсан сайын мониторинг жүргiзiледi.

Мемлекеттiк қызметшiлердi мерзiмнен тыс жұмысқа тарту, жұмыстан тыс уақытта қызметтiк автокөлiктi пайдалану және тағы басқаны айқындау, тыю бойынша тоқсан сайын мониторинг және рейдтер жүргiзiледi.

Жалпы қабылданған моральдық әдеп нормаларға сәйкес өзара байланыс мәдениетiн қалыптастыру мақсатында ұйымдар ұжымдары және халық арасында кездесулер, әңгiмелесулер, рейдтер, кеңестер, сауалнамалар, жүргiзiледi. 9 айда келесi өткiзiлдi:

- мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау мәселесi жөнiнде консультативтiк көмек көрсету бойынша 69 iс-шара, оның iшiнде 23 көшпелi;

- 59 азаматтарды қабылдау, онда 72 адам өтiндi, 2 азаматтың және 3 мемлекеттiк қызметшiнiң құқығы қалпына келтiрiлдi;

- түсiндiру сипатта 114 iс-шара: 26 дәрiс және семинарлар өткiзiлдi, 6 бейнероликтер және бейнесюжеттер таратылды, БАҚ 15 мақала және интернет ресурста 67 материал жарияланды;

- ауылдық округтерге 18 рет бару iске асырылды;

- мемлекеттiк органда оң имидж және ұжымда қолайлы жағдайды қалыптастыруға маңызды үлес қосқаны 16 мемлекеттiк қызметшi алғыс хаттар және грамоталармен марапатталды;

- қызметтiк этика нормаларын сақтауға және ұжымда моральдық-психологиялық жағдайға мониторинг бойынша құпия сауалнамаға 106 мемлекеттiк қызметшi қатысты;

- Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметi және мемлекеттiк қызмет туралы 43 материал «Солтүстiк жұлдызы» және «Знамя труда» аудандық газеттерде жарияланды.

Бұдан басқа аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы және қоғам мүшелерiмен бiрлесiп бюджет қаражатын игеру бойынша рейдтер және кеңес беру («Жол картасы», «Енбек», «Жалпы құқықтық оқу»), әлеуметтiк-мәдени және ТҮКШ объектiлерiн күрделi жөндеуге, әлеуметтiк маңызды азық-түлiк және дәрi-дәрмек бағаларына мониторинг жүргiзiлдi.

Бұдан басқа ү.ж. тамызда аудан әкiмi аппаратының кадр қызметiмен бiрлесiп «ҚР мемлекеттiк қызметi туралы» Заңға енгiзiлген өзгерiстер туралы ауылдық округтер әкiмдiктерiнiң мамандарымен жалпы құқықтық оқу өткiзiлдi.

Ү.ж. 3 қыркүйекте облыстық Бiрыңғай ашық есiк күнi өткiзiлдi, онда 5 адам әр түрлi сұрақтар бойынша өтiндi, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет бойынша, барлық сұрақтарға нақты жауаптар берiлдi.

8 қыркүйекте Ленин ауылдық округiнде халықпен, педагогикалық ұжыммен кездесу өткiзiлдi, онда сыбайлас жемқорлықты, тұрмыстық сыбайласқан жемқорлықтың кез-келген белгiлерiн алдын алу туралы сөз қозғалды. Ұқсас кездесулер барлық ауылдық округтерде өткiзiлдi.

Ү.ж. 15 қыркүйекте барлық санитариялық нормаларды сақтаумен ауылдық округтердiң әкiмдерiн шақырумен жалпы құқықтық оқу өткiзiлдi, iс-шара әлеуметтiк желiде, аудан әкiмi аппаратының сайтында және «Солтүстiк жұлдызы» және «Знамя труда» аудандық газеттерде жарияланды.

Ү.ж 23 қыркүйекте ауданның мемлекеттiк қызметшiлерiмен бейнеконференция және ауылдық округтер әкiмдiктерiнiң мамандарымен жалпы құқықтық оқу өткiзiлдi. Күн тәртiбi бойынша құқықтық бөлiмнiң заңгерi Т.А.Воробьева сөз сөйледi. Осы iс-шаралар анонсы аудандық газеттерде, аудан әкiмi аппаратының сайтында, ФБ және инстаграммда жарияланды.

Жалпы есептiк мерзiмде мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын бұзу, оларды мерзiмнен тыс жұмысқа тарту, мүдделер қақтығысы фактiлер болған жоқ.

Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметi туралы ақпарат Әдеп жөнiндегi уәкiл айдарымен ФБ жеке парақшада тұрақты жарияланады.

Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң 9 айдағы қызметi туралы ақпарат

Әдеп жөнiндегi уәкiл 2020 жылға бекiткен жоспар шеңберiнде, мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және адамгершiлiк-әдеп қасиеттер деңгейiн қалыптастыру мақсатында ауданда бiлiм, ақпараттық және ұйымдастыру сипаттағы iс-шаралар өткiзiледi.

Есептiк мерзiмде келесi iс-шаралар өткiзiлдi:

- мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау жөнiнде 69 тұлғаға, оның iшiнде 29 мемлекеттiк қызметшiге, 40 жеке және заңды тұлғаларға жеке консультативтiк көмек көрсетiлдi.

- азаматтарды 59 жеке қабылдау жүргiзiлдi, оның 23 көшпелi.

- БАҚ 43 оң бағыттағы материалдар жарияланды.

- мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын және Әдеп кодексiн сақтау мәселесi жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзу мақсатында 114 iс-шаралар өткiзiлдi, оның iшiнде 26 дәрiс және семинарлар, 6 бейнесюжеттер орналастырылды, БАҚ 15 және интернет-ресурстарда 67 мақала жарияланды.

Есептiк мерзiмде ауылдық округтерге 18 рет бару жүргiзiлдi, 16 мемлекеттiк қызметшi мадақталды.

Мемлекеттiк қызметшiнiң әдеп кодексiн бiлу бойынша ауданның 106 мемлекеттiк қызметшiлерiн қамтумен 1 сауалнама жүргiзiлдi. Тұтасымен талдау жүргiзу жаңадан келген мемлекеттiк қызметшiлер арасында түсiндiру жұмысын белсендi жүргiзу, барлық мемлекеттiк органдарда кадр қызметiмен айына бiр рет жалпы құқықтық оқу өткiзудi жоспарлау қажеттiгiн көрсеттi. Үлгi ретiнде төмендегi iс-шаралар өткiзiлдi:

2 қыркүйекте азаматтарды бiрыңғай қабылдау күн өткiзiлдi, 5 адам өтiнiш бiлдiрдi.

Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, ауылдық округтердiң әкiмдерiн шақырумен мемлекеттiк қызмет туралы заңнамадағы жаңалықтар туралы жалпы құқықтық оқу өткiздiм. Iс-шара әлеуметтiк желiлерде, аудан әкiмiнiң аппаратының сайтында және Солтүстiк жұлдызы» және «Знамя труда» аудандық газеттерде жарияланды.

Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте ауданның мемлекеттiк қызметшiлерiмен бейнеконференция және ауылдық округтер әкiмдiктерiнiң мамандарымен жалпы құқықтық оқу өткiзiлдi.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң имиджiн көтеру бойынша iс-шаралар өткiзiледi және тәлiмгерлер институты жұмыс iстейдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әдеп жөнiндегi уәкiлдiң жұмысы туралы ақпарат 2018 жылға

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12 қадамын орындау шеңберiнде Мамлют ауданы әкiмiнiң аппаратында әдеп жөнiндегi уәкiлдiң функциясы Мамлют ауданы әкiмiнiң экономика және қаржы мәселелерi орынбасары Рустам Алтайұлы Ғаббасовқа жүктелген (маусым 2017 ж.).

Толық ақпарат Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң ресми интернет-ресурсында, аудан әкiмi аппаратының нысанында ақпараттық стендте орналастырылған, сонымен қатар барлық аудандық атқарушы органдарға, ауылдық округтер мен Мамлютка қаласының әкiмдерiне жеткiзiлдi.

2018 жылға әзiрленген және бекiтiлген жоспарға сәйкес әдеп жөнiндегi уәкiл мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы, Әдеп көдексiн, мемлекеттiк қызметшiлердiң шектеулердi, мiндеттi және құқық бұзушылық әкеп соғатын жағдайды бiлулерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлермен түсiндiру жұмысын жүргiздi.

2018 жылдың 15 қаңтарында аудандық атқарушы органдардың басшыларымен «Еңбек тәртiбiн сақтау» тақырыбына кеңес өткiзiлдi, онда еңбек заңнамасы және еңбек тәртiбi мәселелерi қаралды.

«Азаматтық бақылау» жобасы шеңберiнде 2018 жылдың 29 мамыры әдеп жөнiндегi уәкiл азаматтарды бiрыңғай қабылдау күнiн өткiздi.

Персоналды басқару қызметiмен бiрлесiп аудандық аиқарушы органдарда және ведомстволық бағынышты ұйымдарда мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң шектеулердi қабылдауына және сақтауына бақылау жүзеге асырылады.

Әлеуметтiк медиада мемлекеттiк қызметшiлердiң аккаунттарды пайдалануына тоқсан сайын мониторинг жүргiзiледi, сонымен бiрге жалпы конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметке алғаш рет орналасқан тұлғалардың аккаунттарында кiр келтiретiн материалдың болуы тексерiледi.

Ү.ж. 5 қазанында Елбасы — Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында алдағы жылға мемлекеттiк аппараттың басымдықтарын белгiлеп, мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануын және жұмыстан тыс қосымша жұмысқа тарту (артық жұмыс iстеу) тәжiрибесiн жоюды атап айтты.

Мемлекеттiк қызметшiлердi жұмыстан тыс қосымша жұмысқа тарту жағдайларын айқындау және тыю жөнiнде сауалнама, мониторинг және рейдтер бiрнеше рет жүргiзiлдi.

Мемлекеттiк қызметте әдептiлiк деңгейiн жоғарылату жөнiндегi 2018 жылға арналған кешендi жоспарды орындау шеңберiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң қабылданған шектеулер бөлiгiнде Әдеп кодексi талаптарын, мiндеттердi, еңбек тәртiбiн, киiмге қойылатын талаптарды бiлуi бойынша ауданның мемлекеттiк органдарын аралау жұмысы жүргiзiлдi.

Қызметке талдау жүргiзу мақсатында Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң азаматтарды қабылдау қызметiне, өтiнiштерге тұрақты есеп жүргiзiледi. 2018 жылы жеке кеңес берiлдi — 40 (14 жеке өтiнiш, 26 телефон арқылы). 32 — жеке қабылдау өткiзiлдi, оның iшiнде көшпелi — 5.

БАҚ және әлеуметтiк аккаунттарда басылымдарға мониторинг жүргiзу барысында 5 басылым айқындалды, оның: 3 позитивтi, 2 терiс сипатта.

Ұжымдағы моральдық–психологиялық жағдайдың қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға мониторинг бойынша сауалнамаға қатысқан қызметшiлер саны 182 адам. Сауалнама қорытындысын әдеп жөнiндегi уәкiл аудан басшылығына жеткiздi. Қорытынды бойынша аудандық атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiмен кеңес өткiзiлдi, мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы және әдеп этикасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзiрлендi. Қызметтiк қатынаста мiнез-құлық стандарттарын қатаң сақтауға және басқару қызмет тиiмдiлiгiн жоғарылатуға назар аударылды.

2018 жылы мемлекеттiк қызметшiлерге 19 тiртiптi жаза қолданылды, оның iшiнде ескерту — 17, сөгiс — 1, қызметке толық сәйкес еместiгi туралы ескерту — 1.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №546-өкiмiне сәйкес Мамлют ауданының әкiмi Ж.Б. Сыздықов сыбайласқан қылмыс жасағаны үшiн соттың 2018 жылғы 13 желтоқсандағы заңды күшiне енген үкiмiне байланысты лауазымнан босатылды.

Тұтасымен жаңа әдеп стандарттары және жүйелi алдын алу шаралары халықтың мемлекетке сенiмiн артуға, мемлекеттiк қызмет қатынасында жоғары мәдениеттi қалыптастыруға және сыбайласқан, әдептi бұзушылықты алдын алуға жағдай жасайды.

Әкiмдiктер мен жергiлiктi органдардың, лауазымдық тұлғалардың қызметi және өзге мәселелер бойынша өтiнiшпен С. Мұқанов к., 12, (кесте бойынша қабылдау күнi — жұма сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн) мекенжайына хабарласуға болады, телефоны 21472.

Аудан әкiмiнiң орынбасары
Әдеп жөнiндегi уәкiл Р. Ғаббасов

Мамлют ауданының Әдеп жөнiндегi уәкiлiнiң жұмысы туралы ақпарат
(2018 жылдың 8 айы)

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12 қадамын орындау шеңберiнде Мамлют ауданы әкiмiнiң 2017 жылғы 23 маусымдағы №19 өкiмiмен Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметi Мамлют ауданы әкiмiнiң экономика және қаржы мәселелерi жөнiндегi орынбасары Рустам Алтайұлы Ғаббасовқа жүктелген.

Толық ақпарат Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң ресми интернет-ресурсында, аудан әкiмi аппараты ғимаратының ақпараттық стендiнде орналастырылған, сонымен қатар бұл ақпарат барлық аудандық атқарушы органдарға, ауылдық округтер мен Мамлютка қаласының әкiмдерiне жеткiзiлген.

Әдеп жөнiндегi уәкiлмен 2018 жылғы 2-шi жартыжылдыққа жұмыс жоспары әзiрлендi және бекiтiлдi. Мемлекеттiк қызмет туралы, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманы, Әдеп кодексiн зерделеу, мемлекеттiк қызметшiлермен шектеулердi, мiндеттердi бiлу, сыбайласқан жемқорлық және беделге нұқсан келтiретiн құқық бұзушылық құрамын сақтау жөнiнде түсiндiру жұмысы жүргiзiледi.

Кешендi жоспарды жүзеге асыру шеңберiнде ү.ж. 13-15 маусымында ҚР Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару Академиясының СҚО филиалымен «Жеке бастың құзырын арттыру» тақырыбына әдеп жөнiндегi уәкiлдердi оқытудың бiрiншi кезеңi өткiзiлдi.

Жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру бойынша жыл басынан белгiлi жұмыс жүргiзiлдi:

36 азаматқа мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама және қызметтiк әдептi сақтау мәселесi жөнiнде консультативтiк көмек көрсетiлдi. Оның 33 мемлекеттiк қызметшiлер, 3 жеке тұлғалар.

Кеңес жеке қабылдау арқылы, сенiм телефоны бойынша (жұмыс, ұялы), мемлекеттiк органдардың ұжымдарында түсiндiру жұмысын жүргiзгенде жүзеге асырылады.

8 айда 24 жеке қабылдаулар, оның iшiнде 1 көшпелi қабылдау ауылдық округте өткiзiлдi.

Негiзiнен мемлекеттiк қызметшiлер (91,6%) мемлекеттiк қызмет, шектеулер мен әдеп стандарттарын сақтау, тәртiптiк тәжiрибе, өтiнiштердi қарастыру және басқа мәселелер жөнiнде өтiнедi.

Түсiндiру жұмысы шеңберiнде мемлекеттiк қызмет саласында заңнаманы сақтау, сыбайласқан құқық бұзушылықты алдын алу және Әдеп кодексiн сақтау мәселелерi жөнiнде 2 дәрiс және 3 семинар өткiзiлдi.

Ұжымдарда моральдық психологиялық жағдайға мониторинг жүргiзу мақсатында аудандық атқарушы органдарда, Мамлютка қаласы және ауылдық округтер әкiмдiктерiнде жасырын сауалнама жүргiзiлдi, оған 86 мемлекеттiк қызметшi қатысты.

Тұтасымен сауалнама нысанының мазмұны жалпы моральдық-психологиялық жағдайды және ұжымдағы қарым-қатынасты, қызметкерлердiң тiкелей басшылармен қарым-қатынасын, еңбек жағдайын, лауазымдық өкiлеттiктi орындауды бағалауға мүмкiндiк бередi.

Персоналды басқару қызметiмен бiрлесе отырып құқықтық статистика, әлеуметтiк желiлер мәлiметтерiне мемлекеттiк қызметшiлермен Әдеп кодексi нормаларын сақтауға мониторинг, сонымен қатар ауданның атқарушы органдарында еңбек тәртiбiн сақтауға мониторинг тоқсан сайын жүргiзiледi.

мемлекеттiк қызметтегi әдептiлiк деңгейiн арттыру үшiн ҚР Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару Академиясы мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiмен бiрлесiп әзiрлеген «Pocketbook» қалта кiтапшасы ауданның барлық мемлекеттiк органдарында таратылды. Кiтаптың форматы оны өзiмен бiрге алып жүруге, жазылғанның мағынасын түсiнуге, жағдайды жеке басынан елестетуге мүмкiндiк бередi.

Мамлют ауданының Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмысы туралы ақпарат

Мамлют ауданының Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмысы туралы ақпарат

Мұрағат (DOC 11 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 30.10.2017 14:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.02.2021 15:58

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Владислав Геннадьевич Лукин

Промышленная Революция 4.0

Наурыз 2021
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2021 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+