«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi
Мищенко Виктор Викторович
2018 жылдың 28 қарашасында Солтүстiк Қазақстан Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округiнiң әкiмi болып Виктор Викторович Мищенко тағайындалды.
В.В. Мищенко 1979 жылы 01 қаңтарда СҚО Мамлют ауданы Чистое ауылында туды, ұлты — орыс. Бiлiмi жоғары: 2007 жылы Қорған мемлекеттiк университетiн «Психолог. Психология оқытушысы» мамандығы бойынша бiтiрдi.
Еңбек жолын 1998 жылы Чистое ауылы «Родина» совхозының №1 бөлiмшесiнде ветеринариялық дәрiгерден бастады.
1999 жылдың сәуiрiнен «СҚО Мамлютка қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ-де маман, жетекшi маман, бас маман және әкiмнiң орынбасары болып жұмыс iстедi.
2008 жылдың мамырынан бастап 2010 жылдың қазанына дейiн, 2012 ақпанынан бастап 2013 жылдың тамызына дейiн және 2016 жылдың шiлдесiнен бастап 2018 жылдың қарашасына дейiн «СҚО Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» КММ басшысы.
2010 жылдан бастап 2012 жылға дейiн және 2013 жылдан бастап 2016 жылға дейiн Мамлютка қ. әкiмiнiң орынбасары лауазымын атқарды.
Индекс: 150904
Жұмыс телефоны: 8(71541)23432
Сенiм телефоны: 8 (71541) 23-4-24
E-mail: maml-voskr@sko.kz
2018 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округiнiң әкiмi В.В. Мищенкоға (2018 жылдың 26 қарашасынан бастап) барлығы — 211544 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 16211 теңгенi құрады.
Баспасөз-релизi
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 9-1-бабына, 75-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округiнiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджетiн бекiту туралы» шешiмi жобасы жасалды. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында орналастырылған 2019 жылдың 28 қарашасынан 2019 жылдың 13 желтоқсанына дейiн және әзiрлеушi орган сайтында орналастырылды. Ұсыным Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының қоғамдық кеңесiмен 2019 жылдың 13 желтоқсанында 38 нөмiрмен ұсынылған.
Воскресенов ауылдық округiнiң әкiмi В. Мищенко
Анықтама
Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округiнiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджетiн бекiту туралы» шешiмi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында орналастырылған 2019 жылдың 28 қарашасынан 2019 жылдың 13 желтоқсанына дейiн және әзiрлеушi орган сайтында орналастырылды. Ұсыным Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының қоғамдық кеңесiмен 2019 жылдың 13 желтоқсанында 38 нөмiрмен ұсынылған.
Воскресенов ауылдық округiнiң әкiмi В. Мищенко
Солтүстік-Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің паспорты 2017 жыл 01 қаңтар
Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округiнiң паспорты 2016 жыл 01 шілде
2015 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстар туралы ақпарат
Аудандық маңызды қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімдері қызметінің тізбесі
Мақаланың шыққан күні: 06.10.2017 14:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.10.2020 10:04