Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасарлары
Мамлют ауданы әкiмiнiң экономика және қаржы мәселелерi жөнiндегi орынбасары — бос орын
Тел.: 8(71541) 2-14-72
Азаматтарды қабылдау: жұма
Насыров Искак Исмагилович
Искак Исмагилович Насыров 1959 жылы 20 тамызда Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлютка қаласында туды. Ұлты татар. Бiлiмi жоғары, 1993 жылы Омбы ветеринариялық медицина институтын «Ветеринариялық дәрiгер» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1978 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы «Искра» совхозы №2 бөлiмшесiнiң ветеринариялық дәрiгерiнен бастады.
1990 жылы Мамлют аудандық арнайы мемлекеттiк кооператив бiрлестiгiнiң бас ветеринариялық дәрiгерi, 2007 жылдан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы «Студеное» ЖШС директоры, 2010 жылдан бастап — «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлiмi» ММ бөлiм бастығы. Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалғанға дейiн «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ бөлiм басшысы болып жұмыс iстедi. 2017 жылдың қазанынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасары болып тағайындалды.
Үйленген. Екi баласы бар.
Тел.: 8 (71541) 2-18-57
2017 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасары И.И. Насыровқа барлығы — 517211 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 46549 теңгенi құрады.
Рамазанова Алмагүл Кәкiбайқызы
Рамазанова А.К. 1970 жылы 28 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин (Есiл) ауданы Жарғайың ауылында туған, ұлты — қазақ. Бiлiмi жоғары: 1992 жылы А.С. Макаренко атындағы Сум мемлекеттiк педагогикалық институтын «Ұлттық мектептегi орыс тiлi және әдебиетi мұғалiмi» мамандығы бойынша аяқтады.
1993 жылы «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссияның жауапты хатшысы, 2002 жылдан бастап Жамбыл ауданының бiлiм бөлiмiнiң әдiстемелiк кабинетiнiң тәрбие iсi жөнiндегi әдiскерi, 2011 жылдан бастап «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы» ММ жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жөнiндегi бөлiмнiң бас маманы, 2014 жылдан бастап үкiметтiк емес ұйымдармен балалар және жастар ұйымдарымен жұмыс жөнiндегi бөлiмнiң басшысы, «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы» ММ жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi бөлiмнiң басшысы.
Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң өкiмiмен 2016 жылдың 16 наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары лауазымына тағайындалды.
Тұрмыста, екi баласы бар.
Тел.: 8 (71541) 21240
Азаматтарды қабылдау күнi: сейсенбi
2017 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелерi жөнiндегi орынбасары А.К. Рамазановаға барлығы — 2662130 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 175312 теңгенi құрады.
2016 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелерi жөнiндегi орынбасары А.К. Рамазановаға барлығы — 2109790,64 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 132093,64 теңгенi құрады.
2015 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелерi жөнiндегi орынбасары А.К. Рамазановаға барлығы — 2318924 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 132181 теңгенi құрады.
Мақаланың шыққан күні: 02.11.2017 10:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2021 09:58