Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен Владислав Геннадьевич Лукин 2020 жылғы 28 қазаннан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмi болып тағайындалды.
Лукин Владислав Геннадьевич 1990 жылғы 16 наурызда СҚО Петропавл қаласында дүниеге келген. 2012 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Құрылыс» мамандығы, бiлiктiлiгi «Техника және технология бакалавры» бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы СҚО Құрылыс басқармасының сумен жабдықтау бөлiмiнiң бас маманы болып бастады.
2014-2016 жылдары СҚО Құрылыс басқармасы бөлiмi басшысының м.а., бөлiм басшысы.
2016-2017 жылдары СҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2017 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылғы наурызға дейiн СҚО әкiмдiгiнiң Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет еттi.
2020 жылғы 20 наурыздан бастап осы тағайындауға дейiн Петропавл қаласы әкiмiнiң құрылыс және жедел мәселелер жөнiндегi орынбасары болып қызмет еттi.
Тел.: 8(71541) 2-15-90
Азаматтарды қабылдау: сәрсенбі.
Мақаланың шыққан күні: 05.10.2017 10:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.11.2020 16:12