Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Мамлют ауданының бөлiмi

Бөлiм басшысы — Кариев Жасулан Маратович

Кариев Жасулан Маратович

Реттеу залының басшысының м.а. — Жандарбек Куанышбекович Айтбаев

Мекен-жайы: Мамлютка қ., С. Мұқанов көшесi, 11

Байланыс телефондары: +7 71541 2 27 48, +7 71541 2 27 49

Жұмыстың негiзгi принциптерi: адамның конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтау; қызметтiк борышты орындауда заңдылықты сақтау; сыпайылық; түпкi, ақпаратты ұсыну; ақпаратты қорғау және оның құпиялығы.

Әдiлет органдарымен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетiлетiн қызметтер: паспорттарды және жеке куәлiктердi беру; азаматтық жағдай актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi қайтадан беру; туу туралы куәлiктердi беру; филиалдардың және өкiлдiктердiң заңды тұлғаларын мемлекеттiк тiркеу, қайтадан тiркеу; филиалдардың және өкiлдiктердiң заңды тұлғаларын мемлекеттiк тiркеу, қайтадан тiркеу туралы куәлiктерiнiң дубликаттарын рәсiмдеу; жылжымайтын мүлiкке құқықты және оларға мәмiлелер жасауды мемлекеттiк тiркеу; ақпараттық анықтамалар беру.

Жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлетiн қызметтер: жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлердi рәсiмдеу; мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке қою; мектепке дейiнгi мекемелерге жiберу үшiн мектепке дейiнгi жастағы балаларды (7 жасқа дейiн) тiркеу.

Iшкi iстер органдары арқылы көрсетiлетiн қызметтер: тұрған жерiнен мекенжайлық анықтамаларды беру.

Прокуратура органдары арқылы көрсетiлетiн қызметтер: сотталғандығының болуы немесе жоқ екендiгi туралы анықтамаларды беру.

Достар, қарашадан бастап мекенжай анықтамасы болмайды. Желi пайдаланушылары оның орнын қандай құжат басады, ендi тұрғылықты жер бойынша тiркеу қажет емес пе деп сұрап жатыр. Онда мына постымызды сақтап, мұқият оқып, көңiлге тоқи жүрiңiз.

Көлiгiңiздiң техникалық тексеруден өткен мерзiмiн онлайн қараңыз

Достар, жыл сайын көлiктiң техникалық жағдайын тексерiп отыру қажет екенiн бiлесiз. Темiр тұлпарыңыздың техникалық байқауының мерзiмi қашан аяқталатынын бiлу үшiн egov mobile қосымшасын пайдаланып көрiңiз.

  • Egov mobile қосымшасын жүктеп, ЭЦҚ-мен немесе бiрретiк құпиясөз арқылы кiрiңiз;
  • Қосымшадағы «Көлiк жүргiзу және транспорт» бөлiмiнен «Техникалық тексерiстен өту мерзiмiн қарау» қызметiн таңдаңыз;
  • Әрi қарай жүйе көлiктiң мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн енгiзуiңiздi сұрайды.

Қажеттi мәлiметтер толтырылған соң жауап бiрден берiледi.

Бәрi өте оңай болса, пайдалы ақпаратты достарыңызбен бөлiсiңiз: #oqytoqy

Көлiгiңiздiң техникалық тексеруден өткен мерзiмiн онлайн қараңыз

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметi

Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында ХҚО» бар

Мобильдi азаматтар базасына тiркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлерi арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервистi ХҚО-ға бармай-ақ ала алады.

Ұялы телефон көмегiмен бiрқатар мемлекеттiк қызметтiң қолжетiмдiлiгi жөнiнде бүгiн Үкiмет отырысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып бердi.

Бүгiнде 1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегiмен азаматтар көбiне соттылықтың болу/болмауы, псих-нарко диспансерлердiң есебiнде болмау, жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы сияқты қызметтермен, сондай-ақ ХҚО кезегiн брондау, айыппұлдардың барын тексеру тәрiздi сервистердi жиi пайдаланған.

Электронды үкiмет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгiнде 28 қызмет қолжетiмдi. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәлiметтерiмен сәйкестендiрiп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкiндiк берiп отыр. 1,5 айдың iшiнде ғана оны қазақстандықтар 205 мың рет жүктеп алған.

«Халық ыңғайлығы үшiн сұранысқа ие анықтамаларды смартфон арқылы жылдам әрi оңай алу мүмкiндiгiн жасадық. Кейбiр анықтамаларды не бәрi 1 минуттың iшiнде алуға болады. Есесiне қаншама уақыт, қаржы үнемделедi. Адамдар ХҚО-ға ұмтылмай, қалтасындағы ұялы телефонның бар мүмкiндiгiн пайдалануы тиiс», — дейдi басқарма төрайымы.

Тұрғындар арасында «Қалтадағы ХҚО» қызметiн пайдаланушылар санын арттыру үшiн әр ХҚО-да мобильдi тiркеу секторлары ашылған. Онда мамандар азаматты базада тiркеп, бiрден қосымша мен телеграм, фэйсбук және вконтакте әлеуметтiк желiлерiндегi боттар арқылы қызметтердi алу жолдарын көрсетедi.

Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында ХҚО» бар

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметi
www.gov4c.kz 

Әлеуметтiк мәртебенi қалай бiлуге болады?

Әлеуметтiк мәртебенi қалай бiлуге болады?

Келесi жылдан бастап енгiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болу үшiн азаматтар арнайы әлеуметтiк мәртебе санатына жататынын тексеруi керек.

Бұл үшiн:

Egov.kz порталына ЭЦҚ-мен кiрiп, «Әлеуметтiк мәртебенi тексеру» қызметiн таңдап, шыққан жолаққа ЖСН енгiзу қажет.

Сұрау соңында портал сiздiң қай әлеуметтiк мәртебе санатына жататыныңызды көрсетедi. Сiзге «Жұмыскер», «Әлеуметтiк төлемдер алушы», «18 жасқа дейiнгi балалар», «Өзiн-өзi жұмыспен қамтушы», «Зейнеткер» мәртебелерiнiң бiрi шығады.

Егер «Мәртебе анықталмаған» деген жауап берiлсе, «мәртебенi өзгерту» батырмасына өтiп, анкетаны толтырасыз. Мәртебеңiз туралы жауапты мемлекеттiк орган 5 күн iшiнде бередi.

Әлеуметтiк мәртебенi телеграмдағы EgovkzBot 2.0 және Facebook мэссенджерi мен VK желiсiндегi egov.kz парағы арқылы да тексеруге болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Қазақстан — электронды мемлекеттiк қызметтердi дамыту бойынша көшбасшы

Бұл туралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысында Tech Farm басқарушы серiктесi Аман Тентиев мәлiмдедi. Оның айтуынша, Қырғызстанның электронды мемлекеттiк қызметтердiң дамуын қамтитын цифрландыру бағдарламасы 2017 жылы iске қосылды, ал Қазақстандағы электрондық үкiмет қызметi 13 жылдан берi жұмыс iстеп келедi.

«Қазақстан — өңiрдегi электронды мемлекеттiк қызметтердi дамытудағы көшбасшы ел. Азаматтар онлайн тiркелiп, интернет арқылы кәсiпкерлiк аша алады. Бiлуiмше, бұл — елдерiңiзде бес-алты жыл бұрын енгiзiлген қызмет. Қазақстан бұл бағытқа қомақты инвестиция жұмсаған, сәйкесiнше нәтижесiн көрiп келедi», — дейдi Тентиев.

Сонымен қатар Тентиев танымал мэссенджерлер мен әлеуметтiк желiлер арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу жолдарына жоғары баға бердi. «Әзiрге Қырғызстанда барлығы мемлекеттiк қызметтер порталына цифрлық қолтаңбамен кiру арқылы жүзеге асып жатыр. Болашақта бiз де Қазақстанның тәжiрибесiн ескерiп, қызметтердi әлеуметтiк желiлер арқылы көрсетудi жоспарлап отырмыз», — деп толықтырды ол.

Сарапшының пiкiрiнше, азаматтарға цифрлық қызметтердi пайдалануды үйрету көп ұзамай өз жемiсiн бередi: «Барлық адам мемлекеттiк қызметтердi жылдам әрi оңай алғысы келедi. Ешкiм де ХҚО-ға қызметтердi алу үшiн арнайы барғысы келмейдi, сондықтан телеграм боттары мен мобильдi қосымшалар сияқты қызметтердi алудың балама әдiстерi дамиды».

Еске сала кетейiк, өткен аптада Нұр Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өткiзiлдi. Оған әр түрлi елдерден IT-шешiмдер, цифрлық технологиялар және т.б. сала сарапшылары қатысты.

Қазақстан — электронды мемлекеттiк қызметтердi дамыту бойынша көшбасшы

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Мекенжай анықтамасы қашан жойылады?

1 қарашадан бастап «Мекенжай анықтамасы» мемлекеттiк реестрден мүлде алынып тасталады.

Мекенжай туралы мәлiметтердi қалай, қайдан көруге болады?

Тұрғылықты мекенжай жөнiндегi мағлұматты egov.kz электронды үкiмет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинет арқылы тексеруге болады.

Мемлекеттiк органдар мен өзге заңды тұлғалар бұл мәлiметтi қайдан алады?

Мемлекеттiк органдар мекенжай деректерiн iшкi iстер министрлiгiнiң деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алатын болады.

Басқа ұйымдар, соның iшiнде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкiмет порталындағы үшiншi тұлғаларға анықтама беруге мүмкiндiк беретiн сервистi пайдалана алады. Бұл тек азамат бiр рет ақпарат алуға рұқсат беретiн SMS-ке келiсiм бергенде ғана жүзеге асатын операция.

#oqytoqy

Мекенжай анықтамасы қашан жойылады?

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Egov.kz қызметтерi мен сервистерiн facebook пен VK арқылы қалай алуға болады

Достар, сiз телеграм қосымшасындағы egovkzbot-тан түрлi анықтамаларды алып, сервистердi пайдаланып көрдiңiз. Ендi дәл солай қызметтердi танымал facebook және Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы алуға болады. Әзiрге ВКонтакте жүйесiнде 19, Facebook арқылы 15 қызмет қолжетiмдi.

Facebook арқылы қызметтердi алу үшiн әлеуметтiк желiнiң мэссенджерiнде «Портал egov.kz» жазуын енгiзiп, бот сiлтемесiн басыңыз. Сiзге бiрден қызметтер мәзiрi шығады.

ВКонтакте әлеуметтiк желiсiндегi сервистi қолдану үшiн онда «Портал eGov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесiн таңдаңыз, қажеттi қызметтер мен сервистердi алу үшiн сiзден ЖСН мен телефон нөмiрi сұратылатын болады.

Әлеуметтiк желiлердегi мемлекеттiк қызмет боттарын смартфоннан да, ноутбуктен де бiрдей пайдалануға болады!

Egov.kz қызметтерi мен сервистерiн facebook пен VK арқылы қалай алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Азаматтарға арналған үкiмет жоғары сұранысқа ие анықтамалардың бестiгiн жариялады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева фейсбуктегi парақшасында Қазақстандағы ХҚО арқылы берiлетiн жоғары сұранысқа ие 5 анықтама түрiн жариялады. Бұл бестiкке мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы сияқты анықтамалар енген.

Балташеваның айтуынша, «анықтамалар рейтингi» арнайы жүргiзiлген талдау нәтижесiнде анықталған.

Талдау барысында биылғы жылдың 8 айында қазақстандықтар ХҚО-дан 4,5 млн. мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүлiктiң бар/жоқ екендiгi туралы миллионға жуық анықтаманы және жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы 700 мыңнан астам анықтаманы сұратқаны анықталған.

«Бұл электрондық үкiмет порталыжәне телеграмм-ботарқылы өз бетiнше алынған анықтамаларды есепке алмағандағы, қазақстандықтардың ХҚО-ға келiп алған анықтамаларының көрсеткiшi», — деп нақтылады Әсемгүл Балташева.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев мекенжай туралы анықтаманы жою туралы бастама көтердi.

Нәтижесiнде, 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамасын беру мемлекеттiк қызмет ретiнде қысқартылады, яғни ендi азаматтар өзiнiң тiркелген орнын тек egov.kz электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинеттен тексере алады.

Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ведомствоаралық комиссияның қарауына тағы 28 анықтаманы мемлекеттiк қызмет тiзiлiмiнен алып тастауды ұсынды.

Азаматтарға арналған үкiмет жоғары сұранысқа ие анықтамалардың бестiгiн жариялады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Салықты онлайн төлеу

Достар, салық бойынша төлем сомасының мөлшерi көрсетiлген смс-хабарлама алған болсаңыз, оны онлайн төлеу жолымен таныс болыңыз!

Ең алдымен egov.kz порталына кiрiп, «Салық берешегiн қарау және төлеу» қызметiн таңдайсыз. 

Қызметке онлайн тапсырыс берiңiз;

Өтiнiмдi толтырған соң, қарыз туралы мәлiметтер бiрден «Сұранысты жiберу» батырмасын басқаннан кейiн пайда болады;

Салық берешегi шықса, оны онлайн төлей аласыз.

Портал арқылы салықты:

  1. Жеке кәсiпкерлер
  2. Заңды тұлғалар
  3. ҚР азаматтары
  4. ҚР резидентi емес азаматтар төлей алады.

Қызмет үшiн төлемдi өзiңiздiң банк картаңызбен төлегенiңiз жөн.

#табыстыболыңыз #oqytoqy айдарындағы посттарды оқи жүрiңiз!

Салықты онлайн төлеу

Азаматтарға арналған үкiмет «Мектепке жол» акциясын өткiздi

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткiздi.

1 қыркүйек күнiне орай, балалардың оқу портфелiн дайындап, қажеттi мектеп формасымен қамтамасыз ету үшiн корпорация қызметкерлерi қаражат жинап, әлеуметтiк жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға көмектестi.

«Баланы мектепке жинау көп шығынды талап етедi. Ал отбасында бiрнеше бала болса, тiптен қиын. Бұл шараға қатысуымыз корпорациямыздың әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң тағы бiр көрiнiсi. Мен көмек қолын созып, өз отбасының бюджетiнен қаржы бөлген әрiптестерiме алғысымды бiлдiремiн», — дейдi басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Шара барысында корпорацияның қызметкерлерi 1,8 млн. теңге қаражат жинап, 200 баланың мектепке баруына жағдай жасады.

Қайырымдылық акциясы жыл сайын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң және «NurOtan» ХДП ұйытқы болуымен өтедi.

Азаматтарға арналған үкiмет «Мектепке жол» акциясын өткiздi

Азаматтарға арналған үкiмет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Елiмiзде халыққа қызмет көрсететiн орталықтардың саны артады. Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлiмдедi. Жаңа фронт-офистер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ашылады.

«Мегаполистердегi халықтың өсуi жедел шаралардың қабылдануын талап етедi. Жарты жылдың өзiнде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн. қызмет көрсетiлген. Тамыз айының соңына дейiн бiз астанамыз бен Алматыда қосымша бiр-бiр халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашатын боламыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы ХҚО бiр айлық үзiлiстен кейiн қайтадан өз қызметiн жандандырды», — делiнген әлеуметтiк желiдегi жазбада.

Оған қоса, елiмiздегi мамандандырылған ХҚО саны артатын болады. Мәселен, Алматы қаласында алтыншы автоХҚО ашылса, оған жақын жатқан Талғар және Қарасай аудандарында тағы бiр-бiр орталық iске қосылады. Әсемгүл Серiкқызының айтуынша, жаңа орталықтар тамыз-қыркүйек аралығында ашылады. «Ең үлкен автобазар осы мегаполисте, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көлiктерiн сатып, жаңасын алып, тiркеу рәсiмдерiн де сонда жасатады. Жарты жыл iшiнде Қазақстанда көлiк секторы бойынша көрсетiлген қызмет саны 1,5 млн. жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесiлi», — деп атап өткен Ә. Балташева өз парақшасында.

Оған қоса жазбада Шымкент қаласында да мамандандырылған ХҚО iске қосылады делiнген. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсете бастайды.

Бүгiнде Қазақстанда 328 фронт-офис жұмыс iстейдi, көрсетiлетiн қызмет түрлерiне қарай олар ХҚО, цифрлықХҚО, көшi-қон ХҚО-сы, мамандандырылған ХҚО-лар болып жiктеледi. Жыл басынан берi алты ай iшiнде онда қазақстандықтарға 15 млн. қызмет көрсетiлген.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезiнде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшiн жаңа ХҚО-ларды, әсiресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырған болатын.

Азаматтарға арналған үкiмет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Анаға цифрлық жәрдем!

«Азаматтарға арналған үкiмет» жас босанған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауын жариялайды. Бала тууына байланысты берiлетiн жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсiмдеп, ол туралы әлеуметтiк желiде пост жазған аналар байқаудың қатысушысы атана алады.

Байқау шарты бойынша жәрдемақыны онлайн рәсiмдеген аналар жазған постында мемлекеттiк корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгiлеп (instagram әлеуметтiк желiсiнде), #анағацифрлықжәрдем хэштегiн қоюы тиiс.

Байқау жеңiмпаздары 15 қыркүйек — Аналар күнi анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есiмдерi бiр тiзiмге жазылып, жеңiмпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмiрдiң түсуi арқылы таңдалады.

Қызықты пост жазып, байқауға қатысқан үш жеңiмпаз bebek.kz интернет-дүкенiнен «Sweety» брендiнiң жөргектерiн бiр ай бойы алуға мүмкiндiк беретiн сертификатқа ие болады. Жұбаныш сыйлығы ретiнде тағы бес жеңiмпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтiм құралдарына қосымша сертификат алады.

Анықтама: «Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау» қызметi egov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында iске қосылған. Жыл басынан берi алты ай iшiнде онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсiмделген.

Анаға цифрлық жәрдем!

Ендi жаңа туған сәбидi проактив тәсiлмен мекенжай тiркеуiне қоюға болады

Ендi жаңа туған сәбидi проактив тәсiлмен мекенжай тiркеуiне қоюға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсiлмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiмiне мекенжай бойынша тiркелу қызметiн қосты. Бұл қызмет мемлекеттiк корпорацияның бастамасымен ҚР IIМ мен Әдiлет министрлiктерi базаларының интеграциялануы нәтижесiнде жүзеге асып отыр.

Ендi жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегiне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс бiлдiретiн смс-хабарламамен бiрге жаңа туған сәбидi мекенжай тiркеуiне қоюға мүмкiндiк беретiн хабарлама қоса жолданады.

«Проактив тәсiлi азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алуға мүмкiндiк бередi. Жаңа технологиялар ендi ғана сәбилi болған ата-анаға ХҚО-ға бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседi. Керегi — телефонға келген смс-ке жауап беру ғана», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.

Ереже бойынша дүниеге келген сәбидiң ата-анасының бiрiне екi апта iшiнде мекенжай тiркеуiне тұру жөнiнде смс-ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берiлген жағдайда баспана иесi өз мекенжайының тiркеу кодын енгiзуi тиiс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесiнiң ЖСН-i қоса жолданады. Бұл ретте, проактив тәсiлмен жолданатын смс-тердi алу үшiн баланың ата-анасының бiрi мiндеттi түрде мобильдi азаматтар базасында тiркелуi керек.

Айта кетейiк, 1,5 жыл бұрын iске қосылған проактив тәсiлiмен 70 мыңнан астам баланың туу туралы құжаты берiлiп, 13 мың бөбек балабақша кезегiне тұрғызылды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Жетiм қалған 400-ден астам бала қамқоршылыққа алынды

Жетiм қалған 400-ден астам бала қамқоршылыққа алынды

2019 жылдың төрт айында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгiлеу» мемлекеттiк қызметi бойынша 402 қызмет көрсетiлдi.

Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алу — жетiм және қамқорсыз қалған балаларды асырап алу мен патронатқа алудан мүлiктiк құқықтардың болуымен өзгешеленетiн бала алу формасы. Елiмiздiң заңнамасы бойынша ата-анасы бас тартқан немесе ата-ана құқығынан айырылу салдарынан, сондай-ақ ата-анасы қайтыс болып, жетiм не қамқорсыз қалған балалар қамқорлыққа алынады. Көп жағдайда баланың туысқандары қамқоршы атанып жатады, алайда туыстық қатынасы жоқ балаларды да қамқорлыққа алуға болады.

Баланы қамқорлыққа алатын азамат мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiнiң бiрiне келесi құжаттарды тапсыруы тиiс:

  • Өтiнiш пен жеке басын куәландыратын құжат;
  • Некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келiсiмi;
  • Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;
  • Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) табысы туралы анықтамасы;
  • Қамқорлыққа алушының (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйдi пайдалану құқығын растайтын құжаттарының көшiрмесi (тұрғын үйге меншiк құқығы болмаған жағдайда);
  • Баланың ата-анасыз қалғанын растайтын құжаттары;
  • Қамқорлықа алынатын баланың келiсiмi (10 жасқа толған болса).

Айта кетейiк, соттылығы бар, табысы аз не болмаса денсаулық жағдайы келмейтiн азаматтар баланы қамқоршылыққа ала аламайды.

Соңғы жылдары жетiм не қамқорсыз қалған балаларды қамқорлыққа алу көрсеткiшiнiң оң динамикасы байқалады. 2017 жылы қамқорлыққа алу бойынша 1069 мемлекеттiк қызмет көрсетiлсе, 2018 жылы фронт-офистер арқылы 1600 қызмет рәсiмделген.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жылжымайтын мүлiк нысандарын мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау жұмыстарын жүргiзетiн мамандары жыл басынан берi 102 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi. Оның iшiнде жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортын, оның көшiрмесiн беру қызметтерi бар.

Жылжымайтын мүлiк санатына жаңадан салынған және қолданыстағы үй-жайлар мен түрлi мақсаттағы ғимараттар, өзге де құрылыс нысандары жатады. Олардың техникалық сипаттамаларын құжаттандыру үшiн мамандар жылжымайтын мүлiктiң өлшемдерiн өлшеп, ғимараттардың әрбiр қабатының жоспарын сызады. Жұмыс барысында нысанның техникалық жағдайы ескерiлiп, құрылыста пайдаланылған материалдар сипатталады. Барлық жиналған ақпарат бойынша мәлiмет топтастырылып, техникалық паспортқа енгiзiледi.

Бүгiнде техникалық паспортты алу үшiн өтiнiмдi egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берiп, өлшеу жүргiзетiн техник маманды мекенжай бойынша шақыртуға болады. Техникалық паспорт жасату үшiн келесi құжаттар тiзiмi қажет: жеке куәлiк, жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатымен қоса нысанның құқық белгiлейтiн құжаты және қызмет үшiн төлемнiң жүргiзiлгенi жөнiндегi түбiртек. Жыл басынан берi төрт ай iшiнде 85 мыңға жуық техникалық паспорт ХҚО, 3 900-ден астамы электронды портал арқылы жасалып берiлдi.

Жылжымайтын мүлiк нысанының техникалық паспортын әзiрлеу уақыты мүлiк түрiне қарай әр түрлi мерзiмдi құрайды. Мысалы, пәтерлер мен жатақханадағы бөлмелерге құжат үш жұмыс күнi аралығында берiледi. Үйлер, гараждар, саяжайлардың техпаспорты жетi жұмыс күнi iшiнде әзiрленедi. Ал ауданы 1000 м2 дейiнгi нысандардың құжаты он күнде, 1000 м2 асатын жылжымайтын мүлiк техпаспорты жиырма жұмыс күнi аралығында дайын болады.

Жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсеттi

Жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ

Egovkzbot арқылы жарты миллион қызмет көрсетiлдi

Egovkzbot арқылы жарты миллион қызмет көрсетiлдi

Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттiк қызметтер мен сервистердi қолжетiмдi еткен @egovkzbot қызметiне бiр жыл толды. Осы мерзiм аралығында аталмыш бот көмегiмен 534 мың қызмет көрсетiлдi.

Қолданушылар арасында танымал болған телеграм-бот 25 түрлi мемлекеттiк қызмет пен сервистердi алуға мүмкiндiк бередi. Жиi сұралатын анықтамалардың iшiнде мекенжай, соттылықтың болмауы, психиатриялық, наркологиялық диспансерлердiң анықтамалары бар. Бұған қоса кез келген азамат зейнетақы қорындағы салымы туралы ақпарат алып, өз үйiнде тiркелгендердiң тiзiмiн қарай алады. Egovkzbot-тағы сервистер арқылы дәрiгердiң қабылдауына жазылып, борышкерлер тiзiмiнде бар-жоғын тексерiп, бос жұмыс орындарын қарауға болады.

Egovkzbot-ты қолдану үшiн азаматтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс. Бұл үшiн кез келген ХҚО-ға жүгiнуге болады. Айта кетейiк, бiр жыл iшiнде онлайн қызметтер ботын пайдаланып үлгергендердiң саны 320 мыңнан асты.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕАҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi

Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады

Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады

Кезектi еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристiк сапарға шығуды жоспарлаған қазақстандықтар алдын ала борышкерлер тiзiлiмiнде бар/жоғын тексергенi абзал.

Мұны азаматтар бiрнеше тәсiл арқылы тексере алады. Солардың бiрi — Telegram қосымшасындағы @egovKzBot. Бот қызметiн таңдағаннан кейiн пайдаланушы «Борышкерлер тiзiлiмi және шет елге шығуға тыйым салынулар бойынша тексеру» сервисiне өтiп, жеке сәйкестендiру нөмiрiн енгiзуi қажет. Борышкерлер тiзiлiмiнде болмаған жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйе берiлген ЖСН бойынша ешқандай деректердiң табылмағаны жөнiнде хабарлама жiбередi. Бот арқылы сапарға бiрге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегiн тексеруге болады. Керектi ақпарат сұрау жiберiлгеннен кейiн бiрден көрсетiледi.

Айта кетейiк, бiр жыл бұрын iске қосылған @egovKzBot-ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгердi. Бот қызметiн пайдалану үшiн қазақстандықтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi шарт. Бүгiнде ол базаға 6,8 млн. адам өз мәлiметтерiн енгiзген.

Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба иелерi egov.kz порталындағы жеке кабинетi арқылы айыппұлдардың барын тексерiп, берешек анықталған жағдайда, портал арқылы қарызын өтей алады.

Естерiңiзге салайық, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуға шектеу салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгiнуге дейiн апарған қарыздар, алименттер, сонымен қатар коммуналдық қызметтер бойынша берешектерi барларға қойылуы мүмкiн.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру үшiн келетiн азаматтардың саны күрт өскенiн хабарлайды.

Осы орайда, азаматтар жүргiзушi куәлiктерiн (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкiмет порталы арқылы ауыстыра алатынын естерiңiзге саламыз. Бұл әдiс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлiгiнен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкiндiк бередi.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн алу оңай әрi жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кiрiп, электрондық өтiнiштi толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлiмге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтiнiш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чектi ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгенi құрайды.

Егер ЖК мерзiмi өтiп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн биыл жыл басынан берi 1097 солтүстiкқазақстандық пайдаланған.

Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша
Баспасөз қызметi

Мобильдi азаматтар базасына жыл басынан берi 1 млн. адам тiркелдi

Мобильдi азаматтар базасына жыл басынан берi 1 млн. адам тiркелдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн. аса азаматты мобильдi азаматтар базасына тiркедi. Осылайша аталмыш базаға тiркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр.

Мобильдi азаматтар базасына тiркеу ерiктi түрде жүргiзiледi, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендiру нөмiрi мен ұялы телефон нөмiрi байланыстырылып, базаға енгiзiледi. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәлiметтерi бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бiрнеше мемлекеттiк қызмет пен сервистi онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тiркелгендер egov.kz порталының құпиясөзiн ұмытқан жағдайда, ұялы телефондарына бiрретiк құпиясөзге сұрау жiбере алады. Смартфондағы mgov.kz қосымшасының 81 түрлi қызметiн қолдана алады. Жаңа босанған аналар проактивтi қызмет аясында, бала туылған шақта жiберiлген смске жауап беру арқылы туу куәлiгi мен жәрдемақының тағайындалуына өтiнiш берiп, бөбектi балабақша кезегiне қоя алады. Сонымен қатар базаға тiркелген азаматтар telegram-дағы egovkzbot көмегiмен 25 қызметтi емiн-еркiн қолдана алады. Бұл сервис ұялы телефон арқылы мекенжай, соттылықтың болмауы, диспансерлердiң есебiнде тұрмау туралы, жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы сияқты бiрқатар анықтаманы алып, дәрiгер қабылдауына жазылуға, ХҚО кезегiн онлайн брондауға, айыппұлдардың бар/жоғын тексеруге мүмкiндiк бередi. Аталмыш бот 2018 жылы iске қосылды. Осы уақытқа дейiн оны 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгердi.

Қазақстандықтар мобильдi азаматтар базасының тiзiмiнде тiркелген/тiркелмегенiн egov.kz порталы арқылы тексере алады.     

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы 3 жылдық жұмысын қорытындылады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы 3 жылдық жұмысын қорытындылады

Бүгiн өңiрлiк коммуникация қызметiнде Мемлекеттiк корпорацияның үш жылдығына байланысты «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы қорытынды брифингi өттi. Шара барысында филиал директоры Еркiн Қызырұлы және филиал директорының орынбасарлары Серiк Бейсенов пен Саулеш Дүйсенбина үш жылдық жұмыс қорытындылап, мемлекеттiк корпорация болып қалыптасуы туралы және Азаматтарға арналған үкiметтiң бiрыңғай, бiртұтас құрылымға айналуы туралы айтып бердi.

Филиал директоры Еркiн Жұмабайдың айтуынша, бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорация 621 қызмет көрсетедi, бұл Қазақстанның тiзiлiмiндегi 752 мемлекеттiк қызметтiң 83%-ын құрайды. Электронды форматта 67% немесе 506 мемлекеттiк қызмет бар. Мемлекеттiк корпорация құрылғаннан берi Солтүстiк Қазақстан филиалы облыс тұрғындарына 3,2 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтердi ұсынды, оның iшiнде 1 миллион 74 мыңға жуық мемлекеттiк қызмет солтүстiкқазақстандықтар өзiне-өзi қызмет көрсету секторы арқылы алды. Соңғы үш жылда 462 мыңнан астам электронды қолтаңбалар шығарылды, бұл азаматтар өзiн өзi қызмет көрсету секторы немесе электрондық үкiмет порталы арқылы қажеттi құжаттарды өз бетiнше рәсiмдей алатындығын көрсетедi. Жер кадастры мен жылжымайтын мүлiктi тiркеу департаментiнiң «Азаматтарға арналған үкiметке» қосылғаннан кейiн мемлекеттiк қызметтердi ұсыну процесi оңтайландырылды — талап етiлетiн құжаттар саны және қызмет көрсету шарттары қысқартылды.

Филиалдың әлеуметтiк бөлiмшесiнiң негiзгi функциясы зейнетақы мен жәрдемақыларды уақтылы төлеу, сондай-ақ мемлекеттiк корпорацияның ХҚКО бөлiмшелерiнде, облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмшелерiнде, медициналық және әлеуметтiк сараптама бөлiмшелерiнде электрондық үкiмет порталы арқылы қабылданған электрондық iс қағаздарын уәкiлеттi органға өңдеу және жiберу болып табылады.

3 жыл iшiнде мемлекеттiк корпорация сандық инновацияларды iске қосты және енгiздi: босану бойынша мемлекеттiк қызметтердi ұсынудың проактивтiк қағидаты, SMS-парольдi пайдалана отырып, ЭСҚ-сыз қызметтердi алу, порталдағы деректердi бұғаттау, электронды денсаулық парағы, автокөлiктi онлайн тiркеу және жүргiзушi куәлiктерiн ауыстыру. мемлекеттiк қызметтер көрсетуде биометриялық сәйкестендiру, үшiншi тұлғалардың анықтамаларды алу және телеграм-бот, сондай-ақ басқа да көптеген жаңашылдықтар. Азаматтардың жұмысқа орналасу үшiн анықтамаларды алуға ХҚКО-ға баруына жол бермеу үшiн «Paper free» (азаматтардың келiсiмi бойынша үшiншi тұлғалардың анықтамаларын алу) сервисi iске қосылды.

Мемлекеттiк корпорация Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасының жүзiншi қадамын орындау үшiн құрылды және жеке және заңды тұлғаларға «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызмет көрсететiн бiрыңғай провайдер болып табылады. Құрылымға «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» кiредi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Солтүтсiк Қазақстан облысы
бойынша филиалының Баспасөз қызметi
e-mail: pr_manager_sko@mail.ru

Жаңа босанған 63 мың ана сәбилерiнiң алғашқы құжатын проактив әдiсiмен алды

Жаңа босанған 63 мың ана сәбилерінің алғашқы құжатын проактив әдісімен алды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2017 жылдың желтоқсанында үш мемлекеттiк қызметтi бiр ғана смс хабарламаның көмегiмен алуға болатын проактив қағидасын енгiзген болатын.

Пилоттық жоба iске қосылғалы берi жаңа босанған жүз мыңнан астам анаға смс құттықтау жолданып, проактив тәсiлiмен баланың туу туралы куәлiгiн алу ұсынылды. Олардың 63 330 бiр мемлекеттiк қызметке тапсырыс берiп, сәбилерiнiң алғашқы құжатын онлайн өтiнiш берiп алды.

Айта кетейiк, пилоттық жоба шеңберiнде нәрестелi болған әйелдер смс хабарламаға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлiгiн рәсiмдеп, жәрдемақы алуға өтiнiш жолдап, баланы балабақша кезегiне қоя алады.

«Ендi ғана босанған әйелдерге халыққа қызмет көрсету орталығына бiрнеше рет барудың қажетi жоқ. Бұрын аналар бесiгiндегi баласын қалдырып, не оларды құндақтап ХҚО-ға келiп жүретiн. Цифрландыру заманында проактив әдiсi арқылы барлығын онлайн жүйелер арқылы жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшiн аналар босанбас бұрын мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Бүгiнде проактив әдiсi телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетiмдi. Мобильдi базаға тiркелген азаматшалар ұялы телефонының көмегiмен өздерi де жоғарыда аталған үш қызметке тапсырыс бере алады. 2018 жылдың қыркүйегiнде iске қосылған бот қызметiне 5,5 мыңға жуық әйел жүгiнген, олардың 4 842 балаларының туу куәлiгiн рәсiмдеген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» КЕАҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» өз қызметiнде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданатын болады

 «Азаматтарға арналған үкімет» өз қызметінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданатын болады

Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жер кадастры бойынша 37 қызмет түрiн көрсетедi. Оның iшiне жер аумағын, құрылымын, топырақ құрамын анықтау бойынша жұмыстар кiредi. Бұлардың қатарындағы төртеуi мемлекеттiк қызметтер. Атап айтқанда, жер учаскелерiнiң кадастр құнын анықтау, жер телiмiнiң сәйкестендiру құжаттарын әзiрлеу және беру, мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн ұсыну және жобаланатын жер учаскесiн келiсу сияқты қызметтер мемлекеттiк корпорацияның облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы филиал қызметкерлерiмен атқарылады.

«Бүгiнде бiз бiрыңғай мемлекеттiк жылжымайтын мүлiк кадастры жобасын әзiрлеп жатырмыз. Ол бiрнеше ақпараттық база мәлiметтерiн бiрiктiрiп, мемлекеттiк қызметтердiң сапалы көрсетiлуiне ықпал етедi. Жер кадастры бойынша мәлiметтер неғұрлым дәл болу үшiн бiз ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алдық. Ол жердiң 1:10 000 рұқсаттағы цифрлық карталарын әзiрлеуге көмектеседi. Себебi қазiрде әуеден түсiрiлген бiрнеше сантиметрге дейiнгi нақты карталар жоқтың қасы», — деп атап өттi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов жерге орналастырушылардың кәсiби мерекесiне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын барысында.

Бүгiнде жерге қатысты мәлiметтер базасы GPS, спутник навигаторы, қашықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер сияқты цифрлық технологиялардың көмегiмен жасақталуда.

Мемлекеттiк корпорация ұшқышсыз ұшу аппаратының екi данасын қолданысқа енгiзiп, оларды басқара алатын мамандарды арнайы оқытады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен арнайы бағдарламалардың көмегiмен жердiң 2D, 3D модельдегi карталарын әзiрлеуге болады. Әуеден түсiрiлген суреттер цифрлық форматтағы топографиялық карта мәлiметтерiн жылдам жаңартып отыруға көмектеседi. Түсiрiлiм барысында жердiң географиялық координаттары бiрден ескерiлiп, жер бедерiнiң ерекшелiктерi нақты жазылады.

2018 жылы наурыз айының екiншi сенбiсi жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсiби мерекесi деп белгiленген. Биыл екiншi рет атап өтiлiп жатқан мереке қарсаңында мемлекеттiк корпорация төрағасы әрiптестерiн кәсiби мейрамымен құттықтап, еңбектерiне табыс тiледi. «Былтырғы жылы корпорациямыз мемлекет тапсырысы бойынша 7 млн. га. аумақта топырақ құрамын зерттеп, дәл сонша мөлшердегi аумақтың электронды картасын әзiрледi. 10 млн. га. жерге мониторинг жүргiздi. Елiмiз цифрлық технологияларға бетбұрған заманда жер кадастры сияқты саланың да электронды форматқа ауысуы заңды. Осы жұмысты сапалы атқаруға шақырамын. Қызметтерiңiз жемiстi болып, жетiстiктерге жете берулерiңiздi тiлеймiн», — дедi А. Оспанов.

Анықтама: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы құрамында жер кадастры бағыты бойынша 2 мыңға жуық қызметкер жұмыс iстейдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметi

Баспасөз хабарламасы
«Азаматтарға арналған үкiмет» Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100-шi қадамды орындады

«Азаматтарға арналған үкімет» Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100-ші қадамды орындады

22 ақпан 2019 ж. Петропавл қ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Елбасының 2015 жылы қабылдаған Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100-шi қадамды орындады. Оған сәйкес, Канада мен Австралияның үлгiсi бойынша мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерiне айналатын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құру тапсырылған болатын. 2016 жылдың сәуiрiнде жұмысын бастаған корпорация халыққа қызмет көрсететiн барлық орталықтарды бiр жүйеге интеграциялап, мемлекеттiк қызметтердi бiр жерден алу мүмкiндiгiн жасады. Сондай-ақ ұлт жоспарында мемлекеттiк қызметтi сапа менеджментi ISO 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттаудан өту мiндетi қойылған болатын.

Бұл тапсырманы орындау мақсатында 2017-2018 жылдары сапа менеджментi жүйесiнiң халықаралық стандарт қағидаттарын енгiзу, қызметкерлердi оқыту жұмыстары жүргiзiлiп, корпорация қызметi бiрiздендiрiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, сапа менеджментiнiң халықаралық сертификатын алу — көрсетiлетiн қызмет деңгейi өскенiнiң дәлелi. «Бiздiң басты мiндетiмiз — қызмет алушының көңiлiнен шығып, бар сұранысын өтеу. Корпорациямызға жүгiнетiн кез келген азамат сапалы қызмет алуы тиiс. Бiз бұл бағыттағы жұмысты үнемi жетiлдiрiп отыратын боламыз», — дейдi корпорация төрағасы.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сай келуiн тексеру мақсатында сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаттау аудитiн TUVThuringen Е.V. компанисы (Германия) жүргiздi.

Халықаралық стандарт талаптарына жауап беру — мемлекеттiк қызметтердi онлайн форматқа ауыстыруға қатысы бар бизнес-процестердi үнемi жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi. Бұл Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметiне жүгiнетiн халық санын азайтуға, корпоративтi және сервистiк мәдениет деңгейiн көтеруге, сондай-ақ корпорация қызметкерлерiнiң құзыреттiлiгiн дамытуға ықпал етедi.

Басқарма төрағасына ISO 9001:2015 сертификатын аудит жүргiзген TUVThringen Е.V. компаниясының атынан Роман Карякин («Интерсертифика-Тюф ЖШС директоры) табыс еттi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕАҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi

Баспасөз хабарламасы
Қалтаңыздағы ХҚО — Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк қызметтердi смартфон арқылы алуды үйретуде

Қалтаңыздағы ХҚО – Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алуды үйретуде

21 ақпан Петропавл қ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бүгiнде азаматтарға электронды үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды оқытатын цифрлық ХҚО елiмiздiң барлық облысында ашылған. Бұған қоса халыққа қызмет көрсету орталықтарында смартфон арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды үйрететiн аймақтар ашылып жатыр.

ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына telegram мен Mgov қосымшаларын орнатып беруге көмектесiп, түрлi анықтамалар мен қызметтердi алу ретiн түсiндiрiп беруде.

Бүгiнде Telegram қосымшасындағы Egovkzbot арқылы 24 қызмет қолжетiмдi. Жүйе iске қосылған сегiз айдың iшiнде 140 мың адам оны қолданып үлгерiп, 160 мың рет түрлi анықтамаға өтiнiш берген. Мэссенджер қолданушылары 60 мың рет мекенжай, 20 мың рет соттылықтың болу/болмауы туралы анықтамаларды сұратқан. Өз кезгiнде, Mgov қосымшасы арқылы 90 мемлекеттiк қызметтi онлайн тәртiпте алуға болады. Смартфон иелерi бұл қосымшаны былтыр 1,3 млн. рет жүктеп, 3,6 млн. қызмет алған.

«Онлайн болу — заман талабы. Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтердi жылдам алуға көмектеседi. Көрсетiлетiн электрондық қызметтер санының артуына байланысты мемлекеттiк корпорация халық арасында қызметтердi онлайн алуды үйрететiн шаралар өткiзiп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Бұл қосымшаларды пайдалану үшiн мобильдi азаматтар базасында тiркелу мiндеттi. Оны ХҚО қызметкерлерi жүзеге асырады. Тәртiп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгiзiлуi тиiс», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Айта кетейiк, осы уақытқа дейiн электронды үкiмет порталын өз бетiнше пайдалану дағдыларын 8 миллион қазақстандық игерген. Оған қоса, мемлекеттiк корпорация мамандары жергiлiктi әкiмдiктердiң 3,5 қызметкерiне egov.kz порталын пайдалануды үйретiп, олар өзге 686 мың азаматты оқытқан.

Бұдан бөлек, мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi апта сайын емхана, әскери бөлiм, жоғары оқу орындары мен өзге де мекемелерге барып, қосымшаларды пайдалану ретiн үйретiп отырады.

Анықтама: Бүгiнде реестрдегi 752 мемлекеттiк қызметтiң 506-сы, яғни 67% электрондық форматта қолжетiмдi. Жыл өткен сайын электрондық жолмен көрсетiлетiн қызмет саны өсiп отырады, 2020 жылы оның үлесi 90% құрауы тиiс. Айта кетейiк, бүгiнде халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейi 77% жеттi. 2022 жылға қарай оны 83% дейiн арттыру көзделген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi

Баспасөз хабарламасы
Қазақстанға келетiн шетелдiктер миграциялық ХҚО арқылы тiркеуге тұра алады

20 ақпан 2019 ж.
Петропавл қ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының миграциялық ХҚО-сы арқылы көрсетiлетiн қызметтер саны толыға түстi. Ендi Қазақстан Республикасына уақытша келетiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар көшi-қон қызметтерi орталығының қызметiне жүгiне алады. Бұған дейiн бұл қызмет тек ҚР IIМ көшi-қон комитетi тарапынан көрсетiлетiн.

18 ақпаннан бастап көрсетiле бастаған жаңа қызмет түрiн пайдалану үшiн шетелдiк азаматтың өзiмен бiрге келесi құжаттары болуы тиiс:

  • ҚР аймағына кiруге визасы бар шетелдiктiң не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжаты;
  • Шекараны кесiп өткенi туралы белгiсi бар көшi-қон карточкасы;
  • Еркiн түрде жазылған қолдаухат.

Қызмет алушылар ҚР аймағына 6 айдан артық мерзiмге келетiн болса, қосымша толтырылған 2 мекенжайға келу парағын, келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талоны мен 3,5*4,5 көлемiндегi бiр фотосурет тапсыруы керек.

Миграциялық ХҚО арқылы шетелдiктер бiр күннiң iшiнде тiркеуге тұра алады. Мұндай орталық мемлекеттiк қызметтердi жылдам әрi еш кедергiсiз алуға мүмкiндiк бередi, жемқорлық әрекетiне жол бермейдi.

Жаңадан қосылған қызметтен бөлек, мұнда шетелдiктер жұмыс iстеуге рұқсат беретiн құжатты алып, ҚР аумағына уақытша келетiндер жеке сәйкестендiру нөмiрiн рәсiмдей алады. Естерiңiзге сала кетейiк, елiмiздiң 13 қаласында көшi-қон қызметтерiнiң орталығы жұмыс iстейдi. Тағы төрт (Павлодар, Өскемен, Тараз, Түркiстан обл.) Миграциялық ХҚО жыл соңына дейiн ашылатын болады.

Қазақстанға келетiн шетелдiктер миграциялық ХҚО арқылы тiркеуге тұра алады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет «Өмiр қолын соз!» атты қайырымдылық акциясына қатысты

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының 50-ге жуық қызметкерi «Өмiр қолын соз!» акциясына қатысып, облыстық қан орталығының қан қорын толықтырды.

Осы күнi барлық адамдар қан берiп қоймай, сонымен қатар оның талдауларын жүргiзе алды, жағдайын тексердi. Қаң тапсыру процедурасы мүлде ауыртпалықсыз және сонымен бiрге денсаулыққа өте пайдалы. Ересек адам денсаулығы үшiн қанның мезгiлдi жаңартылуын қажет етедi.

«Қанымызды тапсыра отыра, бiз қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмек қолын созуға тырысамыз. Адамдардың жандарына араша түсiп, денсаулықтарының жақсаруына көмектесе алатынымызға қуаныштымыз. Осындай iс-шараларға қатысу арқылы өзгелерге үлгi болсақ деген ниеттемiз», — дейдi «Азаматтараға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыны Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Серiк Бейсенов.

Әр донордың қан тобына алдын ала зертханалық талдау жасалды және бұрын ауырған ауруларына қатысты дәрiгер қабылдауы жүргiзiлдi. Медициналық тексерiстен сәттi өткен әр қызметкерден 450 мл көлемiнде қан алынды.

Адам өмiрiн аман алып қалуға көмектесетiн игi шараны корпорацияның өзге филиалдары да қолдап, донор күнiн өткiзiп жатыр.

Азаматтарға арналған үкімет «Өмір қолын соз!» атты қайырымдылық акциясына қатысты

Азаматтарға арналған үкімет «Өмір қолын соз!» атты қайырымдылық акциясына қатысты

«Азаматтарға арналған үкiмет»
Мемлекеттiк корпорациясы
Солтүстiк Қазақстан облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметi

Ақпараттық хабарлама
Азаматтарға арналған үкiмет былтыр 6 миллионнан аса электронды цифрлық қолтаңба бердi

Ақпараттық хабарлама

2018 жылы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 6 млн аса электрондық цифрлық қолтаңба рәсiмдедi. Бұл 2017 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 1,4 млн. артық.

Берiлген ЭЦҚ санының артуы электронды үкiмет порталын пайдаланушы азаматтардың көбейгенiн бiлдiредi.

Бұл ретте ХҚО-дағы өзiне-өзi қызмет көрсету секторы — Connection Point арқылы азаматтардың өз бетiнше алған электронды қызметтер саны 2018 жылы 12% өсiп, 12 млн. құрады.

Мемлекеттiк корпорацияның 2018 жылғы қорытынды есебiне сәйкес, 32 млн. мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 17% аз көрсеткiш.

Бұл дегенiмiз мемлекеттiк қызметтердi халыққа қызмет көрсету орталықтарынан емес, онлайн форматта өз бетiнше алатын азаматтардың саны артқан.

Айта кетейiк, 2018 жылы Алматы мен Астана қалалары, Түркiстан облысының тұрғындары ең көп ЭЦҚ рәсiмдеген. Мәселен, алматылықтар 803 мың, Түркiстан облысындағылар 738 мың және астаналықтар 523 мыңнан аса электрондық цифрлық қолтаңба алған.

2018 жылы рәсiмделген электронды цифрлық қолтаңба саны

(аймақтық бөлiнiсте)

Аймақ Берілген ЭЦҚ саны
1 Алматы қ. 803 090
2 Түркістан обл. 738 320
3 Астана қ. 680 329
4 Алматы обл. 523 221
5 ШҚО 357 995
6 Қарағанды обл. 340 953
7 Ақтөбе обл. 336 590
8 Қызылорда обл. 328 927
9 Жамбыл обл. 311 818
10 Ақмола обл. 306 026
11 Қостанай обл. 260 210
12 Павлодар обл. 208 076
13 Атырау обл. 203 599
14 БҚО 189 518
15 СҚО 177 732
16 Маңғыстау обл. 175 137
17 Шымкент қ. 73 319

Шетелге шығуға тыйым салуды және әкiмшiлiк айыппұлдың болуын телефонда Telegram-bot арқылы тексеруге болады

Шетелге шығуға тыйым салуды және әкімшілік айыппұлдың болуын телефонда Telegram-bot арқылы тексеруге болады

07.02.2019 ж.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Telegram — @EgovKzBot мессенджерiнде 4 қызмет пен сервистiң iске қосылғанын хабарлайды.

Ендi боттың көмегiмен азаматтар:

  • бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының келiп түсуi мен қозғалысы туралы ақпаратты;
  • бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстi ескере отырып) жай-күйi туралы ақпаратты;
  • шетелге шығу шектелген борышкерлер тiзiлiмi және атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкерлер тiзiлiмi бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексере;
  • тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлiмет ала алады.

Онлайн режимiнде ақпарат алу механизмi өте қарапайым және азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейдi.

Азаматтарға өз гаджетiнде Telegram мессенджерiнде қызметтер мен сервистердi пайдалану үшiн «Мобильдi азаматтар базасында» тiркелу қажет, яғни порталдың жеке кабинетiнде өз телефон нөмiрiн байлау қажет eGov.kz ескерту. Бұдан әрi бот-та iске қосуды жүзеге асыру (iздеу жолына @EgovKzBot деп енгiзу). Алдын ала анықталған командаларды жiберу арқылы қажеттi қызметтер мен сервистi таңдау, қажеттi деректердi енгiзу және мобильдi нөмiрге жiберiлген бiр реттiк паролдi енгiзу арқылы қызметтер мен сервистi алуды растау.

Бүгiнгi күнi Telegram-бот арқылы қолжетiмдi қызметтер мен сервистер саны 24 автоматтандырылған мемлекеттiк қызметке жеттi.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн жоғарыда көрсетiлген қызметтер мен сервистердi алу мүмкiндiгi электрондық үкiмет порталында ұсынылған болатын eGov.kz ескерту.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
55-10-54

Электрондық үкiмет негiздерi мектепте үйретiледi

Электрондық үкімет негіздері мектепте үйретіледі

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бастамасымен информатика пәнi бағдарламасына «электрондық үкiмет порталы» бөлiмдерi енгiзiледi. Мемлекеттiк корпорацияның бұл ұсынысын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi қолдап, тиiстi бұйрыққа Ерлан Сағадиев қол қойды. Осылайша, 11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасына қажеттi өзгерiстер ендiрiледi.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, орта, техникалық және жоғары кәсiби бiлiм беру ұйымдарында цифрлық сауаттылықты арттыру қажет. Балалар мектеп жасынан-ақ цифрлық технологиялардың тiлiн түсiнiп, түрлi электрондық жүйенi қолдануды үйренуi тиiс. Осы орайда, 11-сынып оқушылары ақпараттық технологиялар мен ондағы қауiпсiздiк сабақтары аясында электронды үкiмет порталының жұмыс iстеу алгоритiмiн бiлiп, электрондық құжаттар, цифрлық қолтаңба сияқты терминдермен танысып, мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта алу үрдiсiн үйрене алады.

«Орта есеппен жыл сайын мектептi 140 мың оқушы тәмамдайды десек, мемлекеттiк қызметтердi ХҚО-ға бармай-ақ алуды бiлетiн «цифрлық» ұрпақ саны жыл өте көбейiп отырады. Оның үстiне, ол балалар ата-аналарына, ата-әжелерiне электронды үкiмет порталын қолдануға көмектесе алады. Бұл халық арасында цифрлық сауаттылық көрсеткiшiнiң артуына, сөзсiз, әсер етедi», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Айта кетейiк, бүгiнде елiмiздiң 16 өңiрiнде ашылған Цифрлық ХҚО арқылы тегiн «Цифрлық сауат ашу» курстарына қатысып, электрондық үкiмет порталымен жұмыс iстеу дағдыларын үйренуге болады. Осы күнге дейiн 5 мыңнан астам адам аталмыш курстардан өтiп, тиiстi сертификаттар алған. Оған қоса, 2018 жылы мемлекеттiк корпорацияның ұйымдастыруымен «Электрондық үкiмет және электрондық мемлекеттiк қызметтер» курсынан жергiлiктi атқарушы органдардың 3500 өкiлi өттi. Олар, өз кезегiнде, жаттықтырушы мәртебесiн алып, алған бiлiмдерiн 686 мың азаматқа үйреттi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

22 өңiрлiк ХҚО бөлiмiнде жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болады

22 өңiрлiк ХҚО бөлiмiнде жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болады

Елiмiздiң 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргiзушi куәлiгiн ауыстыра алды. Онда көлiктi тiркейтiн және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан алу бөлiмiнiң мамандары қызмет көрсетедi. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлiк жүргiзушiсiнiң куәлiгi берiлген.

Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзiмi бiтуге таяу жүргiзушi куәлiгiн жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиiстi емтихандарды тапсырып, медициналық тексерiстен өтудiң қажетi жоқ. Аймақ тұрғындары көлiк жүргiзу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзiмi 1 ай, кейiн «жоғалғанның орнына» белгiсiмен жаңа көлiк жүргiзу куәлiгi берiледi.

Бұл ретте көлiк жүргiзу құқығынан айырылған тұлғалар жүргiзушi құжатын қалпына келтiру үшiн тиiстi емтихандарды тапсыру керектiгiн еске саламыз.

Сондай-ақ астаналық көлiк иелерiнiң назарына жүргiзушi куәлiгiн мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсiздiк даңғ., 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз.

Бұдан бөлек, көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру қызметiнiң электрондық үкiмет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшiн көлiк жүргiзушiсiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданып, баж салығы төленедi. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргiзушi куәлiгiн алып кетуге болады.

Жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары

Облыс атауы Аудан атауы Облыс атауы Аудан атауы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Ақмола облысы Есіл ауданы Жалағаш ауданы
Ақкөл ауданы Арал ауданы
Степногорск қаласы Жаңақорған ауданы
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Қармақшы ауданы
Талас ауданы Шиелі ауданы
ШҚО Жарма ауданы Павлодар облысы Ақсу қаласы
БҚО Қазталов ауданы СҚО Тайыншы ауданы
Бөрілі ауданы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Түркістан облысы Түркістан қаласы
Осакаров ауданы Сайрам ауданы

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Мүмкiндiгi шектеулi балалары бар отбасылар тегiн психологиялық көмекке онлайн жүгiне алады

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар тегін психологиялық көмекке онлайн жүгіне алады

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк сала бойынша кеңес беретiн 1411 тегiн нөмiрiне қоңырау шалу арқылы мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегiн брондай алады.

Мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық кеңес беретiн онлайн қолдау қызметiн құру жөнiндегi әрiптестiк келiсiм ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және Қазақстан-Ресей медицина университетiнiң арасында 2015 жылы жасалған.

Онлайн қолдау қызметi құрылғалы берi барлық аймақтан 2,4 мың өтiнiш келiп түскен. Қоңыраулардың денi Алматы, Атырау және Түркiстан облыстарына тиесiлi.

1411 байланыс орталығына хабарласқандар онлайн көмек алу уақытын белгiлеп, кезекке тұрады. Медицина университетiнiң мамандарымен байланыс «Skype» бағдарламасы арқылы жүзеге асады, ол үшiн белгiленген уақытта krmu1411 аккаунтына онлайн қоңырау шалу қажет.

Мүмкiндiгi шектеулi балалардың ата-аналарына психологиялық көмектi медицина университетiнiң психиатрия, жалпы медициналық психология және педагогика кафедраларының кәсiби мамандары бередi.

Психологтардың қызметiне жүгiну — балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын таңдау бойынша ақылы мамандардың қызметiн төлей алмайтын және кәсiби мамандардың қабылдауына бара алмайтын шалғайдағы елдiмекендерде тұратын ата-аналар үшiн жақсы мүмкiндiк.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

2019 жылгы 1 тоқсанға шығу кестесі

Ауылдық округтің атауы Жоспарланған шығу күні
Дубровинский а/о
Старомихайловка а.
2019 ж. 16.01.
2019 ж. 21.01.
Новомихайловский а/о
Новомихайловка а.
2019 ж. 17.01.
2019 ж. 22.01.
Кызыласкерский а/о
Кызыласкер а.
2019 ж. 11.02.
2019 ж. 18.02.
Андреевкий а/о
Бостандык а.
2019 ж. 12.02.
2019 ж. 19.02.
Новомихайловский а/о
Минкесер а., Токаревка а.
2019 ж. 11.03.
2019 ж. 15.03.

Биометрия жобасы шеңберiнде 1,5 мың адам өз деректерiн қалдырды

Биометрия жобасы шеңберінде 1,5 мың адам өз деректерін қалдырды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2018 жылғы 12 желтоқсанда биометрия жобасын iске қосты. Бiр ай iшiнде деректер базасына тiркелiп, мәлiметтерiн қалдырған азаматтардың саны 1473-ке жеттi.

Үкiмет үйiнде өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов: «Бүгiнде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы белсендi жүргiзiлуде. Бұл ретте, бiз мемлекеттiк қызметтердi алу процесiн жеңiлдету үшiн қызмет алушылардың жеке басын растаудың жаңа механизмiн iске қостық. Биометрия — жеке мәлiметтердiң ақпараттық қауiпсiздiгiн күшейтуге көмектесетiн құрал», — деп атап өттi.

Биометрия жобасы шеңберiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысында азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаты не электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет емес. Бұл үшiн бет-бейне скан көшiрмесi немесе саусақ iздерiнiң болуы жеткiлiктi. Бұл деректердi азаматтар Астана қаласының 3 және Алматы қаласының 1 халыққа қызмет көрсету орталығында қалдырып, мәлiметтер базасына енгiзе алады.

Мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, биометрия өз бетiнше алынатын қызметтер санының артуына, қызметтердi алу кезiнде бөгде азаматтардың қатысуын болдырмауды қамтамасыз етедi.

Биометрия жобасының шеңберiнде азаматтарға 52 мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлуi қарастырылуда. Олардың екеуi — мекенжай және жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы жөнiндегi анықтамалар қазiрдiң өзiнде қолжетiмдi.

Айта кетейiк, биометрия базасы қаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауiпсiздiк салаларында, сондай-ақ ғимаратқа кiру жүйесiнде пайдаланылуы мүмкiн. Шетелдiк тәжiрибеде биометрия әдiсiн Ұлыбритания, Үндiстан, Нидерланд королдiгi ұтымды пайдалануда.

Бiр ай бұрын Астана және Алматы қалаларында енгiзiлген биометрия пилоттық жобасы биыл қыркүйек айына дейiн барлық облыстарда iске қосылады деп жоспарланған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Елiмiздегi халыққа қызмет көрсету орталықтарының 46% трансформацияланады

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының 46% трансформацияланады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2019 жылы елiмiздегi мемлекеттiк қызмет көрсетiп жатқан 152 фронт-офис қызметiн трансформацияламақ.

Бүгiнде республика бойынша халыққа қызмет көрсетушi 326 фронт-офис бар. Азаматтардың электрондық қызметтердi пайдалану деңгейiн арттыру мақсатында мемлекеттiк корпорация 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кеңауқымды трансформациялауды бастады.

«60/40 қағидаты фронт-офистегi жұмыс аймағының 40% қызмет көрсететiн операторларға тиесiлi екенiн, ал азаматтардың қызметтердi өз бетiнше алу аймағы — Connection point пен қоғамдық қолжетiмдi пункттердiң үлесi 60% жететiнiн меңзейдi. Осылайша, бiз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керектi құжаттарды өздiгiнен алуын қамтамасыз етпекпiз», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Аталған қағидат бойынша елiмiзде бүгiнде 174 фронт-офис қызмет етедi. Нәтижесiнде азаматтардың 2018 жылы өз бетiнше алған қызметтерiнiң саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 млн артып, 12 млн. құрады. Бұл көрсеткiштiң өсуiне электрондық үкiмет порталында жұмыс iстеу және электрондық қызметтердi пайдалану дағдыларына 8 млн астам азаматтың үйретiлуi де әсер еткен.

Айта кетейiк, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн. қызмет көрсетiлдi, оның 16 млн. электрондық форматта.

Анықтама: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы мемлекеттiк қызметтер реестрiнде қамтылған 741 қызметтiң 598-i қолжетiмдi. Мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуiн 326 фронт-офис, 6 секторы бар 16 мамандандырылған ХҚО (оның iшiнде 4 сектор Алматыда және 2 сектор Түркiстан облысында), 70 мобильдiк ХҚО және Қазпоштаның 1656 бөлiмшесi қамтамасыз етедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Жаңа жылдық сыйлық ретiнде — Цифрлық ХҚО

Бүгiн Петропавлда Цифрлық ХҚО ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы Елена Степаненко, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахмет және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов қатысты.

Цифрлық ХҚО — бұл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құрған Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа үлгiдегi фронт-офисi. Азаматтар өз бетiнше, операторлардың көмегiнсiз өздерiне қажеттi қызметтердi ала алады. Келушiлердiң мұнда цифрлық сауатын арттыру мүмкiндiгi бар. Орталық кiреберiсiнде бөлiм қызметкерi кеңес беретiн ресепшн орналасқан, келушiлер күту секторында жайлы жиһазда отырып, цифрлық қызметтер туралы медиа ақпаратпен таныса алады. Мұнда, сондай-ақ өзiне-өзi қызмет көрсету — ConnectionPoint секторы бар, онда келушiлер өз бетiнше мемлекеттiк қызметтердi ала алады.

«Цифрлы ХҚО — бұл өңiр тұрғындары оператор мамандардың қатысуынсыз өз бетiнше электрондық мемлекеттiк қызметтердi ала алатын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жаңа нұсқадағы фронт-офисi. Цифрлық қызметтер орталығының жұмысы толығымен автоматтандырылған. Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен мемлекеттiк қызметтердi өз беттерiнше алып, керектi анықтамаларды өздерiнiң электрондық поштасына жолдай алады. Ал осы цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртiбiн бiлмейтiндер үшiн арнайы цифрлық сауаттылық курстары өткiзiледi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов.

Анықтама үшiн:

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жылы өңiр тұрғындарына 859 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның 329 мыңы электрондық түрде. Сонымен қатар 2018 жылы аймақта egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы өз бетiнше қызмет алу үшiн 179 мың электрондық цифрлық қолтаңба берiлдi. Цифрлық ХҚО М. Әуезов көшесi, 157 мекенжайында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Тiлектер шыршасы» орнатылды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Тiлектер шыршасы» орнатылды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы фронт-офистерiнде «Тiлектер шыршасын» орнатты. ХҚО-ға мемлекеттiк қызмет алуға келушi кез келген азамат шыршаға iлiнген бала тiлегiн орындап, шатыққа бөлей алады.

Жаңа жыл қарсаңында Мемлекеттiк корпорация бастамасымен аймақтардағы ХҚО-да «Тiлектер шыршасы» орнатылды. Онда тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың арман-тiлектерi жазылған хаттар iлiнген. «Бұл бастаманы бiз былтыр алғаш рет Алматы мен Астана қалаларында ғана өткiзiп, 60 баланың тiлегiн жүзеге асырдық. Балаға қуаныш сыйлап, армандарын орындауға ниеттi жомарт жандардың көп екенiн бiлемiз, сондықтан бұл шараны биыл бiз барлық облыстағы фронт-офистерде өткiзудi жөн көрдiк. Балалардың сұрататындары өте қарапайым дүниелер. Сыйлықты әперушi азамат бүлдiршiндi шат-шадыман әсерге бөлеп қана қоймай, жан жылуымен бөлiсiп, бала үмiтiн ақтайды, армандарына қанат бiтiредi», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Шыршаға тiлек жазушы балалар аймақтардағы әкiмдiктер мен қайырымдылық қорларының ұсынысымен таңдап алынған, олардың арасында көп балалы отбасылар да бар. Әр шыршаға шамамен 20-30 бүлдiршiннiң тiлек хаты iлiнген, ондағы балалардың «Аяз атадан» сұрап жатқан сыйлықтары да әртүрлi. Мысалы, қарағандылық 10 жасар Бексұлтан сырғанайтын конькидi қалайды, ал болашақта ақын болуды армандайтын талдықорғандық Диана А.С. Пушкиннiң өлеңдер жинағын алғысы келедi.

ХҚО-ға келушi кез келген азамат қалауынша хаттың бiрiндегi тiлектi орындай алады. Қайырымдылық жасап, бүлдiршiндердiң армандарын орындаған азаматтардың сыйлығы ХҚО-да арнайы мерекелiк шара барысында табыс етiлетiн болады.

Жаңа жыл мерекесi қарсаңында баланың iзгi тiлегiн орындап, әлеуметтiк маңызы зор бастаманы қолдауға шақырамыз. «Тiлектер шыршасы» орнатылған ХҚО мекенжайы: Петропавл қ., №1 ХҚО бөлiмi, Әуезов к-сi, 157.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
Коммерциялық емес
Акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

Баспасөз релизi
2018 ж. 6 желтоқсан Петропавл қ.

СҚО еңбек мигранттары көшi-қон орталығына жүгiне алады

СҚО еңбек мигранттары көші-қон орталығына жүгіне алады

Бүгiн Петропавл қаласында Көшi-қон орталығы өз есiгiн ашты. Мигранттар үшiн осы маңызды Орталықты «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ-мен бiрлесiп таныстырды. Мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Орал және Қостанайда жұмыс iстеуде.

Ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң мемлекеттiк қызметтер басқармасының басшысы Болат Еңсегенов, Көшi-қон қызметiнiң басшысы Абилов Талғат  және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркiн Жұмабай қатысты.

Петропавл қаласының тұрғындары үшiн ХҚО-ның негiзгi мамандануы — еңбек мигранттарына жұмыс iстеуге рұқсат беру және қайта рәсiмдеу болып табылады. Қазiргi уақытта Петропавл қаласына келген шетел азаматтары бiр жұмыс күнi iшiнде «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi ала алады. Бұған дейiн шетелдiктер жұмыс iстеуге рұқсат алу үшiн бес күн жүрсе, ендi рұқсатты бiр сағаттың iшiнде рәсiмдей алады. Ендi мигранттар бiр ғимараттың iшiнде электрондық кезек арқылы қызметтердi ала алады.

«Бұл жерде медициналық тексерiс пен дактилоскопиядан өтiп, сақтандыру полисiн рәсiмдеуге және жеке сәйкестендiру нөмiрiн алуға болады, сонымен қатар Көшi-қон орталығының қолайлы жағдайлары құжаттарды рәсiмдеудiң барысын мигранттар үшiн барынша ыңғайлы етедi», — дедi Еркiн Жұмабай.

«Мечта» ТК (Жамбыл к-сi, 71 А) ғимаратында орналасқа Көшi-қон ХҚО-да «бiр терезе» қағидаты бойынша қызметтердi алудан бөлек, мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға кедергiсiз және ыңғайлы пайдалану үшiн барлық жағдайларлар жасалған. Ғимараттың кiреберiсi мүгедектерге арналған сырғыма баспалдақпен және қызметкерлердi шақыру түймесiмен жабдықталған. Мемлекеттiк қызметтердi мигранттар күнделiктi (сенбi, жексенбi және мереке күндерiнен басқа) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейiн түскi үзiлiссiз ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының
PR-менеджерi Нургалиев Ерназар
Тел: 8-775-443-91-09

Азаматтарға арналған үкiмет қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын бiрлесiп жақсартуға шақырады

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын бірлесіп жақсартуға шақырады

Қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Краудсорсинг» жобасының iске қосылғандығы туралы хабарлаған болатын. Аталған жоба өзгерiстерге бей-жай емес барлық қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын жақсартуға тартуды көздейдi. Масалы, азаматтар мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша өздерiнiң ұсыныстары мен ескертулерiн қалдыра алады.

Бүгiнгi күнi астаналықтар ең белсендi қолданушылар болып отыр, олар ХҚО-ның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстардың 1/3-нен астамын қалдырған. Екiншi орында оңтүстiк астананың тұрғындары орналасты, олардың үлесiнде 26%. Осы ретте, жоба iске қосылған сәттен бастап 19 қатысушы анықталып, олардан 23 ұсыныс келiп түскендiгiн айта кеткен жөн. Ұсыныстардың көпшiлiгi кейбiр мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бизнес-процестерiн өзгертуге қатысты.

Мемлекеттiк қызмет көрсету саласының барлық бағыттары және мемлекеттiк корпорацияның қызметi бойынша жалпы өз ұсыныстарыңызды енгiзуге болатындығын естерiңiзге саламыз. Сайтқа қалдырылған ұсыныстарды талқылауға, пiкiрлер қалдыруға және лайктар басуға болады. Бұдан өзге, үздiк идеялардың жеңiмпаздары сыйлықтармен көтермеленетiн болады. Жоба бойынша толық ақпаратты www.gov4c.info сайтынан көруге болады.

Iрiктеуден кейiн, ұсынылған бастамалар пысықталып, мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерiнен тұратын комиссия мүшелерi тарапынан iске асырылатын болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Зейнеткерлiкке бiр ғана өтiнiшпен

Зейнеткерлікке бір ғана өтінішпен

2018 жылдың қазан айынан бастап зейнеткерлiк жасқа жеткендер үшiн зейнетақыны рәсiмдеу тәртiбi жеңiлдетiлдi. Ендi зейнеткерлiкке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттiк қызметтер «бiр өтiнiш» принципi бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн болады.

Бұған дейiн зейнеткерлiк жасқа жеткен азамат ХҚО-ға келiп зейнеткерлiк жасқа жетуi және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтiнiш беретiн, әрi бiр айдан кейiн қайтадан мемлекеттiк кепiл төлем жасау туралы өтiнiш жазып, сосын Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдердi төлеу жайлы тағы бiр өтiнiш беретiн. Ендi осы 4 қызмет үшiн ХҚО-ға бiр-ақ рет келiп, бiр ғана өтiнiш тастаса жеткiлiктi.

Композиттiк қызмет құрамына жасына байланысты зейнетақы тағайындау, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерi және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу қызметтерi кiрiп отыр. Бұдан басқа, (инфляцияның деңгейi мен зейнетақы жинақтарының сомасын ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарнасы, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы соммаларының арасындағы айырмасы) мемлекеттiк кепiлдi төлемдердi төлеу проактивтi түрде — адамның мiндеттi қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында мемлекеттiк корпорацияның мамандары зейнеткерлiк жасына жеткендер бойынша 67 374 төлем, сондай-ақ 76 643 базалық зейнетақы мен 51 571 мемлекеттiк кепiлдiк төлемдерiн рәсiмдедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

2018 жылгы 4 тоқсанға шығу кестесі

Ауылдық округтің атауы Жоспарланған шығу күні
Дубровинский а/о
Старомихайловка а.
2018 ж. 11.10.
2018 ж. 17.10.
Новомихайловский а/о
Токаревка а.
2018 ж. 12.10.
2018 ж. 18.10.
Кызыласкерский а/о
Кызыласкер а.
2018 ж. 14.11.
2018 ж. 19.11.
Андреевкий а/о
Бостандык а., Андреевка а.
2018 ж. 15.11.
2018 ж. 20.11.
Новомихайловский а/о
Минкесер а., Бексеит а.
2018 ж. 12.12.
2018 ж. 18.12.
Ленинский а/о
Ленино а.
2018 ж. 13.12.
2018 ж. 19.12.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру жеңiлдетiлдi

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру жеңілдетілді

Egov.kz электрондық порталы арқылы жүргiзушi куәлiгiн алу механизмi жеңiлдей түстi. Ендi азаматтар жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру үшiн онлайн өтiнiм жолдаған кезде екiншi деңгейлi банк арқылы мемлекеттiк бажды төлегенi туралы чектiң мәлiметтерiн енгiзсе жеткiлiктi.

Ол үшiн қызметке онлайн тапсырыс берген кезде төлем қадамында «бұрын төлендi» деген белгi қою керек. Кейiн чек бойынша мына деректердi енгiзу қажет: салық органы, банктiң БСК, төлем күнi, КБК, ТТК және төлем сомасы. Содан кейiн табылған чектi таңдап және ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет.

Бұрын бұл қызметтi портал арқылы алғанда, онлайн өтiнiм жiберген кезде ғана төлеу керек болатын.

Еске сала кетейiк, жүргiзушi куәлiгiн онлайн алу қызметi биыл наурыз айында iске қосылды. Қызметтi алу үшiн қолданушы egov.kz арқылы өтiнiм толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын қою керек. Өтiнiмге фотосурет және қолтаңбаның скан-көшiрмесiн тiркеу қажет. Кейiн дайын хабарлама мен төлем чегi қағазға басып шығарылып, тұрғылықты жерi бойынша мамандандырылған ХҚО-ға ұсынылады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕАҚ Баспасөз қызметi

Мемлекеттiк қызметтердi видеоқоңырау арқылы алуға болады

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы CISCO компаниясымен бiрге мемлекеттiк қызметтердi қашықтықта онлайн тәртiпте ұсыну жобасын жасады. Ендi 20 мемлекеттiк қызметтi видеобайланыс арқылы алуға болады.

Желiлiк технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бiрыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтердi алуға өтiнiм жасауға мүмкiндiк бередi. Осы жоба арқылы бiрқатар ақпараттық анықтамаларға — мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, зейнетақы төлемдерi, тiркелген құқықтар, жылжымайтын мүлiктiң бар-жоғы туралы және тағы басқа да анықтамаларға қол жеткiзуге болады. Сондай-ақ видеоқоңырау арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға өтiнiм берiп, мобильдi азаматтар базасына тiркелуге болады.

Пилоттық жоба Астана қаласында — Сығанақ көшесi, 29 үйде орналасқан «Жилстройбанк» бөлiмiнде, «Қазпошта» цифрлық бөлiмдерiнде, Бейбiтшiлiк көшесi, 25 үйде орналасқан жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Мега парк» сауда үйiнде iске қосылды. Жуырда Мәскеудегi Қазақстан Республикасының елшiлiгiнде және Астана LRT аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.

Қызметтер тiзiмi:

  1. БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат беру;
  2. Тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру;
  3. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң есептерi бойынша мәлiмет беру;
  4. МГОВта тiркелу;
  5. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) туралы анықтама беру;
  6. Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  7. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тiркеу куәлiктерiн беру және керi қайтару (ЭЦҚ растау);
  8. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
  9. Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру;
  10. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  11. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  12. Заңды тұлғаны әрекетсiз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсiз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру;
  13. Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама беру;
  14. Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру;
  15. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру;
  16. Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
  17. Заңды тұлғаларды тiркеу (қайта тiркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама беру;
  18. ЭЦҚ алуға өтiнiм беру.

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi туу туралы куәлiкке телеграм-бот арқылы тапсырыс беруге болады

Енді туу туралы куәлікке телеграм-бот арқылы тапсырыс беруге болады

EgovKzBot телеграмм-боты арқылы ұсынылатын мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi тағы екi қызметке толықты.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ iске қосқан бот арқылы бұған дейiн 13 мемлекеттiк қызмет пен сервис, соның iшiнде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтiк мәртебенi тексеру мен базалық зейнетақы төлемiнiң көлемi туралы ақпарат алу, емханаға тiркелу, дәрiгерге жазылу және дәрiгердi үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезектi брондау қызметтерi қолжетiмдi болған.

Ендi бот арқылы өзiңiзге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы бiлiп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивтi қызметтердi алу мүмкiндiгi туды. Басқаша айтқанда, туу туралы куәлiкке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсiмдеу және сәбидi балабақшаға кезекке қою тiптi жеңiлдей түстi.

Естерiңiзге саламыз, мемлекеттiк қызметтердi телеграм-бот арқылы алу үшiн «Мобильдi азаматтар базасына» тiркелу қажет, яғни eGov.kz порталындағы жеке кабинетте телефон нөмiрiңiздi ЖСН-ге бекiтiп, өз гаджетiңiздегi Telegram мессенджерiнде ботты iске қосу керек.

Сосын алдын-ала белгiленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкiндiгi де қарастырылған.

eGov.kz порталының 2018 жылғы мамырда iске қосылған телеграм-боты арқылы қазақстандықтар шамамен 14 мыңдай мемлекеттiк қызмет алды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» қазақстандықтарды бiрлесiп жұмыс iстеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тiлектерiн қабылдауға мүмкiндiк беретiн «Краудсорсинг» жобасын iске қосты.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтiк желiлер және керi байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлi проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистердi жетiлдiру бойынша көптеген өтiнiш-ұсыныстар түсiп жатыр. Ендi ықылас танытқан әрбiр азаматтың мемлекеттiк қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.

Жобаны енгiзушiлер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистердi жетiлдiру бойынша инновациялық идеяларын күтедi. Мемлекеттiк қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тiлектердiң барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады.

Ұсыныс-тiлектердi мемлекеттiк корпорация қызметкерлерiнен құрылған комиссия сараптамадан өткiзiп, таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.

Ұсыныс қалдыру үшiн https://www.gov4c.info/ сiлтемесi арқылы өтiп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайт қолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пiкiрлер жазып, тiптi бағалай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртiбi жеңiлдетiлдi

ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесiн жеңiлдеттi. Бұл үрдiс «бiр терезе» қағидаты бойынша пилоттық тәртiпте жүзеге асуда.

Ендi ЭЦҚ алу үшiн ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтiнiм берiп, жеке тұлғаны растау үшiн ХҚО-ға барудың қажетi жоқ. Бiрден ХҚО-ға келiп, электрондық кезек талонымен маманға тiкелей жүгiнсе, оператор барлық қажеттi өтiнiмдер мен операцияларды өзi орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетедi.

Қызмет алушы өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуi тиiс.

Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңiлдетiлген үрдiспен қазан айының соңында ала бастайды.

Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офистерi арқылы биылғы жылдың 8 айында 4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

«Онлайн тәртiпте автокөлiктi тiрке және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыр!» акциясы

Петропавл қаласында «Онлайн тәртiпте автокөлiктi тiрке және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыр!» акциясы өтiп жатыр. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемкорпорациясының СҚО бойынша филиалының қызметкерлерi мамандандырылған ХҚО-да, автобазарларда онлайн тәртiпте мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiктерi туралы ақпараттандыру мақсатында кiтапшаларды таратып, түсiндiрме жұмыстарын жүргiзуде.

Осы орайда, азаматтар жүргiзушi куәлiктерiн (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкiмет порталы арқылы ауыстыра алатынын, сондай-ақ автокөлiктi қайта тiркей алатындығын естерiңiзге саламыз. Бұл әдiс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлiгiнен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкiндiк бередi.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн алу оңай әрi жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кiрiп, электрондық өтiнiштi толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлiмге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтiнiш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чектi ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгенi құрайды.

Портал арқылы өтiнiм бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажетi жоқ, себебi қажеттi мәлiметтердiң барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады. Қызметтi онлайн алу үшiн egov.kz порталында авторизациядан өтiп, сатылатын көлiк жайлы ақпаратты енгiзiп, айыппұлдар мен салық төлемдерiн, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейiн автокөлiктi сатып алушы азамат электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi арқылы сатушы қалдырған өтiнiммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейiн нөмiр белгiсiне, көлiк құралын тiркеуге және тiркеу туралы куәлiкке төлем жасай алады. Сатып алушы өзiнiң ЭЦҚ-мен смарт-келiсiмдi растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмiр белгiсiн алып кету үшiн ғана келедi. Сондай-ақ нөмiрдi үйге жеткiзу қызметiне де тапсырыс беруге болады.

Жыл басынан Петропавл қаласында жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру қызметiн 405 адам пайдаланды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан
облысы бойынша филиалының
PR-менеджерi

Жұлдыздардың ХҚО-дағы бiр күнi

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының келушiлерiне бүгiн қазақ эстрадасы мен телевидение жұлдыздары мемлекеттiк қызметтердi көрсеттi. Азаматтарға арналған үкiмет бiр күнге Қыдырәлi Болманды, Құрмаш Маханды, Ғани Жапишевтi, Шахаризат Сейдахметованы, Айжан Нұрмағамбетованы, Марат Омаровты, Мырзахан Махановты және Әзiмбек Байлинды «жұмысқа қабылдады». Шоу-бизнес өкiлдерi электрондық кезек талондарын, ақпараттық анықтамаларды және дайын құжаттарды берiп отырды.

«Жұлдыздың ХҚО-дағы бiр күнi» атты iс-шара бүгiн бiр мезетте Ақмола облысындағы Ақмол ауылында, Алматы облысының Қаскелен қаласындағы фронт-офистерi мен Алматы қаласының Медеу аудандық ХҚО-да және Астана қаласының мамандандырылған ХҚО-да өттi. Қызметалушылар өз кумирлерiнiң қолынан анықтамалар алып қана қоймай, олармен суретке түсу мүмкiндiгiн де жiберiп алмады.

Мысалы, Шахаризат Сейдахметов мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында автокөлiктердiң дайын нөмiрлiк белгiлерi мен техпаспорттарын берiп отырды. «Адамдармен жұмыс iстеу қашанда қиын. Келушiлер әртүрлi. Бiреулер оң көзқараспен келсе, кейбiреулер бiрден негативтi көңiл күйде болады. Бұндай халық легiн игеру үшiн өзiң аздап психолог болуың керек. Ең бастысы әрқашан күлiмдеудi ұмытпаған жөн», — дедi әншi.

Белгiлi тележүргiзушi Ғани Жапишев анықтама секторында тұрып өзiн кеңесшi рөлiнде сынап көрдi. «Мен үшiн бұл бiр жаңа тәжiрибе болды. Кеңесшi болған екi сағат iшiнде мен шынайы стрестiк жағдайда болдым және ХҚО қызметкерi жұмысының қаншалықты ауыр екендiгiн түсiндiм. Мұнда тек бiлiктi маман болып дұрыс кеңес беру аздық етедi екен, себебi келушiлер әртүрлi, олардың түрлi мәселелерi мен түрлi көңiл күйлерi маманннан қарым қатынас жасаудың жоғары бiлiктiлiгiн талап ететiндiгiн» — Ғани атап айтты.

Азаматтарға арналған үкiметтiң 314 фронт-офисiнде 8 818 адам қызмет етедi. Бұл аптасына алты күн сағат 9-дан кешкi 8-ге дейiн талмай еңбек етiп халыққа мемлекеттiк қызметтердi алуға көмектесетiн адамдар. Бүгiнде ХҚО арқылы 600-ден астам мемлекеттiк қызмет алуға болады. Бiр жылда орта есеппен алғанда азаматтар 38 миллионнан астам қызметтi халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады.

Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

Ақпарат
Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзiмi қысқартылды

Премьер-министрдiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмiн қысқарту жайлы шешiм қабылдады.

Ендi үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтiзбелiк күнде емес, 8 жұмыс күнiнен кейiн берiлетiн болады.

Үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжатын беру мерзiмi да 15 күнтiзбелiк күннен 8 жұмыс күнiне дейiн қысқартылды.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тiркеу жұмыстары да ендi 10 жұмыс күнi орнына 5 жұмыс күнi iшiнде орындалатын болады.

Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін келетін азаматтардың саны күрт өскенін хабарлайды.

Осы орайда, азаматтар жүргізуші куәліктерін (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкімет порталы арқылы ауыстыра алатынын естеріңізге саламыз. Бұл әдіс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлігінен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оңай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кіріп, электрондық өтінішті толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлімге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтініш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чекті ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргізуші куәлігінің баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгені құрайды.

Егер ЖК мерзімі өтіп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін биыл жыл басынан бері 1,6 мың адам пайдаланған.

Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметі

Автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады.

Егер азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелеріне бармай-ақ,автокөліктерін электрондық үкімет порталында рәсімдей алады.

«Ведомствоаралық комиссияның аясында біз мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізудеміз. Автокөліктерді тіркеу қызметіне деген сұраныс қарқынды түрде өсіп келе жатқандықтан, біз бұл қызметті электрондық нұсқаға ауыстыру туралы ұсыныс жасадық. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ мамандандырылған ХҚО-дағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, біздің корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша 745 592 қызмет көрсетілді», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Портал арқылы өтінім бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажеті жоқ, себебі қажетті мәліметтердің барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады.

«Бұған дейін көлікті сатушы мен сатып алушы өтінім беру үшін бір уақытта «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне барып, қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс еді. Енді азаматтар өтінімді үйден шықпай-ақ, онлайн тәртіпте жолдай алады. Электрондық үкімет порталы арқылы біз алдағы уақытта тағы да біраз мемелкеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетпекпіз», — дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында авторизациядан өтіп, сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық төлемдерін, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейін автокөлікті сатып алушы азамат электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы сатушы қалдырған өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмір белгісіне, көлік құралын тіркеуге және тіркеу туралы куәлікке төлем жасай алады. Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-мен смарт-келісімді растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмір белгісін алып кету үшін ғана келеді. Сондай-ақ нөмірді үйге жеткізу қызметіне де тапсырыс беруге болады.

Еске сала кетейік, биылғы мамыр айынан бастап ҚР ІІМ автокөлікті тіркеу кезіндегі салыстыруды алып тастаған болатын. Енді есептен шығару немесе көлікті тіркеу кезінде нөмірлік агрегатты тексертудің қажеті жоқ. Мұндай талап тек көлікті алғашқы рет тіркегенде қойылады.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімі өткенге дейін ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерістен өтудің және психиатр, наркологтан анықтама әкелудің қажеті жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте ауыстыруға болады.

Автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметі

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

Электрондық үкімет порталында жеке мәліметтерді бұғаттау функциясы іске қосылды. Бұл жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп енгізді.

«Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз азаматтар өзі туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба жасадық. Басқаша айтқанда, тіпті ХҚО қызметкері де жеке мәліметтерді көре алмайды, операторлар қандай бір жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиіс», — деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.

Бұл жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. Бүгін электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде мәліметтерге қолжетімділікке тыйым салу функциясы іске қосылды. Әрбір портал қолданушысы осы функция арқылы өзінің жеке мәліметтеріне қолжетімділікті қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу функциясын тек жеке кабинет арқылы ғана қосуға болады.

Екінші кезеңге сәйкес, биылғы жылдың соңына дейін жеке мәліметтерге қолжетімділікті жабу функциясын өшіру үшін СМС сервисі іске қосылатын болады. Яғни егер қолжетімділік бұғатталған болса, азаматтың ЖСН-ның жүйеге енгізген кезде ХҚО операторы қолжетімділікті ашу туралы СМС-хабарлама алады. Азаматтың СМС-рұқсатын алған жағдайда ғана фронт-офис жұмысшысы қандай да бір мемлекеттік қызметті көрсете алады.

Айта кету керек, бұл сервисті қолдану үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметі

Биыл тағы да 19 проактивтi қызмет iске қосылады

Биыл жыл соңына дейiн 12 өмiрлiк жағдай бойынша 19 мемлекеттiк қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивтi қызметтер саны арта түседi. Бұл туралы бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлiмдедi. Сондай-ақ ол мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелердi көтердi.

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазақстанда «Электрондық үкiмет» пен мемлекеттiк қызметтердiң дамуы» атты дөңгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан проактивтi қызмет көрсетудiң маңыздылығын атап өттi. «ТМД елдерi бойынша Қазақстан проактивтi қызметтердi алғашқы болып енгiздi. Былтыр бiз бала туу бойынша мемлекеттiк қызметтер кешенiн проактивтi тәсiлмен ұсына бастадық. Азаматтардың қажеттiлiгiн алдын ала болжап, уақыттарын үнемдейтiн аса қолайлы қызметке деген қызығушылық күн сайын артып келедi. Бүгiнгi таңда жаңа босанған 157 мыңға жуық әйелге SMS-ұсыныс жiберiлдi. Жуырда әлеуметтiк мәселелер бойынша тағы да бiрқатар қызметтердi проактивтi нұсқада, яғни SMS-хабарлама арқылы көрсететiн боламыз», — дедi ол.

Атап айтсақ, жүктiлiкке, бала асырап алуға, мүгедектiктi белгiлеуге, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға, қайтыс болуды тiркеуге байланысты мемлекеттiк қызметтер проактивтi тәсiлмен, яғни телефонның SMS-хабарламасы арқылы рәсiмделетiн болады. Сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiктердi төлеу, жылжымайтын мүлiктiң сипаттамасын өзгерту, атқарушылық iс жүргiзудi қозғау жұмыстары және бiлiм беру саласындағы қызметтер кешенi де проактивтi нұсқада ұсынылады.

Сонымен қатар мемлекеттiк корпорация басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы өзектi мәселелерге де тоқталды. «Елiмiзде жаппай цифрландыру үрдiсi жүрiп жатқанына қарамастан, мемқызметтердiң 51 пайызы әлi күнге дейiн қағаз жүзiнде ұсынылады, оның үстiне қазақстандықтар қызметтердi электрондық нұсқада алуға айтарлықтай тiлек танытпай отыр. Сондай-ақ бiр қызметтi алу үшiн басқа бiр қызметке жүгiну қажет және азаматтар 311 қызмет бойынша бiздiң фронт-офистерге бiрнеше рет келуге мәжбүр. Бұл орайда қашықтан қызмет көрсету процесi бойынша әлi де қарапайым және қауiпсiз механизмнiң жоқ екендiгiн айту керек», — деп ой түйдi Абылайхан Оспанов.

Биыл тағы да 19 проактивті қызмет іске қосылады

Биыл тағы да 19 проактивті қызмет іске қосылады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

1 шiлдеден бастап базалық зейнетақы өседi

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қарай базалық төлемдер қайта есептелетiн болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгiленген зейнеткерлiк жасқа толған уақыттан бастап қана тағайындалады. Бұл өзгерiстер зейнеткерлiкке жаңадан және бұрын шыққан тұлғаларды қамтып, 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледi.

Қазiргi таңда Қазақстанда мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi 15 274 (ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54%) теңгенi құрайды. Бұл төлемақының көлемi еңбек өтiлiне қарамастан, барлық зейнеткерлер үшiн бiрдей.

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап мемлекеттiк базалық зейнетақы көлемi зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қарай қайта есептеледi. Есептеу барысында тұлғаның 1998 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi ынтымақты зейнетақы өтiлi мен содан кейiнгi жинақталған өтiлi ескерiледi.

Егер адамның жұмыс өтiлi болмаса немесе 10 жылдан кем болса, базалық зейнетақының мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54% пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әр жылдың жұмыс өтiлi үшiн базалық зейнетақы 2 пайызға өседi. Мысалы, 20 жылдық қатысу өтiлi болса, базалық зейнетақы көлемi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 74 пайызын, 30 жылдық қатысу өтiлi — 94 пайызды құрайды. Егер қатысу өтiлi 33 жыл және одан да артық болса, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызын, яғни 28 284 теңгенi құрайды.

Зейнетақы өтiлiне ынтымақты жүйеде атқарған еңбек өтiлi (1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн), мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдi қамтитын жинақтаушы өтiлi, 3 жасқа дейiнгi бала күтiмi, бала кезiнен мүмкiндiгi шектеулi тұлғаның 16 жасқа дейiнгi күтiмi, әскери қызметтегi, арнайы мемлекеттiк органдағы, дипломатиялық жұмыстағы жұбайымен бiрге тұрған кезең және т.б. кiредi.

Бұл өзгерiстер зейнеткерлiкке жаңадан және бұрын шыққан тұлғаларды қамтып, 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледi. Айта кету керек, мемлекеттiк базалық зейнетақыны қайта есептеу процесi автоматты түрде жүргiзiледi, сондықтан зейнеткерлерге ешқайда жүгiнудiң немесе құжат тапсырудың қажетi жоқ.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

Кәсiпкерлерге қатысты «бiр өтiнiш» қағидаты iске қосылды

Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

Қазақстанда бизнестi www.egov.kz арқылы жылдам әрi оңай ашуға болады. Электрондық үкiмет порталында кәсiпкерлердiң игiлiгi үшiн «Банктiк шот ашуды және қызметкердi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезiнде жазатайым жағдайлардан мiндеттi сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тiркеу» композиттiк қызметi iске қосылды. Ендi жеке iсiн ашқысы келетiн азаматтар үш қызметтi бiрден ала алады: заңды тұлғаны тiркеу, банктiк шот ашу және сақтандыру туралы келiсiм-шарт жасау. Бұл мемлекеттiк қызмет көрсету барысында «бiр өтiнiш» қағидатын қолданудың үлгiсi болып табылады.

Осы уақытқа дейiн азамат заңды тұлғаны тiркегеннен кейiн банктiк шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшiн салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиiс едi. Ал осы бiрнеше қызметтi бiрiктiрген композиттiк қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдiсiн айтарлықтай жеңiлдетедi. Ендi екi күннiң iшiнде (өтiнiш берген күндi есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуге алынғаны туралы куәлiктi, банктiк шот нөмiрiн және қызметкерлердi жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келiсiм-шартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсiлмен тiркеу кезiнде әзiрше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тiзiм тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттiк қызметтi қолдану үшiн құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тiркеуден өтуi тиiс.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қызмет түрлерiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз етедi

Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша жұртшылықпен есептiк кездесу өткiздi.

Астана қаласының Есiл ауданының әкiмдiгiнде мемлекеттiк корпорацияның басшылығы мүмкiндiгi шектеулi жандармен кездесу өткiздi, онда мемлекеттiк корпорация төрағасының орынбасары Асемгуль Балташева мемлекеттiк қызметтi кедергiсiз көрсету арналары туралы баяндады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған мемлекеттiк қызметтерге тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн үйге қызмет көрсетуге барудан бастап, бiз барлық қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшiн жаңа пилоттық жобаларды үнемi енгiзiп отырамыз», — дедi Балташева.

Осылайша, мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiнде пандустар, қоңырау шалу түймелерi, Брайльдегi тактикалық белгiлер және мүгедектерге арналған жеңiлдiк терезелерi, сондай-ақ фронт-офис ғимараттарының алдындағы автотұраққа бөлек орындар белгiлеу сияқты жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, I және II топ мүгедектерi 1414 бiрiңғай байланыс орталықтарына (тегiн қоңырау) өтiнiш беру арқылы мемлекеттiк қызмет түрлерiн үйге шақыртып алуға болады. 2018 жылдың үш айында мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi үйге барып 13 мың қызмет көрсеткен.

Өткен жылдың наурыз айында есту қабiлетiнен айырылған азаматтарға пилоттық режимде «онлайн-сурдоаудармашы» жобасы iске қосылды, бiлiктi ымдау тiлiнiң сарапшысы арнайы резервтiк монитордан нақты уақыттағы аударманы қамтамасыз етедi. Бүгiнгi таңда бұл қызмет түрiн 625 мың есту және сөйлеу қабiлетiнен айырылған азаматтар ала алды.

Сөзiмiзге дәйек болсын, қазiргi уақытта Мемлекеттiк корпорацияның бөлiмшелерiнде мүмкiндiгi шектеулi 475 адам жұмыс iстейдi.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

«Азаматтарға арналған үкiмет
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi мекенжай бойынша онлайн-тiркелуге жиырма минут қана жеткiлiктi

Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

Қазақстанда электрондық үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша онлайн тiркелу рәсiмi өзгердi. Ендi бұл үшiн азаматтарға 20 минут жеткiлiктi. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексiне енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тiркеуге мемлекеттiк баж алынбайды.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұрын электрондық үкiмет порталы арқылы тiркелгенде 10% АЕК көлемiнде мемлекеттiк баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне келiп, жеке куәлiк чипына тiркеу туралы деректер жазбасын енгiзу үшiн көшi-қон қызметкерiне жүгiну қажет едi. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жерi бойынша тiркелу рәсiмi айтарлықтай жеңiлдетiлдi.

Ендi жылжымайтын мүлiк иесi және тiркелетiн азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн, тiркелетiн азамат өтiнiш берiп, меншiк иесi өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиiс.

Өтiнiш берiлгеннен кейiн деректер шамамен 10 минутта өңделедi, содан кейiн тiркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткiзе алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауылдық ХҚО арқылы ауыстыруға болады

Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшiн әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан бөлiмдерiнiң қызметкерлерi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртiпте жұмыс iстей бастады. Олар көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.

ҚР IIМ-нiң әкiмшiлiк полициясының ТЭБ қызметкерлерiн аудандық ХҚО бөлiмдерiнде орналастыру туралы шешiм ҚРПремьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалықететiн ведомствоаралық комиссиядақабылданды. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жанындағы арнайы мониторингтiк тобы ұсынғанжаңа жүйенiңартықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкiметтiң» тағы 21 фронт-офисiнде жүзеге асырылады.

Жаңашылдықтың арқасында автокөлiк иелерi үшiн жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру және көлiктердi тiркеу жұмыстары айтарлықтай жеңiлдейдi. Ендi оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе iшкi iстер органдарына тiкелей жүгiнудiң қажетi жоқ. Ескеретiн жайт, жүргiзушi куәлiгiн алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетiлмейдi.

Осакаров аудандық №1 бөлiмi Осакаров ауылы Пристанционная көшесi, 12 үй мекенжайы бойынша, ал Тайынша аудандық бөлiмi Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi 208 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Еске сала кетсек, 2012 жылдан берi Қазақстанда бiр терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру және көлiктi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстеуде. Бүгiнгi таңда елiмiзде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлiмдерiн ашу жоспарланып отыр.

Анықтама үшiн:

ТЕБ-нiң қызметкерлерi орналасқан «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi:

  1. Ақмола облысы Целиноград ауданының №1 ХҚО бөлiмi;
  2. Ақмола облысы Жарқайын ауданының ХҚО бөлiмi;
  3. Ақмола облысы Есiл ауданының ХҚО бөлiмi;
  4. Ақмола облысы Атбасар ауданының ХҚО бөлiмi;
  5. Ақмола облысы Ақкөл ауданының ХҚО бөлiмi;
  6. Ақмола облысы Степногорск қ. ХҚО бөлiмi;
  7. Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданының ХҚО бөлiмi;
  8. Жамбыл облысы Талас ауданының ХҚО бөлiмi;
  9. Жамбыл облысы Сарысу ауданының ХҚО бөлiмi;
  10. Павлодар облысы Ақсу қ. ХҚО бөлiмi;
  11. Батыс Қазақстан облысы Бурлинский ауданының ХҚО бөлiмi;
  12. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының ХҚО бөлiмi;
  13. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ХҚО бөлiмi;
  14. Атырау облысы Жылыой ауданының ХҚО бөлiмi;
  15. Қызылорда облысы Қазалы ауданының ХҚО бөлiмi;
  16. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ХҚО бөлiмi;
  17. Қызылорда облысы Арал ауданының ХҚО бөлiмi;
  18. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының ХҚО бөлiмi;
  19. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының ХҚО бөiлiмi;
  20. Қызылорда облысы Шиелi ауданының ХҚО бөлiмi;
  21. Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданының ХҚО бөлiмi (ЖК беру қызметi);
  22. Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қ. ХҚО бөлiмi;
  23. Қарағанды облысы Осакаров ауданының №1 ХҚО бөлiмi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Мемлекеттiк бажды онлайн тәртiпте төлеу мүмкiндiктерi кеңейтiлдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «SmartPay» провайдерiмен бiрге пилоттық тәртiпте fastpay.kz онлайн-сервисiн iске қосты. Ендi қолма-қол ақшасыз есептесудi қалайтын азаматтар кең таралған 37 мемлекеттiк қызметтiң ақысын тек қана банк карталары арқылы ғана емес, «WebMoney», «Qiwi» и «WalletOne» электрондық әмияндары арқылы да төлей алады.

Сондай-ақ fastpay.kz онлайн-сервисiнiң көмегiмен көлiк, жер және мүлiк салығын, әкiмшiлiк айыппұлдар мен жол ережесiне қатысты айыппұлдарды төлеуге болады. Алдағы уақытта бұл тiзiм толыға түседi.

Жаңа сервис — мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктi арттырып, халыққа қызмет көрсету саласын цифровизациялауға жасалған кезектi қадам. Ендi осы сервис iске қосылғандықтан, қызмет алушылар кассаға кезекке тұрмай-ақ, интернет желiсi қосылған смартфон немесе басқа да гаджетпен www.fastpay.kz сайтына кiрiп, тиесiлi мемлекеттiк қызметке шұғыл түрде төлем жасай алады. Төлем жасалған соң азаматтың электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi мен электрондық поштасына электрондық чек бекiтiлген хабарлама келiп түседi.

Мемлекеттік бажды онлайн тәртіпте төлеу мүмкіндіктері кеңейтілді

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

2018 жылдың 2 тоқсанына шығу кестесi

Селолық округтардың атауы Жоспарланған шығу күні
Белое
Чистое а.
2018 ж. 12.04
2018 ж. 18.04
Становое
Новоукраинка а.
2018 ж. 13.04
2018 ж. 19.04
Қызыласкер
Кызылакер а.
2018 ж. 14.04
2018 ж. 21.04
Андреев
Бостандык а.
2018 ж. 15.04
2018 ж. 22.04
Новомихайлов
Минкесер а.
2018 ж. 13.06
2018 ж. 18.06
Ленин
Ленино а.
2018 ж. 14.06
2018 ж. 19.06

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыруға болады

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болады

Ендi қазақстандықтар жүргiзушi куәлiгiн электрондық үкiмет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру үшiн электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн электрондық өтiнiштi толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиiс. Өтiнiшпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретiн де жолдап, сондай-ақ мемлекеттiк баж салығын төлеу керек. Айта кетейiк, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.

Қызметтi онлайн тәртiпте рәсiмдегеннен кейiн жеке кабинеттегi «Қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнен толтырылған электрондық өтiнiштi және «Қызметтердi төлеу тарихы» бөлiмiнен мемлекеттiк баж салығын төлеу туралы электрондық чектi басып шығару керек.

Сосын дайын құжатты алып кету үшiн тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруiңiзге болады. Өзiңiзбен бiрге қағазға басып шығарылған өтiнiш пен чектi, ауыстыратын жүргiзушi куәлiгiн, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

«Азаматтарға арналған үкiмет» 
коммерциялық емес акционерлiк қоғамның
баспасөз қызметi

2018 жылғы 16 ақпан

Елiмiзде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Бүгiн Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң қатысуымен кеңейтiлген алқа отырысы өттi.

«Цифрландыру саласында сiздер құзыреттi орталыққа айналу керексiздер. Бұл үшiн сiздерде барлық ресурстар мен мүмкiндiк бар. Мобильдi үкiметтi қалыптастыру үшiн мекемелердiң ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру үрдiсiн қарқынды түрде жүргiзiп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», — дедi А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрi Дәурен Абаев өз кезегiнде министрлiктiң «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан iс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-мiндеттерiмен бөлiстi. «Мемлекет басшысы бiздiң алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кiрiстiк. Бiр жылдың iшiнде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттiк қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгiзiлдi. Ең бастысы биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды», — дедi министр. Сондай-ақ ол «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру барысындағы жұмысы қарқынды түрде жүрiп жатыр. Былтыр 415 мемлекеттiк қызмет сарапқа салынып, оның 206-сын оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Комиссия жұмысының қорытындсы бойынша жүзеге асқан пилоттық жобалардың iшiнде «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi де бар. Бұл жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғалар электрондық үкiмет порталынан ақпараттық анықтамалар ала алады.

Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-мiндеттерi туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда iске қосылған бала туу бойынша проактивтi қызмет желiсiмен де бөлiстi. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттiк қызметтердi телефон арқылы алу ұсынысымен SMS-хабарлама жолданып, оның 17 мыңнан астамы бұл мүмкiндiктi тиiмдi пайдаланған. Проактивтi мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тiптi үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлiк пен тиiстi жәрдемақыларды рәсiмдеуге, сәбидi балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегiмен тұрғылықты жерге тiркеу қызметi де iске қосылады.

«Биыл бiз жылжымайтын мүлiк иесiнiң мәлiметтерiнiң өзгеруiне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк төленуiне, сондай-ақ мүгедектiктi белгiлеу мен атқарушылық iс жүргiзудi қозғауға қатысты мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысын да проактивтi тәсiлге көшiремiз», — дедi А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейiн арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазiргi таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.

Еске сала кетейiк, 2017 жылы мемлекеттiк корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттiк қызмет көрсетiп, оның 63 пайызын электрондық нұсқада ұсынды.

Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 647 920
e-mail: pressa_nao@goscorp.kz

14.02.2018 ж.

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисi iске қосылды

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiметтiң» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлiмдедi. Ендi азаматтар мемлекеттiк органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және жылжымайтын мүлiктiң болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзiнде апаруға мiндеттi емес.

ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң тапсырмасымен электрондық үкiмет порталында «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi iске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкiндiк бередi. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берiлдi. Бұл орайда бiз сауалнама жүргiзiп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен бiлiм беру мекемелерiне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесiнде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға ағылады. Егер «Paper free» сервисi енгiзiлсе, оқу орындары электрондық үкiмет порталынан қажеттi құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бiр реттiк рұқсат бергенiн растап, фронт-офиске бару мiндетiнен құтылады.

Бұл сервистi қолдану үшiн мобильдi азаматтар базасына тiркелу қажет. «Анықтамасыз қызмет» механизiмiне сәйкес мүдделi тұлға электрондық үкiмет порталында авторизациядан өтуi тиiс. Сосын «Үшiншi тұлғалардың анықтама алуы сервисi» бөлiмiн таңдап, қай азамат туралы мәлiмет алғысы келедi соның жеке сәйкестендiру нөмiрiн жазуы тиiс. Егер азамат мобильдi азаматтар базасында тiркелген болса, мүдделi тұлға анықтама түрiн таңдап, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшiншi тұлғаға мәлiмет беру/бермеу жөнiнде шешiм қабылдауды сұрайды. Азамат екi сағаттың iшiнде жауап беруi тиiс.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында iске қосылған «Paper free» нәтижесiнде қағаз жүзiндегi анықтамалар саны 24 миллионға дейiн кемiп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушiлердiң қатары да азаяды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

13.02.2018 ж.

Алкоголь өнiмдерiнiң саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезектi отырысында Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң құзырындағы мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейiн кәсiпкерлер үшiн алкогольдiк өнiмдердi сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi.

Қазiр кәсiпкерлер алкоголь саудасына төрт құжат жинаса, болашақта тек қана электрондық үкiмет порталында мәлiметтер формасын ғана толтырып, мемлекеттiк баж салығын төлеп, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қоюы жеткiлiктi. Ал өзге де қажеттi мәлiметтердi мемлекеттiк орган автоматты түрде тиiстi ақпараттық жүйелерден алады.

Сондай-ақ рұқсатқа қол жеткiзу мерзiмi он бес жұмыс күнiнен бiр күнге дейiн қысқарады. Ал этил спиртi мен темекi өнiмдерiн шығару лицензиясын алу мерзiмi он бес күннен он жұмыс күнiне дейiн шегерiледi.

Еске сала кетейiк, Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда алкоголдiк өнiмдердi сақтау және жекелеп сату лицензиясының құны 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда — 70 АЕК, ауылдық елдi-мекендерде — 30 АЕК, сондай-ақ, көтермелеп сату және сақтау лицензиясы 200 АЕК құрайды. Рұқсатты қайта рәсiмдеу — лицензия берiлгендегi төлемнiң 10%, көшiрмесiн жасату — 100% құрайды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Қазақстандық автожүргiзушiлер жаңа мүмкiндiкке ие болды

Биыл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Iшкi iстер министрлiгiмен бiрге автокөлiк иелерiне жаңа мүмкiндiк ұсына бастады. Ендi көлiкке әдемi нөмiр алғанда, сандарды ғана емес әрiптердi де таңдауға болады.

15 қаңтардан бастап iске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргiзушiлер мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерi арқылы симметриялық нөмiр белгiлерiн таңдай алады. Бұл үшiн азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) өтiнiмдерiн рәсiмдеп, мемлекеттiк алымды төлеулерi тиiс.

2014 жылдан бастап автокөлiк иелерi ел арасында «айна нөмiр» деп аталатын симметриялық нөмiрлердi сатып алу мүмкiндiгiне қол жеткiзген едi. Ендi азаматтар ақылы түрде сандар мен әрiптердi өз қалауынша қиыстырып ала алады. Мысалы, тiлек бiлдiрушiлер 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмiрлерге 5 700% АЕК көлемiнде төлейдi, ал осындай таңдаулы сандарға қоса әрiптердiң де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны — 11 400% АЕК.2017 жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмiр сатылған.

Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмiрлiк белгiсi базада болмаса, онда қажеттi мемлекеттiк алымды төлеп, мамандандырылған ХҚКО арқылы тапсырыс беруге болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Петропавл қ. Мамандандырылған бөлiмнiң мекен-жайы: Нефтепроводная к-сi, 7Б, тел.: 50-49-08, 50-49-09.

Қазақстандық автожүргiзушiлер жаңа мүмкiндiкке ие болды

Қазақстандық автожүргiзушiлер жаңа мүмкiндiкке ие болды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» төрағасы бiрiншi «проактивтi» балаға туу туралы куәлiк табыс еттi

Мемлекеттiк қызметтердi проактивтi принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесi Айымға туу туралы куәлiгiн мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс еттi.

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттiк қызметтердi проактивтi тәсiлмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Ендi ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiнiң арқасында жаңа туған нәрестенi тiркеу бойынша өтiнiш автоматты түрде келетiн болады.

Пилоттық жоба iске қосылғаннан берi SMS-хабарлама арқылы 1208 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердi проактивтi принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкiмет порталы барлық мәлiметтердi түрлi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен жинап, ал өзге деректердi SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмiрiн жiберiп, жәрдемақыларды рәсiмдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлiгiн алып кету үшiн ғана келу керек немесе үйге жеткiзу қызметiн пайдалануға болады.

Көп ұзамай әлеуметтiк қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де проактивтi принциппен ұсынылатын болады. Еске сала кетейiк, мемлекеттiк қызметтерге проактивтi тәсiлмен қол жеткiзу үшiн азаматтар жеке сәйкестендiру нөмiрiн порталдағы жеке кабинетiнде көрсетiлген телефон нөмiрiне бекiтуi тиiс.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

«Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi

Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

Бүгiн Астанада ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев және миграциялық қызмет комитетiнiң төрағасы Мұрат Қабденов, Астана қаласы IIД басшысы Марат Қожаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ресми ашылу салтанаты өттi.

Көшi-қон қызметтерiн көрсету орталығында шетелдiк азаматтарға мемлекеттiк қызметтер көрсетiледi. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап пилоттық тәртiпте iске қосылған миграциялық ХҚКО-да құжаттарды қабылдау және тiркеу қызметтерiн «Азаматтарға арналған үкiметтiң» мамандары көрсетедi. Нәтижесiнде, көшi-қонға байланысты мемлекеттiк қызметтер де «бiр терезе» принципi бойынша бекiтiлген стандартқа сай ұсынылатын болады.

Иманов көшесiнде, 31 орналасқан Миграциялық ХҚКО сағат таңғы 9.00-ден кешкi 18.30-ға дейiн үзiлiссiз жұмыс iстейдi. Бұл жерде медициналық тексерiс пен дактилоскопиядан өтiп, сақтандыру полисiн рәсiмдеуге және жеке сәйкестендiру нөмiрiн алуға болады. Бұған дейiн шетелдiктер Астанада жұмыс iстеуге рұқсат алу үшiн бес күн жүрсе, ендi рұқсатты бiр сағаттың iшiнде рәсiмдей алады.

Айта кетсек, 2017 жылы Қазақстанда «Еңбекшi көшiп келушiге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттiк қызметiн 446 мыңнан астам шетелдiк азамат пайдаланған.

Астанадағы цифрлық ХҚКО да былтырғы жылдың желтоқсанынан бастап тестiлiк тәртiпте жұмыс iстеуде. Digital ХҚКО-да мемлекеттiк қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылып, бұл процеске операторлар қатыспайды. Барлық компьютерде орнатылған зияткерлiк көмекшiлер мемлекеттiк қызметтi өз бетiнше алып жатқан азаматтар үшiн айти-кеңесшi рөлiн атқарады. Мемлекеттiк қызметтердi ұсынудың жаңа нұсқасы болып табылатын цифрлық ХҚКО-да азаматтар өз бетiнше қоғамдық қолжетiмдiлiк орындары, «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторлары және арнайы стенд-павильондарындағы планшеттер арқылы электрондық өтiнiштер бередi.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 20 желтоқсанында халықтың цифрлық сауатын ашу мақсатында тегiн оқу сыныбы ашылды. Оқу аптаның әр күнiнде бекiтiлген тақырыптар бойынша сағат 9:00-ден 20:00 аралығында жүргiзiледi. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқу сыныбында фронт-офис мамандары азаматтарға www.egov.kz электрондық үкiмет порталын пайдалану жолдарын түсiндiрiп, мемлекеттiк қызметтерге өз бетiнше қол жеткiзуге үйретедi. Бiр сағатты құрайтын сауат ашу курсына кез-келген адам қатыса алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Бүгiн қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттiк қызметке проактивтi тәсiлмен қол жеткiздi

Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бiрге бала туған ата-аналарға көрсетiлетiн қызметтердiң проактивтi әдiсi бойынша пилоттық жобаны iске қосты.

Ендi ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiнiң арқасында жаңа туған азаматты тiркеу бойынша өтiнiш автоматты түрде келетiн болады. Бала өмiрге келiсiмен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтi алу ұсынысы жасалады.

Электрондық үкiмет порталы барлық мәлiметтердi түрлi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен жинап, ал өзге деректердi SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

«Қазiргi таңда бала туғаннан кейiн ата-аналар баланы тiркеу, куәлiк алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиiс. Бүгiннен бастап проактивтi қағидаттың iске қосылуына байланысты ендi фронт-офистерге барудың, тiптi электрондық үкiмет порталына жүгiнудiң де қажетi жоқ. Барлық қажеттi қызметтердi ол SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бiрақ SMS-хабарлама алу үшiн азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерiнiң телефон нөмiрлерiн порталдағы жеке кабинеттерiнде бекiтуi тиiс», — дедi «Азаматтарға арналған үкiметтiң» Қоғаммен байланыс департаментiнiң директоры Мұрат Жұманбай.

Баланы тiркеу, жәрдемақынырәсiмдеужәнебалабақшағакезеккеқоюқызметтерiн ХҚКО-дан да алуғаболады. «Бала туу» композиттiкқызметiпроактивтi тәсiлмен ұсынылады. Яғни телефон арқылышотнөмiрiнжiберiп, жәрдемақыларды да рәсiмдеугежәнебалабақшағакезеккеқоюғаболады. Ал халыққаызметкөрсетуорталығынабаланыңкуәлiгiналып кету үшiнғанакелукерекнемесеүйгежеткiзуқызметiнпайдалануғаболады.

Еске сала кетейiк, «Азаматтарғаарналғанүкiмет» мемлекеттiкқызметкөретудiпроактивтi тәсiлге көшiруүрдiсiн ҚР Премьер-министрiБақытжанСағынтаевтыңтапсыруменқолғаалғанболатын.

Бүгін қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттік қызметке проактивті тәсілмен қол жеткізді

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкiметтiң» басқарма төрағасын марапаттады

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнi «Жемқорлыққа қарсы бiрiншi медиа-форум» қоғамдық бiрлестiгi қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттiк органдар, сондай-ақ БАҚ өкiлдерiн «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудыңVрәсiмiн өткiздi.

«Саяси жiгерлiгi үшiн» номинациясы бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласын жетiлдiрiп, сапасын көтергенi және керi байланысты қамтамасыз еткенi үшiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның төрағасы Абылайхан Оспанов марапатталды.

А.Оспановтың айтуынша, бұл — марапат күн сайын мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында тер төгiп жүрген 22 мыңға жуық қызметкердiң еңбегi, сондықтан саланы дамытып, сапасын көтеруде ұжымның рөлi зор.

«Мемлекеттiк корпорациясын құру — Елбасымыздың Ұлттық жоспарында көсреткен нақты қадамдардың бiрi. Және бұл марапат мемлекеттiк қызмет көрсетудi ашық және барынша қолжетiмдi ету жолында «Азаматтарға арналған үкiмет» дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейдi», — дедi Оспанов.

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасын марапаттады

24.11.2017

Кең таралған 10 мемлекеттiк қызмет

Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет

Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi мен бэк-офистерi арқылы барлық мемлекеттiк қызметтердiң 83% көрсетiледi. Олардың қайсысы жоғары сұранысқа ие?

Бiрiншi орында мекенжай анықтамасын беру қызметi (2017 жылғы 10 ай iшiнде 14 534 750 анықтама берiлдi). Негiзiнен, мұндай анықтамаларды жұмысқа орналасу және оқу орындарына ұсыну үшiн алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тiркеу куәлiгiн беру және қайтару бойынша 4 009 557 қызмет көрсетiлдi (электрондық-цифрлық қолтаңба).

Үшiншi орында жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру қызметi тұр. 10 ай iшiнде 2 528 944 қызмет көрсетiлген.

Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама да жиi сұратылады. Мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерi арқылы мұндай анықтама 2 422 347 азаматқа берiлдi.

Осы он ай iшiнде мемлекеттiк корпорация 1 714 465 рет бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат беру қызметiн көрсеттi.

Жыл басынан берi сотталғандығы болуы не болмауы туралы 1 309 485 анықтама берiлдi. Бұл анықтама азаматтарға жұмысқа орналасу үшiн керек.

Биыл 10 ай iшiнде Қазақстан Республикасының азаматтары 1 302 778төлқұжат пен жеке куәлiк алды. Көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi бойынша көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу — 1 218 658.

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу қызметiне қазақстандықтар 1 113 348 рет жүгiнген.

Биыл 10 ай iшiнде азаматтарға 314 155жүргiзушi куәлiгi берiлген.

Осылайша, ең кең тараған қызмет түрi — түрлi анықтамаларды беру. 2016 жылы 37 млн. астам мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның 24 млн. электрондық анықтамалар. Сондықтан мемлекеттiк корпорация бiрқатар мемлекеттiк органдармен бiрге «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офисiне келушiлердiң санын шегеруге мүмкiндiк беретiн Paperfree жобасын iске қоспақ.

Мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға анықтама беру сервисiн жүзеге асыру бұл қызмет түрiн көрсетудi 21,5 млн. қысқартар едi. Азаматтар SMS-хабарлама арқылы рұқсатын растап, үшiншi тұлғалардың сұратуы бойынша жеке мәлiметтерiн бере алады. Мысалы, сервис енгiзiлгеннен кейiн, оқу орны электрондық портал арқылы қажеттi құжатты сұратады, ал қызмет алушы (бұл жағдайда ата-ана) SMS-хабарлама арқылы бiр рет электрондық анықтама балуға өзiнiң рұқсатын бередi. Осылайша, жаңа оқу жылы қарсаңында анықтама алу үшiн 3 млн оқушының ата-анасы ХҚКО-ға бармайды.

Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет

Азаматтарға арналған үкiметте ХҚКО қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша кеңес өткiзiлдi

Азаматтарға арналған үкiметте ХҚКО қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша кеңес өткiзiлдi

2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетiлдiру мәселелерi бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесi өттi.

БАҚ қатысқан iс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетудегi өзектi мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейiн брифинг өтiп, сұрақтар қойылды.

Жұмыс кеңесi кезiнде мемкорпорацияның жоспары туралы да айтылды. Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiмен бiрiгiп жасалған сервиске сәйкес, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкiмет» арқылы анықтама беру қызметiн iске қосу жоспарлануда. Бұл қызмет түрi ХҚКО қызметкерлерiнiң қатысуысыз өтедi. Азамат жеке мәлiметтерiн беру-бермеу жөнiнде шешiмдi өзi қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап бередi.

Мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға, соның iшiнде екiншi деңгейлi банктерге анықтама беру сервисiн жүзеге асырсақ, электронды анықтама берудi 21,5 млн. қысқартуға мүмкiндiк бередi. Мысалы, қазiр жәрдемақы тағайындаған кезде банк шотының нөмiрi туралы анықтаманы әкелу қажет. Интеграцияның арқасында қызмет алушыға бұл анықтаманың қажетi болмайды.

Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын iске асыру аясында қызметтердi көрсетудiң проактивтi түрiне өту бойынша мемкорпорация мемлекеттiк органдармен бiрге қыруар жұмыстар атқаруда. Болашақта ақпараттық жүйелердегi мәлiметтер автоматты түрде өзгеретiн болады.

Кеңестен кейiн қатысушылар жаңартылған ахуал орталығымен танысты. Орталық қайта жасақталғаннан кейiн мемлекеттiк қызметтердi ұсыну сапасын бақылау деңгейi өстi. Құралдар мен техникалар жаңартылып, қызметкерлерге жайлы жұмыс орны қамтамасыз етiлдi. «Азаматтарға арналған үкiметтiң» ахуал орталығы қызметкерлерi халыққа қызмет көрсету орталықтарын үнемi бейнебақылау арқылы қадағалайды. Бүгiнгi таңда ахуал орталығына халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлық фронт-офистерi қосылған.

«Азаматтарға арналған
үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының Баспасөз қызметi 

ТМД елдерiнiң өкiлдерi Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша тәжiрибесiн игеруге келдi

ТМД елдерiнiң өкiлдерi Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша тәжiрибесiн игеруге келдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Астанадағы мемлекеттiк қызмет саласындағы Өңiрлiк хабпенбiрге ұйымдастырған «Қазақстанның мемлекеттiк қызметтi дамыту саласындағы тәжiрибесi. Инновациялық тәсiлдер: сын-тегеурiндер мен шешiмдер» атты халықаралық конференция барысында басқа елдерден келген қатысушылар Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы тәжiрибесiмен танысып, инновациялық жобаларды мемлекеттiк басқару секторына енгiзу мүмкiндiктерiн талқылады.

Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрiнiң орынбасары Қайрат Балықбаев, Астанадағы мемлекеттiк қызмет саласындағы Өңiрлiк хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов, Сингапурдағы мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiндегi БҰҰ «Даму» бағдарламасы ғаламдық орталығының директоры Макс Эверест Филлипс және т.б. сөз сөйледi.

Спикерлердiң айтуынша, қазiр Қазақстан UNDESA электрондық үкiметтi дамыту индексi аясында 27-шi орында, яғни бұл үкiметтiң халыққа мемлекеттiк қызметтердi ұсыну тәртiбiн жеңiлдетуге бағытталған белсендi жұмысының көрсеткiшi.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметтер бiрнеше тәсiл бойынша көрсетiледi: электрондық үкiмет порталы арқылы (700-ден астам қызметтер мен сервистер), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (548 мемқызмет), Mgov мобильдi қосымша (80-нен астам қызмет пен сервистер). Айта кетейiк, халықаралық үкiметтiк саммитте Mgov мобильдiк үкiметтiң үздiк қосымшасы боп танылды. Мемкорпорацияға келсек, қазiр 723 мемлекеттiк қызметтiң 548-i «Азаматтарға арналған үкiметтiң 349 фронт-офистерi арқылы ұсынылады. Және бұл көрсеткiш жылдан-жылға ұлғайып келедi (2011 жылы ХҚКО арқылы 51 мемқызмет ұсынылған). Қазiр қызметтер толық циклмен көрсетiлгендiктен, сұратылатын құжаттар мөлшерi азайды. Ал қызметтер электронды түрге көшiрiлгендiктен, Мемлекеттiк корпорацияға келушiлер саны қысқарды.

ХҚКО-ның сапасын көтерген басты ерекшелiк — түрлi органдардың құжаттарын «бiр терезе» қағидаты бойынша дайындап беру. Мысалы, Әзiрбайжан, Малайзия, Сингапур және тағы басқа елдердетүрлi органдардың құжат дайындаушы өкiлдерi бiр ғимаратта болғанымен, бөлек бұрыштарда қызмет көрсетедi. Ал қазақстандықтар түрлi органның құжаттарын алу үшiн әр бұрышқа барып кезек тұрмайды, «бiр терезе» арқылы ХҚКО-ның кез-келген қызметкерiнен ала алады.

Конференцияға қатысушы елдердiң өкiлдерi Қазақстанның тәжiрибесiн зерттеу реформалар өткiзу кезiндегi ақпараттық-сараптамалық жұмыстың базасын күшейтуге септiгiн тигiзетiнiне, сонымен қатар мемқызметтердi көрсету саласында тәжiрибе алмасу барысында тиiмдi диалог орнататынына сенiмдi.

Анықтама:

Iс-шара Тәжiрибешiлдер альянсының ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) институттарының тиiмдi платформасы негiзiндегi «тең теңiмен» принципi бойынша жасалған серияларының жалғасы болды. Альянсты 2016 жылдың сәуiрiнде Астаналық хаб iске қосты. Нәтижесiнде Қазақстан, Әзiрбайжан, Грузияда мемқызметтердi «бiр терезе» принципi арқылы көрсету саласында үш зерттеу жасалды. 2017 жылдың мамыр айында Сингапурда өткен мемқызметтердi көрсетудi жетiлдiру бойынша ғаламдық семинарда осы үш елдiң тәжiрибесi ұсынылды. Бұл ғаламдық семинарды ұйымдастыруға Қазақстан өкiлдiгi мен Аймақтық хаб ат салысқан едi.

ТМД елдерiнiң өкiлдерi Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша тәжiрибесiн игеруге келдi

2017 жылдың 4 тоқсанына шығу кестесi

Селолық округтардың атауы Жоспарланған шығу күні
Белое 
Чистое а.
2017 ж. 11.10
2017 ж. 18.10
Становое 
Новоукраинка а.
2017 ж. 12.10 
2017 ж. 19.10
Қызыласкер 
Кызылакер а.
2017 ж. 13.11 
2017 ж. 17.11
Андреев 
Бостандык а.
2017 ж. 14.11 
2017 ж. 20.11
Новомихайлов 
Новомихайловка а.
2017 ж. 13.12 
2017 ж. 19.12
Ленин 
Ленино а.
2017 ж. 14.12 
2017 ж. 20.12

Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлiктi 3 сағат iшiнде алуға болады

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу, баланың туылуын тiркеу, қайтыс болуды тiркеу, неке бұзуды тiркеу (ерлi-зайыптылықты) секiлдi қызметтердi ендi 3 сағат iшiнде алуға болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен бiрлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естерiңiзге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi тек Астананың тұрғындары ғана №1 Есiл аудандық бөлiмнен ала алатын. Ендi пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Жеделдетiлген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтердi ресiмдеуге болатын ХҚКО-ның толық тiзiмiн https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-ku-likti-3-sa-at-ishinde-alu-a-bolady/ алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәнi — «Е-ХҚКО» бiрыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушiден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткiзу.

«Азаматтардың жеделдетiлген режимде АХАТ қызметтерiн алуы үшiн, Астана қаласы бойынша бiз Астана қ. №1 ХҚКО бөлiмiнде АХАТ қызметкерлерi үшiн жұмыс орындарын, ал өңiрлерде — «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерiнiң ХҚКО бөлiмдерiмен бiр ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Ендi олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер енгiзу функцияларын сол жерде орындайтын болады», — дейдi Оспанов.

Ол пилотты iске қосқан сәттен бастап жеделдетiлген режимде 462 мемлекеттiк қызмет берiлгенiн де айтып өттi, оның iшiнде 428 — туу туралы куәлiк, 17 — қайтыс болуды тiркеу, 17 — соттың шешiмi негiзiнде некенi бұзу.

Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тiркеу — бiр жұмыс күнi iшiнде, бала тууды тiркеу және 2008 жылдан кейiн тiркелген, заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде некенi бұзуды тiркеу — 2 жұмыс күнiнде жүзеге асырылған.

Сағат 17.00-ден кейiн берiлген өтiнiштер бойынша көрсетiлген қызметтердiң нәтижесi келесi күнi сағ. 12.00-ге дейiн берiлетiнiн айта кеткен жөн.

Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтердi алуға болатын фронт-офистердiң толық тiзiмi:

Алматы қ.

1. Бостандық аудандық №1 бөлiмi — Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сi, 9А

2. Жетiсу аудандық №1 бөлiмi, Құлагер ш/а, Серiков к-сi, 6А

Ақмола облысы

3. Сандықтау аудандық бөлiмi — Балкашино а., Абылайхан к-сi,119 А.

4. Зерендi аудандық бөлiмi — Зерендi а., Бейбiтшiлiк к-сi, 52

Алматы облысы

5. Ақсу аудандық бөлiмi — Жансүгiров к., Қабанбай батыр к-сi, 20.

6. Алакөл аудандық бөлiмi — Үшарал қ., 8 наурыз к-сi, 63.

7. Балқаш аудандық бөлiмi — Бақанас а., Бижанов к-сi, 25А.

8. Қапшағай қалалық бөлiмi — Қапшағай қ. 1 ш/а., 41

9. Еңбекшi аудандық бөлiмi — Есiк қ., Абай к-сi, 314 А

10. Есiл аудандық бөлiм i — Қарабұлақ к., Шестаков к-сi, 17

11. Iле аудандық бөлiмi — Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсiздiкке 10 жыл к-сi, 23

12. Қаратал аудандық бөлiмi — Үштөбе қ., Абылай хан к-сi, 22

13. Кербұлақ аудандық бөлiмi — Сарыөзек к., Момышұлы к-сi, 1В

14. Панфилов аудандық бөлiмi — Жаркент қ., Головацкий к-сi, 51Б

15. Райымбек аудандық бөлiмi — Кеген а., Момышұлы к-сi, н/з

16. Сарқан аудандық бөлiмi — Сарқан қ., Жамбл к-сi, 44

17. Талғар аудандық бөлiмi — Талғар қ., Лермонтов ксi, 53А

18. Талғар ауданы Текелi қ. бөлiмi секторы — Текелi қ., Тәуелсiздiк к-сi, 9

19. Ұйғыр аудандық бөлiмi — Чунджа а., Қасымбеков к-сi, 35

Атырау облысы

20. Мақат аудандық бөлiмi — Мақат к., С. Мукашев к-сi, 36

Шығыс Қазақстан облысы

21.Өскемен қ. № 3 бөлiмi — Белинский к-сi, 37А

22. Абай аудандық бөлiмi — Қарауыл а., Құнанбай к-сi, 12

23. Бородулиха аудандық бөлiмi — Бородулиха а., Молодежная к-сi, 25

24. Зырян аудандық бөлiмi — Зырян қ. Стахановская к-сi, 39

25. Курчатов қ. бөлiмi — Тәуелсiздiк к-сi, 4

Батыс Қазақстан облысы

26. Бөкейорда аудандық бөлiмi — Сайхин к. Бергалиев к-сi, 1

27. Сырым аудандық бөлiмi — Жымпиты к. Қазақстан к-сi, 11/2

Қарағанды облысы

28. Қарағанды қ. № 2 бөлiмi — Чкалов к-сi, 7

29. Қарағанды қ. № 4 бөлiмi — Архитектура көш., 8

30. Балқаш қ. бөлiмi — Бөкейхан к-сi, 20А

31. Қаражал қ. бөлiмi — Ленин к-сi, 18

32. Қарқаралы аудандық бөлiмi — Қарқаралы қ., Аубакиров к-сi, 21

33. Нұра аудандық бөлiмi — Киевка к., Сүлейменов к-сi, 2

34. Осакаров аудандық №1 бөлiмi — Осақаров к., Пристанционная к-сi,12

35. Саран қ. бөлiмi — Жамбыл к-сi, 85/3

36. Шахтинск қ. №1 бөлiмi  — Абай даңғ., 65Б

Қызылорда облысы

37. Қызылорда қ. №1 бөлiмi — Ғ. Мұратбаев к-сi, 2Е

Маңғыстау облысы

38.Отдел Мунайлинского района — с. Мангистау, 24 квартал, строение 10/3

Павлодар облысы

39. Ертiс аудандық бөлiмi — Ертiс а. И. Байзақов к-сi, 14

40. Качир аудандық бөлiмi — Тереңкөл а., Тургенев к-сi, 85А

41. Павлодар аудандық бөлiмi — Павлодар қ., Толстой к-сi, 10

42. Успен аудандық бөлiмi — Успен а., Тәуелсiздiкке 10 жыл к-сi, 30

43. Лебяжi аудандық бөлiмi — Аққу а., Ташимов к-сi, 114

44. Павлодар қ. №2 бөлiмi — Исиналиев к-сi, 24

45. Ақсу қ. бөлiмi — Ленин к-сi, 10

Солтүстiк Қазақстан облысы

46. Петропавл қ. №2 бөлiмi — Қазақстан Конституциясы к-сi, 72

Пресс-служба некоммерческого
акционерного общества
«Правительство для граждан»

2017 жылдың 3 тоқсанына шығу кестесi

Селолық округтардың атауы Жоспарланған шығу күні
Белое
Чистое а.
2017 ж. 12.07
2017 ж. 17.07
Становое
Новоукраинка а.
2017 ж. 13.07
2017 ж. 18.07
Қызыласкер
Степное а.
2017 ж. 10.08
2017 ж. 17.08
Андреев
Андреевка а.
2017 ж. 11.08
2017 ж. 18.08
Новомихайлов
Токаревка а.
2017 ж. 12.09
2017 ж. 19.09
Ленин
Ленино а.
2017 ж. 13.09
2017 ж. 20.09

2017 жылдың 2 тоқсанына шығу кестесi

Селолық округтардың атауы Жоспарланған шығу күні
Дубровин 
Михайловка а.
2017 ж. 12.04
2017 ж. 18.04
Белое 
Чистое а.
2017 ж. 13.04 
2017 ж. 19.04
Қызыласкер 
Раздольное а.
2017 ж. 12.05 
2017 ж. 19.05
Андреев 
Бостандык а.
2017 ж. 15.05 
2017 ж. 22.05
Новомихайлов 
Минкесер а.
2017 ж. 14.06 
2017 ж. 20.06
Ленин  
Ленино а.
2017 ж. 15.06 
2017 ж. 21.06

2017 жылдың 1 тоқсанына шығу кестесi

Селолық округтардың атауы Жоспарланған шығу күні
Дубровин 
Новодубровное а.
2017 ж. 13.01
2017 ж. 19.01
Белое 
Чистое а.
2017 ж. 16.01 
2017 ж. 20.01
Қызыласкер 
Кызыласкер а.
2017 ж. 10.02 
2017 ж. 16.02
Андреев 
Андреевка а.
2017 ж. 13.02 
2017 ж. 17.02
Новомихайлов 
Новомихайловка а.
2017 ж. 13.03 
2017 ж. 17.03
Ленин  
Ленино а.
2017 ж. 14.03 
2017 ж. 20.03

2016 жылдың 4 тоқсанына шығу кестесi

Селолық округтардың атауы Жоспарланған шығу күні
Дубровин 
Михайловка а.
2016 ж. 13.10
2016 ж. 20.10
Леденев 
Новоандреевка а.
2016 ж. 14.10 
2016 ж. 21.10
Қызыласкер 
Кызыласкер а.
2016 ж. 10.11 
2016 ж. 17.11
Андреев 
Бостандык а.
2016 ж. 11.11 
2016 ж. 18.11
Новомихайлов 
Токарёвка а.
2016 ж. 12.12 
2016 ж. 20.12
Ленин 
Ленино а.
2016 ж. 13.12 
2016 ж. 21.12

2016 жылдың 3 тоқсанына шығу кестесi

Селолық округтардың атауы Жоспарланған шығу күні
Дубровин
Михайловка а.
2016 ж. 12.07
2016 ж. 19.07
Леденев
Новоандреевка а.
2016 ж. 13.07
2016 ж. 20.07
Қызыласкер
Степное а.
2016 ж. 10.08
2016 ж. 17.08
Андреев
Владимировка а.
2016 ж. 11.08
2016 ж. 18.08
Новомихайлов
Минкесер а.
2016 ж. 12.09
2016 ж. 19.09
Ленин
Октябрь а.
2016 ж. 14.09
2016 ж. 21.09

15.11.2016

Астанада жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi талқылануда

Астанада «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi» атты халықаралақ конференциясы басталды. ҚР Ауыл шаруашылық министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiрлесiп ұйымдастырған iс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсiпорындардың және Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердiң ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлiгi, ҚР Әдiлет министрлiгi, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде» ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкiлдерi қатысуда. Конференция нәтижесiнде қатысушылар ынтымақтастық жөнiндегi меморандумға қол қоймақ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжiрибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүлiктiң бiрiңғай мемлекеттiк кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады.

«Бұл шара бiз үшiн — тек қана бiрегей диологтар алаңы емес, сонымен бiрге Қазақстан Республикасында Бiрiңғай кадастрлық есеп жүйесiн құру механизмi мен шешiм қабылдауда бiрыңғай түсiнiстiкке келу мүмкiндiгi болып табылады» — дедi Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында бiз жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай мемлекеттiк кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгiзген болатынбыз. Бiрыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi, жылжымайтын мүлiктi ресiмдеу барысында әкiмшiлiк кедергiлердi азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды есепке алу және тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтiң ашықтығын қамтамасыз етедi».

Бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорацияда жер телiмдерiнiң, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ — қабаттары, инженерлiк коммунакациялармен, жол-көшелiк желiлер және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай кадастрының мүмкiндiктерi жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделi құрылыстар мен құрылыстарды үйлестiрудi орындаған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық  есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық  есебінің өзекті мәселелері талқылануда

10.11.2016

Семинар

2016 жылы 31қазанда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы –«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департамаентiнiң Мамлют аудандық бөлiмi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша тiлдi дамыту бөлiмiмен «Қазақ мақал мәтелдерi» тақырыбына арналған бiрлескен семинар өткiзiлдi.

Қазақ халқында мақал-мәтелдер саны өте көп. Олардың тақырыптары алуан түрлi және өмiрлiк мағынасы бар: өмiрге келу мен өмiрден қайту, байлық пен кедейшiлдiк, достық пен дұшпандылық, елiне деген махаббат, отбасылық байлық, адамдардың қарым- қатынасы, адамдардың табиғатқа деген қарым қатынасы, еңбек, балаларды тәрбиелеу және де көптеген тақырыптарда. Қазақтарда тiл байлығы әрқашанда ерекше бағаланатын. Әжесi мен анасы баларды бала кезден қиын емес өлеңдер, әндер үйреткен.Балалар мен қыздар өсе келе адемi ән салып немесе өлең шумақтарын оқып қана қоймай, суырып салмалық шебер болған, қарсыласына жедел түрде тапқырлықпен ұйқастырылған өлең шығаруға қабiлеттiлер айтыс сайысын ұйымдастырған. Қазақ мақал-мәтелдерiнiң қыска, қарапайым және де оңай ұйқасымдылығы сол уақыттарда халық арасында танымал болды. Қазақ мақал-мәтелдер халықтың даналығы, олардың тәжiрибесi, тарихы мен мұраттарын көрсетедi.

Нақыл сөздердiң мағынасын түсiну оңай болғанымен сөзбе сөз аудару мүмкiн емес, қалай болғанымен оның түсiнгi метафора турiнде құралуы мүмкiн және қазақ тiлiнен мысалы, орыс тiлiне сөзбе сөз аудару күлкiлi көрiнедi. Кейде мақал-мәтелдердiң мағынасын дұрыс түсiну үшiн қазақ халқының белгiлi бiр салт-дәстүрлерiн түсiну қажет, себебi , адамның бүкiл өмiр жолын, өмiрлiк құндылықтарын қалыптастырады. Халықтың ойлау қабiлетiн мақал-мәтелдерi арқылы түсiнуге болады, белгiлi тарихи сәттерiн тануға, халықтың рухына енуге болады, егер осылай айтуға рұқсат етiлсе. Қазақ мақал-мәтелдерiнiң туындау көзi авторлары, әдетте белгiсiз, олардың аттары уақыт өте келе жасырын болды, бiрақ, әрине, олардың өте ақылды адамдар болғаны сөзсiз, халықтың тапқыры, қаншама ғасырлардан өтiп өзiнiң өзектiлiгiн жоғалтпай жоқ.

Қазақ халқында еңбек жоғары бағаланатын. Балалар бала кезден бастап үлкендердiң жұмысына қарап және кейiрек оларға көмектесе бастады, ал үлкейген кезден бастап толығымен еңбек етуге кiрiстi. Әжелерi мен аналары қыздарын қолөнерге үйреттi: тiгу, жүннен киiз тоқуға, тамақ әзiрлеуге, үй шаруасын және балаларды күтуге. Балаларды бес жасынан бастап әкелерi мен аталары тәрбиеледi. Оларға шаруашылығының құпиясын, мал шаруашылығы, былғары, металл өңдеу, ағаштан, тастан және сүйектен ою жасауды үйреттi. Өйткенi, бала өз «Шаңырағының» иесi болды. Сондықтан, қазақ мақал-мәтелдерi даму негiздерiнiң бiрi ретiнде еңбекке арналған.

Жаманға жан жуымас, Жалқауға мал жуымас. Дурня люди сторонятся, лодыря и скотина обходит.
Саудың асын ішіп, Аурудың ісін істейді. Ест как здоровый, работает как больной.
Аз жұмысты қиынсыңсаң, Көп жұмысқатап боларсың. Будешь выбирать легкую работу, трудная достанется.
Ер тынысы – еңбек, Ез тынысы – ермек. Для джигита работа – отдых, для лентяя гулянье – отдых.

Қазақ халқының ерекшелiгi туған жерiне, әсiресе отанына деген ыстық сезiмii болып табылады. Бұл тақырыпқа арналған көптеген өлеңдер мен әндер бар, өз ұлы даласын мадақтап, тауларын, туған жерiн, алғашқы бесiк жырын естiген жерiн, балалық шағы өткен жерiн, отбасының тұратын жерiн өз тамырын еске түсiру қаншалықты маңызды. Қазақ мақал-мәтелдерi отанына деген адалдық, елiне жақсылық, әрбiр адамға жақсылық жасау парызы, отанына деген махаббаты тақырыбына арналды.

Ер туған жеріне, ит тойған жеріне Человека тянет туда, где он родился, собаку тянет туда, где она наелась.
Гүл өз жерiнде ғана – гүл, адам өз отанында ғана – адам Цветок лишь на своей поляне – цветок, человек лишь на родине – человек
Өзіңнің ғажайып Отаныңды ұмытпа, өз туған жеріңе ешқашан соқпай өтпе Свою Родину прекрасную никогда не забывай, места, где ты родился, никогда не обходи.

Семинар

Мемлекеттiк корпорацияда қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жоба iске қосылды

Ендi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркеу үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына бiр рет барсаңыз жеткiлiктi. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ХҚКО-ға кемiнде үш рет баруы қажет болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, деректердiң өзгерiстерiн тiркеуге 2 фактi — қайта өлшеу кезiнде анықталған алаңның өзгерiсi және жылжымайтын мүлiк объектiсiн қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiсi негiз болуы мүмкiн.

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесiнде алаң көлемi өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендiру деректерiнiң өзгерiстерiмен тiркелген техникалық паспортты және құқық белгiлейтiн құжатты (жекешелендiру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.

Жылжымайтын мүлiк қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркетуi қажет. Ол үшiн алдымен өзгерiстердi заңдастыру үшiн сәулет органдарына жүгiну қажет, нәтижесiнде ол пайдалануға қабылдау актiсiн алады. Бiрақ, Құмарғалиевтiң айтуынша, ендi барлық құжаттар топтамасын мемлекеттiк корпорация қызметкерi жинап бере алады. Ол сенiмхат негiзiнде өз бетiнше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның iшiнде пайдалануға арналған қабылдау актiсiн де ресiмдейдi. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.

Құжаттар топтамасын жинақтау қызметiн мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi ақылы негiзде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл сервис мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшiн ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргiзу жағдайларын жеңiлдетуге арналған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында Бiрыңғай гербарий қоры құрылды

Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясындағы Бiрыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердiң маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екiншi болып табылады. Оған Қазақстанның өсiмдiктер әлемiнiң 100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрi және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсiмдiк жабынының доминанттары, бағалы жемдiк, улы, арамшөп, дәрiлiк, сирек және жойылып бара жатқан өсiмдiктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсiмдiктерiнiң гербарийлерi жеке топтастырылған.

Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, Қазақстанда жерге орналастыру жүйесiнде геоботаникалық зерттеулер және геобатаникалық карталар жасау өткен ғасырдың 50 жылдарынан берi жоспарлы жүргiзiлуде, ол Қазақстанның өсiмдiктер әлемiндегi мұрасын сақтауға мүмкiндiк бередi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құрылымына негiзiне гербарий кiретiн геоботаникалық картаны құрумен айналысатын жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы кiргендiктен, бiз гербарий қорын жаңарту жұмысын әрдайым жүргiзiп отырамыз. Қазiргi кезде алқапқа шығу алдында геоботаник мамандар гербарий бойынша оқу курстарынан өтiп, өсiмдiк түрлерiмен танысады, оларды жүйелейдi, ал барып келген соң оның қорытындысы бойынша гербарийдi жаңа өсiмдiк түрлерiмен толықтырады», — дедi Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол, БГҚ құрудың мақсаты өсiмдiктер морфологиясын, олардың георафиялық, экологиялық және жекеше өзгермелiлiгiн зерттеу; кез-келген аумақтағы өсiмдiк әлемiнiң құрамын құжаттандыру, сондай-ақ өсiмдiктердiң жеке түрлерiн (аймақтарға) тарату; белгiлi бiр кезеңде өсiмдiктiң өзгеруi жайлы толық мәлiметтер жинау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияда Энглер жүйесi бойынша сандық гербарий құрылып, қораптарда орналасқан өсiмдiктердi тез табу үшiн каталог жасалған. Жақын уақытта гербарийдi облыстар бойынша цифрландыру жүргiзiлетiн болады және жемдiк, бал-шырынды, дәрiлiк және сол сияқты шаруашылық маңызы бойынша өсiмдiктер iрiктелiп алынады.

Бiрыңғай гербарий қорындағы өсiмдiктердiң толық флористикалық тiзiмiн құру үшiн Астана қаласы мен Қарағанды облысынан гербарийлер жеткiзiлген және аллдағы уақытта солтүстiк аймақтағы өсiмдiктер түрлерiмен толықтырылатын болады. Келешекте Бiрыңғай гербарий қорының ақпараттық-копмьютерлiк деректер базасын құру жоспарлануда.

Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының гербарийлерiн магистранттар, докторанттар, биологиялық, ауыл шаруашылығы және географиялық мамандықтардың ғылыми қызметкерлерi жаңа жиналған өсiмдiк даналарын нақтылау және анықтау, жекелеген аймақтардың флорасын құру және тақырыптық көрме жүргiзу үшiн қолдануда.

Қазан айында мемлекеттiк корпорацияның бiрiңғай гербарий қорын құру «Мәңгiлiк мұра» жобасы шеңберiнде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздгiнiң 25 жылдығы құрметiне өтiп жатқанын атап айтамыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру үшiн «Азаматтарға арналған үкiметте» бiрқатар iс-шаралар өттi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне төзбеушiлiк атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру» — дәл осы тақырыпта мемлекеттiк корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерiнiң жұмыскерлерi үшiн бiрқатар iс-шаралар өткiзiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» Тәуекелдердi басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң қолдауымен өткiзiлген iс-шараларға ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Анар Жайылғанова, «Нұр Отан» партиясы «Бiрлiк» филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментiнiң басшысы Тiлеген Каскин қатысты.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» Тәуекелдердi басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң директоры Бауыржан Талдықбаевтың айтуынша, мұндай iс-шаралардың негiзгi мақсаты — сыбайлас жемқорлық фактiлерiнiң алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн нығайту.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкіметте» бірқатар іс-шаралар өтті«Бүгiнде әрқайсымыздың алдымызда халықтың құқықтық сауаттылық деңгейiн арттыру, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет — гүлденген мемлекет» идеологиясын алға тарту, мемлекеттiк корпорацияның барлық қызметкерлерi арасында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен және ұйымдармен бiрлесiп, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдiк» төзушiлiк атмосферасын құру мәселесi тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу — баршаның және әр азаматтың мiндетi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершiлiгi тек қана мемлекетке емес, әрбiр жеке азаматқа жүктелетiнiн есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бiрлiгi және өзара сенiмдiлiгi ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкiндiк бередi», — дейдi Талдықбаев.

Бауыржан Талдықбаев атап көрсеткендей, мұндай iс-шаралар «Нұр Отан» партиясының, құқық қорғау органдарының, үкiметтiк емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекеттiк корпорацияның барлық аумақтық департаменттерiнде жүйелi түрде өткiзiлетiн болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда өз тәжiрибелерiмен бөлiстi

Бурятияда «Ресей мен Еуразия елдерiнiң зейнетақы реформалары: проблемалар мен шешiмдер» тақырыбында конференция өттi. Қазақстанды «Азаматтарға арналған үкiмет» КЕ АҚ, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ және «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бiлдiрдi. Бiздiң елiмiз үшiн басқа елдердiң халыққа қызмет көрсетудегi тәжiрибелерiн зерттеу мүмкiндiгi ерекше назарда болды.

Қатысушылардың баяндамаларынан байқалғандай, көптеген республикаларда зейнетақымен қамтамасыз етудiң ортақ жүйесi әрекет етедi, ал жинақтаушы компонент — тек даму сатысында ғана. Қатысушы елдердiң күрделi экономикалық жағдайларын ескерсек, зейнетақы төлеудiң барабарлығын қамтамасыз етуде проблемалар туындайды.

Форумда Бурятия Республикасы электронды мемлекеттiк қызметтердi енгiзу бойынша РФ зейнетақы қоры арасында алдыңғы қатарда тұрғаны атап көрсетiлдi. Басқа өңiрлер үлгi ретiнде Бурятия Зейнетақы қорының орталықтандырылған зейнетақы төлеудi тағайындау тәжiрибесiн алып, қазiр оны зерделеуде.

Сонымен қатар, Бурятияда ұжымның қолайлы микроклиматын жасауға бағытталған iс-шаралар белсендi түрде жүргiзiлуде. Мәселен, кәсiподақ қаражаты есебiнен (жарналар жалақының 2%-ын құрайды әрбiр өңiрде психологиялық жеңiлдену бөлмесi, тренажер залы, би, йога залы ұйымдастырылған. Жыл сайын ұжымның кадрлық-психологиялық аудитi жүргiзiледi. Жұмысқа қабылдағанда психологтың кеңесi мiндеттi түрде қажет. Сондай-ақ қызметкерлер, зейнеткерлер арасында спартакиадалар ұйымдастырылады. Мұндай тәжiрибе көптеген қазақстандық компанияларға пайдалы болуы мүмкiн.

Қазақстан Рспубликасында мемлекеттiк қызет көрсетудiң бiрыңғай провайдерiнiң тәжiрибесiмен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының атынан мемлекеттiк корпорацияның Стратегиялық жоспарлау және даму департаментiнiң директоры Әлия Оспанова бөлiстi. Ол ағымдағы жылғы сәуiрде көп сұралатын мемлекеттiк қызметтердi бiрiктiрген және құрамына төрт мемлекеттiк кәсiпорынды: халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлiк орталығы, зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық және жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы кiретiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы құрылғанын айтты. Сондай-ақ мемлекеттiк корпорацияға елiмiздiң аумақтық ерекшелiктерiн ескере отырып, мысалы халыққа, оның iшiнде шалғай елдi мекендердiң тұрғындарына мемлекетiк қызмет көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету бойынша Елбасы қойған мiндеттердi орындау шеңберiнде, мемлекеттiк корпорацияда жұмыс iстейтiн, халыққа мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн 70 Мобильдi халыққа қызмет көрсету орталықтары секiлдi әртүрлi ноу-хаулармен бөлiстi. «Ауылдарға бару кезiнде тұрғындар тек мемлекеттiк қызметтердi алып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтiк көмек, жұмыспен қамту және жаңа мамандандықтарға оқыту мәселелерi бойынша кеңестер алады», — деп атап көрсеттi Әлия Оспанова. Қазақстаннның шалғайдағы елде мекендердiң тұрғындарына мобильдi ХҚКО құру арқылы мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәжiрибесi форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Конференцияда мемлекеттiк корпорацияның Қазақстанда Мемлекеттiк корпорацияны құру тәжiрибесiн енгiзу және тәжiрибе алмасу бойынша ақпараттық-консультативтiк пен әдiстемелiк қолдау көрсету аясында барлық елдермен өзара тиiмдi ынтымақтастыққа дайын екендiгi атап көрсетiлдi.

Форумды ұйымдастырушы Халықаралық зейнетақы және әлеуметтiк қорлар қауымдастығы (ХЗӘҚҚ) болды. Оның құрамына ТМД 10 елiнiң және Грузияның мекемелерi кiрдi. Форумда Ресейдiң, Белорусьтiң, Бурятияның, Молдованың, Тәжiкстанның, Грузияның, Қырғызстанның, Монғолияның және Өзбекстанның делегациялары қатысты. Сондай-ақ «Газфонд» мемлекеттiк емес зейнетақы қорының, «Еңбек министрлiгiнiң еңбек және әлеуметтiк сақтандыру ҒЗИ» ФМБМ, «Зейнетақы журналының редакциясы» ЖШҚ, «РотаК» ЖШҚ, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ, «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және Халықаралық зейнетақы және Халықаралық зейнетақы және әлеуметтiк қорлар қауымдастығының өкiлдерi қатысты.

Анықтама: «Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекет Басшының тапсырмасы бойынша құрылды. «ХҚКО», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» — төрт РМК-нi бiрiктiрген ұйым мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерi болып 2016 жылғы 11 сәуiрде жұмысын бастады.

Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда  өз тәжірибелерімен бөлісті

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi

Өткен демалыста Қазақстанның барлық аумағында Аналар күнiн атап өттi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпрациясының жұмыскерлерi де бұл бейресми, бiрақ жанға жылы мейрамды тойлаудан шет қалмады және Астана қаласының №1 перинаталдық орталығына шығып, жас аналарға кеңес бердi.

Перзентханадағы кездесу барысында мемлекеттiк корпорация фронт-офистерiнiң инспекторлары жас аналарға «Мемлекеттiк корпорация» фронт-офистерi арқылы ұсынылатын жүктiлiк пен босану, бала тууы және басқа да қызметтер бойынша әлеуметтiк төлемдердi рәсiмдеу бойынша түсiндiрмелер бердi.

«Бiз перинаталдық орталықтың емделушiлерiне бала тууына жәрдемақыны бiр ғана өтiнiш арқылы рәсiмдеуге болатынын айтып бердiк» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы директорының орынбасары Серiкхан Сабыржанов. «Ол үшiн электрондық цифрлық қолтаңбасы мен электрондық үкiмет порталына қолжетiмдiлiк болса жеткiлiктi. Композиттiк қызмет ата-аналарға бала тууға бiр жолғы жәрдемақыны тағайындау және бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға бiр уақытта өтiнiш беруге мүмкiндiк бередi».

Бұдан басқа, әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығының инспекторлары Қазақстанда әйелдер үшiн жүктiлiк демалысы төлемдерiн рәсiмдеу процедурасы жеңiлдетiлгендiгiн — ендi жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтаманы ұсынудың қажетi жоқ екендiгiн айтып бердi. Ендi жүктiлiк демалысы төлемдерiн тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде көрсетiлген нақты аударымдар бойынша жүзеге асырылады.

Айтпақшы, қазақстандықтар 1411 — тегiн қызмет көрсету нөмiрi арқылы жәрдемақыны және зейнетақыны есептеу бойынша кез-келген сұрақтарын қойып, кеңес ала алады.

Сондай-ақ, Сабыржановтың айтуынша, республикалық бюджеттен жәрдемақы мен әлеуметтiк сақтандыру мемлекеттiк қорынан әлеуметтiк төлемдердi алушылар қалауы бойынша жәрдемақына аудару үшiн арнайы ағымдағы шот ашуларына болады. Бұндай арнайы шотқа түскен ақшалай қаражатты банктiң несие бойынша кешiктiрiлген қарызын өтеу үшiн арқылы ұстауына жатпайды.

Мемлекеттiк корпорация арқылы жыл басынан бастап барлығы 122 мыңнан астам жүктiлiк демалысы төлемдерi, 288 мың бала тууына бiржолғы төлем және 166 мың бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындалған.

Айта кетерлiгi, аталмыш акция Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеуге орайластырып, тек Астана қаласының перзентханасында ғана емес, сондай-ақ Павлодар, Орал, Атырау және басқа да қалаларда өттi. Мемлекеттiк корпорацияда мерейтойлық датаға арналған бұл алғашқы iс-шара емес. Жұмыскерлер мен олардың балалары «Мектепке жол», мемлекеттiк тiлдi бiлу конкурсына, спартакиадаға және балалар суреттерiнiң конкурсына қатысқан болатын.

 «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыскерлері перинаталдық орталыққа шығып, кеңес берді «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыскерлері перинаталдық орталыққа шығып, кеңес берді

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

Баланың туылуы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жаңа пилоттық жобаны iске қосты, бұл жоба шеңберiнде баланың туылуын тiркеудi, бала туу мен оның күтiмiне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктiлiкке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтiк төлемдердi ресiмдеудi, сондай-ақ баланы балабақша кезегiне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композиттi қызмет көрсету барлық 4 қызметке бiр уақытта перзентханада өтiнiш қабылдауды бiлдiредi.

«Естерiңiзге сала кетейiк, осы жылдың наурыз айында Әдiлет министрлiгi баланың туылуын тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тiркеуге өтiнiштi 3 жұмыс күнi iшiнде берулерi тиiс деген өзгерiстер енгiзген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн осы және оған iлеспе қызметтердi композиттiк түрде көрсету мүмкiндiктерiн қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмiрiн жеңiлдетiп, уақыттарын үнемдейдi» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтiң айтуынша, композит «Баланың туылуын тiркеу, оның iшiнде азаматтық ахуал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, түзетулер мен толықтырулар енгiзу», «Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтiк тәуекелдер жағдайларына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiн) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жiберу үшiн кезекке қою» қызметтерiне қатысты болып табылады.

Дайын болған туу туралы куәлiктi ата-аналар, құжат тапсырған күндi есептемегенде, 2 жұмыс күнi iшiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттiң ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түседi. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегiн egov.kz электронды үкiмет порталынан немесе мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiндегi «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулерiне болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтер көрсетiлген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлiк беру болып табылады.

Баланың туылуы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiметте» бiрыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгiзiлдi

«Азаматтарға арналған үкiметте» бiрыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгiзiлдi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында лауазымдардың бiрыңғай тiзiлiмi жасалып, еңбекақы төлеу жүйесi теңдестiрiлген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды бiрiздендiруге және оңтайландыруға мүмкiндiк бердi.

Бұған дейiн, 2016 жылғы сәуiрде құрылған мемлекеттiк корпорацияның құрамына кiрген «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК-де, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК-де, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК-де және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де еңбекақы төлеудiң бөлек-бөлек жүйесi және лауазымдар тiзбесi болған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» Басқармасы төрағасының орынбасары Диханбай Әбеновтiң айтуынша, құрылымды қайта ұйымдастыру қолданыстағы еңбекақы төлеу қоры шеңберiнде жүргiзiлген. «Төрт мекеме бiрiктiрiлгеннен кейiн бiз құрылымдық бөлiмшелер құрамына және әрбiр бағыт аясындағы қызметтiң бөлiнуiне талдау жасадық. Жалақы деңгейiнiң тек кәсiпорындардың өзiнде ғана емес, басқа өңiрлерде де айырмасы болды», — дедi Әбенов.

Сондай-ақ, бiрiздендiру аясында басшылық құрамның саны 53%-ға оңтайландырылды. Мұнда бiрде бiр қызметкер жұмыстан босатылған жоқ. Мемлекеттiк корпорацияның барлық қызметкерлерiне олардың мамандықтарына, кәсiбi мен бiлiктiлiгiне сәйкес жаңа лауазымдар ұсынылды.

Диханбай Әбенов: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құру мемлекеттiк қызметтердiң басым бөлiгiн бiрыңғай құрылымға бiрiктiрiп қана қойған жоқ. Құрылымдық бөлiмшелердiң басшылық әкiмшiлiк штатын оңтайландыру бiзге мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты құрайтын бюрократиялық кедергiден арылуға мүмкiндiк бердi. Атап айтқанда, мемлекеттiк қызмет көрсетуде үлкен жүктемесi болатын қарапайым инспекторлардың жалақысын арттыруға оңтайландырылғаннан кейiн босатылған қаржы бағытталады. Бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтпай ақ корпорацияның қарапайым қызметкерлерiнiң жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бередi» — деп түсiндiре отырып, қатардағы қызметкерлердiң айлықақысының көтерiлуi 20%-ды құрайтындығын атап өттi.

Сондай-ақ еңбекақы төлеу жөнiндегi жаңа ережеде қосымша еңбекақы төлеу қоры қарастырылған, мұнда жеке жұмыс нәтижесi, жүктемесi, сондай-ақ жұмыс өтiлi ескерiле отырып, ынталандырушы қосымша ақылар мен әртүрлi үстемеақылар болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Қазақстандықтар үшiн мүгедектiгi бойынша төлемдердi алу рәсiмi жеңiлдетiлдi

Қазақстандықтар үшiн мүгедектiгi бойынша төлемдердi алу рәсiмi жеңiлдетiлдiЖаңа композиттiк қызмет мүгедектiктi белгiлеу мен жәрдемақы тағайындау рәсiмiн айтарлықтай жеңiлдеттi. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бiрлесiп атқаратын жұмысы қазақстандықтар үшiн мемлекеттiк жәрдемақыларды алуды жеңiлдетуге бағытталған.

«Бұған дейiн мүгедектiктi белгiлеу үшiн жүгiнген адам алдымен медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмшесiне баратын. Осы рәсiмнен кейiн ғана әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау үшiн ЗТМО-ға жүгiнетiн едi,» — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серiкқан Сабыржанов. «Ендi медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмшесiне келу жеткiлiктi, мұнда мүгедектiк белгiленгеннен кейiн азамат үш мемлекеттiк қызметке: мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға (МӘЖ), республикалық бюджеттен төленетiн мүгедектiгi бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыға (АМЖ), сондай-ақ «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-дан еңбек ету қабiлетiнен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтiк төлемге бiр өтiнiш бере алады. Өтiнiштегi банктiк шоты көрсетiле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа жiберiледi», — деп атап өттi Сабыржанов.

Әдiлет министрлiгiнiң ақпараттық жүйесi және мүгедектердiң орталықтандырылған деректер қорын интеграциялау нәтижесiнде өтiнiштi қабылдау кезiнде қағаз құжат айналымы толықтай жойылды, ал жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтердi, тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi электрондық үкiмет шлюзi арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттiк деректер қорының ақпараттық жүйесiнен алады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан берiлетiн төлемдер әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларына ғана тиесiлi екендiгiн естен шығармау керек.

Осылайша, жылдың басынан берi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуға 16 989 өтiнiш және республикалық бюджеттен төленетiн мүгедектiгi бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыға 17 590 өтiнiш қабылданған, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-нан еңбек ету қабiлеттiнен айрылу жағдайы бойынша 7 689 әлеуметтiк төлем тағайындалды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының Баспасөз қызметi

Бала тууына берiлетiн жәрдемақыны бiр ғана өтiнiшпен рәсiмдеуге болады

Бала тууына берiлетiн жәрдемақыны бiр ғана өтiнiшпен рәсiмдеуге боладыБала өмiрге келген сәттен бастап ата-анасының бiрi бiржолғы жәрдемақы алуға және бiр жасқа толғанға дейiнгi бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемдерге қақысы бар. Ендi бұл жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерiнде электрондық үкiмет порталы арқылы бiр ғана өтiнiш берiп ресiмдеуге болады.

«Азаматтарға арналған» мемлекеттiк корпорациясының филиалы — ЗТМО директорының орынбасары Серiкхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз өзiне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жәрдемақыларға өтiнiш беруге болады. Электрондық үкiмет порталы арқылы берiлген өтiнiш жәрдемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа автоматты түрде жiберiледi. Бұрын бұл қызметтi алу үшiн азаматтар аталмыш жәрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттiк органдарға өзi баруы қажет болатын.

Айтпақшы, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемдердi өз бетiнше формула арқылы есептеуге де болады. Ай сайынғы төлем көлемi соңғы 24 айдағы орташа айлық кiрiстi 0,4 — кiрiстi алмастыру коэффициентiне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екi жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңгенi құраса, онда ай сайынғы төлем көлемi 24 мың теңгенi құрайды. Ал жұмыссыз аналарға төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi бiрiншi бала үшiн 5,76 АЕК, екiншi бала үшiн 6,81 АЕК, үшiншi бала үшiн 7,85 АЕК және төртiншi бала үшiн 8,90 АЕК-тi құрайды. 2016 жылы бiржолғы жәрдемақы көлемi бiрiншi, екiншi және үшiншi балалар үшiн 31,41 АЕК және төртiншi бала үшiн 52,35 АЕК-тi құрайды.

Жыл басынан берi мемлекеттiк корпорация арқылы 116 мың бала тууына берiлетiн жәрдемақы және бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемақы тағайындалған, оның iшiндегi 656 жәрдемақы мен әлеуметтiк төлемдер электрондық портал арқылы тағайындалған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды

Астанада «Қазақстан бала көзiмен» тақырыбында Астана күнiне арналған балалар суреттерi конкурсының жеңiмпаздарын марапаттау салтанаты өттi. Конкурс «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы қызметкерлерiнiң балалары арасында өткiзiлдi. ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаева мен ҚР Ақпаратжәне коммуникациялар министрi Дәурен Абаев конкурстың жеңiмпаздарына марапат қағаздары мен сыйлықтарды ұсынды.

Салтанатты марапаттау кезiнде Дариға Назарбаева осындай дарынды балаларды тәрбиелегендерi үшiн олардың ата-аналарына алғыс айтып, мерекелiк iс-шараға қатысушылардың барлығын Астана күнiмен құттықтады.

Ең үздiк суретшiлер үш санат бойынша таңдалды: 7 жасқа дейiнгi балалар, 7 жас пен 11 жас аралығындағы және 11 жас пен 15 жас аралығындағы балалар.  Бiрiншi, екiншi және үшiншi орындардың сыйлықтары Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ СҚО және ОҚО еншiсiнде кеттi. Ал балалар суреттерi конкурсының гран-приi Ақмола облысынан келген 5 жасар Диас Карамкасов пен 8 жасар Даяна Идрисоваға және қарағандылық 12 жасар Анель Имишоваға бұйырды.

«Конкурсанттардың жалпы санынан жеңiмпаздарды анықтау өте қиын болды. Қатысушылар сурет салудың кез-келген техникасы — гуашпен, акварельмен, қарындашпен, фломастермен салынған суреттердi ұсынған. Барлық жұмыстар ашық бояулы және қызықты болды. Бiздiң конкурстың мақсаты — балаларды Отанына деген сүйiспеншiлiк пен патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Астана күнi құрметiне балаларға мерекелiк демалыс ұйымдастырылды. Балалар алғашқы Президенттiң мұражайында, ҚР ұлттық мұражайында, мұхитаралда, джунглиде, «Атамекен» этно-мемориалды кешенiнде болып, «Байтерек» монументi алаңынан астанамыздың орталығына шолу жасады.

Еске салсақ, мемлекеттiк корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК — 4 кәсiпорынды қайта құра отырып, жұмысыносы жылдың 11 сәуiрiнен бастаған болатын. Бүгiнгi таңда корпорация Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам қызметкердiң басын бiрiктiрдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы көрсететiн қызметтердi үйде отырып ала алады

1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» көрсететiн қызметтердi мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жұмысын бастағалы берi мобильдiк топтар 3 670 мүмкiндiгi шектеулi жандарға барып, 5 761 қызмет көрсеттi. Олардың iшiнде жылжымайтын мүлiк пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорация 1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандардың үйiне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжiрибесiн жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдiк топты шақыру үшiн Бiрiңғай байланыс орталығының 1414 нөмiрiне телефон шалулары керек. Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi оған 72 сағат iшiнде барады.

Жалпы, мемлекеттiк корпорация мүмкiндiгi шектеулi жандарға мемлекеттiк қызмет көрсетуге көп көңiл бөлiп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшiн пандустар, шақыру нүктелерi орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында әр түрлi қызметтерде 360 мүмкiндiгi шектеулi жандар жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-нiң қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз. Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi

Ашық үкiмет

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнiң дамыған 30 елдердiң қатарына кiру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшiн 100 нақты қадамдарды белгiлеген. Солардың iшiндегi соңғы 10 қадам «Есеп беруге мiндеттi үкiметтi қалыптастыру» реформасын iске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, 94-шi қадамда Ашық үкiметтi жүзеге асыру мiндеттерi белгiленген.

«Ашық үкiметтiң» мақсаты — ашық және халық алдында есеп беруге мiндеттi мемлекеттi құру, азаматтардың мемлекеттiк басқару саласындағы құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қолдану болып табылады.

Ашық үкiмет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтiк құқықтық актiлер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау. Бес порталдың iшiнен төрт портал қазiргi кезде жұмыс iстеуде, ал мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау порталы келесi жылдан бастап жұмысын бастайды.

Ашық үкiмет

ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiметте» фронт-офистердi жаңғырту жүрiп жатыр

«Азаматтарға арналған үкiметте» фронт-офистердi жаңғырту жүрiп жатыр«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн фронт-офистердi жаңғырту жұмыстары жүрiп жатыр. Әрбiр кеңседе корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң бiрiңғай ақпараттық базасы, кедергiсiз қызмет көрсету, электрондық кезек енгiзiлдi, сондай-ақ нақты жұмыс режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн бақылауға болатын ахуалдық орталық енгiзiлдi. Бөлiмдердiң көпшiлiгi сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiнгi жұмыс кестесiне көштi.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорацияда жаңғырту жұмыстарының екi кезеңi аяқталып, нәтижесiнде аудандық және ауылдық маңыздағы елдi мекендер 120 бiрiңғай фронт-офистермен қамтамасыз етiлдi. Ендi азаматтар мемлекеттiк корпорация көрсететiн барлық қызмет түрлерiн бiр жерден ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтiң айтуынша, оңтайландыру жақын орналасқан фронт-офистердi бiрiктiру есебiнен жүргiзiлуде. «Офистердi оңтайландыру азаматтардың қызметтердi бiр жерден алуына мүмкiндiк бередi, сондай-ақ ғимаратты күтiп-ұстау және жалға алу шығындарын едәуiр азайтады. Бұл ретте мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi жұмыс жүктемесiне қарай фронт-офистерге орналастырылады», — дейдi ол.

Офистердi жаңғыртумен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету уақыты мен құжаттар топтамасын қысқарту бойынша мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмыстары жалғасуда.

Естерiңiзге салсақ, жаңа құрылым 530 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi, ал жақында мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия мемлекеттiк корпорацияға беру үшiн тағы 53 қызмет түрiн белгiледi. Осылайша, жақын арада азаматтар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi арқылы 583 қызмет түрiн алатын болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздi

Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздiХалықаралық балаларды қорғау күнi қарсаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жұмыскерлерi Қазақстанның барлық өңiрлерiнде асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға және балалар үйлерiндегi әлеуметтiк жұмыскерлерге көшпелi кеңестер өткiздi

«Халықаралық балаларды қорғау күнi мерекесiне орайластырылған акция Қазақстанның барлық өңiрлерiнде өттi. Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыныңжұмыскерлерi отбасы негiзiндегi балалар үйлерiнде қорғаншылықты ресiмдеу, жәрдемақы, зейнетақы ресiмдеу және т.б. әлеуметтiк маңызды қызметтердi көрсету бойынша көшпелi кеңестер өткiздi», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Сондай-ақ, Оршубековтың айтуынша, мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерi кеңестер берумен қатар, балаларға арнап жағымды тосынсыйлар жасады. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» қарағандылық филиалының өкiлдерi балалармен футболдан жолдастық кездесу өткiзiп, 16 жасқа толған жеткiншектерге дайын жеке куәлiктер тапсырса, ал Алматыда көп балалы ана сәбилердiң күтiмiн жасайтын құралдар түрiнде жағымды сыйлықтар алды.

Атап өтсек, бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорация арқылы азаматтарға 530 мемлекеттiк қызмет түрi қолжетiмдi. Олардың iшiнде зейнетақы төлемдерi, 18 жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақылар тағайындау, мүгедектiгiне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау және т.б.әлеуметтiк маңызды төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау қызметтерi бар.

Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Баспасөз-релизi
Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылды

Баспасөз-релизi Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылдыШалғай ауылдық округтерiнiң халқына ыңғайлы болу үшiн құрылған Мобильдiк Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетiлетiн кеңестердiң ауқымын кеңейттi. Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы департаменттерiнiң қызметкерлерiмен бiрге еңбек және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының өкiлдерi шығатын болады.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттiк қызмет қазақстандықтарға мобильдiк ХҚКОлары арқылы қолжетiмдi. Жобаны iске қосқан сәттен бастап 66 бiрлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттiк қызметтердi ғана алып қоймай, әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелерi бойынша да кеңестер алды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбдiлмановтың айтуы бойынша мобильдiк ХҚКОлар жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша бекiтiлген кестелер бойынша шығады. «Мобильдiк ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшiн құрылған болатын. Көрсетiлетiн қызметтердiң ауқымы мен сервистерiн кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшiн неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай iшiнде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елдi мекендi қамтыды», — дейдi Әбдiлманов.

Республиканың 14 өңiрiнде 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейтiнiн естерiңiзге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдiк ХҚКОлар 127 063 мемлекеттiк қызмет көрсеттi.

Сапарлар кестесiн «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкiмдiктердiң және өңiрлiк БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтемiз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы өз жұмысын бастады

«Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК–лерiн қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуiрден бастап өз қызметiн бастады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi корпорацияны құру бойынша iшкi құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиiстi уәкiлеттi органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қатысты 140-тан астам нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдады.

Мемлекеттiк корпорация бiрiншi кезеңде 522, ал екiншi кезеңде 700-ден астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басты ерекшелiгi, барлық бизнес-үдерiстердi автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Бiрiктiрiлген кәсiпорындарға ХҚКО-лардың қолданысындағы қызмет көрсету мониторингi мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС-хабарлау, кедергiсiз қызмет көрсету, кезектi броньдау сервисi тәрiздi мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай стандарттары енгiзiлген.

Корпорацияның көрсететiн қызметтер санының едәуiр артуына байланысты, корпорация құрамына кiрген барлық кәсiпорындардың 3 600 қызметкерiне оқыту-үйрету жұмыстары жүргiзiлдi. Қызметкерлердiң жұмысының нәтижелiлiгiн анықтау үшiн тиiмдiлiктiң негiзгi көрсеткiштерi бекiтiлдi (КРI).

Мемлекеттiк корпорация қызметiндегi жаңалықтардың бiрi — қызметтi көрсетуге өтiнiмдi қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеудi жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгiзiлген ақпараттық жүйенiң арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етiлетiн құжаттар едәуiр қысқарады.

Азаматтардың мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiгi де әртүрлi араналар арқылы — қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар өзiне-өзi қызмет көрсету секторларының көмегiмен, электрондық және мобильдiк үкiмет арқылы қаматамасыз етiледi. Сондай-ақ, шалғай елдi мекендерде тұратын азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн мобильдi ХҚКО-лар жұмыс iстейтiн болады.

ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi

Мобильдiк ХҚКО

Халықтың бұқара тобына, сонын iшiнде алыстағы елдi-мекен тұрғындарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң қол жетiмдiлiгi бойынша Елбасымен қойылған тапсырманы орындау шеңберiнде бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызмет көрсету қолжетiмдiлiгiн көтеру негiзгi мақсаты болып табылады.

Мобильдiк ХҚКО-ның шығулары кезiнде тұрғындарға электронды үкiмет порталының жұмыстары және электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың артықшылығын түсiндiру жұмыстарын өткiзедi. Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа жұмыс форматына ауысуы халыққа сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге мүмкiндiк бердi, бизнес-үдерiстердiң автоматтандырылуы, барлық мемлекеттiк органдардың дерекқорларының және ақпараттық жүйелерiнiң бiрiктiрiлуiнiң нәтижесiнде бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң үлкен бөлiгi электронды форматқа ауыстырылды, бұл қызмет алу тәртiбiн жайдақтайды.

2016 жылдың 2 тоқсанына шығу кестесi

Селолық округтардың атауы Жоспарланған шығу күні
Дубровин 2016 ж.  13.04.
2016 ж. 18.04.
Леденев 2016 ж. 14.04 
2016 ж. 19.04
Қызыласкер 2016 ж. 16.05 
2016 ж. 19.05
Андреев 2016 ж. 17.05 
2016 ж. 20.05
Новомихайлов 2016 ж. 10.06 
2016 ж. 16.06
Ленин 2016 ж. 13.06 
2016 ж. 17.06

Мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары үйiнде қызмет көрсетедi

Елiмiзде мүмкiндiгi шектеулi жандарға қолайлы орта туғызуға баса назар аударылып жатқандығы белгiлi. Осы мақсатта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының да қосқан үлесi зор. Астана қаласы бойынша барлығы 7 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Жалпы саны 191 мемелекеттiк қызмет түрiн көрсететiн орталықтарда мүмкiндiктерi шектеулi жандарға қолайлы жағдай туғызылған. Есiк алдындағы пандус пен шақырту қоңырауынан бастап, арнайы жеңiлдiк терезесi мен есту сөйлеу қабiлетi төмен жандарға ымдау тiлiн бiлетiн қызметкерлердi де даярлағаны мәлiм. Бұл жағдайдың бәрi өздiгiнен жүрiп-тұра алатын жандар үшiн болса, ХҚКО-ға өзi келе алмайтын жандар қайтпек деген мәселе туындады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету стандартында кез-келген өтiнiш берушi немесе оның ресми өкiлi ХҚКО-ға өзi келуi тиiс, бiрақ мүмкiндiгi шектеулi жандар үшiн бұл талаптарды орындау кей жағдайда қиынға соғатын болғандықтан ХҚКО қызметкерлерi өздерi келiп, азаматтың үйiнде қызмет көрсетуi жайлы шешiм қабылданған болатын. Осыған орай бүгiнде әрбiр 1-2 топтық мүгедектiгi бар азаматтар ХҚКО қызметтерiне үйiнде отырып-ақ тапсырыс бере алатын жағдай жасалған. Ол үшiн қысқа нөмiрлi «1414» бiрiңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы өзi жайлы ақпарат берiп, қызметтi алуға қажеттi құжаттар тiзiмiн анықтап, мекен-жайын айтса болғаны. Осы ақпаратты алған байланыс орталығының қызметкерлерi қызметалушыға ыңғайлы уақытты таңдап, ақпаратты сол ауданның ХҚКО бөлiмiне жiбередi. Ал анықталған аудан бөлiмi болса, қызметалушыға 72 сағат iшiнде үйiне барып қызмет көрсетедi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

ҚР азматтарына
Қылмыс жасағаны туралы мәлiметтi алу

Қазiргi уақытта жұмысқа орналасу немесе жұмыс орнына Қазақстан азаматының қылмыс жасағанының болуы (болмауы) анықтамасын талап етедi. Бұл мемлекеттiк қызмет ХҚКО операторлардың қазақстандық азаматтарына өте жиi берiледi. ХҚКО қызметкерiне өзiнiң жеке куәлiгiңiздi ұсынып бұл мемлекеттiк қызметтi ала аласыз және нәтижесi ретiнде қолыңызға қағазға басылған анықтамасы берiледi. Бұл анықтаманы бiрден немесе 3 күннiң iшiнде алатындығы сiздiң өтiнiшiңiз қай уақыт iшiнде өнделгенiне байланысты болады.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Мобильдiк ХҚКО

Бiрiншi айта кетейiк — мобильдi ХҚКО бұл, бiрiншiден шалғайдағы елдi-мекендерге барып қызмет көресетiн мамандар. ХҚКО испекторларымен бiрлесiп ЗТМО қызметкерлерi және «Қазпошта» қызметкерi барады. Мобильдiк ХҚКО жеке және заңды тұрғалардан арыз алып кейiннен дайын құжаттарды тапрысумен айналысады.

Бекiтiлген кестеге сәйкес, мобильдiк топ шыққан ауданның селолық округ тұрғындары қызметтi ала алады. Мобильдiк ХҚКО «Ssаng Yong» маркалы автокөлiкпен жабдықталды, оның көмегiмен шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына жетiп қызмет көрсету мүмкiндiгi бар.

Әр-бiр селолық округқа бекiтiлген кесте бойынша барылады. Алғашқы — халықтан құжаттарды қабылдау үшiн, одан кейiн дайын құжаттарды тапрысу үшiн. Назарыңызға, мобильдi ХҚКО ауданның шалғайда орналасқан селолық округтарына ғана барады, оларға Андреев, Новомихайлов, Дубровин, Леденев, Қызыласкер, Ленин селолық округтерi кiредi.

2016 жылдың 1 тоқсанына шығу кестесi

Селолық округтардың атауы Жоспарланған шығу күні
Дубровин 2016 ж. 14.01
2016 ж. 21.01
Леденев 2016 ж. 15.01
2016 ж. 22.01
Қызыласкер 2016 ж. 11.02
2016 ж. 18.02
Андреев 2016 ж. 12.02
2016 ж. 19.02
Новомихайлов 2016 ж. 11.03
2016 ж. 17.03
Ленин 2016 ж. 14.03
2016 ж. 18.03

Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Петропавл қаласының №1 бөлiмiнде 2016 жылдың қаңтар айында инвесторларға қызмет көрсету секторы iске қосылды. Аталған секторда кез-келген шетелдiк немесе отандық инвестор 300 аса қызмет түрiн ала алады.

Инвесторлардың мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын жеңiлдету инвесторларға бағытталған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу үшiн «бiр терезе» қағидатын енгiзудiң арқасында мүмкiн болды.

«Инвесторлардың қолайлығы үшiн ХҚКОда мемлекеттiк қызметтердiң негiзгi мiндеттерi инвестициялық мүмкiншiлiктер мен мемлекеттiк қызметтердегi мәселелер бойынша қабылдау және кеңес беру, мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттарды дайындауда көмек және ресiмдеу, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде орталық және жергiлiктi органдарда инвестициалық жобаларды сүйемелдеу бойынша болып табылатын инспекторлар көрсетедi», — дедi «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының директоры Руслан Шамшиев.

Инвесторға өзiнiң сұранымы бойынша барлық құжаттарды дайындаса болды, ал қалған барлық үрдiстi Инвесторларға қызмет көрсету секторы орындап, бақылайтын болады. Ендi барлық әкiмшiлiк сатыларды өз бетiнше өтудiң қажетi жоқ. Барлық құжаттар көрсетiлген уақытта дайын болады және инвесторға жiберiледi.

Инвесторға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетудiң барлық процесi автоматтандырылады. Интернет жүйесiнде тiркелуге, ақпарат алуға, сонымен қатар құжаттарды жеткiзудi online режимде қарастыруға мүмкiндiк бар.

Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар комитетiнде инвестор ақпараттық және кеңестiк қолдау ала алатын Call center орталығы қызмет етуде. Call center тел: 8 (7172) 75-45-40.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизі
ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанындаоқуғарұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Қызмет 15 жұмыс күнi iшiнде тегiн көрсетiледi. Бұл ретте өтiнiштi қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Экстернат нысанында оқуға өтiнiш беру үшiн тiркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгiну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы бiлiм берумекемелерiнде оқуға мүмкiндiгi жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады.

«Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтiнiш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейiн олардың мүддесiн ата-аналары немесе заңды қамқоршылары бiлдiредi», — деп атап өтедi «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева. — Айтпақшы, уақытыңыз шектеулi болса, ХҚКО-ға кезектi электрондық үкiмет порталы арқылы брондауға болады. Бұл үшiн сiзге электрондық цифрлық қолтаңбаның керегi де жоқ. ЖСН-ды енгiзiп, қызметтi алғыңыз келетiн ХҚКО-ны көрсетсеңiз жеткiлiктi».

Қызметтi алу үшiн өтiнiштi толтыру керек, сол сияқты өзiңiзбен бiрге мынадай құжаттар болсын: дәрiгерлiк-консультативтiк комиссияның қорытындысы;1/е нысаны,  соңғы оқыған сыныбындағы үлгерiм табелiнiң көшiрмесi және көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (2008 жылға дейiн туылған болса), сондай-ақ салыстыру үшiн түпнұсқа. Қажет болған жағдайда бiлiм алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат керек болуы мүмкiн.

15 жұмыс күнiнен кейiн сiз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелдi бас тартуды ала аласыз. Айта кетейiк, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсат берiлдi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизі
Бiлiм туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады

Бiлiм туралы құжаттарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық үкiмет порталы арқылы апостиль қоюға болады. Бұл мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет "Қазақстан Республикасы бiлiм беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" деп аталады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қорытындысын Астана тұрғындары 5 жұмыс күнiнен кейiн ала алады, ал басқа өңiрлердiң тұрғындары үшiн бұл мерзiм күнтiзбелiк 30 күндi құрайды. Қабылдау күнi қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Бiлiм туралы құжаттарды апостильдеу ақылы — 0,5 АЕК. Оған ақы төлеудi екiншi деңгейлi банктер және Казпочта кассасы арқылы жүргiзуге болады. Өтiнiштi портал арқылы ресiмдеу кезiнде ақы төлеу электрондық үкiмет шлюзi арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға өтiнiш беру үшiн өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжат; апостильдеу үшiн ұсынылатын құжаттың түпнұсқасы және мемлекеттiк бажды төлеу туралы түбiртек болуы керек.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда қызметтi ұсынудан бас тартылуы мүмкiн.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизi
Субсидиялауға өтiнiмдi қазақстандықтар ендi ХҚКО арқылы бере алатын болады

Баспасөз релизi Субсидиялауға өтiнiмдi қазақстандықтар ендi ХҚКО арқылы бере алатын боладыАуыл шаруашылығы саласында субсидиялауды жеке және заңды тұлғалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресiмдей алады. Бұрын осы қызметтердi ресiмдеу үшiн белгiлi бiр кесте бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне тiкелей жүгiну талап етiлсе, ендi қазiр қызметтер ХҚКО арқылы қолжетiмдi болып отыр, оның iшiндегi үшеуiне электрондық үкiмет порталы арқылы қол жеткiзуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары субсидиялау бойынша мемлекеттiк қызметтерге құжаттарды өздерiнiң қалыпты кестесi бойынша қабылдайды — аптасына 6 күн, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9-дан кешкi сағат 8-ге дейiн.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша ХҚКО-лар арқылы субсидиялаудың 8 түрiн алуға болады, олардың iшiнде — а/ш өндiрушiлерiне су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын; а/ш өнiмдерiн өңдеуге арналған гербицидтер мен биопрепараттардың құнын; асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды; жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру шығындарының құнын; тұқым шаруашылығын дамытуды; тыңайтқыштардың құнын; ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын, сондай-ақ өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмi әр түрлi — күрделiлiгiне қарай 6 жұмыс күнiнен бастап 41 жұмыс күнiне дейiн созылады. Алайда, ХҚКО арқылы құжаттар топтамасын тапсырған кезде құжаттарды қабылдау күнi бұл мерзiмге кiрмейтiндiгiн есте сақтаған жөн.

Қажеттi құжаттар туралы электрондық үкiмет порталының con.gov.kz ресми сайты және 1414 тегiн нөмiрi бойынша бiрыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы бiлуге болады. Субсидиялау жөнiндегi қызметтер тегiн көрсетiледi.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылған сәтiнен бастап мұнда ұсынылатын мемлекеттiк қызметтер спектрi 212-ге дейiн көбейдi, ал бизнес-процесстердi оңтайландыру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға қажеттi құжаттар санын төмендетуге, сол сияқты ресiмдеу мен кезек күту уақытын қысқартуға және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу мерзiмдерiн азайтуға мүмкiндiк бердi. Бүгiн елiмiзде 270 ХҚКО бөлiмi жұмыс жасайды.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспа сөз қызметi

Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi

Электрондық үкiмет порталында «Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi» қызметi қол жетiмдi.

Қызметтi онлайн тәртiпте алу үшiн, Сiзге:

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтiнiмдi толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Қызметтердi көрсету үшiн мемлекеттiк баж алымын төлеу.
  4. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында) көрсетiлген уақыт iшiнде келiп түсетiн, сiздiң өтiнiмiңiздi өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  5. Куәлiктi алу үшiн мемлекеттiк органға жүгiну.

Тiркеу есебiне тұру үшiн Өтiнiш берушi жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде бұған дейiн тiркелмеуi тиiс. Салық органының коды өтiнiш берушiң тұрғылықты жерi бойынша тiркелген мекенжайына сәйкес таңдалады.

Қазiргi уақытта «электронды үкiмет» порталында жүзеге асырылатын «Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi» мемлекеттiк қызметi, өзi тұратын (тiркелген) мекен жайды жеке кәсiпкер, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокат орналасқан орны ретiнде жеке тұлғаларға ғана қол жетiмдi.

Егер, жеке кәсiпкер, жеке нотариустың, жеке сот орындаушының, адвокаттың орналасқан орны ретiнде жоспарланып отырған мекен жайы жеке тұлғаның тұрғылықты (тiркелен) мекен жайынан өзгеше болған жағдайда, жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркелу мақсатында салық органдарының ақпаратты қабылдау өңдеу орталығына жүгiнуiңiздi ұсынамыз».

Қызмет көрсету нәтижесi — жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.

«ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi»

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек — жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлiк деңгейiнен төмен жеке тұлғаларға мемлекетпен ақшалай түрде ұсынылады.

Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлiк деңгейiнен төмен Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке құқыққа ие.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалмайды:

  1. Қазақстан Республикасында азаматтарды жұмыспен қамту және жұмысқа қабiлеттi сұрақтары бойынша уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасына белсендi қатысудан жазбаша түрде бас тартқандарға, бiр айдан аса ауруханада емделуде жатқан кезеңiндегi тұлғалармен мүгедектерден басқа, студентер, тыңдаушылар, курсанттар және күндiзгi бөлiмде оқитын магистранттар, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi бағып күтумен жұмыс iстейтiндер, сексен жастан үлкен тұлғалар, жетi жаска дейiнгi балалары бар азаматтар;
  2. Жұмысқа орналасуға уәкiлеттi органдар ұсынымнан дәлелдi себепсiз бас тартқан жұмыссыздар, соның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнынан немесе қоғамдық жұмыс, мамандыққа даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiктi көтеру сияқты жұмыстарға және оқытуларға қатысуын өз ерiктерiмен тоқтатқандар.

Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау уәкiлеттi органмен атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бюджетiне сәйкес қарастырылған сома iшiнде жүргiзедi

Атаулы әлеуметтiк көмек көлемi уәкiлеттi органмен жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мен областа белгiленген кедейлiк деңгейiн әр отбасы мүшесiне санағандағы айырмашылығына байланысты.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баланы балабақшаға кезекке қою

Бiлiм бөлiмдерiнiң мамандарының есiгiнiң алдында балабақшаға балаларын орналастыруға қалаушы ата-аналар тобын әрбiр ана жақында қорқынышты түсiндей елестететiн. Қазiр бәрi басқаша. Балаңызды мектепке дейнгi балалар мекемесiне кезекке қалай қоюды сiз осында оқи аласыз:

Өзiңiздiң балаңызға туу туралы куәлiгiн ресiмдеу кезiнде, сiз балаңызды мемлекеттiк балабақшаға кезекке қоя аласыз, ол үш-төрт жасына дейiн келедi. Егерде сiз жергiлiктi атқарушы орган арқылы аталған рәсiмдi бұрынғыдай өткiзгiңiз келсе, онда бұл да мүмкiн.

Егерде сiз ХҚКО-ға жүгiнсеңiз, онда портал арқылы өтiнiш бiлдiрген сәттен бастап 30 минут iшiнде сiз өз кезегiңiздiң нөмiрiн бiлетiн боласыз, бұл жайлы қызметтi алушыға кезектiң нөмiрi көрсетiлген қолхат берiледi. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

ХҚКО-ға екi құжат қана қажет:

  1. Қызмет алушының заңды өкiлдерiнiң бiрiнiң жеке құжаты (сәкестендiру үшiн);
  2. Мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орынды алуға құқығын растайтын құжат.

Қалған қажеттi деректердi ХҚКО қызметкерi сәйкесiнше мемлекеттiк ақпараттық жүйеден уәкiлеттi тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Балабақшаға кезекке www.egov.kz электрондық үкiмет порталы немесе iOS және Android үшiн қолжетiмдi egov.kz мобильдi қосымшасы арқылы қонлайн қоюға болады. Жас ата-аналар үшiн кезекке онлайн қою тәсiлi ыңғайлы, өйткенi бұны үйден шықпай-ақ жасауға болады. Кезектi интернет арқылы egov.kz порталында «Балабақшаға кезек нөмiрiн қарау» сервисiнiң көмегi арқылы қадағалауға болады.

Бiрiншi орынды алу құқығына ие:

  • мүгедек балалар;
  • ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • жетiм балалар;
  • көп балалы отбысылардың балалары;
  • жеңiлдiктер және кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалардың балалары.

Портал арқылы қызметтi алуда тұлғалардың жеңiлдiктi санатына портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаға ие болу қажет.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жас жұбайларға естелiк!

Некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлерге, қазiр некенi тiркеуге үшiн арызды АХАТ жүгiну қажет емес. Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЙҚ) және интернет-ресурсына қолжетiмдiлiкке ие болсаңыз www.egov.kz порталында некенi тiркеуге арызды Онлайн бере аласыз. Осындай қағидада арыз беру Сiздiң уақытыңызбен жол шығыныңызды үнемдейдi.

Неке тiркеуге арызды берушiге қызметтi онлайн алушыға қажет:

  1. Egov.kz порталында Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту;
  2. Өтiнiмде ерiнiң немесе зайыбының ЖСН көрсету және неке тiркелетiн АХАТ таңдау;
  3. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет;
  4. Бұрынғы ерiнiң немесе зайыбының өтiнiш берудi растауын алу. Өтiнiш 48 сағаттан артық емес растауды күтуi мүмкiн, одан кейiн күшiн жояды.

Некенi тiркеу арызын растаушыға қажет:

  1. Egov.kz порталында Авторлану және «Қызметтердi алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
  2. Өтiнiмдi толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
  3. Егер өтiнiштi берушi төлемесе, қызметтi төлеу қажет.
  4. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Өзiне өзi қызмет көрсету секторы жылдам және кезексiз жасауға мүмкiндiк бередi

Өзiне өзi қызмет көрсету секторлары аудан ХҚКО-да азаматтардың қолайлығы үшiн қызмет етуде, «Connection Point» деп аталатын, аудан тұрғындары инспекторды күтпестен электронды қызметтердi алуға мүмкiншiлiктерi бар.

Аталған секторда инспекторлар қызмет етуде, егерде мемлекеттiк қызметтi азамат алғаш рет алған жағдайда, мiндеттi түрде оған көмектеседi.

Айта кетейiк, www.egov.kz электронды үкiмет арқылы азаматтар арасында аса сұранысқа ие қызметтердiң iшiнде — жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама, мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама. Одан басқа ХҚКО клиенттерi өздiгiнен өзiнiң ЖК тiркеуге, тегiмен атын ауыстыруға өтiнiм беруге, баланы балабақшаға кезекке қоюға мүмкiндiктерi бар.

Инспекторлар мемлекеттiк баж төлеуге, салық, жол жүру ережесiн бұзғаны үшiн айыппұлды, коммуналдық қызметке қалай төлеуге болатынын түсiндiредi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

ЭЦҚ мүмкiншiлiгi

Электронды цифрлық қолтаңба — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi.

Электрондық сандық қолтаңбаны пайдалана отырып, Сiз:

  • облыс ғана емес, сондай-ақ республика мемлекеттiк органдар виртуалдық қабылдауына өтiнiштердi жүзеге асырасыз (бұл қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарына өз өтiнiштерiн мемлекеттiк органдарға тапсыруға мүмкiндiк және өтiнiштiң дәрежесiн: мемлекеттiк органға жеткiзiлгенiн, орындалуға берiлгенiн, орындалғанын және т.б. тексеруге мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк орган тарапынан жауапты әрекетке кепiлдiк бередi);
  • үйден шықпай тәулiгiне 24 сағат аптасына 7 күн мемлекеттiк қызметтердi ала аласыз.
  • тауарлардың және қызметтердiң электрондық саудада, аукциондарда және тендрларда ең тиiмдi баға ұсыныстарын ұсына және таңдай аласыз.

Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жанында орналастырылған Ұлттық куәландыру орталығынан ала аласыз немесе www.pki.gov.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландiрушi орталығының сайтында онлайн тапсырыс бере аласыз.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

ХҚКО-лар нәрестелер мен олардың аналарын Тәуелсiздiк күнiмен құттықтады

Халыққа қызмет көрсету орталықтары Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi күнiнiң қарсаңында дүниеге келген балаларды құттықтады. ХҚКО қызметкерлерi дәл шығару уақытында тура перзентханаларда туу туралы куәлiктi салтанатты түрде табыстауды ұйымдастырды.

«Бiз осы iспеттес акцияны бұған дейiн облыстың жекелеген аудандарында өткiзген болатынбыз, алайда бүгiнгi iс-шара айтарлықтай кең ауқымға ие болды, өйткенi оған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 8 бөлiмi қатысты, бiз барлық облыс бойынша перзентханаларда 13 құжат табыс еттiк», — деп айтып өттi «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының директоры Руслан Шамшиев.

Баланың туылуын тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi жергiлiктi атқарушы органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресiмделедi. Оны алу үшiн ата-ананың жеке куәлiгi, неке қию туралы куәлiгi, туу туралы медициналық куәлiк немесе туу туралы фактiнi анықтау туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi талап етiледi. Қызмет 2 жұмыс күнi iшiнде тегiн көрсетiледi.

«Әдетте, туу туралы куәлiкке тапсырыс беру үшiн ХҚКО-ға ата-ананың бiрi жүгiнедi. Мереке аясында бiз өтiнiштердi өзiмiз қабылдадық және құжаттарды дәл перзентханадан шығару кезiнде жеткiздiк», дедi Р. Шамшиев.

ХҚКО-лардың тууды тiркеуден басқа, баланың туылуына және бала күтiмiне байланысты жәрдемақылар тағайындауға сұрау салулар қабылдайтындығы баршамызға мәлiм, ал «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы арқылы ата-аналар баланы балабақшаға кезекке қоя алады.

Айта кетейiк, жылдың басынан Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ХҚКО-лар 6420 (алты мың төрт жүз жиырмадан) астам туу туралы куәлiк бердi.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизi

2015 жылғы 10 желтоқсан
Астана қ.

ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерiнiң тiзбесi артты

ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерiнiң тiзбесi арттыХҚКО-лар салық органдарының бағыты бойынша пилоттық режимде тағы да 8 қызметтi көрсетудi бастады. Бұған дейiн ХҚКО-лар аталған ведомствоның 17 қызметiн ұсынған болатын. Ендi қызметтер тiзбесi кеңейтiлдi және Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң ХҚКО-ға берген қызметтер саны 25-ке келiп жеттi.

Атап айтсақ, ендi ХҚКО-ларға салық төлеушiлердi тiркеу, салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу, ҚР-дағы көздерден алынған кiрiстер сомасы және ұсталынған (төленген) салықтар туралы анықтама, сондай-ақ ҚР резиденттiгiн растау және т.б. үшiн жүгiнуге болады.

Бұрын қазақстандықтар аталған қызметтердi ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң аумақтық органдарынан ғана ала алатын. Ендi оларды мемлекеттiк органдар және баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетедi. Қызметтердi ресiмдеу үшiн ХҚКО-ға дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9.00-ден бастап кешкi сағат 20.00-ге дейiн жүгiнуге болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, пилоттық қызметтердiң басым бөлiгi толығымен автоматтандырылған және оларды ХҚКО-лардың электрондық үкiмет порталында, сондай-ақ «Connection Point» секторларында өз бетiнше алуға болады. «Бұл үшiн электрондық кезек талонын алу қажет емес, онлайн қызметтi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба болса ғана жеткiлiктi. ЭЦҚ болмаған жағдайда ХҚКО инспекторлары клинеттерге оны жеке куәлiкке не флеш-картаға жазып беруге көмектеседi», — деп атап өттi ол.

Балташева қазiргi уақытта көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары келiсу үстiнде екендiгiн айтып өттi. Олар бекiтiлiсiмен пилоттық жоба аяқталып, қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негiздерде көрсетiлетiн болады.

Анықтама ретiнде, Бүгiнгi күнi Қазақстанда 212 мемлекеттiк қызметтi көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. 2015 жылғы 10 айға ҚР ХҚКО-ларында 30 милионнан астам қызмет, оның iшiнде 22 миллион қызмет — электрондық нысанда көрсетiлдi.

«ХҚКО» РМК баспасөз қызметi

Баспасөз релизi

2015 жылғы 3 желтоқсан
Астана қ.

Фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды ендi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады

Фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды ендi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға боладыҚР ХҚКО-ларында пилоттық жоба iске қосылды. Оған сәйкес ҚР АШМ агроөндiрiстiк кешенiндегi Мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды беруi ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның сөзiне қарағанда, бұрын аталған қызметтердi азаматтар ҚР АШМ агроөндiрiстiк кешенiндегi Мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекцияларында ғана ала алатын. «Ендi оларды баламалы негiзде мемлекеттiк орган мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетедi. Бұл ретте қызметтердi ресiмдеу үшiн ХҚКО-ларға дүйсенбiден бастап сенбiге дейiн, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9.00 минуттен бастап кешкi сағат 20.00 минутке дейiн жүгiнуге болады», — деп қосып өттi Балташева.

Карантиндiк және фитосанитариялық сертификаттарды алу мерзiмдерi — 3 және сәйкесiнше 5 жұмыс күнiн құрайтындығын атап өту керек. ХҚКО-да ҚР аумағында карантинге жатқызылған өнiмдi ауыстыруға карантиндiк сертификат алу үшiн өзiңiзбен бiрге тек қана жеке куәлiгiңiз болу керек. Ал карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты беру үшiн, сондай-ақ импортер-елдiң өсiмдiктер карантинi бойынша ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын ұсыну керек. Айта кетейiк, екi жағдайда да өтiнiмдi толтыру керек.

Балташеваның айтуына қарағанда, жуық арада аталған қызметтер 32 ХҚКО-да пилоттық режимде ұсынылатын болады, олардың тiзiмiн http://con.gov.kz/normativno-pravovie-akti/%20files/MSH_ru.pdf көруге болады. Болашақта оларды жалпы негiзде барлық ХҚКО-ларда көрсету жоспарланып отыр.

Бүгiнгi күнi Қазақстанда 212 қызмет көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi. 2015 жылғы 10 айда ҚР ХҚКО-ларында 30 миллионнан астам қызмет ұсынылды, олардың 22 миллионы — электрондық нысанда көрсетiлдi.

«Салық есептiлiгiн керi қайтарып алу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет)

Салық есептiлiгiн қабылдау

«Салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтер, салық мiндеттемесiн, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйi туралы дербес шоттан көшiрме беру»

Мемлекеттiк қызметтi аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Министрлiктiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң аумақтық органдары көрсетедi.

Қазақстан Республикасының тұрғындарында ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары және Салық есептiлiгiн өңдеу қызметi ақпараттық жүйесi веб-қосымшасы арқылы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны немесе «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi ХҚКО арқылы рәсiмдеу үшiн сұрау салуды, үзiндi көшiрме алу үшiн — салықтық өтiнiш, ) жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн) ұсыну қажет.

Құжаттар топтамасын ХҚКО-на тапсырған сәттен бастап берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiмет сұрау салу келiп түскен күнiнен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасалады; салық мiндеттемесiн, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын және әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйi туралы дербес шоттан үзiндi көшiрме беру — салықтық өтiнiштi берген сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнiнен кешiктiрмей берiледi.

«Салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтер, салық мiндеттемесiн, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйi туралы дербес шоттан көшiрме беру» мемлекеттiк қызметi тегiн көрсетiледi.

Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелген орны бойынша жеделдетiлген қызмет көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезектi броньдау мүмкiн.

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру мемлекеттiк қызметi жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi — баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарты немесе негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден дәлелдi бас тарту. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсырған сәттен бастап — күнтiзбелiк отыз күн.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

  1. патронат тәрбиешi болуға тiлек бiлдiргенi туралы өтiнiшi;
  2. көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн талап етiледi);
  3. тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексерiп-қарауды жүргiзу туралы өтiнiшi;
  4. егер баланың (балалардың) патронат тәрбиешiсi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) келiсiмi;
  5. егер некеде тұрса, көрсетiлетiн қызметтi алушының және жұбайының (зайыбының) ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тiркеуде тұрғандығы туралы мәлiметтiң жоқтығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң есебi бойынша қылмыс жасағаны жөнiндегi мәлiметтердiң бар немесе жоқтығы туралы егер некеде тұрса, көрсетiлетiн қызметтi алушыға және жұбайына (зайыбына) берiлетiн анықтама;
  7. бiлiмi туралы мәлiмет.

Құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мынадай мәлiметтердi көрсетiп, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi:

сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актiсi жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейiн дайындалады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны — қағаз түрiнде.

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

Құжаттарды тапсырған сәттен бастап — бес жұмыс күн.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi — патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау туралы шешiм.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны — қағаз түрiнде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ХҚКО жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

  1. өтiнiш;
  2. көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн талап етiледi);
  3. баланы (балалардың) бiлiм беру ұйымында оқуы туралы анықтама;
  4. баланы (балалардың) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың көшiрмесi.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейiн түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

«Электрондық үкiмет» порталы арқылы заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу

Осы жылы eGov арқылы 20 мыңнан астам компания тiркелдi

Ағымдағы жылдың он айында Қазақстанның электрондық үкiмет порталы арқылы 20 064 заңды тұлға тiркелдi. Осылайша, 2015 жылдың 1 қарашасына қарасты eGov порталында мемлекеттiк тiркеуден өткен компаниялардың жалпы саны 63 211 құрады. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу қызметi электрондық үкiмет порталында 2013 жылдан берi қолжетiмдi. Қызмет iске қосылған жылы 19307, 2014 жылы 23840 рет алынды.

Онлайн қызметтi алу үшiн электрондық түрде өтiнiш толтырса болды, бiр күннiң iшiнде пайдаланушының жеке кабинетiне мемлекеттiк тiркеу немесе мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы электрондық анықтама түрiнде жауап келедi. Онлайн-өтiнiштi толтыру кезеңiнде жүйе кәсiпкерде жылжымайтын мүлiгiнiң бар болуын автоматты түрде тексередi, санаулы уақыт iшiнде тiркелген заңды тұлға әрекеттегi, және т.б. атауының сәйкес келуiне тексерудi жүргiзедi.

Егер бұрын өтiнiш берушi мемлекеттiк органға бес және одан да көп құжаттармен келiп, 5 күннен 30 күнге дейiн тiркелудi алу үшiн деректердi тексерудi тосса, бүгiнгi күнi рәсiмдеудiң барлық уақыты электрондық түрде бiр күннен көп уақытты алмайды, бұл ретте ешқандай құжаттарды талап етпейдi.

Қазақстанда бизнестi тiркеу рәсiмiн жылдамдату мемлекеттiк қызметтердiң автоматтандыру және оңтайландыру үдерiсiнiң арқасында мүмкiн болды. Осы жылдың басынан бастап шағын және орта кәсiпкерлiк объектiлерi үшiн мемлекеттiк тiркеу тегiн.

Еgov.kz порталының Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу қызметi «Бизнеске» бөлiмiнiң «Бизнестi тiркеу және дамыту» парақшасында орналасқан. Қызметтi алу үшiн ЭЦҚ қажет.

Атап айтсақ, биылғы жылы Қазақстан «Doing Business» рейтингiнiң «Кәсiпорынды тiркеу» көрсеткiшi бойынша 53-орыннан 21-орынға көтерiлген.

ХҚҚО инспекторы
А.Т. Искужинов

Қазақстанда «Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» мобильдiк сервисi жұмысын бастады

Қазақстанда «Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» мобильдiк сервисi жұмысын бастады«Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» мобильдiк сервисi ұялы байланыс және мобильдiк интернет жұмысында түрлi ақаулар пайда болған жағдайда тiкелей ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiне және «Мемлекеттiк техникалық қызметi» РМК пiкiр жiберуге мүмкiндiк бередi.

Сервистi пайдалану үшiн мемлекеттiк органдардың халықтан керi байланысты алу мақсатында құрастырылған «Ашық диалог» қосымшасын жүктеу қажет. Қосымша электрондық үкiмет порталының «Ашық үкiмет» модулiнiң бөлiгi болып табылады.

«Халықтық бақылау» арқылы ұялы байланысты ұсыну сапасы туралы пiкiр авторланусыз және желiнiң бар немесе жоқ екенiне байланыссыз жiберiледi. Геопозиция, күн және уақыт сияқты параметрлердi жинау автоматты түрде iске асырылады, ал пiкiр ағымдағы орналасқан жерден және басқа жерден де жiберiледi. Сонымен қатар, пайдаланушы қосымша ақпаратты, мысалы, желiнiң технологиясын, сигнал деңгейiн және басқа деректердi де ұсына алады», — деп байланыс және ақпараттандыру саласын бақылау басқармасының бастығы Руслан Әбдiқалықов хабарлады.

Қосымша үш тiлде жұмыс iстейдi: қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде.

Қазiр «Ашық диалогты» Android платформасындағы смартфон иелерi жүктей алады, ал жылдың соңына дейiн ол iOS пен Windows үшiн қолжетiмдi болады.

«Қазiргi таңда қосымша тәжiрибелi пайдалануға берiлдi, сондықтан да бiзге пайдаланушылардың ойы мен ұсыныстарын алу өте маңызды. Ұсыныстарды Playmarket пен әлеуметтiк желiлердегi электрондық үкiмет беттерiнде қалдыруға болады», — деп толықтырды Руслан Әбдiқалықов.

Жақын арада қосымшада мемлекеттiк органдардың блог-тұғырнамасы пайда болады, оның көмегiмен азаматтар өздерiнiң ұялы телефондары арқылы тiкелей министрлер мен әкiмдерге сұрақтар қоя алады.

ХҚҚО инспекторы
А.Т. Искужинов

Мобильдiк ХҚКО

Халықтың бұқара тобына, сонын iшiнде алыстағы елдi-мекен тұрғындарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң қол жетiмдiлiгi бойынша Елбасымен қойылған тапсырманы орындау шеңберiнде бүгiнгi таңда Мамлют ауданы бойынша мобильдiк ХҚКО қызмет етедi, олар 6 елдi мекендi қамтиды. 2015 жылдан бастап алыстағы елдi мекендерге 39 шығу жасалынды. Шығулар арнайы бекiтiлген кестеге сай жүргiзiледi.

Мобильдi ХҚКО-ның шығу кестесiмен Мамлют ауданы әкiмiнiң ресми интернет-ресурсы танысуға болады. Қазақстан Республикасының денсаулық және әлеуметтiк даму Министрлiгi «Зейнетақы беру бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚК, Қазақстан Республикасының инвестиция және даму Министрлiгi «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК және «Казпочта» АҚ арасында жасалған 3 жақты меморандумға сәйкес 2015 ж. 16 наурызынан бастап бiрлескен мобильдi ХҚКО шығулары жүзеге асырылуда, берiлген меморандумның мақсаты алыстағы елдi мекен тұрғындарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

Мобильдiк ХҚКО-ның шығулары кезiнде тұрғындарға электронды үкiмет порталының жұмыстары және электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың артықшылығын түсiндiру жұмыстарын өткiзедi. Халыққа кеңесшiлiк көмек көрсетiледi. Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа жұмыс форматына ауысуы халыққа сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге мүмкiндiк бердi, бизнес-үдерiстердiң автоматтандырылуы, барлық мемлекеттiк органдардың дерекқорларының және ақпараттық жүйелерiнiң бiрiктiрiлуiнiң нәтижесiнде бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң үлкен бөлiгi электронды форматқа ауыстырылды, бұл қызмет алу тәртiбiн жайдақтайды.

ХҚҚО инспекторы
А.Т. Искужинов

Мекенжай анықтамасы

Мекенжай анықтамасыМекенжай анықтамасы Қазақстан тұрғындарының арасында аса үлкен талап етiлетiн электронды қызмет болып қала бередi. Мекен-жайлық анықтаманы сiздер тек қана Халыққа қызмет көрсету орталығынан ғана емес, өздерiңiз электронды үкiмет порталынан да ала алатындарыңыз туралы бiз сiздердiң тағы да естерiңiзге салайық деп отырмыз. Бұл үшiн ЭСҚ көмегiмен порталда авторлансаңыз жеткiлiктi. Ал егер сiздiң қолыңызда компьютер немесе ғаламтор болмаған жағдайда, ХҚКО әрқайсысында бар «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторынан қызмет алуыңызға болады. Бұл анықтаманы порталдан тек қана жеке тұлғалар ғана ала алады. Сондай-ақ, 2007 жылдың 13 тамызынан бастап азаматтық хал актiлерiне тiркелген балалардың ата-аналары үшiн онлайн-қызмет қолжетiмдi.

Егер анықтамадағы ақпарат толық емес немесе дәл емес (мекен-жай дұрыс емес немесе тiркеуге отырған күнi көрсетiлмеген) болса ХҚКО келiп, көшi-қон полициясы қызметкерiне мекен-жайлық мәлiметтерге түзету енгiзуге келуi қажет.

ХҚҚО инспекторы
А.Т. Искужинов

Мұрағаттық анықтамаларды алу

Мұрағаттық анықтамаларды алуСiзге еңбек өтiлiн растау керек пе? Алдынғы жұмыс орнынан еңбекақы, зейнетақы және әлеуметтiк аударылым көлемi туралы ақпарат жинап жүрсiз, ал фирма әлдеқашан жабылып қалған? Бiлiмiңiздi және бiлiктiлiгiңiздi растау қажет пе? Ендi бұлар ғана емес, басқа да мұрағаттық құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар электрондық үкiмет порталы арқылы алуыңызға болады. Жоғарыда аталғандардан басқа «Мұрағаттық анықтамалар беру» қызметi көмегiмен жасы, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттармен марапатталғаны, ғалым дәрежесi мен атағын беруi, қамау, қоныс аударту және сауықтыру орындарында, экологиялық апат аймағында емдеуде болғаны жөнiнде, күштеп айдап кету және отанына қайта оралу, азаматтық хал актiлерi немесе мүлiктiк құқық туралы мәлiметтер алуға болады.

Қажеттi мұрағаттық құжатты өтiнiш бiлдiргеннен кейiн 15 күннен соң алуға болады, құжаттарды тапсыру күнi бұл мерзiмге кiрмейдi. Мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiштi рәсiмдеу кезiнде өзiмен бiрге қажет: жеке куәлiк, сонымен қатар сенiмхат, егер басқа тұлға үшiн анықтама алса. Электрондық үкiмет порталы арқылы анықтаманы алу үшiн ЭЦҚ-ның болғаны жеткiлiктi.

Мәлiмет үшiн, жеке және заңды тұлғалар үшiн әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мұрағаттық құжаттарды алу-тегiн.

ХҚҚО инспекторы
А.Т. Искужинов

Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет республикалық маңызы бар қаланың, астананың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушыоргандары (көрсетiлетiн қызметтi берушi) тарапынан жүзеге асырылады. Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi — ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi құжаттар топтамасын ХҚКО-на тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күнi. ХҚКО-на өтiнiш берген қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi некiрмейдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу ғарұқсат беру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы орган басшысы бұйрығының көшiрмесi немесе бұйрықтың нөмiрi мен шығарылған күнi көрсетiлген хат болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi нұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша жүргiзiледi, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электронды кезектi «брондауға» болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе оның заңды өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажет құжаттардың тiзбесi:

  • өтiнiш;
  • дәрiгерлiк-консультативтiк комиссияның қорытындысы, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген 1/е нысанында;
  • бiлiм алу шыныңата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдар дыңу ақыт шашетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитын дығын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
  • соңғы оқыған сыныбындағы үлгерiм табелдерiнiң көшiрмесi;
  • көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң (2008 жылға дейiн туған жағдайда) көшiрмесi (салыстыру үшiн түпнұсқасы).

Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасының негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары (көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚКО-ға өтiнiш берген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын беру болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, «электронды үкiмет» веб-порталы арқылы электронды кезектi «броньдау» мүмкiндiгi бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi көрсетiлетiн ХҚКО-ға жүгiнген кезде:

  • осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттың жоғалу жағдайы немесе басқа да себептерi көрсетiлген өтiнiшi;
  • кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкiлiнiң) жеке куәлiгiмен (паспортымен) бiрге туу туралы куәлiгiнiң (2008 жылы туылған жағдайда) көшiрмесi немесе көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);
  • құжаттың нөмiрi және берiлгенiн тiркеу күнi көрсетiлген, азамат құжатының жоғалғаны жөнiндегi ақпаратты орналастырған күннен бастап жарияланған мерзiмi күнтiзбелiк 10 күннен аспаған мерзiмдi баспа басылымынан үзiндi немесе бүлiнген құжаттың түпнұсқасын ұсыну.

ХҚҚО инспекторы
А.Т. Искужинов

Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру»

Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру»Жылжымайтын мүлiктi сату күннен күнге өсуде. Жылжымайтын мүлiктi рәсiмдеу маңызды факторлардың бiрi болып табылады. Тiркеушi орган арқылы қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн алу үшiн, сiзге «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» қызмет түрi бүкiл ХҚКО-да ұсынылуда.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.Қызметтi көрсету мерзiмi: бiр жұмыс күнi iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн қалғанда берiледi).

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

  1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес белгiленген нысандағы сұрау салу;
  2. Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн берiледi);
  3. Заңнамада белгiленген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжат.

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандартынмен http://www.con.gov.kz сайтынан таныса аласыздар.

ХҚҚО инспекторы
А.Т. Искужинов

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы — сiздiң көмекшiңiз

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы — сiздiң көмекшiңiз«Connectoin Point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы Қазақстандықтар үшiн ХҚКО-дағы кеңiнен таралған, сұранысы артқан бөлiм болып отыр. Аталған сектордың арқасында заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң маңызды мәселелерiн электронды үкiмет порталының онлайн-режимiнде шешiп алуда. Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы мамандарының айтуынша қызмет көрсету бойынша мекен-жайлық анықтама алу, жылжымайтын мүлкi жоқ екендiгi туралы анықтама алу, зейнетақы қорын есептеу анықтамасы, сотты болғандығы немесе болмағандығы туралы анықтама. Арнайы құралдармен және техникалармен жабдықталған орындар қызмет алушыларға қажеттi қызметтерiн ыңғайлы, әрi қысқа мерзiмде элетронды үлгiде алуына мүмкiндiк бередi. Сектор қызметкерлерi электронды үкiмет порталымен жұмыс iстеуге, мемлекеттiк қызмет көрсетудi онлайн арқылы алу қызметтерiне машықтануға үйретедi, онлайн-режим арқылы мәселелердi шешуге байланысты қажеттi барлық сұрақтар бойынша кеңес бередi, ЭСҚ алу тәртiбiн және оның мүмкiндiктерiн көрсетедi, сондай-ақ, мобильдi байланыс құралдары арқылы Мобильдi үкiмет жұмысының артықшылықтарын көрсетедi.

ХҚҚО инспекторы
А.Т. Искужинов

Астана және Алматы ХҚКО-ларында мобильдiк ЭЦҚ сатып алу мүмкiн

Бүгiннен бастап Астана мен Алматының халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбаны сақтауға арналған SIM-карталарды сату бойынша пилоттық жобасы бастау алды. Келешекте осындай мобильдiк ЭЦҚ-сы бар SIM-карталар Қазақстанның барлық ХҚКО-ларында қолжетiмдi болады.

«ХҚКО-ларда пилоттық жоба халыққа ыңғайлы болу үшiн iске қосылды. Азамат ХҚКО-ға келiп, осы жерде SIM-картаны сатып алып, оған электрондық цифрлық қолтаңбаны жаздыра алады және мамандардан оны қалай дұрыс пайдалану туралы кеңес ала алады», — деп «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева айтты.

Сонымен бiрге ол қазiргi уақытта пилоттық жоба мамандандырылған ХҚКО-ны қоспағанда, Астананың барлық ХҚКО-ларында, сондай-ақ Алматының Бостандық, Әуезов, Медеу, Түркiсiб және Наурызбай аудандық ХҚКО-ларында iске қосылғанын айтып өттi.

Егер азамат ЭЦҚ жаздыратын SIM-картаны алғаш рет сатып алса, оның бағасы 200 теңгенi құрайды, мұнда көрсетiлген сома абоненттiң балансына есептеледi. Ал егер азаматта «Алтел» ұялы операторының SIM-картасы болса, ол ХҚКО-да ЭЦҚ жаздыратын SIM-картаға ауыстыра алады. Онда SIM-картаның бағасы 101 теңгенi құрайды және клиенттiң балансынан азайтылады.

SIM-карталардан мобильдiк ЭЦҚ пайдалану азаматтарға «egov.kz» мобильдiк қосымша көмегiмен мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүлiктiң бары (жоғы) туралы, зейнетақы төлемдерi туралы анықтамаларды және өзге де қызметтердi алуға мүмкiндiк беретiнiн айта кетелiк. Болашақта SIM-карталардағы мобильдiк ЭЦҚ көмегiмен пайдаланушы «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы тiптi интернетсiз және тиiстi мобильдiк қосымшаларсыз батырмалы телефон арқылы да қызметтер ала алады.

Телефон немесе SIM-картаны жоғалтқан кезде, абонент телефоны бойынша ALTEL call-орталығына жүгiне алады — оператор SIM-картаны бұғаттайды, ал онымен бiрге SIM-картадағы ЭЦҚ-ны пайдалану қолжетiмсiз болады. SIM-карта әдеттегiдей ALTEL ұялы операторының Сату және қызмет көрсету орталығына және одан кейiн жаңа ЭЦҚ жазу үшiн ХҚКО-ға жеке жүгiнген кезде оңай қалпына келтiрiледi.

ХҚҚО инспекторы
Л.Ш. Усова

ХҚКО мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға қызмет көрсетедi

ХҚКО мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға қызмет көрсетедiХалыққа қызмет көрсету орталығы «1414» Бiрынғай байланыс орталығымен бiрлесiп мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

Мүмкiндiгi шектеулi азаматттарға жататын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектер, қозғалуында қиындығы барлар, мүгедек- балалар, есту қабiлетi бойынша мүгедектер, ым-ишара тiлiн қолданатындар үйден шықпай-ақ 1414 телефоны арқылы өтiнiш қалдырып, құжаттарын ресiмдей алады. ББО-да тобы 72 сағаттың iшiнде өтiнiш берушiге келiп, үйде өтiнiш қабылдайды.

Айта кететiн жайт,1414 Саll-орталық арқылы мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға қызмет көрсету туралы ақпарат ХҚКО ғимараттарында стендтерде және жалпыға қолжетiмдi орындарда орналастырған. Сонымен қатар ескеретiн жайт, Мемлекет басшысының алдыға қойған тапсырмасы тұрғындардың кең таралған топтарына мемлекеттiк қызметтiң қолжетiмдiлiгiн қамтасыз етудi орындау аясында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға мемлекеттiк қызмет алу үшiн қажеттi жағдай туғызу бойынша ерекше көнiл бөлiнген. Ол үшiн әрбiр ХҚКО-да мүмкiндiгi шектеулi азаматтардан құжаттар қабылдау үшiн арнайы жұмыс орыны бөлiнген, сонымен қатар пандустар мен щақыру нүктелерi орнатылған.

ХҚҚО инспекторы
Л.Ш. Усова

Мобильдiк үкiмет

ЭҮП және ХҚКО арқылы мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi қалай өткiзуге болады?

ХҚКО қызметтi алу үшiн клиент келесi құжаттар тiзiмiн ұсынады:

  • жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге өтiнiш;
  • жеке куәлiк;
  • төлем туралы куәландыратын құжат;
  • кепiл туралы шарт немесе кепiл жағдайы жазылған басқа шарт, немесе тапсыру актiсi немесе оның қосымша көшiрмесi (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшiрме) қосылған құқықтарды (талаптарды) шегiндiру туралы шарт.

Қызмет алушыға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн өтiнiш толтырып, инспекторға жеке куәлiк пен төлемдi растайтын түбiртектi ұсыну керек.

Егер Электрондық үкiмет порталында Жеке кабинетiңiз болса, онда қызметтi ЕДБ АЖ — екiншi деңгейдегi банктiң ақпараттық жүйесi арқылы алуыңызға болады:

  1. кепiл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаты үлгiсiнде өтiнiш (сауал);
  2. жеке куәлiк;
  3. кепiл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған қызмет берушiнiң ақпараттық жүйесiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге өтiнiштi жiберу үшiн қызмет алушының жазбаша келiсiмi;
  4. төлем түбiртегi;
  5. кепiлдiк туралы шарт немесе кепiл алушының (кепiл берушi) және кепiл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаты үлгiсiнде басқа кепiлдiк талаптары қойылған шарт.

Порталда қызмет көрсету мерзiмi — 1 жұмыс күнi, ХҚКО — 2 жұмыс күнi.

Құжаттарды ресiмдеу ақылы негiзде жүзеге асырылады, мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн жеке тұлғалар 1 АЕК, заңды тұлғалар — 5 АЕК төлеулерi қажет.

Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiгiнiң телнұсқасы үшiн — 0,5 АЕК.

Бала тууға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оны күтуге жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу

Ең танымал әрi қажеттi қызметтердiң бiрi «Бала тууға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оны күтуге жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу» болып табылады.

Бұл электрондық қызметтi алу үшiн ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) жаздыру жеткiлiктi және оның көмегiмен қажеттi қызметтi санаулы уақытта ХҚКО не болмаса өз үйiңiзде алуыңызға болады.

Қызметтi онлайн алу

Авторлану және «Қызметтi онлайн алу» батырмасы бойынша өту.

Өтiнiмдi толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында») көрсетiлген уақыт iшiнде келiп түсетiн хабарламамен танысу.

Қызмет жәрдемақы тағайындау нәтижелерiн тексеру үшiн арналған болып табылады. Жәрдемақы алуға құжаттар тапсыру үшiн Баланың тууы және оның күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау парағына өту қажет.

Қызмет көрсету нәтижесi

Баланы тууға және бiр жасқа дейiн баланы бағу бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу туралы ақпараттық сипаттағы анықтама алу.

ХҚҚО инспекторы
Л. Усова

БЖЗҚ анықтамасы ендi eGov порталында қолжетiмдi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкiмет порталында инвестициялық кiрiсi көрсетiлген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады.

Бүгiнгi күнi eGov пайдаланушыларының Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (ЗТМО) анықтамаларын алуға мүмкiндiгi бар, онда зейнетақы аударымдарының сомасы кiрiссiз көрсетiлген.

Анықтаманың жаңа түрiнде салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы жарналарының түсуi, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кiрiс туралы ақпарат бар.

«Бұрынғы ЗТМО электрондық анықтамасы салымшының зейнетақы шотындағы қозғалысты көрсеткен, бiрақ онда инвестициялық кiрiс көрсетiлмедi. ЕЖЗҚ жаңа анықтамасы, соның iшiнде салымшы белгiлi уақыттың iшiнде қандай кiрiс немесе шығын алғандығын көрсетедi»

Қызмет www.egov.kz порталы «Азаматтар» категориясы — «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» тарауы — «Зейнетақылық қамтамасыз ету» бөлiмiнде қол жетiмдi. Қызметтi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет. Қызмет көрсету мерзiмi 30 минуттан аспайды.

«БЖЗҚ ақпараттық жүйелерi мен электрондық үкiмет порталын бiрiктiрудiң басты мақсаты — бұл жинақ туралы барлық ақпаратты қадамдық қол жетiмдiлiкте алу мүмкiндiгi. Ендi әр салымшы өзiнiң зейнетақы жинақтауларын дұрыс бақылай алады.

Аталған анықтама салымшылардың жеке мақсаттары, сондай-ақ банк несиесiн алу немесе салық декларациясын толтыру үшiн қолданыла алады.

ХҚҚО инспекторы
Л. Усова

Халыққа қызмет көрсету орталықтардағы өзiне өзi қызмет көрсету секторлары

Қазақстандағы ХҚКО-да халықтың қызметтердi алуы ыңғайлы болу үшiн өзiне өзi қызмет көрсету секторы «Сonnection Point» алаңқайы жұмыс iстеуде. Адамдар операторларды күтпей ақ, өздерi электрондық қызметтердi өздiгiнен ала алады. Егер азамат мемлекеттiк қызметтердi алғашқы рет алғалы тұрса, алаңқайларда кеңесшiлер мiндеттi түрде көмек бередi.

Азаматтар iшiнде «Сonnection Point»-тағы ең танымал қызметтерге- жылжымалы мүлiк бар/жоқ туралы анықтамалар, мекенжай анықтамалары, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар. Сонымен қатар, ХҚКО клиенттерi өздiгiнен бала бақшаға кезекке баланы қою, аты мен тегiн ауыстыру үшiн өтiнiш беру, өзiнiң ЖК тiркеу, мемлекеттiк баж, коммуналдық қызметтердi және жол жүру ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұл төлеу мүмкiндiгi бар.

Уақытша жердi пайдалану құқығына акт рәсiмдеу

Саяжай немесе гараж үшiн жердi пайдалану үшiн акт қажет пе? Жеке қосалқы шаруашылығыңызды немесе фермерлiк шаруашылығыңызды рәсiмдеп жатырсыз ба? Бүгiн бiз сiздерге ХҚКО арқылы «Уақытша өтемелi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жердi пайдалану (жалға алу) құқыққа акт рәсiмдеу және оны беру» меммлекеттiк қызметiн қалай алуға болатынын айтып беремiз.

Қызмет ақылы көрсетiледi, оның құны жалға алу субъектiсiне байланысты 1,9-дан 5,2 АЕК дейiн түрленедi. Жетiм блалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 18 жасқа толғанға дейiн растау құжаттарын көрсеткенде қызмет ақысыз көрсетiледi.

Егер сiз жердi жалға алуды ресiмдесеңiз, онда ХҚКО-да өтiнiштi толтыруыңыз қажет; жалға алу туралы шешiмнен көшiрменi беру; бекiтiлген жерқұрылысының жобасының көшiрмесiн; жер учаскесiнiң белгiленген шекарасы бойынша материалдардың көшiрмесiн; жалға алу шартының көшiрмесi; төлегенi туралы түбiртек; жеке куәлiгi және сенiмхатты (қажет болан жағдайда) беру. Жеке тұрғын үй құрылыс алаңына жер телiмдерiн орналастырудың жерқұрылысы жобасының болғаны кезде жерқұрылысы жобасының бөлiгi нақты жерге берiледi және көрсетiлген жұмыстарды орындаған ұйыммен берiлетiн оның шекарасын белгiлейтiн материалдарды бередi.

Егер сiзге жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамасын ауыстыру қажет болғанда аталған құжаттарға сәйкестендiру сипаттамасының өзгергенi туралы шешiмнiң көшiрмесiн қоса беру қажет.

Жалға алу актiсiн ауыстырған кезде, сәйкестендiру сипаттамасының өзгерiсi жоқ болғанда және жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамасының өзгерiсi жоқ болғанда жер учаскесiне құқықбелгiлеушi құжаттың өзгергенi кезде келесi құжаттар қажет: өтiнiш; қызметке төлем жасағаны туралы түбiртек жеке куәлiгi және қажет болғанда сенiмхат.

Өтемелi жердi пайдалану құқығына дайын акттi 6 жұмыс күнiнен кейiн алуға болады. Құжатты қабылдау күнi бұл мерзiмге кiрмейдi.

Айтқандай, қызметтi тiкелей қызмет берушi арқылы немесе «электрондық үкiмет» порталы арқылы алуға болады.

ХҚҚО инспекторы
Л.Ш. Усова

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау

Зейнетақыға шығасыз ба және құжаттарды рәсiмдеудi неден бастайтынын бiлмейсiз бе? Ата-анаңыз зейнетақыны рәсiмдеуге көмек көрсетуiңiздi сұрады ма? Бiз сiзге «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау» мемлекеттiк қызметiн алу туралы айтамыз.

Қазақстан тұрғындарында зейнетақыны ЗТМО, Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе «электрондық үкiмет» порталы арқылы рәсiмдеуге мүмкiндiктерi бар.

Мемлекеттiк қызметтi ХҚКО арқылы рәсiмдеу кезiнде нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжатын (жеке куәлiк, шетел азаматының тұруға ықтиярхатын), сонымен қатар оралмандар үшiн-оралмандардың куәлiгiн; қызметалушының тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын); зейнетақы және жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң банк шотының не түзеу мекемелерiнiң арнайы шот нөмiрi туралы мәлiметтер; қорғаншылық (қамқоршылық) тағайындалған жағдайда қорғаншылықты (қамқоршылық) тағайындауды растайтын құжат ұсынылады; сенiмхат-үшiншi тұлғамен өтiнiштi және қажеттi құжаттарды тапсыру жағдайда. Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттар түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады. Портал арқылы рәсiмдеу кезiнде: қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.

Құжаттарды ХҚКО арқылы тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызмет 10 жұмыс күн iшiнде көрсетiледi, портал арқылы — ЗТМО ақпараттық жүйесiне электрондық сұраныстың түсу сәтiнен бастап 30 минуттен аспайды. Алайда, мемлекеттiк қызмет мерзiмi iстiң материалдарын толық рәсiмдеу қажеттiлiгi жағдайда ұзартылуы мүмкiн.

«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау» мемлекеттiк қызметi тегiн көрсетiледi. Тұрғындар құжаттарды ХҚКО арқылы дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса үзiлiссiз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейiн тапсыра алады. Қызмет алушының қалауымен электрондық кезектi «броньдау» мүмкiн. Зейнетақыны «электрондық үкiмет» порталы арқылы тәулiк бойы ресiмдеуге болады.

ХҚҚО инспекторы
Л.Ш. Усова

Баспасөз релизi

2015 жылғы 21 қыркүйек
Астана қ.

Қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиатының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-ларда ала алатын болады

Аталған анықтаманы алу үшiн азаматтың өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және қажеттi өтiнiштердi толтыруы тиiс. Егер клиент ХҚКО-ға жеке өзi келе алмаса, қызметтi алуға жүгiнген өкiлге нотариалды куәландырылған сенiмхат керек.

«ХҚКО» РМК бас директорының айтуы бойынша бұрын бұл қызмет ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Халықаралық бағдарламалар орталығында ғана ұсынылатын, ендi «Болашақ» халықаралық стипендиатының мәртебесi туралы анықтаманы ҚР-дың барлық 267 ХҚКО-сынан алуға болады. «Шетелдiк жоғары оқу орындарының түлектерi кез келген ХҚКО-ға барып, электрондық кезек тәртiбiмен жүгiне алады және де олардан аталған қызметтi алуға өтiнiм қабылданады», — деп қосып өттi ол.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi Астана тұрғындары үшiн 1 жұмыс күнiн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа өңiрлердiң тұрғындары үшiн — күнтiзбелiк 15 күндi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды.

Мемлекеттiк қызмет тегiн ұсынылады.

Балташева сондай-ақ 1 және 2 топ мүгедектiгi бар адамдардың үйiне барумен қызмет ала алатындығын хабарлады. Бұл үшiн оларға 1414 нөмiрi бойынша Бiрыңғай байланыс орталығына жүгiну және қызметтi алу үшiн қолайлы уақытты көрсету керек. Мобильдiк топ 72 сағат iшiнде қызмет көрсету үшiн үйге барады.

Анықтама ретiнде: Бүгiнгi күнi Қазақстанда 191 мемлекеттiк қызметтi көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет жасауда.

Ағымдағы жылдың 8 айына ҚР ХҚКО-ларында 24 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi.

Сотқа қуынымдық өтiнiш беру

Жалақы төленбесе, жұмыстан заңсыз шығарып жiберсе және т.б., азаматық құқықтарыңызды қалпына келтiру үшiн www.egov.kz порталы арқылы сотқа қуынымдық өтiнiштi онлайн беруiңiзге болады. Бұл қызметтi ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар пайдалануларна болады.

Қызметтiң құны әр түрлi жағдайларға байланысты, және де жеңiлдiктердiң болына.

Қызмет көрсетiлу уақыты: 5 жұмыс күнi.

Қызмет көрсетудi қалай онлайн пайдалануға болады? Қызметтi пайдалану үшiн порталда қуатталу немесе тiркелу қажет. Өтiнiмдi толтырып, оны ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) растау қажет. Өтiнiмге мына құжаттарды қосу қажет: қуынымдық өтiнiш; сенiмхат немесе уәкiлдiң өкiлеттiлiгiн куәландыратын басқа құжат; қуынушы өзiнiң жағдайын түсiндiретiн, талаптарын негiздейтiн құжаттар; болмаған жағдайда жауап берушiлер және үшiншi тұлғалар үшiн осы құжаттардың көшiрмелерi; талас болған жағдайда нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi; қуынушының кейiнге шегеру, мерзiмiн ұзарту, соттық шығындарды өтеуден босату, дәлелдердi талап ету өтiнiштер, егер олар қуынымдық өтiнiште болмаса.

Қуынушы (физикалық немесе заңды тұлғалар үшiн) туралы мәлiметтер формасын толтыру және жауап берушi (физикалық немесе заңды тұлғалар үшiн) туралы мәлiметтер формасын толтыру. Қуынымдық өтiнiштiң электрондық формасы бiр немесе бiрнеше қуынушылар мен жауап берушiлер (физикалық/заңды тұлғалар) мәлiметтерiн енгiзуге мүмкiндiк бередi.

Заңды тұлға қуынымдық өтiнiш берген кезде физикалық тұлға есеп жазбасы (ЖСН қолданып) арқылы қуатталып, содан соң қуынушы туралы мәлiметтер жолында қуынушы болып табылатын заңды тұлғаның мәлiметтерiн толтыру қажет.

Қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк баж төлеу («төлемеу» жолы мемлекеттiк баж төлеуден босатылған жағдайда толтырылады).

Онлайн өтiнiш бергенде электрондық өтiнiш нөмiрi арқылы, сот атауы арқылы, жiберiлген облыс атауы арқылы үдерiске мониторинг жасау мүмкiндiгiне ие боласыз. Ол үшiн сот iстерi бойынша анықтамалықты қолданасыз.

Қызмет көрсетудiң нәтижесi болып соттың атауы және азаматтық iс нөмiрi берiлген қуынымдық өтiнiштiң қабылданғандығы немесе дәлелденген қабылданбағандығы туралы хабарламаны алу.

Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою

Тағы бiр жиi атқарылатын мемлекеттiк қызметтердiң бiрi жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою қызметi болып саналады. Мүмкiн сiз өз жұмыс орнынан айырылып немесе өз қызметiн ауыстыру жайлы шешiм қабылдасаңыз, мына мемлекеттiк қызметке тiркелуiңiздi тура қажет етедi.

Келесi анықтаманы бiлiңiз:

ХҚКО-ға не порталға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде 5 күннiң iшiнде сiздi есепке қояды. Оның нәтижесi — қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретiнде тiркеу және есепке қою туралы хабарламаны қолыңызға бередi. Мемлекеттiк қызмет тегiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электрондық кезек» тәртiбiнде жүзеге асырылады.

Жүгiнген кезде қажеттi құжаттардың тiзбесi:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • диплом (аттестат, сертификат);
  • еңбек кiтапшасы (егер болса).

Құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тарту мәжбүр болады.

Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру қалай өтедi?

Белгiлi уақыт өткен соң сiз жұмыссыз ретiнде тiркелгенiдiгiн растайтын анықтаманы алып оны қажет ететiн жерiне тапсыра аласыз. Ол үшiн ХҚКО-ға қайта жүгiнуiңiзге тура келедi. Бұны iстеу өте оңай. Бұл қызмет автоматты болғандықтан, анықтаманы 10 минуттың iшiнде аласыз. ХҚКО жұмыскерiне тек жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетесiз.

Мобильдiк ХҚКО дегенiмiз не

Мобильдiк халыққа қызмет көрсету орталығы — қысқартылған «Мобильдiк ХҚКО» бөлек елдiмекенде тұратын /орналасатын жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштердi қабылдау және дайын құжаттарды беру жөнiндегi мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн құрастырылған. Мобильдiк ХҚКО бекiтiлген кесте бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi. Шығу кестелерi тоқсан сайын құрастырылады және CҚО Мамлют аудандық әкiмiнiң ресми интернет-қорда орналастырады, санымен қатар аудандық БАҚ-та жарияланады. Мемлекеттiк қызмет көрету тәртiб iМобильдiк ХҚКО арқылы енгiзедi: халыққа кеңес ретiнде көмек беру, құжаттарды қалыптастыру, мемлекеттiк қызметтi көрсету стандарттына сәйкес құжаттардың толық екендiгiн тексеру, құжаттарды қабылдау және беру, және де ақпараттық қор бойынша сұранымдарды рәсiмдеу. Мемлекеттiк қызметақысыз және ақылы көрсетiледi, ол ҚР-ның әрекеттелетiн құқығына байланысты болады. Мемлекеттiк баж және жинау құжаттардың мемлекеттiк теркеуге дейiн төленуi керек. Қазiргi уақытта Мобильдiк ХҚКО қызметкерлерiнiң шығуы АО «Қазпошта» қызметкерлерiмен және РМКК ЗТМО аудандық бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп жүзеге асырылады.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Қазақстанның Тұрғын-үй, құрылысжинақтаубанкi» АҚ депозиттiк/несиелiк шотын толтыру

Қазақстандықтар өздерiнiң «Қазақстанның Тұрғын-үй, құрылыс жинақтау банкi» АҚ депозиттiк және несиелiк шоттарын www.egov.kz электрондық үкiмет порталында толтыра алады.

Порталда шотты толтырудың басты артықшылығы, шотты үйден шықпай толтыру болып келедi.

Шотты толтыру үшiн электрондық-цифрлiк қолтаңбаның болуы мiндеттi емес. Сiзге порталда авторландыруыңыз, «Онлайн төлеу» батырмасы арқылы өтiп, шоттың кодтық нөмiрiн енгiзуiңiз қажет. Одан соң операцияның үлгiсiн (несие, депозит) көрсету және төлейтiн соманың мөлшерiн көрсету керек.

Енгiзiлген деректердi және төлем мөлшерiн енгiзгеннен соң, төлем картасының дербес шоттың деректерiн енгiзу: нөмiрiн, иеленушiнiң ТАӘ, СVV-кодын және қолдану мерзiмiн.

Жеке кабинеттiң («Қызметтi төлеу тарихы» бөлiгiнде) төлеу жөнiндегi чекпен танысу.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

«Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу»

«Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу» мемлекеттiк қызметтi Агенттiк және оныңоблыстық аумақтық бөлiмшелерi көрсетедi. Өтiнiштердi қабылдау «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы, ХҚКО, көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiну арқылы жүзеге асырылады

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiштi «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы Берген сәттен бастап қолхатта көрсетiлген күнi және уақытта.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi тестiлеу әкiмшiсiнiң және оператордың қолы қойылған және мөрмен расталған қағаз жеткiзгiштегi белгiленген үлгiдегi сертификат және шектi мәннен төмен нәтижелерiмен тестiлеуден өткенi туралы анықтама.

Мемлекеттiк қызмет тегiн негiзде көрсетiледы.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын анықтау және тағайындау Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн мiндеттi талап болып отыр. Атап айтқанда бұл мемлекеттiк қызмет ауыл тұрғындарына берiледi, себебi бiр мезгелде олардың атауы және саны берiлген жоқ. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: автоматтандырылмаған. Бұл қызмет заңды және жеке тұлғаларға бiрдей көрсетiледi.

Уақыт мерзiмдерi:

  • 3 жұмыс күнi — мекен жайын анықтау жағдайда;
  • 7 жұмыс күнi — тағайындау, өзгерту немесе жою жағдайда, мүлiктiң орналасқан жерiн «Мекен тiркелiмi» ақпарттық жүйесiнде мiндеттi тiркеу мен саяхат.

ХҚКО-ға мына құжаттарды берiңiз:

Құқық белгiлеушi құжаттар, жер учаскесiне берiлетiн акт, техникалық паспорт — олардың көшiрмелерi.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. Нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң тiркеу коды мен мекенжайын өзгерту, тағайындау, жою, анықтау бойынша анықтаманы аласыз.

ХҚКО инспекторы
Л.Ш. Усова

ХҚҚО хабарлайды

Қазақстандықтар мемлекеттiк мобильдiк сервистердi көбiрек пайдалануда

Қазақстанда Мобильдiк үкiметтi енгiзу процесi белсендi жалғасуда. Миллионнан аса қазақстандықтар мемлекеттiк қызметтердi ұсынудың сапалы жаңа деңгейiнiң пайдаланушылары атанды.

Қазақстан халқының мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының мүмкiндiгi кеңеюде. Коммуникацияның жаңа арналарының бiрi қызметтердi алудың мобильдiк форматы болды. Телефондар, смартфондар және планшеттердiң көмегiмен әрбiр қазақстандық мемлекеттiк қызметтердi алуға мүмкiндiгi бар. Бұл үшiн ХҚКО арқылы, eGov.kz порталы арқылы немесе мобильдiк қосымша арқылы «Мобильдiк үкiметте» тiркелу қажет, ол Android және iOS операциялық жүйелерiн көшiрiп алу арқылы қолжетiмдi.

Мобильдiк форматтағы мемлекеттiк қызметтер мобильдiк қосымша арқылы және SMS арқылы қолжетiмдi. 414 қысқа нөмiрiне қызметтiң атауымен хабарламаны жiберумен, пайдаланушы ендiгi қазiр техбайқаудан өтудiң мерзiмiн және мемлекеттiк тұрғын үй қоры жүйесiнен тұрғын үйге кезектiң нөмiрiн қарай алады. SMS-сервистер туралы айтқанда, ҚР президентiн сайлау қарсаңында, мобильдiк үкiметтiң пайдаланушыларына сонымен қатар SMS арқылы сайлау учаскесiн iздеу қолжетiмдi болғандығын, осы қызмет сол мерзiмде ҚР азаматтарының арасында ең танымал болып табылғандығын атап өтемiз.

«Мобильдiк Үкiметтiң пайдаланушылары үшiн қазiр 50 аса электрондық қызметтер қолжетiмдi және олардың саны 2016 жылы 100-ге жетедi», — дейдi «Мобильдiк үкiмет» жобасының жетекшiсi Гулмира Исабекова.

«Бүгiнгi күнi Мобильдiк Үкiметтiң танымал қызметтерiнiң бiрi зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы үзiндi болып табылады. Осындай үзiндiлердi eGov.kz мобильдiк қосымшасы арқылы 24 мыңға жуығы берiлдi. Екiншi орында — мекенжай анықтамасын алу бойынша қызмет, оны қазақстандықтар 7 мың рет алды. Электрондық қызметтердiң танымалдығы бойынша үштiктiң көсбасшысын Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектi брондау», — деп «Мобильдiк үкiмет» жобасының жетекшiсi Гулмира Исабекова айтты.

Электрондық үкiметтiң мобильдiк қосымшасында азаматтарға сонымен қатар құжаттардың дайындығы, ЖҚЕ бұзғаны үшiн айыппұлдарды тiркеу туралы, борышкерлер тiзiлiмiне қосу және басқалар туралы хабарлама келетiн «Жеке кабинет» қолжетiмдi. Мобильдiк үкiметтiң ең үздiк сервистерiнiң бiрi электрондық цифрлық қолтаңбаны жазу мүмкiндiгiмен сим-картаны шығару болып табылады.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Қазақстанның электрондық үкiметiмен 100 миллион қызмет көрсетiлдi

Электрондық үкiметпен қазақстандықтарға көрсетiлген қызметтер саны 100 миллионға жеттi. Сонымен қатар осы жылдың алты айы iшiнде 19 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi.

Қазақстан азаматтары 2010 жылдан бастап мемлекеттiк қызметтер мен әртүрлi сервистердi электронды түрде ала алады. Бұл өз ретiнде қазақстандықтардың уақыты мен қаражатын үнемдейдi. Мысалы, егер бұрын мекен жай анықтамасын үшiн 3-5 күн күту керек болса, қазiргi кезде ол анықтаманы небәрi 15 минуттың iшiнде алуға болады.

Мемлекеттiк онлайн қызметтердi электрондық үкiмет порталында, egov.kz мобильдiк қосымшасында, электрондық үкiмет бұрыштарында (Connection Point) және ХҚКО-да орналасқан арнайы терминалдар — қоғамдық қолжеткiзу пунктiлерi арқылы алуға болады. Осы арналар арқылы көрсетiлген қызметтер саны 100 миллионға жеттi.

«Бiз үшiн бұл өте жақсы көрсеткiш, ол адамдардың электрондық үкiметке сенетiнiн дәлелдейдi. eGov танымалдылығы жыл сайын артып келедi, 2012 жылы бiз 10 млн.-нан, ал 2014 жылы — 35 млн.-нан астам қызмет көрсетсек, биылғы жылдың алты айы бойынша 19 миллионнан артық қызмет көрсеттiк», — деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев түсiнiк бердi.

Порталдың ең танымал қызметi болып мекенжай анықтамасын алу табылады. Қызмет iске қосылған сәттен бастап бүгiнгi күнге дейiн 48 млн-нан астам рет алынды. Екiншi орында жылжымайтын мүлiк анықтамалары, ұқсас кезең бойынша 17 млн-нан астам анықтама берiлдi. Сонымен қатар азаматтар зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды жиi алады (10 млн.-нан астам анықтама).

Естерiңiзге салсақ, бүгiнгi күнi eGov.kz порталында азаматтардың әртүрлi санаты мен бизнес өкiлдерiне арналған 215 қызмет пен сервис қолжетiмдi.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Қазақстандықтар несие есептерiн eGov.kz арқылы алуды дұрыс көредi

Дербес несие есептерi (ДНЕ) eGov.kz-те өздерiнiң қағаз ұқсастарынан танымалырақ. 2015 жылғы 6 ай iшiнде пайдаланушылар электрондық үкiмет порталы арқылы 40 мыңға жуық есептi алды, ол осы мерзiмдегi берiлген ДКЕ-дiң барлық санының 75% құрайды.

Бiрiншi кредиттiк бюро ақпаратына сәйкес, 20105 жылғы маусым соңындағы жағдай бойынша қазақстандықтармен алынған дербес несие есептерi (кредиттiк тарихтар) саны 53 600-ге жеттi, бұл көрсеткiш 2014 жыл бойы берiлген ДНЕ санынан 2,5 есе артады.

Бұл ретте, азаматтар дербес несиелiк есептердi eGov.kz порталында және ХҚКО бөлiмдерiнде алуды дұрыс көредi. Осы тәсiлдердiң танымалдығы қызметтi алуда қарапайымдылығымен, қолайлығымен және жеделдiгiмен түсiндiрiледi.

«Дербес несие есебiн алу қызметi «eGov» пайдаланушылары арасында үлкен сұранысқа ие, қызметтi iске қосқан кезеңнен оны порталда 84 мыңнан аса рет алған. Бұл ретте, жылдың басынан бастап электрондық үкiмет порталы арқылы алынған дербес несиелiк есептердiң 96% — тегiн», — дедi «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының электрондық қызметтер және сервистер жөнiндегi Орынбасары Бағлан Бекбауов.

ҚР әр азаматы жылына бiр рет несиелiк есептi тегiн ала алады. Несиелiк тарихты қайта алу ақылы негiзде жүзеге асырылады. Несиелiк тарих ақпаратына және төлем тәртiбiн бақылау несиелiк тарихтың сапасын, сондай-ақ ондағы ақпараттың дұрыстығын сақтауға мүмкiндiк бередi.

«Жыл өткен сайын қазақстандықтардың өздерiнiң несие тарихтарына қызығушылығы белсендi өсуде. Несиелiк тарих несие алуға өтiнiмдi банк қарау кезiнде өте маңызды, қарыз алушыда өзiнiң мiндеттемесiне қатысты төлем тәртiбiн жақсартуға ниетiн қалыптастырады» — деп «Бiрiншi кредиттiк бюро» ЖШС Субъектiлермен жұмыс бойынша департаменттiң директоры Ольга Шахова атап өттi.

Электрондық үкiмет порталынан дербес несие есебiн алу қызметi «Салықтар және қаржы» — «Экономика және қаржы» тарауынан табуға болады. Туындаған барлық сұрақтар бойынша пайдаланушылар Бiрыңғай байланыс орталығына 1414 нөмiрi бойынша хабарласа алады, қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегiн.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Қазақстандықтар несие есептерiн eGov.kz арқылы алуды дұрыс көредi

Дербес несие есептерi (ДНЕ) eGov.kz-те өздерiнiң қағаз ұқсастарынан танымалырақ. 2015 жылғы 6 ай iшiнде пайдаланушылар электрондық үкiмет порталы арқылы 40 мыңға жуық есептi алды, ол осы мерзiмдегi берiлген ДКЕ-дiң барлық санының 75% құрайды.

Бiрiншi кредиттiк бюро ақпаратына сәйкес, 20105 жылғы маусым соңындағы жағдай бойынша қазақстандықтармен алынған дербес несие есептерi (кредиттiк тарихтар) саны 53 600-ге жеттi, бұл көрсеткiш 2014 жыл бойы берiлген ДНЕ санынан 2,5 есе артады.

Бұл ретте, азаматтар дербес несиелiк есептердi eGov.kz порталында және ХҚКО бөлiмдерiнде алуды дұрыс көредi. Осы тәсiлдердiң танымалдығы қызметтi алуда қарапайымдылығымен, қолайлығымен және жеделдiгiмен түсiндiрiледi.  

«Дербес несие есебiн алу қызметi «eGov» пайдаланушылары арасында үлкен сұранысқа ие, қызметтi iске қосқан кезеңнен оны порталда 84 мыңнан аса рет алған. Бұл ретте, жылдың басынан бастап электрондық үкiмет порталы арқылы алынған дербес несиелiк есептердiң 96% — тегiн», — дедi «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының электрондық қызметтер және сервистер жөнiндегi Орынбасары Бағлан Бекбауов.

ҚР әр азаматы жылына бiр рет несиелiк есептi тегiн ала алады. Несиелiк тарихты қайта алу ақылы негiзде жүзеге асырылады. Несиелiк тарих ақпаратына және төлем тәртiбiн бақылау несиелiк тарихтың сапасын, сондай-ақ ондағы ақпараттың дұрыстығын сақтауға мүмкiндiк бередi.

«Жыл өткен сайын қазақстандықтардың өздерiнiң несие тарихтарына қызығушылығы белсендi өсуде. Несиелiк тарих несие алуға өтiнiмдi банк қарау кезiнде өте маңызды, қарыз алушыда өзiнiң мiндеттемесiне қатысты төлем тәртiбiн жақсартуға ниетiн қалыптастырады» — деп «Бiрiншi кредиттiк бюро» ЖШС Субъектiлермен жұмыс бойынша департаменттiң директоры Ольга Шахова атап өттi.

Электрондық үкiмет порталынан дербес несие есебiн алу қызметi «Салықтар және қаржы» — «Экономика және қаржы» тарауынан табуға болады. Туындаған барлық сұрақтар бойынша пайдаланушылар Бiрыңғай байланыс орталығына 1414 нөмiрi бойынша хабарласа алады, қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегiн.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Қазақстанның электрондық үкiметiмен 100 миллион қызмет көрсетiлдi

Электрондық үкiметпен қазақстандықтарға көрсетiлген қызметтер саны 100 миллионға жеттi. Сонымен қатар осы жылдың алты айы iшiнде 19 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi.

Қазақстан азаматтары 2010 жылдан бастап мемлекеттiк қызметтер мен әртүрлi сервистердi электронды түрде ала алады. Бұл өз ретiнде қазақстандықтардың уақыты мен қаражатын үнемдейдi. Мысалы, егер бұрын мекен жай анықтамасын үшiн 3-5 күн күту керек болса, қазiргi кезде ол анықтаманы небәрi 15 минуттың iшiнде алуға болады.

Мемлекеттiк онлайн қызметтердi электрондық үкiмет порталында, egov.kz мобильдiк қосымшасында, электрондық үкiмет бұрыштарында (Connection Point) және ХҚКО-да орналасқан арнайы терминалдар — қоғамдық қолжеткiзу пунктiлерi арқылы алуға болады. Осы арналар арқылы көрсетiлген қызметтер саны 100 миллионға жеттi.

«Бiз үшiн бұл өте жақсы көрсеткiш, ол адамдардың электрондық үкiметке сенетiнiн дәлелдейдi. eGov танымалдылығы жыл сайын артып келедi,  2012 жылы бiз 10 млн.-нан, ал 2014 жылы — 35 млн.-нан астам қызмет көрсетсек, биылғы жылдың алты айы бойынша 19 миллионнан артық қызмет көрсеттiк», — деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев түсiнiк бердi.

Порталдың ең танымал қызметi болып мекенжай анықтамасын алу табылады. Қызмет iске қосылған сәттен бастап бүгiнгi күнге дейiн 48 млн.-нан астам рет алынды. Екiншi орында жылжымайтын мүлiк анықтамалары, ұқсас кезең бойынша 17 млн.-нан астам анықтама берiлдi. Сонымен қатар азаматтар зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды жиi алады (10 млн.-нан астам анықтама).

Естерiңiзге салсақ, бүгiнгi күнi eGov.kz порталында азаматтардың әртүрлi санаты мен бизнес өкiлдерiне арналған 215 қызмет пен сервис қолжетiмдi. 

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

ХҚҚО хабарлайды

Қазақстандықтар мемлекеттiк мобильдiк сервистердi көбiрек пайдалануда

Қазақстанда Мобильдiк үкiметтi енгiзу процесi белсендi жалғасуда. Миллионнан аса қазақстандықтар мемлекеттiк қызметтердi ұсынудың сапалы жаңа деңгейiнiң пайдаланушылары атанды.

Қазақстан халқының мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының мүмкiндiгi кеңеюде. Коммуникацияның жаңа арналарының бiрi қызметтердi алудың мобильдiк форматы болды. Телефондар, смартфондар және планшеттердiң көмегiмен әрбiр қазақстандық мемлекеттiк қызметтердi алуға мүмкiндiгi бар. Бұл үшiн ХҚКО арқылы, eGov.kz порталы арқылы немесе мобильдiк қосымша арқылы «Мобильдiк үкiметте» тiркелу қажет, ол Android және iOS операциялық жүйелерiн көшiрiп алу арқылы қолжетiмдi.

Мобильдiк форматтағы мемлекеттiк қызметтер мобильдiк қосымша арқылы және SMS арқылы қолжетiмдi. 414 қысқа нөмiрiне қызметтiң атауымен хабарламаны жiберумен, пайдаланушы ендiгi қазiр техбайқаудан өтудiң мерзiмiн және мемлекеттiк тұрғын үй қоры жүйесiнен тұрғын үйге кезектiң нөмiрiн қарай алады. SMS-сервистер туралы айтқанда, ҚР президентiн сайлау қарсаңында, мобильдiк үкiметтiң пайдаланушыларына сонымен қатар SMS арқылы сайлау учаскесiн iздеу қолжетiмдi болғандығын, осы қызмет сол мерзiмде ҚР азаматтарының арасында ең танымал болып табылғандығын атап өтемiз.

«Мобильдiк Үкiметтiң пайдаланушылары үшiн қазiр 50 аса электрондық қызметтер қолжетiмдi және олардың саны 2016 жылы 100-ге жетедi», — дейдi «Мобильдiк үкiмет» жобасының жетекшiсi Гулмира Исабекова.

«Бүгiнгi күнi Мобильдiк Үкiметтiң танымал қызметтерiнiң бiрi зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы үзiндi болып табылады. Осындай үзiндiлердi eGov.kz мобильдiк қосымшасы арқылы 24 мыңға жуығы берiлдi. Екiншi орында — мекенжай анықтамасын алу бойынша қызмет, оны қазақстандықтар 7 мың рет алды. Электрондық қызметтердiң танымалдығы бойынша үштiктiң көсбасшысын Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектi брондау», — деп «Мобильдiк үкiмет» жобасының жетекшiсi Гулмира Исабекова айтты.

Электрондық үкiметтiң мобильдiк қосымшасында азаматтарға сонымен қатар құжаттардың дайындығы, ЖҚЕ бұзғаны үшiн айыппұлдарды тiркеу туралы, борышкерлер тiзiлiмiне қосу және басқалар туралы хабарлама келетiн «Жеке кабинет» қолжетiмдi. Мобильдiк үкiметтiң ең үздiк сервистерiнiң бiрi электрондық цифрлық қолтаңбаны жазу мүмкiндiгiмен сим-картаны шығару болып табылады.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Электрондық цифрлық қолтаңба мемлекеттiк қызметтерге ыңғайлы қол жетiмдiлiгi

Сiзге тәулiгiне 24 сағат, аптасына 7 күн қолайлы, бiр сәттiк мемлекеттiк қызметтерге қол жетiмдiлiк керек болса? Қызметтердi үйден, жұмыстан немесе кез келген орыннан алғыңыз келсе, қол жетiмдiлiгi үшiн қолданылатын құралдардың қайсысы болса да, жеке компьютер, мобильдi телефон немесе кез келген қолайлы жабдықтар жектеусiз алғыңыз келсе?

Авто көлiктiң тiркеуiн ұзарту, салық немесе айыппұл телеуге және кез келген қызметтi алу мүмкiндiгi бар. Осының бәрi электрондық үкiмет порталы арқылы қол жетiмдi.

Порталдың қызметтерiне қол жетiмдiлiктi алу үшiн қиынға соқпайтын тiркеу процессiн өту қажет: қолданыстағы келiсiмдi қабылдап, жеке сәйкестiру нөмiрiн (ЖСН) және пароль теру қажет.

Қызметтердiң тiзiлiмiн алу үшiн қолданушының,электрондық құжаттың дұрыстылығын растайтын, қолтаңбаның дәстүрлi аналогы болып табылатын, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қажет.

ЭЦҚ алу үшiн не қажет? Өзiңiз www.pki.gov.kz, немесеwww.egov.kz, ХҚКО инспекторының көмегiмен кез келген өзiне өзi қызмет көрсету аймағында: «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар» «Е-нотариат» немесе «қазынашылық — табыскерi» қажеттiлiктi таңдап алып, өтiлiм бере аласыз. Арыздың электрондық нысанын толтырып, қағазға басып шығарып, (жеке тұлғалар) жеке куәлiгiн және арыз алып, ХҚКО бару керек.

«Е-нотариат» ақпараттық жүйесiнiң қатысушыларына: арыз, жеке куәлiк, жұмыс орнынан (нотариустар үшiн –аумақтық нотариалдық палатасыменберiлген, қызметкерлер үшiн — Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, аумақтық әдiлет органдарымен, Республикалық нотариалдық палатасымен, аумақтық нотариалдық палаталарымен берiлген- жұмыс орнымен лауазымы жазылған) анықтама, арыз берушiнiң атынан үшiншi тұлғалар (жеке тұлға) өкiл болатын жағдайда нотариалды куәландырылған сенiмхат. Сенiмхаттың мәтiнiнде нотариалдық iс-жүргiзу туралы заңнамаға сәйкес мәлiметтер қосымша енгiзiледi.

Заңды тұлғалар үшiн қажеттi құжаттардың топтамасына арыздан басқа кередi: заңды тұлға -арыз берушiнiң өкiлiнiң жеке куәлiгi, заңды тұлғаның өкiлеттi тұлғасына берiлген сенiмхаты, заңды тұлға ретiнде қызмет алушы заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгi (түпнұсқаларды беру мүмкiндiгi болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшiрмесi) немесе анықтамасы.

Заңды тұлғалардың бiрiншi басшысына немесе мiндетiн атқарушысына, сенiмхаттың орнына бiрiншi басшы немесе мiндетiн атқарушы лауазымына тағайындау туралы бұйрығының (шешiмнiң, хаттаманың) көшiрмесi заңды тұлғаның мөрiмен басылып куәландырылған немесе жұмыс орнынан берiлген анықтама ұсынылады.

«тапсырылған өтiлiм статусы» вкладкасы бойынша өтiп, арыздың нөмiрiн терiп, бастапқыдан кiлттер қалыптасқан папканы көрсету қажет.

Жеке тұлағалар үшiн әр бiр ЭЦҚ — электрондық цифрлық қолтаңбасы, Қазақстан азаматының iшкi паспортына берiле алады және жаңа үлгiдегi ID-картасының сәйкестiру нөмiрiне жазылады.

Анықтамаwww.egov.kz  порталының көмегiмен, барлық карточкаларды оқитын құрылғы арқылы микрочипке немесе кез келген электронды ақпаратты флешсақтаушыға жазылады.

Жаңа үлгiдегi жеке куәлiгiнiң чиптарына электрондық цифрлық қолтаңбаны жазу бойынша қызметi электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану және сақтау қауiпсiздiгiн күшейту мақсатында жасалады.

ХҚКО инспекторы
Л.Ш. Усова

Үйден шықпай салықтарды, айыппұлдарды және мемлекеттiк баждарды төлеу

Бюджетке салық және төлемдер төлеу қалыптасқан тәртiбi халықтың көп уақыты бөлiнуiне байланысты қалыптасты. Төлемдер көбiнесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы немесе бюджетке салық және төлемдердi өткiзуге лицензиясы бар мекемелер арқылы ақшалай жүзеге асырылады. Нақты мемлекеттiк органның қызметтерi белгiлiктi банктер арқылы төлем жүргiзiледi.

Жаңа ақпараттық техноголияларды енгiзгеннен бастап, көптеген сонымен бiрге мемлекеттiкқызметтердi төлеу тәлiлдерi ыңғайлы және жетiлдiрiлген. Республикадағы төлем өткiзу жүйелерi қарқынды дамуда, үлкен болашағы бар. Электрондық төлемдер жүйесiмен қолданылатын клиенттер саны күннен-күнге көбеюде.

Электрондық үкiметiнiң төлем шлюзы, бұл мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн алынған мемлекеттiк баж, салық, айыппұл және басқа да төлемдердi төлеу үшiн ақпараттық жүйесi. Iшкi iстер министрлiгi ҚР байланыс және ақпараттар министрлiгiмен бiрлесiп, «электрондық үкiмет» порталы арқылы жол жүру ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұл әкiмшiлiк айыппұлдар төлеу механизiмiн iске қосты.

Азамат айыппұлдар тiзiлiмiмен танысып, www.egov.kz порталында төлем өткiзе алады. Электрондық төлем өткiзу тәсiлi, қолайлы бiрiншiден, айыппұл төлеу туралы ақпараты IIМ жол жүру ережелерiн бұзу есепке алу бойынша ортақ мәлiметтер жүйесiне автоматты түрде түседi, содан кейiн айыппұл төлендi деп саналады, қолданушы электрондық түбiртектi салады.

Төлем өткiзу үшiн электрондық үкiметтiң электрондық төлем шлюзы арқылы мемлекеттiк баш төлеу тәсiлiм таңдап алу қажет, төлем карточкасы немесе банк шоты.

Арыз берушiнiң төлем жүйесiнде карточка немесе банк шотының реквизиттерi терiледi, төлемге сауал расталады, жүйе төлем өткiзу үшiн мәлiметтiрдiң дұрыстылығын тексередi. Жақсы нәтиже көрсеткенде жүйе төлемдi сұрыптайды.

«Электрондық үкiметтiң» төлем шлюзы төлемдер туралы мәлiметтердi сақтап, қолданушының жеке кабинетiнде сақталған төлем және төлемдердiң арнайы коды реквизиттерi бар электрондық түбiртектi арыз берушiге асұнады. Оны қажеттiлiгi болса қағазға жығарыпкез келген уақытта алуға болады.

ХҚКО инспекторы
Л.Ш. Усова

ХҚҚО хабарлайды

Мамлют ауданының барлық тұрғандарына қазiргi кезде ХҚҚО өздiгiмен бара алмайтын мүмкiндiктерi шектеулi 1, 2 тобына мүгедектердiң бар азаматтарға өтiнiм беру қызметi барын мәлiмдеймiз

Осы қызмет келесi түрде жүзеге асырылады:

  1. Бiрiншiден, өтiнiш берушi ХҚҚО арқылы көрсiтiлетiн кез-келген мемлекеттiк қызметтi алуға Бiрыңғай байланыс — орталығына өтiнiм беруi керек. Өтiнiмдi 1414нөмiрiне тегiн қоңырау шалып бересiз, оператор сiздiң өтiнiмiздi тiркейдi, өтiнiш берушiнiң барлык мекен-жайлық деректерiн бiлiп алады;
  2. Ары қарай Call- орталық операторы ХҚҚО қызметкерлерiне электроңдық пошта арқылы дереу түскен өтiнiм туралы хабарлайды;
  3. ХҚҚО жауапты қызметкерi өтiнiш берушiмен баланысып, қажеттi мемлекеттiк қызметтi алуға қажет құжаттар тiзiмiн анықтайды және салыстырады, өтiнiш берушiге баруға қолайды уақытты белгiлейдi;
  4. ХҚҚО мобильдiк топ қызметкерлерi 72 жұмыс сағаты iшiнде өтiнiш берушiнiң үйiне құжаттарды қабылдау және беру үшiн шығады, қажет болғанда ХҚҚО көрсететiн мемлекеттiк қызметтер бойынша кеңес ұсынады;

1, 2 санаттағы мүгедектiгi бар азаматтар үшiн уйге шығумен мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiмдi кез-келген уақытта беруге болады Call-орталық тәулiк бойы 24 сағат демалыссыз және мерекесiз жұмыс iстейдi. Бiр де бiр қонырау жауапсыз қалмайды.

ХҚҚО инспекторы
Таранова Н.

Мобильдік үкімет

Мобильдік үкімет — халыққа қызметтерді ұсынудың қосымша каналы. Қызметті енді смартфондар, планшеттер, сондай-ақ дәстүрлі телефондар арқылы алу мүмкіндігі бар.  Мобильдік үкіметжасына, әлеуметтік мәртебесіне, біліміне және тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың үлкен санымен өзара байланысқа арналған қолайлы жол, себебі ол жаппай қолжетімді.

Мобильдік үкіметтің қызметтерін және сервистерін пайдалану үшін, сізге азаматтардың Мобильдік базасында тіркелу қажет. Тіркеу мыналар арқылы қолжетімді:

  • www.egov.kz электрондық үкімет порталы;
  • ҚР халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  •  egov.kz мобильдік қосымшасы (AppStore, GooglePlay дүкендерінде қолжетімді).

Мобильдік үкіметті пайдалану мүмкіндіктері және қолайлылығы 

 «Мобильдік үкімет» пайдаланушысы бола отырып, сіз:

  • Мемлекеттік деректерқорынан өз дербес деректеріңізді қарайаласыз, ол — мобильдік жеке кабинет деп аталады. Мобильдік жеке кабинете сіз ақпараттык өре аласыз:
    • Сіздің орналасқан орныңыз туралы;
    • Тұрғылықты және тіркелген мекен жайлары;
    • Жеке басты куәландыратын құжаттардың деректері;
    • Заңды тұлғаларға қатысу айғағы;
    • Некені тіркеу туралы мәліметтер;
    • Әлеуметтік мәртебесі;
    • Сіздің жылжымайтын мүлкіңіз туралы мәліметтер;
    • Жүргізуші куәлігінің деректері;
    • сіздің ЖСН тіркелген лицензиялар бойынша мәліметтер;
    • көліктік ақпарат;
    • ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдардың болуы/болмауы.
  • Өз ұялы телефоныңа хабарламалар алу, мысалы: ХҚКО және «электрондық үкімет» порталында құжаттардың дайын екендігі туралы, ЖҚЕ бұзылуы және айыппұл сомасы туралы, сондай-ақ т.б. туралы;
  • Сонымен қатар, мобильдік үкімет пайдаланушылары, мобильдік қосымшаны жүктеместен ақпаратты  SMS-хабарлама арқылы ала алады, келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін  414 қысқа нөміріне мәтін жіберу қажет:
    • 414 «автомобиль техтексеріс нөмірі» мәтінін жіберіп, техтексеріс тенөтудің қолданыс мерзімдерін қарау;
    • 414 «тұрғын үйге кезек ЖСН» мәтінін жіберіп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезек нөмірін қарау.

Құрметті пайдаланушылар, сіздердің назарларыңызға «Мобильдік үкімет» жобасының аясында әзірленген  eGov.kz жаңа қосымшасын ұсынамыз. Енді сіз қосымшаны өз мобильдік қосымшаңызда жүктеп, өз мобильдік қосымшаңызға орната аласыз:

«eGov.kz» қосымшасы Қазақстан Республикасының азаматтары,  «Электрондық үкімет» веб-порталының пайдаланушыларына келесі 50 қызметтер мен сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған:

Электрондық цифрлық қолтаңбаны өз телефоныңызға көшіріп, сіз келесі мемлекеттік қызметтерді ала аласыз

  1. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтамалар беру;
  2. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағандығы туралы мәліметтердің бар немесе жоқ болуы туралы ақпарат беру;
  3. Жер учаскесінің тиістілігі туралы ақпаратты ұсыну;
  4. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру;
  5. Некені тікреу туралы анықтама беру;
  6. Туу туралы анықтама беру;
  7. Жер учаскесіне кадастрлік ақпарат алу;
  8. Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  9. Мекенжай анықтамасын беру;
  10. Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама алу;
  11. Жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтамалар беру;
  12. Заңды тұлғаның филиалдары және өкілдіктері туралы анықтамалар алу;
  13. «Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы» анықтама беру;
  14. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама беру;
  15.  «Заңды тұлғаның, филиалы немесе өкілдіктерінің барлық тіркелген әрекеттері туралы» анықтама алу;
  16. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу.

Мынадай қолайлы сервистерді қолдану:

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезек нөмірін қарау;
  2. Лицензияларды тексеру;
  3. Чектерді тексеру;
  4. ЭҮП құжаттарды тексеру;
  5. ХҚКО кезекті броньдеу;
  6. Дәріханаларды іздеу;
  7. Заңды тұлғаның атауының бірегейлігін тексеру;
  8. Техтексерістен өтудің қолданыс мерзімдерін қарау.

PUSH, SMS каналдары бойынша немесе e-mail (сіздің таңдауыңызға) хабарлама алуға жазылу:

  1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлама;
  2. ХҚКО немесе ЭҮП қызметтердің нәтижелерінің дайындығы туралы хабарлама;
  3. Балабақшаға кезек мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлама;
  4. ЖҚЕ және айыппұл сомасының бұзылуы туралы хабарлама;
  5. Мекенжай деректерінің өзгеруі туралы хабарламалар;
  6. Жүргізуші куәлігін ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлама;
  7. Техтексерістен өту қажеттілігі туралы хабарлама;
  8. Жылжымайтын мүлікке ие болу құқығының өзгеруі туралы хабарламалар;
  9. Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар мәртебесінің өзгеруі туралы хабарламалар;
  10. ЖҚЕ айыппұлын өтеу туралы хабарлама;
  11. Жылжымалы мүлікке ауыртпалықтарды салу/алу туралы хабарлама;
  12. Лицензиялардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, қайтару, тоқтату туралы хабарлама;
  13. Атқару өндірістері бойынша борышкерлердің тізілімінде және шетелге шығуы шектелген борышкерлер тізіліміне қосу туралы хабарлама.

Төлемдерді онлайн жүргізу:

  1. Мобильдік байланысты төлеу;
  2. «Казахтелеком» АҚ байланысы үшін төлеу;
  3. ТҮЖБ депозит/несие шотын толтыру;
  4. Коммуналдық қызметтерді төлеу;
  5. Жеке тұлғалар үшін салықтар төлеу  (Жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу, Жеке тұлғалардың салықтары үшін өсімпұлдар, айыппұлдарды төлеу,Елді мекендердегі жерге жеке тұлғалардан жер салығын төлеу, Жеке тұлғалардың көлігіне салық төлеу);
  6. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар төлеу;
  7. Жүргізуші куәлігін ауыстыру және алу үшін мемлекеттік баж алым;
  8. Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж алым;
  9. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін мемлекеттік баж алым;
  10. Паспорт алу үшін мемлекеттік баж алым.

ХҚҚО хабарлайды

Астанада мемлекетті дамытудағы әлеуметтік желілердің рөлін талқылады

Бүгін астаналық Тәуелсіздік Сарайында «Тұрақты дамуды қаржыландырудағы инновациялық шешімдер: әлеуметтік желілердің рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі мен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментімен бірігіп ұйымдастырылған мемлекеттік басқару, инфокоммуникациялық технологиялар мен электрондық үкіметті дамыту саласындағы 20-дан аса шетелдік сарапшылар қатысты.

Конференцияның спикерлері ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов, БҰҰ ЭӘМД Электрондық үкімет басқармасының басшысы Винченцо Акваро, БҰҰ Экономикалық даму жөніндегі бас хатшысының көмекшісі Ленни Монтиель, БӨД Атқару комитетінің бас директоры Нурудин Мухитдинов, IDC вице-президенті Стивен Франтцен және т.б. сөз сөйледі.

 Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, конференцияyың тақырыбы өте өзекті. Егер бұрында әлеуметтік желілер тілдесу және көңіл көтерудің құралы ретінде пайдаланылса, ал бүгінде олар ақпараттандыру, талқылау алаңдарына, азаматтық жұмылдыру, сондай-ақ тұрақты дамудың қаржыландыру құралдарына айналуда.

«Біз инициативті тұлғалардың, мысал ретінде, ауыр сырқатпен ауырған балаларды емдеу үшін топтарға бірігіп немесе өздігінен қаражат жинап, қайырымдылық  қорларына көмек беріп отырғандарын көріп отырмыз. Осылайша, біз қоғамның дамуындағы әлеуметтік желілердің қандай үлкен рөл ойнайтынын түсінеміз», — деп іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі« АҚ басқарма төрайымы Бикеш Кұрманғалиева атап айтты.

Конференцияның қатысушылары электрондық үкімет мәселелерін, тұрақты дамудағы ашық үкіметтік деректер мен жеке сектордың рөлін талқылады, ал ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру және орталық мемлекеттік органдардың деректер қорына онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жоспарлары туралы айтты.

Сонымен қатар, орыс тілінде электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ның есебі ұсынылды. Іс-шараның қонақтары Мемлекеттік қызметтер жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барды. Бұдан басқа, конференция аясында мемлекеттік қызметтерге көпарналы қолжетімділік бойынша ТМД елдерінің өкілдері үшін оқыту семинары өтті. Қазақстандықтар көршілес елдермен электрондық үкіметті, мобильдік үкіметті құру, электрондық лицензиялау тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар ХҚКО-ның ықпалдастырылған ақпараттық жүйені құрудағы артықшылықтары туралы атап өтті.

Еске сала кетсек, өткен жылы қазақстандық «Зерде» холдингі ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету бойынша ТМД қатысушы-елдерінің Базалық ұйымына айналды.

Жалпы, шетелдік сарапшылар қазақстандық e-үкімет тәжірибесін жоғары бағалағандығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан электрондық үкіметтің даму деңгейі жөнінен БҰҰ(193 ел) әлемдік рейтингісінде 28-ші орынға ие.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

ХҚҚО хабарлайды

ХҚКО-да «Электронды үкімет порталы » (www.eqov.kz), Картридер арқылы төлемдерді іске асыру мүмкіншіліктері және ЭЦҚ алу

Мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру және халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында «Электрондық үкімет порталының » тиімділігін халыққа насихаттау басты міндетіміз. «Электрондық үкімет» — мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктірген жалпы мемлекеттік жүйе.

Қазақстан Республикасының «Электрондық үкімет порталы» (www.egov.kz) порталы арқылы әлемнің кез-келген жерінен отырып, барлық ХҚКО-нан алынатын анықтама түрлерін электрондық түрде алуға болады. Анықтама түрлерін атап өтетін болсақ: мекенжай анықтамасын алу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, жұмыссыз азаматтардың анықтама алуы, сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама беру, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру сияқты анықтама түрлері көп. Анықтама алудың еш қиындығы жоқ, алдымен ҚР «Электрондық үкімет порталынан» (www.egov.kz) тен тіркеуден өтесіз. Тіркеуден өту үшін: тіркеу батырмасын басып жеке немесе заңды тұлғаны таңдайсыз, содан соң келісім шартты оқып таныстым деп белгі (галочка) койып уакытша тіркелуді басасыз, жсн, жеке куәлік нөмірін, туған күндеріңізді толықтай теріп, тексеру батырмасын басу арқылы өзіңіз туралы мәліметтер шығады, дұрыстығын растап 8 ге дейін санды немесе әріптен тұратын пароль ойлап табасыз және қайталайсыз, электрондық поштаңызды жазып тіркелуді басасыз. Содан кейін электрондық поштаңызға келген сілтеме бойынша өтіп, сіздің тіркелгендігіңіз жөнінде құттықтау сөзі шығады, осылайша сіз жүйенің қолданушысы ретінде тіркелесіз. порталда төлемдер жүргізу үшін «электрондық цифрлық қолтаңба» (ЭЦҚ) талап етілмейді, ал кез-келген анықтама түрлерін алу үшін міндетті болып табылады. «Электрондық цифрлық қолтаңбаны» (ЭЦҚ) алу үшін ЭЦҚ алу батырмасын басып, 2-қадамға өту арқылы сіз www.pki.gov.kz жүйесіне еңесіз. Суретте көрсетілген жасырын сөзді еңгізіп, жсн, электрондық поштаңызды және сізге жақын орналасқан ХҚКО-ғын таңдайсыз, порталдан шыққан өтінішті таңдаған ХҚКО-на әкеліп тапсырасыз.
Жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бойынша белгілейтін құжаттар тіркеуге төленетін мемлекеттік баж төлемдердің ақысын почта, банк ұйымдарына жүгінбей- ақ ХҚКО-ның CARD READER (картридер) USB құрылғысы арқылы уақыт үнемдеп, тапсыруға болады. Ол үшін өзіңізбен бірге орталыққа төлеуге жеткілікті төлем сомасы бар банкоматыңыз болуы қажет. Осы жүйе арқылы мемлекеттік баж төлемдері 2013 жылдың ақпан айынан бастап іске қосылған. Содан бері үздіксіз төлемдер жүргізіліп келеді. Осы төлемдерді арттыру мақсатында және уақыттарыңызды үнемдеу үшін өзіңізбен бірге банкомат картасын алып келуіңіз сұралады. Картридер (USB) құрылғысы арқылы төлемдерден басқа әлемге танымал жаңа үлгідегі жеке куәлікке ЭСҚ кілтін құйып және пайдалану үшін де қолданылады. Түсінбеген басқа да сауалдарыңыз болса толығырақ ақпаратты тәулік бойы жұмыс атқаратын саll- орталық мамандарынан «1414» немесе Мақат аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының 871239-3-22-97 нөміріне телефон қоңырауын шалуыңыз арқылы

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

ХҚҚО хабарлайды

EGov тұтынушылары «Сот кабинетіне» авторизациясыз кіре алатын болды

Бүгін ҚР Жоғарғы Соты мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері «Электронды үкімет» (egov.kz) пен Жоғарғы Соттың «Сот кабинеті» электронды сервисінің (office.sud.kz) интеграциялануы мәселелерін талқылады.

Ақпараттық жүйелер арасындағы бірыңғай авторизацияны білдіретін Single Sign-On (SSO) механизмінің іске қосылуы Екіжақты ынтымақтастықтың басты жетістігі болып табылады. Тұтынушы қосымша авторизациясыз-ақ талап арыз беру, сот хаттамасын электронды нұсқада алуды сұрату туралы өтініш беру немесе хаттамаға өтініш беру туралы сұранысты қамтитын Жоғарғы Соттың үш қызметінің бірін пайдалана алады. Енді бұл қызметтерді алуға «Электронды үкіметі» порталында авторизациядан өтудің өзі жеткілікті.

«Ақпараттық технологияларды соттарда қолдануды дамыту мақсатында “Сот кабинеті” ақпараттық сервисі енгізілді. Осылайша, Жоғарғы Сот ел тұрғындары үшін сот жүйесінің барынша ашық әрі қолжетімді болуын көздей отырып, заманауи технологияларды сот жүйесінде қолдану бойынша жұмыстарды жалғастыруда», — деді ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испанов.  

Жыл қорытындысы бойынша аталған сервис арқылы 105 мыңнан астам электронды өтініштер берілсе, соның 85 мыңнан астамын талап арыздар құрайды. Сонымен қатар, электронды өтініштер беру жүйесі 2011 жылдан бастап іске асырыла бастағанымен, оның функционалдық мүмкіндігі шектеулі болатын.

«SSO технологиясы электронды қызметтерді неғұрлым ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етіп, тұтынушыларды өз есептік жазбасының деректерін бірнеше рет енгізу қажеттілігінен босатады», — деді «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Р.С. Еңсебаев. Оның айтуынша, интеграция көмегімен бүгінде 500 мыңнан астам тұтынушыны біріктіретін азаматтардың мобилдік базасымен бірлескен сот өндірісінің жүйесі негізінде тұтынушыларға түрлі хабарландырулар, ақпараттар мен шақырту хаттарын жіберудің мүмкіндігі арта түскен. 

Бұл механизм сот жүйесіне қолжетімділікті арттырудың кезекті қадамы болып табылады және осы бағыттағы тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «Сот кабинеті» электронды сервисі істемей қалған жағдайда, талап арыздар мен өтініштерді «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы беруге болады. Осы ретте, электронды өтініш беру қызметі «Электронды үкімет» веб-порталы мен «Сот кабинеті» сервисінде қатар қызмет көрсететінін атап өткен жөн.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

ХҚҚО хабарлайды

Қазақстанда тауарлық белгіні енді интернет арқылы тіркеуге болады

Тауарлық белгіні және тауардың шыққан орнының атауын тіркеу бойынша жаңа қызметтер енді Қазақстанның электрондық үкімет порталында қол жетімді.

Оларды жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ заңды тұлғалар да пайдалана алады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы және eGov.kz-те тіркелу қажет.

Қызметті алу үшін «Бизнес» тарауын, «Зияткерлік меншік» санатын таңдау және «Тауарлық белгілер» батырмасын басу қажет. Өтініш толтырылғаннан кейін электрондық нысанға талап етілетін құжаттар қоса тіркеледі және өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойылады.

Тиісті куәлікті беру туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап Пайдаланушының жеке кабинетіне жөнелтіледі.
Электрондық үкімет порталының қызметті бойынша барлық сұрақтарды 1414 Бірыңғай байланыс орталығының операторларына қоюға болады. Орталық тәулік бойы жұмыс істейді, ал қоңыраулар Қазақстанның барлық аумағы бойынша мүлдем тегін.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Баспасөз-релизі

2015 жылғы 16 маусым
Қостанай қ.

Қостанайлық жүргізушілерде авто және мотодром пайда болады

Баспасөз-релизі2015 жылы Қостанайдың автокөлік иелеріне арналған Мамандандырылған ХҚКО ашылады. Жаңа ғимараттың қабырғалары ескі әскери аэродром жақта Челябі көшесі бойында тұрғызылды. МамХҚКО ауданы 4 гектарды құрайды.

«ХҚКО» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Еркін Жұмабай Мамандандырылған ХҚКО ашу автоиелеріне автокөліктерін екі сағат ішінде тіркеуге мүмкіндік беретінін, шамамен осындай уақыт жүргізуші куәлігін алуға кететінін хабарлады. «Осы қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту бизнес-үдерістерді автоматтандыру және бір кешен аумағында қосымша сервистерді топтаудың арқасында мүмкін болды. Осылай, құрылып жатқан МамХҚКО-да психиатриялық және наркологиялық диспансер дәрігерлеріне арналған кабинеттер, сондай-ақ медициналық комиссиядан өту кабинеті көзделген», — деп ол қосты.

Сондай-ақ Жұмабайдың айтуы бойынша ғимаратта «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейтін болады, онда автоиелері ЖҚЕ бұзушылығы үшін айыппұлды, көлік салығын және т.б. өз бетінше төлей алады.

Автоматтандырылған автодроммен бірге жаңа кешен аумағында мотодром қарастырылған, онда автоәуесқойлар мотоцикл, мопед және т.б. басқаруға практикалық емтихан тапсыра алады. Мамандандырылған ХҚКО-ларда практикалық емтихан тапсыру процесі толықтай автоматтандырылғандығын атап өту керек. Жүргізуші өз бетінше қашықтықты жүріп өтеді, ал электрондық жүйе өзі баға қояды.

Қостанайдағы МамХҚКО-дан басқа жыл соңына дейін Ақтөбе қаласында МамХҚКО-ны іске қосу жоспарлануда.

Анықтамалық: ағымдағы жылдың 5 айы ішінде Қазақстанның МамХҚКО-ларында 65 мыңнан астам жүргізуші куәліктері берілген және 324 мыңнан астам автомобиль тіркелген.

ХҚҚО хабарлайды

Ашық деректер — Қазақстандағы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер

Бизнестің толыққанды дамуы үшін ашық деректердің қолжетімділігі маңызды. Бұл алдағы уақытта мемлекетке де, азаматтарға да пайдасын әкеледі. Ол туралы 2015 жылы 21 мамырда «Инфрақұрылым — экономикалық дамудың жүргізушісі» Астана экономикалық форумы аясында өткен, «Тұрақты дамуды қаржыландырудағы инновациялық шешімдер: әлеуметтік желілердің рөлі» конференциясы барысында астаналық Тәуелсіздік Сарайында айтылды. Аталған мәселе бойынша, сессилардың жұмысында қазақстандық және шетелдік сарапшылар ойларын айтты.

Қарапайым мысалдар: қалада қанша автобустар, қандай тұрғын, қандай қалааралық бағыттарға таксилер сұранысқа ие есебінен жолаушыларды тасымалдау бойынша қосымша құруға болады. Ал егер тұтынушылық қоржынға талдау жасасақ, онда өзінің ісінқұрғысы келетіндерге мобильдік анықтама әзірлеуге болады. Және де осындай мобильдік қосымшалар жүздеген болуы мүмкін.

Болашақ «Open data»-ның артында. Кездесудің қатысушылары осындай қорытындыға келді. Ашық деректер «Ашық үкімет» концепциясының ажырамас бөлігі болып табылатынына, оның қағидалары азаматтар үшін мемлекеттің қолжетімділігін, мемлекеттік басқарудың ашықтығын және жемқорлықпен күресті ұйғарады.

Қазақстанда ашық деректерді енгізудің алдында, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен Дүниежүзілік Банк әдістемесіне сәйкес ашық деректерге мемлекеттің дайындығын талдау бойынша жұмыс атқарылды.

«Open data шынайы бизнеске де, азаматтарға да көмектеседі. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік органдардан сұратылатын деректерден азаматтармен бизнес өкілдерінің қажеттіліктерін анықтау бойынша іс-шаралар өткізудеміз. Мемлекеттік органдар даналынған ақпаратты біз ашық деректер порталында орналастырамыз, содан кейін бизнесмендер оны қолдана алады», — деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ БасқармаТөрағасы Еңсебаев Руслан түсінік берді. Мемлекет пен бизнес арасында диалогты белсендіру қажет.

Жеке сектор деректерді қарай, оларды талдай, өңдей, өзінің жұмысы үшін қандайда бір қорытындылар жасайалады. Қазақстанда ашық деректердің негізінде пайдалы өнімдер әлдеқашан құрылған: лицензияларды іздеу, денсаулықсақтау және білім беру объектілері бойынша мобильдік қосымшалар.

Әлемде ашық деректердің қарқынды өсетін нарық мысалдарының бірі жылжымайтын мүлік нарығы бойынша нақты уақыттағы деректерді ұсынатын Zillow компаниясы болып табылады. Оның қызметінің негізіне сатылуға қойылған үйлер, жалға алу үшін үйлерді және ағымдағы кезеңде нарықта сатылмайтын үйлерді қосқанда АҚШ-та 110 млн. Аса үйлер туралы ақпарат пен деректер қорынан тұрады. Оның капиталға айналуы 3 млрд. АҚШ доллары нажетті.

Жалпы, бүкіл дүние жүзінде халықаралық сарапшылар ашық деректерден тиімділікті 3-5 трлн. долларға бағалайды.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Баспасөз-релизі

2015 жылғы 3 маусым
Астана қ.

ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер іске қосылды

Баспасөз-релизіМаусым айынан бастап Қазақстандық ХҚКО-ларда пилоттық режимде 35 жаңа қызмет қолжетімді болды. Атап айтқанда, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептілігін қабылдауға/кері қайтаруға, дара кәсіпкерлерге патент беруге, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға, Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша кіруге шақыруларды ресімдеуге және т.б. үшін жүгінуге болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуы бойынша қазіргі уақытта 9 мемлекеттік органның 35 қызметі берілді. «Әзірше осы қызметтердің стандарттары қаралып жатқанда, олар ХҚКО-ларда пилоттық режимде ұсынылатын болады. Оларды бекіткен соң, пилоттық жоба аяқталады және қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негізде көрсетілетін болады», — деп атап өтті.

Балташева сонымен бірге ҚР ХҚКО-ларына жаңа қызметтерді ендіру бойынша жұмыс жалғасатынын хабарлады. Жыл аяғына дейін ХҚКО-ларға тағы да 20-дан астам жаңа қызметтер, олардың ішінде инвестициялар және даму, ауыл шаруашылық, әділет, қаржы және қорғаныс министрліктерінің қызметтерін ендіру жоспарлануда екендігін айта кетелік.

Осылайша, ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер саны 212-ге жетеді. 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 59 қызмет көрсеткенін, 2012 жылы – 113, 2014 жылы олардың саны 171 жеткендігін айта кетейік.

ҚР ХҚКО-ларда ағымдағы жылғы 4 ай ішінде көрсетілген қызметтер саны 13 711 696 құрайды, соның ішінде 10 миллионнан астамы — электрондық.

ХҚҚО хабарлайды

Қазақстандық «Үлкен деректер» зертханасы eGov-тің мақсатты аудиториясын зерттейді

Астаналық Тәуелсіздік Сарайында екі күн қатарымен «Инфрақұрылым — экономикалық дамудың жүргізушісі» Астана экономикалық форумы өтуде. 2015 жылы 22 мамырда бөлек сессия барысында қазақстандық сарапшылар мен шетелдік қатысушылар қызық тақырыптардың бірі «Big data: жаңа цифрлық экономика» туралы талқылады.

Соңғы жылдары «Үлкен Деректер» экономикалық және технологиялық дамудың жалпы танылған тренді болып табылады. Gartner зерттеу консалтинг компаниясы «Үлкен Деректер» өндірістегі, денсаулық сақтаудағы, саудадағы, мемлекеттік басқарудағы ақпараттық технологияларға ықпал ететінін болжайды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ негізінде Қазақстанда Big Data технологияларын зерттеу және тәжірибелік қолдану мақсатында «Үлкен Деректер» Зертханасы құрылды. Қазіргі уақытта мұнда eGov порталының пайдаланушысының профилін талдау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Деректердің негізгі қайнар көздері келесілер болып табылады: электрондық үкімет порталы, халыққа қызмет көрсету орталықтары, пошталық сервистер арқылы азаматтардың электрондық өтініштері, СМС-хабарламалар мен Бірыңғай байланыс орталығына қоңыраулар, әлеуметтік желілер.

Тек электрондық үкімет порталында бүгінгі күнге дейін 15 ТБайтқа дейін ақпарат жинақталған, ол ай сайын 1 ТБайтқа толықтырылады. Бұдан басқа, «Үлкен Деректер» зертханасы ашық дерек көздерінен 3 ТБайттан кем емес деректерді өңдеуді жоспарлайды.

«Біз порталдың пайдаланушыларының жүріс-тұрысын алдын ала біліп үйренгіміз және нақтырақ әртүрлі аудиториялар үшін электрондық үкімет және оның мемлекеттік қызметтерін ұстанғымыз келеді. Мысалға, адам нәрестелі болды. Барлық деректерді талдап, мемлекеттің өзі азаматқа қандай қызметтер алу қажеттігін ұсынатын немесе ойға салатын болады: баланың туу туралы куәлігін ресімдеу, жәрдемақы тағайындау үшін құжаттар тапсыру және баланы балабақшаға кезекке қою. Үлкен деректер бізге»Үкімет азаматтар үшін« идеясын іске асыруға мүмкіндік береді» — деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Үлкен деректер» зертханасының жетекшісі Жүкенов Ринат айтуда.

Зертхана жоспарында әртүрлі салаларда немесе экономика секторларында «Үлкен Деректер» талдауы бойынша үштен кем емес шешім енгізу (мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтер, ТКШ, жол қозғалыс қауіпсіздігі, медицина, телекоммуникациялар, қаржы, коммерциялық сектор, өнеркәсіп); Қазақстанның IT ЖОО бірінде «Үлкен Деректер» талдауы бойынша мамандарды дайындау үшін оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу және т.б.

Әлемдік сарапшылар «Big data» және «Open data» Қазақстан Республикасында «Ашық үкіметті» қалыптастыруда маңызды рөлді ойнайтынын атап өтеміз.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

ХҚҚО хабарлайды

ТМД елдері Қазақстанның мемлекеттік қызметтерге көпарналы қолжетімділік бойынша тәжірибесінен үлгі алатын болады

ХҚҚО хабарлайдыАстана экономикалық форумы күндері «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның орталық офисінде мемлекеттік қызметтерге көпарналық қолжетімділік бойынша оқыту семинары өтті. Қазақстандықтар ТМД елдерінің қонақтарымен электрондық үкіметті, мобильдік үкіметті, электрондық лицензиялауды құруда тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ ХҚКО-ның ықпалданған ақпараттық жүйесін құрудың артықшылықтары туралы айтып берді.

Кездесу барысында «ҰАТ» АҚ-ның өкілдері Қазақстандағы электрондық үкіметтің даму кезеңдерін толығымен айтып берді, жаңа жобаларды енгізу кезіндегі тап болған қиындықтарды көрсетті. Қазір технологиялық жаңалықтардан нақты пайда алынатындығы — айқын. Сондықтан шетелдік тараптардан қазақстандық тәжірибеге үлкен қызығушылық өсуде, олардың кейбіреулері енді ғана интеграциялық жаңалықтарды енгізудідің зерттеу кезеңінде. Мысалға, қазақстандық Е-лицензиялау 30 ақпараттық жүйемен ықпалдасқан, олардың ішінде жеке және заңды тұлғалардың, жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік деректер қоры, салық және көлік жүйелері. Клиентті банктердегі кезектерден арылту үшін, оларға төлемді шлюзді қолдану мүмкіндігі ұсынылған.

Семинарда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі толығымен көрсетілді. Бүгінгі күні барлық өзгерістерден кейін Қазақстандағы 264 ХҚКО 191 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Жалпы, үрдістерді оңтайландыру және ақпараттық жүйелердің бірігуінен кейін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ оларды мобильдік қосымша, SMS және USSD арнасы арқылы алу мүмкін болды.

Анықтама үшін, өткен жылы қазақстандық «Зерде» холдингі ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету бойынша ТМД қатысушы-елдерінің Базалық ұйымына айналды.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Баспасөз-релизі

2015 жылғы 22 мамыр Астана қ.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары салық қызметтерін мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында көрсете бастады

Бұл ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті іске қосқан бірлескен пилоттық жобаның арқасында мүмкін болды.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева атап өткендей жарқын болашақта мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында ХҚКО-лардағы сервиске баламалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру жоспарлануда. «Биылдың өзінде азаматтар салық қызметтерін қандай да бір кедергілерсіз, ал келесі жылы Ахуалдық орталығымен интеграцияланған Бірыңғай электрондық кезек тәртібімен ала алатын болады. Яғни біз қызмет көрсету барысын электрондық кезек талонын алған сәттен бастап клиенттің дайын құжатты алған сәтіне дейін қадағалай алатын боламыз», — деп айтып өтті ол.

Аталған «пилоттың» шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері 14 салық қызметін ұсынады. Олардың ішінде: Дара кәсіпкерді тіркеу есебіне алу, салық төлеушілерді тіркеу, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталып қалған (төленген) салықтар туралы анықтамалар, салық есептілігін кері қайтарып алу және т.б. Қазіргі уақытта ХҚКО инспекторлары апта сайын оқыту семинарлары мен тренингтерінен өтеді.

Айта кетейік, осы іспеттес пилоттық жоба өткен жылдың желтоқсанынан бастап Алматы облысы Қарасай ауданының және Астана қаласы Сарырарқа ауданының мемлекеттік кірістер басқармаларында қолданылды. Енді бұл тәжірибе барлық облыс орталықтары мен Алматы қаласына таралды.

Қазіргі уақытта облыстық мемлекеттік кірістер органдарына ХҚКО-ның 5 инспекторы, Астана мен Алматы қалаларында – сәйкесінше 10 және 20 қызметкер іссапарға жіберілді.

Пилоттық жоба ағымдағы жылдың қараша айына дейін созылады.

Бүгінгі күні республикада 264 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайтындығын еске саламыз, олардың ішінен 9-ы автокөлік иелеріне қызметтер көрсету жөніндегі мамандандырылған ХҚКО.

Ағымдағы жылдың 4 айына Қазақстанның ХҚКО-ларында 13 711 696 қызмет көрсетілген, оның ішінде 10 366 299 – электрондық нысанда ұсынылды.

 Баспасөз релизі

2015 жылғы 20 мамыр Астана қ.

Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары. Ахуалдық орталығына қосылды

Қызметтер көрсетудің сапасын мониторингілеу үшін барлық 264 ХҚКО Ахуалдық орталығына қосылды, оның мамандары шынайы уақыт режимінде қызметкерлердің жұмысын бақылайды.

Бұл туралы Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Астананың мамандандырылған ХҚКО-сына барған сапар барысында Астана экономикалық форумының шетелдік қатысушыларына мәлімделді. Қонақтар арасында Электрондық үкімет басқармасының төрағасы Бахрейна Мухаммед Аль-Каед, Египет электрондық үкімет басқармасының басшысы Ахмед Камал,  Alphaworks.com төрағасы Эрин Глен болды.

«ХҚКО» РМК  бас директорының орынбасары Шоқан Әбділмановтың айтуы бойынша бейнекамералардың айтарлықтай көп саны мамандандырылған ХҚКО-ларда орнатылған.«Мамандандырылған ХҚКО-ларда медкомиссиядан өту, айыппұлдар мен салықтарды жабу, агрегаттарды салыстыру, жүргізуші куәліктерін беруге тестілеу, автодромда практикалық емтихан тапсыру және т.б. сияқты ілеспе қызметтердің көрсетілуіне байланысты барынша көп бейнекамералар орнату қажеттілігі бар. Мысалы, Алматыдағы ең ірі мамандандырылған ХҚКО-да 77, Астана мамандандырылған ХҚКО-сында – 68, Талдықорған мамандандырылған ХҚКО-сында – 63 бейнекамера орнатылған»,- деп қосып өтті ол.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін мониторингілеу кезінде «ХҚКО» интеграцияланған ақпараттық жүйесі маңызды рөл ойнайды, ол ХҚКО қызметкерлерінің қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдерін сақтауын бақылауға мүмкіндік береді. Егер стандарт бойынша қандай дабір құжатты алу үшін 20 минут қажет болса, ал клиент қызметті белгіленген мерзімде алмаса, ахуалдық орталығының қызметкерлері «мерзімін кешіктірудің» себебін анықтайды. Егер мерзімін кешіктіру ХҚКО қызметкерінің кінәсінен болса, оған тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.

Қызметті алу уақытын есептеу азаматтың талон алған сәтінен бастап дайын құжатты алғанға дейін жүргізіледі. Ахуалдық орталығының қызметкерлері клиенттердің кезек күту уақытын, оларға қызмет көрсету уақытын, берілген құжаттардың санын, сондай-ақ клиенттердің ХҚКО инспекторларының жұмыс сапасын бағалау нәтижелерін тіркейді.

Бүгінгі күні ахуалдық орталығына барлық 264 халыққа қызмет көрсету орталығы, оның ішінде 9 мамандандырылған ХҚКО қосылған. 2015 жылдың соңына дейін Ақтөбе және Қостанай қалаларында тағы да екі мамандандырылған ХҚКО-ны қосу жоспарланып отыр, олар да ахуалдық орталығына қосылатын болады.

Электронды үкiмет дегенiмiз не және ол не үшiн қажет?

Өзiңiз мiнсiз деп бiлетiн қоғамды елестетуге тырысыңыз. Мықты денсаулық, жақсы жұмыс, қамсыз тiрлiк, өмiр сүруге қолайлы жағдайлар — бұл тiзiм ұзыннан-ұзақ жалғасуға бар, және жеке басымдықтарға байланысты қажеттi аспектiлермен толықтырылуы да мүмкiн. Әйтсе де, мұндай қоғамның ажырамас бөлшегi мемлекет болып табылады. Азаматтарының қамын ойлайтын мемлекет. Әрбiр азаматтың әлеуетiн мейлiнше жүзеге асыруға мүмкiндiк тудыратын мемлекет. Азаматтардың заңды құқығының қорғалуы мен сақталуына кепiлдiк беретiн мемлекет. Азаматтардың мұқтаждығы мен қажеттiлiктерiне бағдарланған мемлекет. Арадағы өзара әрекеттестiк қарапайым, ұғынықты және қолжетiмдi болатын, адамдар үшiн құрылған мемлекет.

Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтiк технологиялардың дамуы кем дегенде соңғы екi пiкiрдiң жүзеге асуына кепiлдiк бере алады. Дәл осы азаматтар мен мемлекеттiң өзара әрекеттестiгiн ыңғайлы, қарапайым, қолжетiмдi және түсiнiктi ету үшiн электронды үкiмет тұжырымдамасы әзiрлендi.

Электронды үкiмет құру iсi билiк органдарының жұмысын анағұрлым тиiмдi, азаматтарға қолжетiмдi ету үшiн қажет болды. Бұрындары әрбiр мемлекеттiк орган өз бетiнше «оқшау өмiр сүрiп», басқаларымен байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлi анықтама, растама секiлдi өзге де қағаздарды жинау үшiн толып жатқан инстанциялардан өтуiне тура келетiн. Осының барлығы бiр ғана қызмет түрiн пайдалану үшiн толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтiн. Бүгiнде электронды үкiмет жобаларының арқасында ол заман келмеске кеттi.

Электронды үкiмет — ақпараттық технологиялар көмегiмен iшiнара келiсушiлiктi қамтамасыз ететiн, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттiк органдардың өзара әрекеттестiгiнiң бiрыңғай механизмi. Мемлекеттiк органдарға кезектi қысқартып, анықтама, куәлiк, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңiлдетуге әрi жылдамдатуға мүмкiндiк берген де дәл осы механизм.

Басқаша айтқанда, электронды үкiмет деп лицензияны рәсiмдеу үшiн ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрi дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесiнде төлеуге болатын, анықтама алу үшiн ХҚКО-ға жеке куәлiк қана талап етiлетiн, бизнесiңiздi өз бетiңiзше тiркеуге, немесе электронды үкiмет порталында небәрi 10-15 минут iшiнде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегiн көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секiлдi басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

 

СҚО-да деректерді өңдеу орталығы іске қосылды

Бүгін Петропавлда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Деректерді өңдеу орталығы пайдалануға берілді. Онда Солтүстік-Қазақстан облысының мемлекеттік органдары серверлік құрылғысын орналастыра алады. 

Деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» үшін өңірлік деңгейдегі инфрақұрылымдық алаңы болып табылады, оның барлық тіршілікті қамтамасыз ету инженерлік жүйелері сақтық қорда сақталған. Бұл ДӨО 24х7х365 тәртібінде жұмыс істейтінін, тоқтаусыз жұмыс пен бағдарламалық-аппараттық кешендердің істен шығу төзімділігін 99,749% деңгейінде сақтайтынын және мәліметтерді жүйеге рұқсат етілмеген қолжетімділіктер мен  физикалық бұзылудан сақталуын қарастырады.

Ұлттық ақпараттық технологиялар« АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаевтың айтуы бойынша, дата-орталық “Ақпараттық Қазақстан – 2020” мемлекеттік бағдарламасы мен үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарламасы аясында іске қосылды. “Бүгінгі күні жоба еліміздің 13 өңірінде жүзеге асырылған.  Жоба Қазақстанда Электрондық үкіметтің әрі қарай дамуының инфрақұрылымдық алаңына айналады. Жылдың соңына дейін ДӨО пайдалануды Алматыда іске қосу жоспарланған” — деп хабарлады Еңсебаев. 

Бүгінгі таңда ДӨО Colocation мен Hosting қызметтерін ұсынады. Colocation қызметі мемлекеттік органдардың құрылғысын орналастыру мен инфрақұрылымның жалға берілуін болжайды. Hosting – бұл тұрақты түрде желіде орналасқан серверде ақпаратты сақтау үшін есептеу қуатын ұсыну бойынша қызметі. 

«Біздің орталықтың қызметтерін пайдаланудың негізгі артықшылықтары болып мемлекеттік органдардың серверлік бөлмені құру, жабдықтандыру мен әрі қарай жаңарту үшін кететін шығындарын қысқарту табылады»- деп Солтүстік-Қазақстан облыстық ақпараттық технологиялар орталығының директоры Нариман Шахметов хабарлады. «Мемлекеттік органдарға құрылғыны сүйемелдеу бойынша бейінсіз қызметпен айналысудың қажеті жоқ. Дата-орталықтың жоғары білікті қызметкерлері серверлік жабдықтың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді» — деп толықтырды ол.

Анықтама үшін: ДӨО бұл мониторинг және басқарудың орталықтанған жүйесімен мәліметтерді сақтау мен тарату, өңдеудің бағдарламалық-аппараттық кешендерінің орналасуы мен қызмет етуі үшін құрастырылған қолдау мен сүйемелдеу қызметі бар істен шығуға тұрақты кешендік инженерлік инфрақұрылым.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Қазақстандықтар өз автокөлiгi үшiн техникалық байқаудың қолданылу мерзiмiн SMS арқылы бiле алады

Автокөлiк иелерi SMS арқылы техникалық байқаудың қолданылу мерзiмi туралы ақпаратты ала алады. Ол үшiн «Техбайқау» сөзiн және автокөлiктiң мемлекеттiк нөмiрiн 414 нөмiрiне жiберу қажет. Мәтiндiк хабарламаның нұсқалары төмендегiдей болуы мүмкiн:

  • «Техбайқау автокөлiк нөмiрi»;
  • «Techosmotr автокөлiк нөмiрi»;
  • «Tehnikalyk baikau автокөлiк нөмiрi»;
  • «8 автокөлiк нөмiрi».

Қызметтi алу кезiнде пайдаланушы тек SMS-хабарламаның құнын төлейтiн болады, ол 7 теңгенi құрайды және абоненттiң телефон шотынан алынатын болады.

Аталған қызметтi алу үшiн автокөлiк иесi мобильдiк үкiметте тiркелу қажет. Оны www.egov.kz электрондық үкiмет порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жасауға болады.

Мобильдiк үкiмет пайдаланушысы сондай-ақ техбайқауды өту қажеттiлiгi туралы SMS және PUSH-хабарламаларға жазыла алады. Хабарламаға жазылу автокөлiк иелерiне техникалық байқаудың қолданылу мерзiмi аяқталғанына дейiн техникалық байқау орталықтарына бару қажеттiгi туралы бiлуге мүмкiндiк бередi.

Анықтама үшiн: PUSH-хабарлама — бұл смартфондағы iске қосылған бағдарламалардың жоғарғы терезелерiнде пайда болатын хабарламалар, олар маңызды өзгерiстер, жаңартулар немесе оқиғалар туралы хабар бередi. Мысалы, оқылмаған хабарламалар, әлеуметтiк желiлердегi жаңартылған жағдайлар туралы ескертедi. Бұл хабарламалар тегiн болып табылады, тек Интернетке кеткен трафик жұмсалады.

Мобильдiк үкiметте электрондық үкiмет порталы, ХҚКО және egov.kz мобильдiк қосымшасы арқылы тiркелуге болады. eGov порталы немесе моб. қосымшада тiркелу кезiнде ұялы телефонның нөмiрiн көрсету жеткiлiктi.eGov.kz Мобильдiк қосымшаны мобильдiк құрылғыға төмендегi сiлтемелер бойынша өтiп жүктеуге болады:

  • Google Play-дегi eGov.kz Мобильдiк қосымшасы (OS Android), (0.0.61 нұсқасы, өлшемi 12 Мб, 2015 жылғы 04 ақпандағы жаңару, талап етiлетiн нұсқа Android — 4.0 немесе ең соңғысы)
  • App Store-дегi eGov.kz Мобильдiк қосымшасы (OS iOS), (1.0.4 нұсқасы, өлшемi 23,3 Мб, 2015 жылғы 03 наурыздағы жаңару, талап етiлетiн нұсқа iOS — 7.0 немесе ең соңғысы).

ХҚҚО инспекторы
Жикишева Р.А.

2015 ж. 1 тоқсанға арналған Мамлют ауданы бойынша мобiльдi ХҚҚО шығу кестесi

С/о аталуы Шығулардың датасы
Ленинский с/о 15.01.2015 ж.; 21.01.2015 ж.
Андреевский с/о 16.01.2015 ж.; 22.01.2015 ж.
Беловский с/о 12.02.2015 ж.; 18.02.2015 ж.
Становской с/о 13.02.2015 ж.; 19.02.2015 ж.
Новомихайловский с/о 12.03.2015 ж.; 19.03.2015 ж.
Кызыласкерский с/о 16.03.2015 ж.; 20.03.2015 ж.

ХҚҚО инспекторы
Жикишева Р.

Мобильдiк ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерiн көрсетудi бастайды

Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары өз елдi мекендерiнен еш жерге шықпай-ақ ХҚКО, ЗТМО және Қазпочта қызметтерiн ала алатын болады. Егер бұрын мобильдiк ХҚКО-лар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғана қызметтерiн көрсетсе, ендi 16 наурыздан бастап ХҚКО қызметкерлерiмен бiрге ЗТМО және «Қазпочта» АҚ қызметкерлерi сапарға шығатын болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева мен «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннiң және «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК бас директоры Бiржан Жүнiсов арасында тиiстi меморандумға қол қойылды.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мобильдiк ХҚКО-лардың басты мiндетi — бұдан бұрын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу үшiн аудандық орталықтарға баруға мәжбүр болатын шалғай елдi мекендерде тұрып жатқан азаматтардың ақшасы мен уақытын үнемдеу. «Әлбетте, бiз қаншалықты көп қызмет көрсетсек, соншалықты халыққа да қолайлы болмақ. Солндықтан да бiз ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ басшылығының ұсынысын, яғни олардың қызметкерлерiнiң Мобильдiк ХҚКО-лармен бiрге сапарға шығып, өз бағыттары бойынша қызметтер көрсетуiн ынтызарлықпен қолдадық».

ЗТМО қызметкерлерiнiң халыққа барынша маңызды әлеуметтiк қызметтердi көрсететiндiгiн атап өту керек, атап айтсақ олардың iшiнде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерiн тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлерi азаматтарға зейнетақы төлемдерiн, әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау үшiн шоттар ашуға көмектеседi, зейнетақыны жеткiзетiн болады және т.б.

Мобильдiк ХҚКО спараларының кестесi әкiмдiктермен алдын ала келiсiлетiн және аудандық әкiмдiктердiң сайттары мен өңiрлiк БАҚ-тарда жарияланатын болады. Бұдан басқа, мобильдiк ХҚКО сапарларының кестесiн«ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz ресми порталындағы «Мобильдiк ХҚКО» тарауынан табуға да болады. Қажет болған жағдайда, мобильдiк ХҚКО-ның жоспардан тыс сапарға шығуын ұйымдастыру мүмкiн болады. Қазiргi уақытта Қазақстанда 70 мобильдiк ХҚКО қызмет ететiндiгiн атап өту керек.

Балташеваның айтуынша, 2014 жылы мобильдiк ХҚКО-лар 11 мыңнан астам сапарды жүзеге асырып, 339 мыңнан астам қызмет көрсеткен, ал ағымдағы жылдың 2 ай iшiнде мобильдiк ХҚКО-лар шалғай елдi мекендерге 2 мыңнан астам рет сапарға шығып, 67 мыңнан астам мемлекеттiк қызмет көрсеткен.

Ендi egov.kz арқылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкiндегi шотты толтыруға болады

Ендi Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiндегi шотты толтыру мен қарызды өтеудi Қазақстанның электрондық үкiметiнiң egov.kz порталы арқылы жасауға болады. Бұл туралы бүгiн Астанада өткен баспасөз конференцисы барысында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин хабарлады.

Ендi Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнде шотқа жарнаны жасауды және қарызды өтеудi Қазақстанның электрондық үкiметiнiң egov.kz порталы арқылы жасауға болады. Бұл туралы бүгiн Астанадағы баспасөз-конференциясы барысында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов және «Ұлттық ақпараттық технологилар» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин хабарлады.

А. Жұмағұлов айтқандай, қызмет ҚТҮҚЖБ салымшылары үшiн арнайы әзiрлендi және оның мүмкiндiгiн банктiң 17 клиентi бағалап үлгердi.

Бұл қызметтi қолдану үшiн еgov.kz тiркелу және Қазақстан аумағындағы кез келген екiншi деңгейдегi банктермен шығарылған Visa немесе MasterCard төлем картаның болуы қажет. Бұл ретте электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етiлмейдi.

Карта шотына аудару комиссиясы белгiленген — 150 теңге, ол басқа банктердiң карта ұстаушыларынан қосымша комиссиясыз Казкоммерцбанктiң процессингтiк орталықтарымен ұсталады. Бұл ретте ҚТҮҚЖБ белгiленген жарнаның минималды сомасы — 1000 теңге.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкiндегi депозиттiк/кредиттiк шотты толтыру» қызметi еgov.kz порталындағы «Тұрғын үй қатынасы» — «Төлемдер» салынымындағы «Тұрғын үй» тарауында орналасқан.

Пайдаланушы «Онлайн төлеудi» шертедi — «шоттың коды», «операциялардың түрi», «сома» алаңдарын толтырады, енгiзiлген ақпарат расталады және банкiлiк картаның деректерi енгiзiледi. Операцияларды жүргiзгеннен кейiн төлем туралы чек пайдаланушының жеке кабинетiнде қолжетiмдi.

Электрондық үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк баж салығы, өсiмдер, жол қозғалысы ережесiн бұзғаны үшiн айыппұлдар және байланыс қызметтерiн үшiн төлеуге болады. Б. Мусиннiң айтуынша жылдың басынан бастап портал арқылы транзакциялардың сомасы 584 млн. теңгеден астамды құрады, осы көрсеткiш өткен жылдың ұқсас мерзiмiндегi соманы 2 рет арттырады.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Электрондық үкiметтiң мобильдiк қосымшасының жаңа қызметтерi

Төрт жаңа е-қызмет eGov мобильдiк қосымшасы арқылы қолжетiмдi болды. Олардың барлығы жылжымайтын мүлiк саласына қатысты, атап айтқанда:

  • жылжымайтын мүлiктiң болмауы және болуы туралы анықтама
  • жылжымайтын мүлiкке және оның техникалық сипаттамасына тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама
  • жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама
  • мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезектiң нөмiрiн қарау

Бiрiншi үш қызметтi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етiледi.

Мобильдiк қосымшаны iOS және Android платформаларындағы телефондардың барлық пайдаланушылары пайдалана алады. Қосымшаның жаңа нұсқасында iOS7 қолдауының жақсартылғаны, сондай-ақ жұмыс тұрақтылығының да маңызы кем емес.

Жүктегеннен кейiн, www.eGov.kz порталының веб-нұсқасына енгiзiлген деректердi (ЖСН және пароль) енгiзе отырып, авторландыру қажет.

Бұдан кейiн мәзiрде қажеттi санат таңдалады — қазiргi кезеңде олардың саны 7 — және тиiстi қызмет. Әрқайсысы аул мерзiмi және басқа қосымша ақпарат көрсетiлген сипаттамамен сүйемелденедi.

Қазiргi таңда eGov электрондық үкiмет мобильдiк қосымшасы арқылы 16 әр түрлi қызметтер мен сервистер қолжетiмдi. Олардың iшiнде: балабақшаға кезекке қою, мекенжай анықтамасын алу, айыппұлдарды, салықтар мен коммуналдық қызметтердi төлеу.

Жақын арада мобильдiк қосымшалар арқылы ХҚКО-на кезектi брондауды iске асыру жоспарланып отыр.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Ашық деректер бойынша сауалнамаға қатысыңыз

Мемлекеттiк деректердiң еркiн қол жетiмдiлiгiн ұсыну тәжiрибесi әлемде үлкен танымалдылыққа ие болуда. Қазақстанда сондай-ақ мемлекеттiк органдардың деректерiн азаматтарға ұсыну мақсатында үлкен күш салынуда. Ашық деректер порталы сiзден 12 сұрақтан тұратын сауалнамаға жауап берудi сұрайды, бұл сiздiң 3-ақ минут уақытыңызды алады. Сауалнама сұрақтарына жауап берiп, сiз ең алдымен, ашық қол жетiмдiлiкке қандай деректер жиынын шығару қажеттiгiн анықтауға көмектесе аласыз. Сол арқылы сiз ашық мемлекеттi құруға үлес қосасыз.

http://anketolog.ru/s/127512/PVLypiaG сiлтемесi арқылы өтiп, сұрақтарға жауап бере аласыз.

Егер сiз Open Data 500 ұйымының қатысуымен болатын, ашық деректер бойынша дөңгелек үстелге қатысуға қызығушылық бiлдiрсеңiз, сауалнаманың соңында өзiңiздiң байланыс мәлiметтерiн қалдыруыңыз. Дөңгелек үстел биылғы жылдың 20 сәуiрне жоспарланған. Аталған iс-шарада Қазақстандағы мемлекеттiк органдар мен бизнес сектордың өзара әрекеттесуi, мемлекеттiк деректерге қол жетiмдiлiктi ұсынудың барлық мәселелерiн талқылау жоспарлануда.

Ашық деректер — бұл жалпы қол жетiмдi ақпарат, оны кейiнгi пайдалану мен қайта жариялау үшiн компьютерлiк бағдарламалармен автоматты түрде өңдеуге болады. Дүние жүзiнде қылмыс деңгейi, тұтынылған электр мөлшерi туралы және оқушылардың үлгерiмi туралы ашық ақпарат негiзiнде жасалынған пайдалы қосымшалар мен интернет-сервистер қалыпты тәжiрибе болып табылады.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама — 5 минутта!

Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтаманы ендi бiздiң портал арқылы алуға болады.

Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама — қамқоршылықтағы балаларға байланысты әлеуметтiк көмек, күнделiктi әлеуметтiк, медикалық, педагогикалық қызметтер көрсетiледi деген мәлiметтi немесе ақпаратты дәлелдейтiн құжат.

Бұл анықтаманы портал арқылы электронды нысанда алу үшiн қорғаншының (қамқоршының) және қамқоршылықтағы баланың ЖСН және тұтынушының ЭЦҚ керек.

Тұтынушы өкiлеттi органның өкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап берiледi.

www.egov.kz порталы арқылы қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтаманы 5 минут iшiнде алұға болады. Бұл ретте мемлекеттiк мекемеге барудың қажетi жойылады.

Инспектор ЦОНа
Искужинов А.Т.

БЖЗҚ анықтамасы ендi eGov порталында қолжетiмдi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкiмет порталында инвестициялық кiрiсi көрсетiлген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады.

Бүгiнгi күнi eGov пайдаланушыларының Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (ЗТМО) анықтамаларын алуға мүмкiндiгi бар, онда зейнетақы аударымдарының сомасы кiрiссiз көрсетiлген.

Анықтаманың жаңа түрiнде салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы жарналарының түсуi, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кiрiс туралы ақпарат бар.

«Бұрынғы ЗТМО электрондық анықтамасы салымшының зейнетақы шотындағы қозғалысты көрсеткен, бiрақ онда инвестициялық кiрiс көрсетiлмедi. ЕЖЗҚ жаңа анықтамасы, соның iшiнде салымшы белгiлi уақыттың iшiнде қандай кiрiс немесе шығын алғандығын көрсетедi», — деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев хабарлайды.

Қызмет www.egov.kz порталы «Азаматтар» категориясы — «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» тарауы — «Зейнетақылық қамтамасыз ету» бөлiмiнде қол жетiмдi. Қызметтi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет. Қызмет көрсету мерзiмi 30 минуттан аспайды.

«БЖЗҚ ақпараттық жүйелерi мен электрондық үкiмет порталын бiрiктiрудiң басты мақсаты — бұл жинақ туралы барлық ақпаратты қадамдық қол жетiмдiлiкте алу мүмкiндiгi. Ендi әр салымшы өзiнiң зейнетақы жинақтауларын дұрыс бақылай алады», — дейдi «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ерденаев.

2014 жыл қорытындысы бойынша, eGov арқылы ЗТМО зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы электрондық анықтамасы 4 млн. астам мәрте алынды. Аталған анықтама салымшылардың жеке мақсаттары, сондай-ақ банк несиесiн алу немесе салық декларациясын толтыру үшiн қолданыла алады.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

БАҚ қалай ашуға және Интернет-ресурсты (сайтты) қалай тiркеуге болады?

БАҚ қалай ашуға және Интернет-ресурсты (сайтты) қалай тіркеуге болады?2014 жылдың басында республикада 2000 артық бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) тiркелген, оның iшiнде тек баспасы 1800 артықты құрайды. Және бұл таңқаларлық жағдай емес, себебi тiптi 100 дана тиражды газеттi шығаруда оның құрылтайшысы БАҚ есепке қою туралы куәлiкке ие болуы тиiс.

БАҚ қалай ашуға болады?

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 5-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын құру құқығы жеке және заңды тұлғаларға тиiстi.

Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар Қазақстанның аумағында БАҚ құруына байланысты шектеулер бар.

ҚР БАҚ ҚР МАМ есепке қойғаннан кейiн ғана шығарылуы және таратылуы мүмкiн. Осыдан кейiн БАҚ есепке қою туралы куәлiк берiледi. БАҚ иесi шетелдiк қатысуы бар заңды тұлға болуы мүмкiн. Бiрақ ол Қазақстанда тiркелуi тиiс, себебi заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк қоса берiледi.

«Ұлттық қауiпсiздiк туралы» ҚР Заңына сәйкес шетелдiк азаматтар немесе заңды тұлғалар БАҚ иесiнiң жарғылық капиталындағы пайлар, акциялар, үлестердiң 20% артығын меншiгiнде ұстай (иелене, иелiк ете, басқара) алмайды.

БАҚ есепке қою, қайта есепке қою

Жоғарыда айтылғандай, БАҚ қызметiнiң негiзi теле-, радиоканал, мерзiмдi баспа басылымын және ақпараттық агенттiктi есепке қою туралы куәлiк болып табылады. Оны есепке қою туралы өтiнiш 10 жұмыс күнi iшiнде қаралады.

Есепке қою туралы куәлiктiң болуы туралы талап Интернет-ресурстарға таралмайды. БАҚ-ты тiркеу және куәлiктi алуды онлайн электрондық үкiмет порталында жүзеге асыруға болады. «БАҚ есепке қою» қызметiн алуда, өтiнiш берушi белгiленген нысандағы өтiнiштi толтырады, қажеттi құжаттарды қоса бередi, электрондық қолтаңбамен растайды және мөлшерi Салық кодексiне сәйкес белгiленетiн мемлекеттiк алымды онлайн төлейдi. Өтiнiштi тiркеген күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде өтiнiмде көрсетiлген электрондық почтаға БАҚ есепке қою туралы куәлiктiң скан-нұсқасы жiберiледi.

Мерзiмдi баспа басылымдарын есепке қою талап етiлмейдi:

  • тиражы 100 данадан кем емес;
  • ресми, нормативтiк және өзге актiлер;
  • сот практикасының бюллетендерi.

Мерзiмдiбаспа басылымының әр шығарылымы келесi мәлiметтердi қамтуы тиiс:

  1. БАҚ атауы.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарының иесi.
  3. Бас редактордың тегi, аты-жөнi (редактордың).
  4. Оны берген органның атауы және есепке қою туралы куәлiктiң нөмiрi мен күнi.
  5. Басылымның мерзiмдiлiгi.
  6. Реттiк нөмiр және бұқаралық ақпарат құралдарыныңжарыққа шыққан күнi.
  7. Тираж.
  8. Баспаның атауы, оның мекенжайы және редакция мекенжайы.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.Т.

Бизнес үшiн барлық рұқсат құжаттары ендi е-форматта

2014 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бизнес үшiн автоматтандыруға тиiстi барлық рұқсат құжаттарын электрондық форматқа аударды. Осылайша, Елбасының рұқсат беру жүйесiн жеңiлдету мен бизнеске әкiмшiлiк жүктеменi қысқарту тапсырмасы орындалды.

Бүгiнгi күнi Қазақстанда бизнес өкiлдерi үшiн 700 астам рұқсат құжаттары берiледi. «Е-лицензиялау» жүйесiнiң жұмыс iстеу кезеңi бойынша автоматтандыруға тиiстi барлық лицензиялар, рұқсат құжаттары мен хабарламалар автоматтандырылды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша электрондық лицензиялау порталының ең танымал қызметi болып «Маманға бiлiктiлiк санатынсыз сертификат беру» қызметi танылды, өткен жыл iшiнде бұл қызмет электрондық түрде 51 435 рет алынды. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды қолдануға рұқсат құжаты 34 631 рет берiлдi. Танымалдылық бойынша үшiншi орында — маманға бiлiктiлiк санатын иелену туралы сертификат беру қызметi — 24 918 бiрлiк. Өткен жыл iшiнде он мыңнан астам рет алынған қызметтердiң iшiнде қауiптi қалдықтар паспорттарын тiркеу (16171) мен шетел еңбек күшiн тартумен байланысты рұқсаттар (11975).

«Рұқсат құжаттары жүйесiн автоматтандыру азаматтар мен рұқсатты беруге жауапты қызметкерлер арасындағы тiкелей байланысты жояды. Өтiнiштер қатал кезек тәртiбiнде қарастырылады. Бұл осы саладағы жемқорлықтың жойылуына себепкер болады», — деп «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ мемлекеттiк органдардың АЖО дамыту жөнiндегi директоры Бағлан Бекбауов хабарлады. «Атқарылған жұмыс талап етiлетiн құжаттар санын 50%-ға қысқартуға мүмкiндiк туғызды. Бұрын маманға санат иелену туралы сертификатты алу үшiн 10 құжат керек болатын. Қазiр Е-лицензиялау порталында электрондық тапсырыс пен деректер формасын толтырса жеткiлiктi», — деп толықтырды ол.

ХҚҚО инспекторы
Жикишева Р.

Шетелге шығуға тыйым салынғаны және жол ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұл туралы хабарламаларды egov арқылы алуға болады

Қазақстанның электрондық үкiметi порталының хабарламалар қатары толықты. Олардың iшiнде азаматтардың қарызгерлер тiзiмiне қосылуы, ҚР-нан шығуға тыйым салынғаны, көлiктi техникалық байқаудан өткiзу қажеттiлiгi мен жол қозғалысы ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұлдардың түскенi туралы хабарламалар бар.

Хабарламалар электрондық үкiмет порталының «Жеке кабинетiне», сондай-ақ, «Дербес құжаттамада» көрсетiлген электронды мекен-жай мен ұялы телефон нөмiрiне келедi.

«Турагенттiкке келгенде төленбеген айыппұл себебiнен шетелге шығу мүмкiндiгiнен айырылу ешкiмнiң көңiлiнен шықпасы анық. Өзiңiздiң «мемлекетке берешек қарызыңыз» туралы тап шекара алдында бiлу тiптi жағымсыз жайт», — дейдi «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев. «Электрондық үкiмет порталы арқылы хабардар ету механизмi азаматтарға айыппұлдар, салықтар және т.б. өтелмеген төлемдердiң себебiнен шетелге шығуға тыйым салыну сияқты күтпеген жағдайларды болдырмауға мүмкiндiк бередi», — деп толықтырды ол. Естерiңiзге салсақ, жақында egov.kz порталында жаңартылған «Жеке кабинет» iске қосылды. Кабинетке кiрген пайдаланушы мемлекеттiк деректер қорындағы аты-жөнi және куәлiгiнiң нөмiрiнен бастап, мекен-жай тiркеуi мен отбасы жағдайына дейiнгi барлық ақпаратқа қол жеткiзе алады. Бұдан басқа кабинет жылжымайтын мүлiктi иелену, әлеуметтiк мәртебесi, сондай-ақ алынған лицензиялар туралы ақпарат бере алады.

Қазiргi таңда портал пайдаланушылары 11 түрлi хабарлама алады. Олардың қатарында мекен-жай деректерiнiң өзгеруi, куәландыру құжаттарын немесе жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру қажеттiлiгi мен мектепке дейiнгi мекемелерге кезектiң өзгеруi және тағы басқа хабарламалар бар.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.

Өткен жылы ePay жүйесi арқылы 3 миллиардтан астам теңге өттi

Қазақстандықтар 2014 жылы «Электрондық үкiметтiң төлем шлюзi» жүйесi арқылы 3 036 274 000 теңге сомасына 639 701 төлемдi жүзеге асырды. Танымал төлемдердiң арасында: жол қозғалысы тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұлды төлеу, жылжымайтын мүлiк салығын төлеу, көлiк салығын төлеу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу, азаматтық хал актiлерiн тiркеу, жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшiн баж салығын төлеу және т.б. мемлекеттiк қызметтер.

Төлемдердiң арасында басты орынды жол қозғалысы тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұлды төлеу қызметi алады. Осылайша, 2014 жылы қазақстандықтар шлюз арқылы 1 670 494 000 теңгеге айыппұл төледi, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 6 есе артық. «Төлемдердiң өсуi айыппұлды төлеу сервисiнiң екiншi деңгейлi банктерге және қазақстандық банкаралық есептер орталығына (ҚБЕО) шығарғанына байланысты. ҚБЕО өз кезегiнде бұл сервистi банктердiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiнде және интернет-банкингтерде айыппұлдарды төлеу мүмкiндiгiн туғызу үшiн басқа екiншi деңгейлi банктерге бердi. Мұндай банктердiң қатарына Центр Кредит Банкi, Ресей Сбербанкi, Каспибанк, AsiaCreditBank және басқалары кiрдi. Болашақта бiз интеграцияны Қазақстан Республикасының барлық банктерiмен жүргiзудi жоспарлап отырмыз», — деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Исмағамбетов хабарлады.

Халық арасында онлайн-төлемдердiң көлемi жыл сайын артуда. Егер 2011 жылы төлемдер сомасы 19 543 000 теңгенi құраса, 2012 жылы — 141 298 000, 2013 жылы төлемдер сомасы бiр миллиард теңгеден асты (1 145 391 100).

Естерiңiзге салсақ, «Электрондық үкiметтiң төлем шлюзi» автоматтандырылған ақпараттық жүйесi Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс жасайды. Жүйе Forbes Kazakhstan журналының рейтингi бойынша Қазақстанның 50 iрi интернет-компанияларының және қазақстандық e-commerce нарығының 15 үздiгi қатарына ендi.

ХҚҚО инспекторы
Нажмутдинова А.

Қазақстандықтар 2014 жылы 19 миллионға жуық мекенжай анықтамасын алды

2014 жылы электрондық үкiмет порталында тұрғылықты жерден 18 992 131 мекенжай анықтамасы алынды. Бұл 2013 жылмен (14 316 266) салыстырғанда 4,7 миллионға артық

Тұрғылықты жерден мекенжай анықтамасын алу қызметi egov.kz порталында 2010 жылдан берi қолжетiмдi. Статистикаға сәйкес қызмет электрондық үкiмет порталының ең танымал 10 қызметiнiң арасында тұрақты көшбасшысы болып табылады.

Мекенжай анықтамасы жұмысқа қабылдау кезiнде; банк несиесiн алғанда; жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, сот орындаушысын, адвокатты тiркеу кезiнде; ҚР да тұрақты мекендейтiн азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке куәлiктi және шет ел азаматтырна мекендеу қағазын беру кезiнде; зейнетақы төлемдерiн анықтау кезiнде, т.б. жағдайларда талап етiледi.

Электрондық үкiмет порталында мекенжай анықтамасын алу үшiн порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту керек. Содан кейiн өтiнiмдi толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою қажет. Өтiнiм 10 минуттан кем уақытта өңделедi. Анықтамамен «Қызметтердi алу тарихы» тарауында танысуға болады.

Естерiңiзге сала кетсек, 2014 жылдың маусым айынан бастап мекенжай анықтамасын өзiне ғана емес, сонымен қатар бала немесе ерiне/зайыбына алуға болады. Электронды тапсырысты толтыру кезiнде пайдаланушы анықтаманы кiмге алып жатқанын таңдап, сол тұлғаның ЖСН-ын енгiзедi. Жүйе бұл ЖСН иесi расында сiздiң балаңыз не ерiңiз/зайыбыңыз екенiн анықтайды және анықтаманы бередi.

Е-үкiмет порталынан басқа қызметтi eGov.kz мобильдiк қосымшасынан және халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша пайдаланушылар 1414 нөмiрi бойынша Бiрыңғай байланыс орталығына хабарласа алады. Қоңырау Қазақстан бойынша тегiн.

ХҚҚО инспекторы
Искужинов А.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны екi жолмен алуға болады (қалауыңызша):

  1. ЭЦҚ-ны жаңа үлгiдегi жеке куәлiктiң чипiне жазу арқылы. Бұл үшiн жақын маңында орналасқан ХҚКО барып, жеке куәлiктi көрсету керек. Жеке куәлiкке жазылған ЭЦҚ-мен тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады.
  2. ЭЦҚ алуға онлайн-өтiнiмдi берiп, оны компьютерде сақтау арқылы. Бұл жағдайда да берiлген өтiнiмдi растау үшiн ХҚКО бару қажет. Онлайн-өтiнiмдi беру рәсiмi төменде көрсетiлген үш кезеңнен тұрады (1 қадам — Нұсқаулықты оқу және БҚ орнату, 2 қадам — онлайн-өтiнiмдi беру, 3 қадам — онлайн-өтiнiмдi растау және ЭЦҚ алу).

Нұсқаулықпен танысу және бағдарламалық жасақтама орнату

Тiркеу куәлiгiн алу үшiн Сiзге on-line режимiнде өтiнiш беру қажет. Сыртқы құрылымына немесе файлдық жүйеге Сiздiң жабық кiлтiңiз ЭЦҚ құрылатын болады. Өтiнiштi ойдағыдай бергеннен кейiн, тиiстi құжаттар пакетiн жинап, Сiзге ҚР ҰКО Тiркеу Орталығына өтiнiш бiлдiру қажет, онда тiркеу куәлiгiн шығаруға Сiздiң өтiнiшiңiз берiлген болатын.

ХҚҚО инспекторы
Нажмутдинова А.

Астанада мобильдiк үкiметтiң мүмкiндiктерi көрсетiлдi

Осы күндерi Астанада өтiп жатқан Global e-Government Forum барысында мобильдiк үкiметтiң мүмкiндiктерi көрсетiлдi.

ҚР инвестициялар мен даму вице-министрi Асқар Жұмағалиев интернетке қатынауы жоқ мобильдiк телефондарда мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiгiн көрсеттi.

Жумағалиев ағымдағы жылы барлық рұқсат құжаттардың автоматтандырылуымен қатар министрлiктiң электрондық үкiметтiң келесi кезеңi — мобильдiк үкiметке көшудi бастағанын хабарлады. «Бiз мемлекеттiк қызметтердiң одан да қолжетiмдi болуын қалаймыз. Ендi қызметтер мен сервистердi SMS-хабарламалар арқылы ұялы телефондардың ең қарапайым модельдерiнен де алуға болады».

Мобильдiк үкiметтiң алғашқы қызметтерi келесi жылы iске қосылады.

Мобильдiк үкiметтiң пайдаланушысы болу үшiн телефон нөмiрiн электрондық үкiмет порталындағы есеп жазбамен байланыстыру қажет. Бүгiнгi күнi бұл әрекеттi egov.kz арқылы жасауға болады, жақын арада мұндай мүмкiндiк Халыққа қызмет көрсету орталықтарында пайда болады.

Сонымен қатар пайдаланушылар ұялы телефондарына мысалы, ХҚКО құжаттардың дайындығы, балабақшаға кезектiң өзгергенi туралы хабардар ету және ескерту хабарламаларын ала алады.

Жумағалиев сонымен қатар қазiргi таңда мемлекеттiк қызметтердiң бiр қатарын электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қолдануынсыз, бiржолғы пароль бойынша пайдалану мүмкiндiгi қарастырылып жатқандығын хабарлады.

ХҚҚО инспекторы
Нажмутдинова А.

Мереке қарсаңында Қазақстанның egov.kz электрондық үкiмет порталы өз пайдаланушылары арасында http://know-egov.kz сайтындағы онлайн-викторинада құнды сыйлықтар ұтыс ойынын өткiзедi

Викторина шарттарына сәйкес қатысушы ҚР әрбiр азаматы бастан кешiруге мүмкiн болатын түрлi өмiрлiк жағдайларын суреттейтiн сұрақтары бар тесттен өтуi қажет. Пайдаланушы мақсаты — викторинадан өтiп, барлық сұрақтарға дұрыс жауап беру. Викторинадан өту қорытындысы бойынша пайдаланушы суперойынға қатысуға құқығын алады.

Суперойынға қатысу үшiн «мекенжай анықтамасын» алуға өтiнiш беру, «зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» немесе «айыппұлдарды тексеру» туралы құжат* нөмiрiн және қатысушы ЖСН енгiзу қажет. Жүктелген файлдарды тексергеннен кейiн басты жүлде мен кепiлденген жүлде — суперойын алғашқы 200 қатысушысына телефонға 500 бiрлiк салу ойнатылады.

Викторина 2014 жылдың 2 мен 11 желтоқсан аралығында өткiзiледi. Викторинаға ҚР 16 жасқа толған азаматтары қатыса алады.

Толығырақ ақпаратты викторина сайтынан табуға болады.

ХҚҚО инспекторы
Нажмутдинова А.

«Қазақтелеком» АҚ-ның байланыс қызметi үшiн төлемдердi электрондық үкiмет порталы арқылы комиссиясыз төлеуге болады

Egov.kz жаңа қызмет ұсынады. Ендi «Қазақтелеком» АҚ-ның байланыс қызметi үшiн төлемдердi электрондық үкiмет порталы арқылы төлеуге болады. Кез келген уақытта, кез келген жерде, интернет қолжетiмдi болса телефон байланысы үшiн ақыны төлей аласыз.

Порталда тiркелгеннен кейiн «Жылжымайтын мүлiк» айдарына өту қажет. Беттiң сол жақ бөлiгiнде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» сiлтемесi пайда болады, оны басқаннан кейiн «Қазақтелеком» АҚ байланыс қызметтерiне төлемдер — төлем айдарымен бет пайда болады. Телефон нөмiрiн енгiзгеннен кейiн түбiртек бейнеленедi. Төлемнiң сомасын көрсетiп және банк карточканың деректемелерiн енгiзу қажет.

«Қазақтелеком» АҚ қызметтерiне төлем үшiн электронды-цифрлi қолтаңба қажет емес.

Қызмет үшiн комисия алынбайды.

Ақпарат ретiнде. Бүгiнде www.egov.kz үкiмет порталы 177 электрондық қызмет және 81 е-лицензиялау қызметiн көрсете алады. Портал арқылы азаматтар салықтарды, айыппұлдарды, мемлекеттiк баж салығын және коммуналдық төлемдердi төлей алады.

2012 жылы Қазақстанда онлайн төлемдердiң деңгейi айтарлықтай өстi. 2011 жылмен салыстырғанда төлемдердiң сомасы 7 еседен аса өсiп, 141,2 млн. теңгенi құрады. Осы соманың 60% асасы электрондық үкiмет порталы арқылы төлендi.

ХҚҚО инспекторы
Нажмутдинова А.

Электрондық үкiмет порталы арқылы есепке тұрып, жұмыс табуға болады

«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» және «Жұмысыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуға жолдама алу» жаңа қызметтерi — egov.kz порталында iске қосылды.

Аталмыш мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң үдерiсiн автоматтандыру арқасында: жұмыссыздарды тiркеу бойынша 10 күннен бастап 5 жұмыс күнге дейiн қысқартылды, ал ендi жұмысқа жолдаманы бiр жұмыс күннiң iшiнде алуға болады (бұрын — 10 күн).

Одан басқа бұрын жұмыссыздар ретiнде тiркеу және азаматтарға жаңа жұмыстарды iздеу үшiн мемлекеттiк органдарға бес немесе одан да көп құжаттарды беру қажет болатын. Ендi жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған кезде, клиент электрондық өтiнiш қана толтырса болғаны — жазылған деректер барлық мемлекеттiк деректер қорларынан жедел тексеруден өтедi.

Мысалы, жеке куәлiк және тiркеу кiтабынан ақпарат сол жерде жеке тұлғалардың деректер қорымен салыстырылады, табысы туралы анықтама МЗТО келедi, мүгедектiк мәртебесiн мүгедектер бойынша деректер қоры растайды, сондай-ақ санаулы секундта «Әлеуметтiк көмек», IIМ сервистiк орталығы және басқада жүйелерi қосылады.

Тексерудiң аталмыш рәсiмi бiрнеше минутты алады. Бұдан әрi онлайн-өтiнiш жауап дайындайтын мемлекеттiк органдардың мамандарына түседi. Жұмыссыз ретiнде тiркеу және есепке қою немесе қызметтердi берудiң дәлелдi бас тарту туралы хабарлама тапсырысты жөнелту мерзiмiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде электрондық түрде пайдаланушының жеке кабинетiне түседi.

Сұрау салуға жағымды өңдеу кезiнде пайдаланушыға «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға тұлғаларға жолдама беру» қызметiн пайдалану ұсынылады. Бос орын болса, бiр жұмыс күннiң iшiнде өтiнiш берушi жұмысқа жолдама ала алады. Бос жұмыс орны болмаса, он күннен кейiн анықтап бiлуге болады.

Бүгiнгi күнi аталмыш қызметтер Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ Қазақстанның облыстық және аудандық орталықтарының тұрғындары үшiн қолжетiмдi.

Жұмыссыз өтiнiш берушi ретiнде тiркеу бойынша электрондық қызметтi алу үшiн электрондық үкiмет www.egov.kz. порталында тiркелуi қажет. «Азаматтар» тарауындағы «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» айдарына өтiп және «Ауыл тұрғындарының жұмыссыздары және еңбектiң ауыр жағдайларында жұмыс жасайтындарға көмек» сiлтемесiн басып, «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» қызметiн таңдап, онлайн қызметке тапсырыс бередi. Электрондық өтiнiштi толтырғаннан кейiн пайдаланушы жеке электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

ХҚҚО инспекторы
Нажмутдинова А.

Мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы заңы бойынша кеңестi 1414 бiрыңғай байланыс орталығында алуға болады

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорын қызметкерлерiнiң іскерлiк этика кодексi «ХҚКО» РМК бас директорының 2013 жылғы 19.07. №268 бұйрығымен бекiтiлген

Мемлекеттiк органдарга Электрондық өтiнiштер EGOV.KZ сайт аркылы

Мамлют ауданының барлық тұрғандарына қазiргi кезде ХҚҚО өздiгiмен бара алмайтын мүмкiндiктерi шектеулi 1, 2 тобына мүгедектердiң бар азаматтарға өтiнiм беру қызметi барын мәлiмдеймiз

Баспасөз мәлiмдемесi Тараздағы мамандандырылған ХҚКО-да тiркелген автокөлiк құралының саны 10 000-нан асты

Мобильдiк ХҚКО Көкпектi ауылында жұмыс iстеуде

Мобильдiк ХҚКО Көкпектi ауылында жұмыс iстеуде

Мобильдiк халыққа қызмет көрсету орталығы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн Көкпектi ауылына сапарға шықты. Қазiр Мобильдiк ХҚКО қызметкерлерi жоғалған және бүлiнген құжаттарды қайта қалпына келтiру бойынша жан-жақты кеңес беруде, мемлекеттiк қызметтер алуға өтiнiштер қабылдауда, сондай-ақ оларды ауыл адамдарына беруде.

Бұхар Жырау ауданының Мобильдiк ХҚКО-ы Көкпектi ауылына 31 наурызда барды. Сол күннен бастап-ақ адамдар кеңес алуға жүгiне бастады, тұрғындардың басым көпшiлiгi дүлей апаттың салдарынан паспорт және жеке куәлiктерiнен ғана айрылып қана қоймай, сондай-ақ үйдiң техникалық паспортын, машинаның құжаттарын, бiлiмi туралы дипломдарын және т.б. жоғалтқан.

«Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс тобы Көкпектi әкiмдiгiнiң ғимаратында күшейтiлген режiмде жұмыс жасауда. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мен құжаттарды қайта қалпына келтiру бойынша түсiндiрме жұмыстары таң атқаннан кеш батқанша дейiн жүргiзiлiп жатыр», — деп атап өттi «ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Әсемгүл Балташева.

Бұл орайда, Мобильдiк ХҚКО-ның шалғай жатқан елдi мекендерде тұрып жатқан тұрғындарға мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн арнайы жұмыс жасап жатқандығын атап өту керек.

Қазiр Қазақстанда 70 Мобильдiк ХҚКО сәттi жұмыс жасауда. Олардың сапарға шығу кестелерi «ХҚКО» РМК сайтында үнемi жарияланып тұрады.

Мақаланың шыққан күні: 31.10.2017 09:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.11.2019 12:16

СҚО Мамлют ауданының әкiмi
Руслан Әкiмжанұлы Аңбаев

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+